Анвар Е. А.
М. Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Ғылыми зерттеулерді және инновациялық іс әрекетті
ұйымдастыру негіздері
Ғылым –
функциясы табиғаттың, қоғамның және
ойлаудың заңдарын оқып үйрену, табиғи
байлықтарды қолайлы пайдалану және қоғамды тиімді
басқару мақсатында шынайы өмір туралы объективті білімдерді
қалыптастыру және теориялық жүйелеу болып табылатын адам
әрекетінің саласы.
Ғылыми-зерттеу
қызметі – қоршаған ортаны зерттеумен байланысты зерттелетін
нысанға, құбылысқа тән ерекшеліктерді,
заңдылықтарды және заңдарды айқындау
мақсатында, әрі іс жүзінде алынған білімдерді
пайдаланушы қызмет түрі.
Ғылыми-техникалық
қызметі: технологиялық, инженерлік, экономикалық,
әлеуметтік, гуманитарлық және басқа да
мәселелерді шешу үшін жаңа білімдерді алуға және
қолдануға
бағытталған қызмет, ғылымның, техниканың
және өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс
істеуін қамтамасыз ету.
Әдіснама — әдістер туралы ілім, әдістер теориясы,
зерттеліп отырған объекті жоніндегі мәліметтерді және
жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдсрінің жүйесі.
Ғылыми өдістің негізгі мақсаты — объективтік
ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған
апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет.
Әдіснаманын негізінде белгілі бір білімдер жүйесі жатады.
Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде
жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты.
Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға
негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану
кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін.
Әдіс пәннің ерекшелігі арқылы
анықталғанымен, олар бір-бірімен
қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің
бірлігі қарама-кайшылықтардың бірлігі болып табылады.
Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын
біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен
пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге
біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Әдіснама
ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен
әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының
теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу
компоненттеріне (объектігі, затқа, мақсатқа және
зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес,
сонымен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу
бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория
шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық
білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені
құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі
ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық
теорияның тұтастығын құрайды. Теориялық білім
зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе,
практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды.
Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі –
болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке
қарағанда әлдеқайда кең және күрделі.
Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялық
болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеевтін химиясы практикаға белгісіз
жаңа химиялық элементтердін ашылуын болжаған. Осылайша Нептун
ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып,
практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде
ғана оны коре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды,
өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің
әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және
зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы
нүкте болып табылады . Қазіргі
замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір
саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми
деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді. Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім,
оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оньщ танымдық процесінің
дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным
процесіндегі әдіске антикалык философияда-ақ үлкен мән
берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным
әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған
болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың
қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудін
анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін
талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан
ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен
жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның
дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылыми зерттеудегі
әр түрлі әдістердің өзара байланысы
мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Казақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы// Информатика негіздері,2004-
58 б.
2
Ермеков Н.Т. Ақпараттық технологиялар:
Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007- 57 б.
3 Красильникова
В.А. Білімді ақпараттандыру ісінің түсініктемелік аппараты //
Информатика негіздері, 2003. № 6. 2–5.
4
Нұрбеков Б., Нұрбекова
Ж. Компьютерлік оқытушы жүйесіне қойылатын негізгі
педагогикалық-психологиялық талаптар // Информатика негіздері,
2004. № 2. 6–10 б.