Адильбекова
А.К., Абилкасова М.С.
(М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет)
Еліміз егеменді
мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды
өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру
саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы)
жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін,
парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет
етеді.
Сондықтан да,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында, бастауыш
білім беру стандартында және «Математика» оқу бағдарламасында
білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. [1, 2,
3]
Іс-әрекеттің
айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі.
Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын
қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын
көрсетеді. Сонымен қатар, ойын оқушыларға
қозғау салуға, оларға түрткі болуға да
бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие:
балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның
оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын
барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы
ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік
беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең
бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы.
Қазақ
халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын
ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала
өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі,
қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар
ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық,
тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін
қою, ерік арқылы) байқалады.
[4]
Ойындарды
мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде
бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту
тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық
ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов,
А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да
басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін
қосты.
Жас ерекшелік
психологиясы саласында ойынды Б.Г.Ананьев, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев,
А.А.Люблинская, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин ғалымдар зерттеді. Ойынды
адамзат іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы
тарихи аспектті Е.А.Покровский, Р.И.Жуковская, Р.И.Меджерицкая, В.Г.Яковлева
ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды. 1980-1985 жылдардан бастап,
ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерінің мазмұны мен
қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар
іс-әрекеттер жасала бастады.
Кіші мектеп
жасындағы балаларды оқытуда ойынды пайдалануға байланысты
М.И.Моро, А.М.Пышкало, В.Н.Рудницкая, Л.И.Смагина, Н.А.Янковская тарапынан
жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
Оқушыларға
математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттері
шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға,
Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа
лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Математиканың
қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ
ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін
көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін
оқыту әдісі болып табылады. Бұл бастауыш сыныпта
оқытуда орындалады.
Арифметикалық есептерді
дидактикалық ойындар арқылы шығару негізінде дамыта
меңгертуді, мектептегі математикалық білімді ғылым дамуымен
тығыз сабақтастықта жетілдірудің маңызды факторы
ретінде зерттеу де күн тәртібіндегі өзекті
мәселенің бірі. Себебі ғылымның
теориясында бар, тәжірибесінде төмен дәрежеде
қарастырылған.
Жаңа
мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт
өткелі емес. Ол өткенді таразылап, өмірдің мәнін
жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс
анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз
күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек.
Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның
білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан,
біздің ойымызша, білім
жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып
отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең
негізгі және өзекті мәселесі.
Қазіргі
таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам –
ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді,
әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің
ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше
өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру –
адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты
білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, оның
мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның
дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл
оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына
жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан
шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының
негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл
өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына
өте алатын білім жүйесінің ұйымдық
құрылымдарын іздеу болып табылады.
Оқытуды
технологизациялау идеясының пайда болуы ең алдымен
әртүрлі теориялық және тәжірибелік
іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен
байланысты. А.С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал
«Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық
өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада
құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу
логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде
педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері
жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық
құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске
шығару» [3].
Әрбір
іс-әрекет не технология; не өнер болуы мүмкін. Өнер
интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде
құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен
аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге
болмайды.
Оқыту
технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда,
оқушылардың өздерінің іс-әрекетін
ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді
көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын
және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы
оқушылардың тұлғасын дамытуға
бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.
Қазіргі
өндірілген және білім беру тәжірибесінде білімді
трансформациялау, іскерліктер мен дағдылар, проблемалық,
бағдарламаланған әртүрлі деңгейлік, бейімдік,
модульдік оқыту, компьютерлік
және т.б. технологиялары қолданылады.
Компьютерлік
технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы
алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін
қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал
және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті
мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды
бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке
сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық
шеберлігіне байланысты [4].
Қоғамдық-тарихи
тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі – білімді
жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда.
Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың
ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді өзіндік жаңарту
мен толықтыруға, оларды теориялық және
тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге
міндетті.
Әр түрлі
оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың
жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап,
тәжірибеде сынап қарауда мұғалім
іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген
адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Дидактиканың дамуында үлкен
орын алған инновациялық-авторлық мектеп авторлары:
Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, Қ.Бітібаева,
Қ.Құсайынов. Қазақстандық жаңа
педагогикалық жүйелердін оқу-тәрбие үрдісіне
енуіне теориялық және практикалық негіздеме жасаған
Ж.Дараев, Қ.Қабдолқайырұлы, Н.Нұрахметов,
Ф.Ш.Оразбаева, К.А.Абдығалиева, Т.Т.Галиев, Г.К.Нұрғалиева,
Қ.Қадашева, М.Р.Ковжасарова, М.М.Жанпейісова, Г.Д.Аулъбекова,
Р.Шаханова, К.Жақсылықова, Н.Құрманова т.б.
