Оқушылардың интеллектуалды шығармашылық іс-әрекетін        

          дамытуда сабақта көрнекі құралдарды пайдалану

Құрбанова З.П., Тілекова А.Ж.

 

Информатика сабағында қаблетті оқушылармен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың интеллектуалды шығармашылық іс-әрекетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

 3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты компьютерлік бағдарламаларды, видеороликтерді  көрсету.

 Білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

 Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:

 1. Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;

 2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар, әр түрлі сайыстар т.б.;

3.Өткізілген шаралардың сапасының жақсаруы.
4. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні

         Түрлі шығармашылық жұмыстар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың интеллектуалдық қызуғышылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дербестігі...»

Интеллектуалдық ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.

Теориялық тұрғыда саралай отырып және мектеп практикасындағы қалыптасқан іс-тәжірибелерді зерделей келе, біз “интеллектуалдық шығармашылық  іс-әрекеті” ұғымына мынадай анықтама береміз:
 “Интеллектуалды шығармашылық іс-әрекет– жеке тұлғаның жаңа жағдайда өзекті мәселенің шешімін табуға танымдық бағдары негізінде, психологиялық сапаларын дамыта отырып, білімдік-рухани құндылықтарға жетуге ұмтылысымен сипаталатын және шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы“

 Информатика пәнінен оқушылардың интеллектуалды шығармашылық іс-әрекетін интеллект карта арқылы  дамыту

 

 

Сурет -1 Информатика пәнінен оқушылардың интеллектуалды шығармашылық іс-әрекетін интеллект карта арқылы  дамыту

 

 

 

Әдебиеттер:

1.Роль общеучебных интеллектуальных умений в общении, совершенствовании языка, в организации бизнеса.//В сборнике научных докладов и тезисов выступлений VII Международного научно-практического семинара «Язык. Общение. Бизнес.», -М. 1996, с.109-113.

2..Для общества они не будут потеряны.// Педагогический поиск, 1995, №3 — с.6; 1996, №12, с.6.

3.Перспективы успешности учащихся компенсирующих классов основной школы (при изучении истории).//Сборник «Современные проблемы специальной педагогики и специальной психологии.», МГПУ, М. 1999, с.35-37.