Смаилова Жанар Шабазқызы

                                                    №8 қазақ гимназиясы,Жезқазған қаласы

 

Орта білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

        

 

         Негізгі және орта мектепті бітірушілермен қазіргі қоғамға қажетті функционалдық сауаттылыққа,қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыруға оқушылардың жалпы білім,білік дағдыларын дамытпай,өз іс әрекеттерін жобалау мен бағалауды үйренбей қол жеткізу мүмкін емес.Бұған қол жеткізу мәтінді сараптау,фактілерді жинақтау мен салыстыру,өзінің жұмысын бақылай білу біліктерін қалыптастырудағы білім алу еңбегінің оңтайлы әдістері жағдайында мүмкін болады.

Егер оқу процесінде оқушының жас ерекшеліктеріне қарай даму кезеңдері ескерілсе, жасөспірім кезеңіне ерекше назар аударылатын болса,онда мұндай жаңаша білім беру дағдылары оның белсенділігі мен жаңалыққа қызығушылығына қарай білім алу дағдысын қалыптастыру үшін жағымды мүмкіндіктер жасайды.      Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік- экономикалық жаңарту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының  функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. 2012- 2016 оқу жылы функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша   іс- әрекеттердің ұлттық жоспарын бекіту туралы қаулысымен бекітілді.

Ұлттық жоспардың мақсаты:Қазақстан республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері:

·        Білім стандарттарын оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту.

·        Мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту.

·        Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

·        Қосымша білім беруді дамыту.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижесі:

1.Басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/

2.Ақпараттық /өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі/

3.Коммуникативтік /қарым-қатынас жасау қабілеті/

4.Әлеуметтік /әлеуметтік топта жұмыс жасау қабілеті/

5.Тұлғалық /өзін-өзі жетілдіру,төзімді болу қабілеті/

6.Азаматтық /Жаупкершілікті сезіну қабілеті/

7.Технологиялық /сандық технологияларды пайдалану қабілеті/

Осы құзырлықтарды бала бойына қалай қалыптастырып отырмыз?Ол үшін оқушының білім деңгейіне сай оқушы ойланатындай,ізденетіндей тапсырмалар арқылы жүйеленуіне,тапсырмаларды шешуде,мектептік  білім мазмұнының  қолданбалық сипатына,оқушының игерген біліміне ,сол секілді оқушының білімді,жаңалықты өзінің айналасынан іздеуіне,көре білуіне мүмкіндік туғызу керек

Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың  Мұғалім үшін басты ұстанымы:Нені оқыту керек?,Балалар қалай оқиды?,Оқыту реттілігін қалй құрылымдау керек?,Табысты бала білгеніңізді қалай бағалау керек? Түрлі тапсырмалар орындату барысында оқушылар бойында өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерді,жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдау дағдыларын қалыптастыру қажет.Мысалы: тапсырма түрлері мынадай болу керек.

 

 

 

 

 

Осындай түрде берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бойында мынадай дағдылар қалыптасады:

1.Мәселерді шешу дағдылары.Өз бетінше ізденіп,талдап,оны таңдай біліп,қызығушылығы артады.

2.Топта ,жұппен жұмыс істеуі өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу арқылы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істей білу дағдылары қалыптасады.

3Шешімдер қабылдаумен жауаптылыққа бейімділігі,жүйелік әдістер мен жүйелік сараптамаларды пайдалану  дағдысы.

4.Өзінің шығарып отырған есептерінің өмірмен байланысына көз жеткізе отырып,әр ісіне жауапты қарауға өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспар құрып салыстыра білу дағдысы

5.Түрлі тапсырмаларды шешудегі жағдаяттар оқушылардың өз ойлауын,нақты мінез-құлықтарын қалыптастыру,өзіндік әрекеттерге бағыттау дағдысы.Осы дағдылар арқылы оқушы бойында мынадай сапалар қалыптасады:

