Бастауыш
сыныптарда информатиканы оқытудың
ерекшеліктері
Байдыбекова Е.И.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты
Резюме
В
статье рассматривается особенности обучения информатике в начальных классах
Summary
In article is considered particularities of the
education to informatics in younger class
Қазақстандық білім
берудің өзіндік ұлттық үлгісі мен жаңа
мазмұндағы жүйесінің басты міндеті – қазіргі
заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде
алынған білімді қажет жағдайда пайдалану икемділігін
меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер
қабылдайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру
оқушыны іс-әрекетті атқарушы объектіден нәтижесінде
жеке тұлғаның өз ісін өзі басқаруға,
орындауға қабілетті субьектіге көшіру арқылы
мүмкін болады, демек нәтижелерге
негізделген білім беру моделі жүзеге асырылады.
Білім берудің
құндылықтары «Мектепте не үшін
оқу керек?» сұрағы аясында қарастырылады. Күтілетін
нәтижелер, кең ауқымды дағдыларды дамытуға бағытталып
«шығу» кезіндегі нәтижелер
нақты айқындалады да заманауи басымдылықтар көрініс
табады. Бастауыш білім стандарты бойынша күтілетін нәтижелер пәндер
бойынша күтілетін нәтижелер мен оқыту мақсаттары
жүйесінің барабар болуымен сипатталады.
Құндылықтар
мектептегі жалпы білім беру философиясында көрініс табады да
оқушылармен қатар мұғалімдер, оқушылардың
ата-аналары үшін де өмірлік бағдарға айналады.
Бастауыш мектеп информатикасы,
бастапқы мектеп білімінің дәстүрлі мазмұнына
сәйкес келетін оқу, жазу, есептеу түріндегі классикалық
үш дағдыдан анағұрлым кең жаңа сауаттылықты қалыптастыруда басты
қызмет атқарады. Жаңа
сауаттылық бойынша оқу – кез-келген түрдегі информацияны
белсенді түрде іздеу, қабылдау және талдау ретінде, жазу –
түрлі типтегі информациялық объектілерді құру,
түрлі объектілер арасында байланыс орнату, информацияны қажетті
түрде ұйымдастыру ретінде, ал есептеу – объектілер мен
іс-әрекеттерді жобалау мен құрастыру, есептеу теориясы мен
шекті объектілер математикасындағы негізгі объектілерді табиғи
түрде сипаттайтын логикалық, графикалық және денелік
орталардағы түрлі құрылымдар ретінде кеңейтіледі.
Балалар игеруі тиісті негізгі
лингвистикалық, логикалық-есептеу және коммуникативтік дағдылардың
үлестірімділігі, ақыл-ой және дене еңбегінің белгілі
бір материалдарымен, құралдарымен жұмыс біліктіліктері,
операциялар мен процедураларды, яғни ішкі және сыртқы
технологияларды орындау қабілеттері түріндегі жаңа сауаттылық – оқытудың келесі кезеңдері
мен салалары үшін база болып табылады.
Мектептегі информатика деп
аталатын білім саласының орыны мен ролінің өзгеруіне
байланысты, білім технологиялары мен бірге пәндік салалар
құрылымы да өзгереді. Бір кездері “шеткі” пән ретінде
қарастырылған информатика мектепте оқытудағы
өзінің айтарлықтай маңызды орынын таба бастады.
Бастауыш мектеп информатикасын
оқып-үйрену басқа пәндерді оқытуға
қолқабыс жасай отырып, оқушылардың жалпы дамуына
және олардың қоршаған ортада бағыт-бағдар алу
біліктілігінің дамуына жағдай жасайды. Курстың негізгі
идеялары мектептегі басқа пәндерде де ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы көрініс табатындықтан,
бастауыш мектепте оқытудың базалық ядросы
құрамына кіреді. Пәннің ана тілімен, математикамен
параллель оқытылуы, оқушыларда ақпараттық
көзқарас қалыптасуына және олардың ойлау,
коммуникативтік қабілеттерінің дамуына байланысты, аталған
курстардағы дәстүрлі тақырыптардың игерілу
сапасын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ал
компьютермен жұмыс, пайдалы және маңызды толықтыру
болғанымен, курстың басты мақсаттарына қол жеткізудің
қажетті бөлігі болып табылмайды.