ғалымдардың зерттеулері болды. [5]
Оқушылардың
қызығушылығын арттырудың бір көзі –
математикалық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймыз. Біздің
ойымызша, математикалық ойындар – сыныпта жүргізілген
жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның
қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады.
Ойын
балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық,
анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму
құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік,
дамытушылық мәнге ие бола
отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына
ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп
ойнаған адамның
дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал
тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына,
қалыптасуына әртүрлі
әсер береді. Кей бала ойында шынайы
өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін
факторлар өте көп.
Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың
өсетін ортасы, балалар
ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес,
балалардың да, үлкендердің
де қызығушылық ермегі, адамды рахат және
қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да
әлі күнге дейін ойнайды,
әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына
талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы
балалардың жас және жеке дара
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс,
драматизациялық, музыкалық, дидактикалық,
құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар.
Әрқайсысының
өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері,
тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның
алғашқы танымы десек, артық болмас.
Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің,
жұмыстың, қызметтің
қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса,
өскен соң жұмыста да көп
жағынан сондай болады. Сондықтан
келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында
басталады». Мысалы: сюжеттік - рөлді ойындар.
Ойынның
негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған
өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме
теңіз, аспан кеңістігі де, темір
жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның
өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты
маңыз береді.
Ойын
іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның
әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып
табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір
құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын
білдіреді.
Балалар
ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің
ұштасуымен өзара байланыстылығында.
Бұл оның сыртқы белгісі
емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның
іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.
Кейде бейненің баланы баурап әкететіні
соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға
жауап та қатпайды.
Балалар
үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп
жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен
мамасы үшін, науқас кісі
мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз
нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені,
оған баланың өз қатынасын
толығырақ ашады.
Ойын
процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе
жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып,
ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында
сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында
өзара түсінісу мен достықтың,
қоршаған өмірдің қайсыбір
фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Бейненің,
ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы
ойын қызметінің өзегі болып табылады,
шындықты бейнелеудің құралы қызметін
атқарады.
Ойынның
негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері,
рөлдер; ойынның өзінен
туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс -
әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның
түпкі ниеті - бұл балалардың нені
және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп»
және т.с.с. болып ойнау. Ол
сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің
өзінде бейнеленеді, ойынның
мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның
түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға
бөлуге болады:
а) тұрмыстық құбылыстарды
бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау);
ә) жасампаз еңбекті
бейнелейтін ойындар (корабль салу,
үйлер, стадиондар тұрғызу жәнет.б.);
б) қоғамдық
оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер,
демонстрациялар, қонақтарды
қарсы алу, саяхаттар
т.т.). [6]
Ойындарды бұлай
бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын
өмірдің алуан түрлі құбылыстарын
бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті,
мазмұны - бұл оның жанды
тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара
қарым-қатынастарының дамуын,
көп жақтылығын және өзара байланысын
анықтайтын. Ойынның мазмұны оны қызықты
етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның
құрылымдық ерекшелігі мен түйіні
- бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін
маңызына қарай көптеген ойындар
рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл
әрқашан адамға немесе жануарға, ол
қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға
қатысты болады. Солардың
бейнесіне енген бала сол өзі
қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір
рөлді ойнайды.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ
олардың түрлі маңызы бар
және әртүрлі ойындарда түрліше ара қатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады,
дегенмен ойынның ішінде
дидактикалық ойындардың білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
[7]
Ойын -
сабақтарда ойындардың мәнділігін, оларды
өткізудің әдістерін ойластыра отырып балаларға
әсер етеді, дидактикалық тапсырмаларға барлық балаларды
қамтиды. Ойын - сабақтар арқылы тиімді білім беріп,
«қабылдау, ойлану, сөйлеу» психикалық процестерін
жетілдіреді, қажеттіліктерді құрастырады, сондай-ақ
баланың ойлау және қиялдау қасиеттерін дамытады.
Әдебиет:
1
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007. – 130 б.
2
Оспанов Т.К. және басқ. «Математика» оқу
бағдарламасы.- Алматы: 2010.- 135 б.
3
ҚР МЖБС. Бастауыш білім беру. «Математика» оқу пәні.
(1-4 сынып). – Астана, 2010. – 97 б.
4
Құрманалина Ш., Мұқанова Б.,
Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. Оқулық 2-басылым.-
Астана: Фолиант, 2010. – 656 б.
5
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. –
Алматы: Заң әдебиеті, 2005. – 228 б.
6
Ж.С. Қалиева. Математикалық
дидактикалық ойындар. - Қостанай: Центрально - Азиатское книжное
издательство, 2008.- 204 б.
7
С.Б Елубаев. Дидактикалық ойын түрлері.-
Алматы: НИЦ, 2004.- 252 б.