Мектептегі оқытудағы кедергілерде кездеседі.Олар Мектеп оқушыларының әлемдегі ақпаратты тұтастай емес бөлшектеп білуімен шектелуі;Алдыңғы өткен білімдерін,бүгінгі материалдармен басқа пәндермен байланыстыра отырып жаңғырта алмауы;Мұғалімдер үшін оқушылардың алған білімдерінің тиянақты болуына,сапалы меңгеруіне,алған білімдерінің жақсы дамуына жол ашуғ пән мен пәнді байланыстыра оқытудағы байланысты жаңа әдіс тәсілдердің жетімсіздігі.Осындай кедергілер бар,бірақ осы кедергілерді оқытудың заманауи үрдісіндегі технологиялар ондағы әдіс тәсілдерді үйреніп,оқу арқылы бала бойына сіңіре білу ізденіспен ұштастырып көздерін жеткізу жұмыстарын жүргізу қажет.

 Математика сабағында орта буындағы оқушылардың бойына математикалық функционалды сауаттылықты қалыптастырудың жолдары :

Бұл дегеніміз оқушылардың математиканың өмірмен байланысын ашуда қоршаған ортадағы күрделі мәселелерді өз бетімен шеше алуына, өзіндік көзқарасының жан- жақты дамуына зор мүмкіндік береді.

1.Бірнеше объектіні,затты,құбылысты ойлау ,салыстыру және ойлау.

2.Оқылған тақырыптың логикалық аяқталған бөлімін анықтау,олардың арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті табу.

3.Өзін қызықтырған мәселе бойынша  кітаптан материалдарды табу.

4.Оқу процесінде есепке алдын ала сараптама жасау.

5.Есепті оқи отырып,бір мезгілде мәтінмен және логикалық құрамдас бөліктерімен жұмыс істеу туралы мұғалімнің нұсқауын тыңдау.

Белгілі бір уақытта білім мен білікті ғылыми негізде реттеуге құрылған оқытуды басқару ,орта білім берудің мықты негізі,яғни дұрс оқуды меңгеруді үйретуге мүмкіндік береді.Балаға қиын тапсырма бермес бұрын оны күрделі дағдылар мен қаруландыру керек.Білім дағдысын меңгеру оқу материалының құрылымына байланысты.Берілген тарау мен тақырыптың логикалық және дидактикалық сипаты қарастырылған жөн.Логикалық құрылым сол тақырыпқа кіретін түсініктер мен пікірлердің арасындағы ішкі байланыстыр жүйесі ретінде сипатталады.Оқу материалының логикалық құрылымының негізгі элементтері қандай факторларға байланысты екендігін көрсетеді. Бұл факторлар:

1.Кезкелген белгілі заңдылықтарды шешу үшін қандай түсініктер мен пікірлер пйдаланылады?

2.Пайымдау процесінде түсініктер мен пікірлер арасында қандай байланыстар мен қатынастар бар?

Тұлғаның даму векторы тек мектеп қабырғасында,әсіресе жасөспірім кезінде анықталады.Егер ол білім дағдысын меңгермесе, сараптауды,салыстыруды,теңестіруді,жүйелеуді,дұрыс оқуды,оқитын объектіні таңдау білмесе жасөспірім қандай маман болмақшы.жаңа актпараттың технологиялық кеңістігінде басты дағдылар мыналар:

1.Мәселелерді шешу дағдылары.

2.Шешімдер қабылдау мен жауаптылыққа бейімділігі,жүйелілік,жүйелік әдістер мен жүйелік сараптамаларды пайдалану.

3.Технологиялық дағдылар(қажетті технология мен бағалау білігі,пайда болған міндеттерді шешуді пайдалану білігі)

В.В.Давыдов оқу дағдысын қалыптастыруды табиғи рефлекстік түрде меңгерту керек деп санайды.Оқу процесіндегі оқушының өз іәрекетін рефлексиялау мен басқару оның  ұйымдастырушылығы мен өзін-өзі басқарушылығына көмектеседі.

Меніңше математиканы оқыту процесінді жүйеленген тәсілдеді құрастырудың төмендегідей әдістемелік сызбасын ұсынамын:

1.қажетті тәсілдерді құрастыру диагностикасы,қалыптасқан жағдайда сараптау.

2.Жүзеге асу процесінде дағдыны қалыптастыратын тәсілдерді өңдеу.

