директор: А.С. Жакулова

 

№102 «Айсұлу» б/б КМҚК

 

                                 КӨПТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

 

    Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «... барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген.

 Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.                   

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді.

 Көпұлтты Қазақстан жағдайында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы қоғамдық өзара келісімді нығайтатын маңызды фактор болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы идеясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін құруға және дамытуға бағытталған ұлттық идеологияның бөлігі болып табылады.

 Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

 Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады.

 Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет - тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін  мекеменің  басты міндеті - Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып,  үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.                                              

 Балабақшамызда   ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысады.

Ағылшын тілі оқу іс-әрекетінде ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған бес кітаптан тұратын «Үш тілдің патшалығы» сериясы («Шикула и К» 2006Ж.) «Кids box» Pupils book Caroline Nixon & Michael Tomlinson Cambridge University Press 2008ж. сериясы әдебиеттері және аудио –видео таспалары қолданылады.

Ағылшын тіліне үйретудің негізгі  мақсаттары:

-         Балалардың оқып жатқан шет тілінің, елінің  мәдениет әлеміне

  енгізу, оны туған мәдениетімен байланыстырып салыстыру;

-         Шет тіліне деген қызығушылық, ол тілде сөйлеуге ынта

  таныту;

-         Ойлауды, зейінді, қабылдауды, ойды, сезімді, бейнелеуді және

  танымдық, тілдік қабілеттіліктерді дамыту.

Ағылшын тіліне үйретудің практикалық міндеттеріне, қатынас құралдары жатады (сөйлеу, лексика, грамматика), және бірнеші тілдік іс-әрекет (аудиотыңдау және қайталау, монологтік және диалог түріндегі сөйлеу).

Ағылшын тілінде сөйлеудің мотивациясын тудыру үшін, жақсы сезімдерді және осы тілде сөйлеуге ынта тудыратын барлық факторлар қолданылады:

-  Ашық түстегі заттық және бейнелік көрнекілік;                                                       -  Ойындық жағдайлар;                                                                                                             - Жаңашылдықтар;                                                                                                                      - Әр түрдегі марапаттау элементтері;                                                                                                 - Танымдық қызығушылық;                                                                                                        - Музыкалық және ритмикалық қимыл –қозғалыстар;                                                   - Жасыру, шешу, іздеу және табу элементтері.

 

      Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыстың барлық қалыптары қолданылады. Шет тіліне үйретуде ең басты тәсіл  ойын болып табылады.

      Балабақшаның барлық мерекелерінде балалар өз алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ағылшын тілінде ертегілерден үзінді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді.                                                                              

 Осы  балабақшаның алға қойған мақсатын орындау барысында   ағылшын тілін үйрену мақсатында ағылшын тілі мұғалімі Маханбетчина Н  мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасын қазақ тілінде дайындады.

 Бағдарлама екі бөлімнен тұрады:

ауызекі сөйлеу курсы (дыбыстар, лексикалық минимум) тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын меңгерту.

негізгі курс тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын дамыту ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілінде әріптерді игерту болып табылады.

       Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде бекітілді, МДМ педагогтарына қосымша әдістемелік ретінде ұсынылды.

Әдістемелік құрал қазіргі заман талабына сай, яғни мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынас құзыреттілігін жоғарылатуға арналған. Ертегі тренингтер балабақшаларда жұмыс жасайтын тіл мамандарына   балалармен жұмыста  пайдалануға көмек болары сөзсіз!   

       Біз - балабақша ұжымы ынтымақтастық балабақшасын құруды жөн көрдік. Өйткені, балабақшамыздың ерекшелігі: өз ұлтымыздың балаларымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің балаларына да есік ашып, мемлекеттік тілдегі оқу-тәрбиеге ынталандырудамыз.

  Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша  есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы отансүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру – ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты.

   Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің    талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек.

 

Әдебиеттер:

 

1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы .

2.«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасы.

3.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.                                                                    4.«Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасы-2009ж