Сондықтан
білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу
арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының
танымдық қабілетін дамытуды сапалы деңгейге көтеру –
бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке
тұлғаға бағыттау, оқушының
өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі,
ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке
тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың
міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
Бастауыш
мектепте инновациялық тұрғыдан жұмыс жүргізу
білім беру жүйесін ақпараттандырумен тығыз байланысты. Білім
беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің
ерекшелігі – бұл проблеманың инструментальдық емес,
мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және
олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің
орны анықталады.
Психологтардың
зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі оқушыларда бастауыш
сыныптан-ақ жете қалыптаса бастайды. Оқушылардың
бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды іс-әрекеттің
түрлі салаларында қолдана білудің қажетті
дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады.
Оқытудың
ақпараттық технологиясын информатика пәнінің оқу
үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып
оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі психологиялық,
тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық
даму ерекшеліктерін есепке алу керек.
Ақпараттық
технология арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш
сынып оқушыларының оқу материаларын жеңіл
меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен
қарулануын жүзеге асыратын оқу іс-әрекетіндегі
ерекшелік.
Ақпараттық
технологияны қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге
ынтасын оқуға құштарлығын, танымдық
қызығушылығын, қиялы, логикалық ойлауын, есте
сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізетін психологиялық
ерекшелік.
Бастауыш
мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын
қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық
әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып
оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білуі
үшін ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу,
біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз
іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау
икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да
күрделі тұлғалық ерекшелік.
Әлеуметтік
зерттеулер бойынша адам баласының, оның ішінде бастауыш сынып
оқушыларының, ақпарат алу, оны пайдалану икемділігінің
артуына ақпараттық құралдардың, өмір
сүріп отырған ортаның тигізетін ықпалы зор екені
анықталған. Бұл әлеуметтік ерекшелік.
Шығармашылық
ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің дамуы
негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы мен
дарындылығы жетіле түседі. Сондай-ақ, бастауыш сынып
оқушыларының ақпаратты жинақтаумен қатар оны
түрлендіру, өзгерту икемділіктерінің дамуы байқалды.
Сыныптағы
оқушыларды қоршаған заттар: бор, сүрткіш, есік
тұтқасы, парта, орындық, оқулық, дәптер,
сызғыш, қаламсап тағы басқалар атынан жазылған
эсселердің компьютерде терілуі оқушылардың мәтінді ойлап
табуы ғана емес, оны ойдағыдай мазмұндық
тұрғыдан жазуға қызығушылығын
туғызды. Бұл тапсырманың күрделілігіне сәйкес
үйде мәтін құруға, сыныпта оны компьютерде теруге
және топ алдында қорғауына мән беріледі. Жобалау
әдісімен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың
оқу икемділіктері жетілуіне жағдай жасалды.
Информатика
пәнінде ақпараттық технологияны бастауыш сыныптан бастап
қолдану барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды.
Шығармашылықпен оқуы, өзіндік жұмыс жасауды
жоспарлауы, бақылауы, бағалауы белгілі бір жүйеге келіп, өзіндік
ойлауы біліктілігі дамиды. Компьютер арқылы оқу материалдарын,
оқыту және бақылау бағдарламаларын іске қосу,
орындау дағдылары қалыптасып, компьютердің стандартты
бағдарламаларымен, электрондық оқу басылымдарымен жұмыс
жасау икемділіктері жетіле түседі.
Ақпараттық
технологияны қолдануға негізделген қазіргі білімнің
парадигмасы өз бетімен дамып, өз-өзін тежей алатын,
шығармашыл, жан-жақты білімімен, мәнді қызығушылығымен
және дәстүрлі емес жағдаяттарда жауапты шешім
қабылдай алатын, үздіксіз дамыған ақпараттық
қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға
түріндегі нәтижеге бағдарланғандығында. Сол
себепті құзыреттілікке бағдарланған информатиканы оқу
үрдісін бастауыш сыныптан бастау өз нәтижесін беретініне
сенеміз.