3.Оперативті бақылау/ағымдық бақылау/ кемшіліктерді анықтау (Бұл кезеңде журналға төмен бағаларды қоюдың қажеті жоқ)

4.Оқушыларға көмектесу,оқу тапсырмаларын нақтылау.

5.Мақсат қою және оларды оқушылардың қабылдауы.

6.Жаңа тәсіл қолдану ,одан білік автоматтандырылады,яғни  ол дағдыға айналады.

7.Жүйелеу.

8.Жүйеленген тәсілді бекіту.

9.Оқу процесінде таныс емес стандартты емес жағдаяттарда пайдалануға арналған жаңа тәсілдерді табуға үйрету.

Тұлғаны дамытуға арналған оңтайлы жағдай алған білім жасөспірім үшін қазіргі кезеңде қажет және маңызды болған жағдайда,әрі болашаққа дайындық үшін қажет болғанда қалыптасады.Және әр түрлі сабақ түрлері танымдық  және өнімді шығармашылық сипатқа ие болады.бұл оқушының өздігінен білім  алуына және өзін-өзі жетілдіруіне әкеледі. Оқушыны жасөспірім кезеңінде оқытудың тәсілдерінің оңтайлы ерекшеліктері:

1.Ересек болудың қажеттілігі –өзін бала санауды қаламау,өмірлік позициясын қалыптастыруға ұмтылу.

2.Жалпы белсенділігі,ерекшеліктерімен  және өз тұрғыластарымен әр түрлі жұмыс түрлеріне аралсуы.

3.Өздігінен өмір сүруге ұмтылуы.

4.Таңдау құқығының пайда болуына байланысты қызығушылықтың артуы.

5.Қызығушылының анықтылығы мен нақтылығының артуы.

Жоғарыда аитылған  дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалім олардың төмендегідей қалыптасу кезеңдерін білу керек:

1.Қызығушылығының қалыптасуы.

2.Осы қалыптасудың мәні мен қажеттілігін көрсету.

3.Мақсаттарды тұжырмдау

4.Міндеттерді тұжырмдау.

5.Қалыптасу процесін жоспарлау.

6.Осы процесті жүзеге асыру.

7.Бақылау.

8.Нәтижені бағалау

Математикалық сөйлемдерді есте сақтау процесі мен оны игеру дағдыларын қалыптастыруды бір мезгілде жүзеге асыру сол жұмысты әр түрлі қадамға бөлген жағдайда жақсы орындалады.

1 қадам:Математикалық сөйлемді қолдануға дайындық

2 қадам:Мұғалім ұсынған үлгі.Ол дайындалған мәтінмен қалай жұмыс істеу керек екендігін көрсетеді.Негізгі ойды анықтай білсе.онда не туралы айтылғанын зерттелетін нәрсе мен оның белгілерін анықтай алатын болса,онда бұл қадамды түснуге болады.

3 қадам:Оқушылар математикалық сөйлеуді бөлімдерге бөліп оқиды. Немесе бір мезгілде жаттығуды дұрыс орындайды,мұғалім ұсынған  үлгіні басшылыққа алады.Мысалы:Бұрыштың биссектрисасын ұғымын оқу.Оқушыларға қағаздан бұрыш қиып алып оны бүктей отырып,екі тең бұрышқа бөлу ұсынылады. Оқушылар осы ұғымның белгілерін анықтайды.,Әрі қарай оқушылар ықшамдау әдісімен жұмысқа кіріседі.

Қазіргі заманғы теориялық жағдайлар мен математикалық орташа білім берудің методикалық тәсілін, әдісін қалыптастыру- оның көріністі түрде бөліп- бөліп жүзеге асыруды қарастырады.Функционалдық сауаттылық білімді бөлшектеп беруден аулақ бола отырып, әлемді тұтас білімде беруге қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім дағдылырын қалыптастыру- бұл зерттеушілік,ғылыми және тәжірибелік іс-әрекеттерге апаратын жол

 

Әдебиеттер:

1.Краснянская К.А PISA-2006.Оценка математической грамотности 15-летних учещихся Народного образование №9.2008 г

2.Материалы к разработке национального стандарта среднего общего образования РК-Алматы 2004.-78 с

Осмоловская И.Ключевые компетенции и отбор содержпния в школе Народное образование №5 ,2006.-С.77-80