Т.Әбдіков прозасындағы кірме сөздер
Испандиярова
А.Т., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі.
Тіл – қоғамдағы
қарым-қатынас құралы болумен қатар,
ұлттың өмірінен, оның тарихы мен мәдениетінен,
менталитетінен ақпарат беретін әрі қоғамды дамытушы
күш ретінде қызмет атқарады. Бұл тұрғыдан
келгенде көркем шығарма тілінде
қолданылған кірме сөздер арнайы мақсатта
жұмсалып, екінші халықтың жағрафиялық,
әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық жағдайынан
мәліметтер беру
қызметін атқарады.
Т.Әбдіков шығармаларында орыс сөздері өте көп ұшырасады. Жазушы орыс сөздерін
автор баяндауында да, кейіпкер тілінде
де пайдаланады. Оларды шартты түрде екіге топтауға болады:
1)
орыс сөздерінің
“бұрмаланып” берілуі;
2) орыс сөздерінің бастапқы түбір қалпын
сақтап қолданылуы.
Жазушы шығармаларына
статистикалық талдау жүргізгенде алғашқы топтағы, яғни автор мен кейіпкер
тілі баяндауындағы
“бұрмаланып” берілген
сөздер екінші топқа қарағанда аз кездесетінін
байқадық. Мысалы: “ Піркәншік бір жаққа кетіп қалып жүрмесін, алатын
жыртысымызды ала алмай қалып масқара болармыз” ( 1, 119-б).
“-Былтырғы міліция Охапты не
істедің? – деп қалжыңдап қояды”- (1, 322-б). “ - Қазетке
сүртуге болады, - деді Абылға қарап – Қазетке сүрту шариғатқа қарсы
келмейді. Онда тұрған харам ештеңе жоқ” (1, 123-б). “- Піредовойға шығардың
алдында көріп қалдым. “Амансың ба, аманмыннан басқаға үлгіре
алмадық”, - деген сөзі әкем мен апама “ келе жатыр” деген
хабардан кем болған жоқ. Бірақ Ермек келмеді. Әкем мен
апам қанша сарғайып күтсе де, түндер бойы бір-бірімен
күбірлесіп, құдайға жалбарынып, өздерін
құрбандыққа атаса да, Ермек келмеді. Айлар өтті. Жылдар өтті”(1, 104-б). “ Кәмпескіге ілікпеймін деп бар
малының көзін құртып, кедей болып шыға келіпті.
Дуанда нағашысы ма, жиені ме – бір туысы бастық екен деген сыбысты
еститінбіз. Ешкімге қайыры жоқ , қаны қара ит еді – ау.
Талай адамның обалына қалды ғой” ( 1, 83-б).
Жоғарыда көрсетілген мысалдардағы орыс сөздері
кейіпкер тілінде бұрмаланып беріліп,
айтылатын ойға стильдік жүк артқан.
“Мен бөлмені тегіс шолып, ту
сыртымдағы кітап салатын шкафтың
үстінде ілулі тұрған Бәтима мен
күйеуінің фотосуретін көрдім” (1,160-б); “Бәтима бағанадағы көңілі
күйінде, еш уайымсыз, табақшадағы піскен тауық
етінің бір кесегін шофер
жігіттің алдына, бір кесегін менің алдыма қойып, турап жеу
үшін пышақ пен шанышқы ұсынды.
Өлім жарасын уақыт
әлдеқашан жазып жібергені сезіліп тұр. Дастархан басындағы азғантай
көңілсіздік ұзамай сейіліп кетті.
-Алматыда тұрасыңдар ма? – деді
Бәтима әңгімені басқа жаққа бұрып.
-Ия.
-Семья көп пе?
-Екі балам
бар. Біреуі - ұл, біреуі – қыз.
-Как по заказу, - деп Бәтима
дауыстап күліп жіберді” (1,161-б); “Роберт бір сәт сигнал күткен спортшыдай
қатып қалды да, кілт бұрылып, асфальт көшені тарсылдатып қаша жөнелді. Тарс
етіп мылтық атылды. Айғай-ұйғай, шырылдаған
ысқырық…” (1,184-б);
“Мен хатты коридордағы келісілген жерге апарып тықтым да,
бөлмеге келіп, өзім жазған хаттың әсерімен
ойланып ұзақ жаттым” (1,32- б).
“Құтқаруға
мүмкін адамның бәрін құтқарып ,
бақытсыз 1500 адаммен бірге экипаж
батып бара жатқан кемеде қалды.
Оркестр
осылайша рух мәңгілігінің гимнін ойнаған күйінде ажал құшағына
енген” (1, 41-б).
“Осыдан келіп, яғни екі лагерьге бөлмеудің
арқасында, жалпы жан иесіне жан ашу деген идея туады” (1,43-б).
“Сағат сегіз жарымда подвалға түстім ” (1,
48-б).
Т.Әбдіков прозасындағы орыс сөздерінің
қолданысын шығарма тақырыбымен байланыстырған
дұрыс. Автор прозасында өмірдегі әр құбылысты,
затты, әрекетті бір-бірімен салыстыра отырып, философиялық
көзқараста жазылғанын көреміз.
Заманына
сай қолданылған сөздер: актриса, лагерь, музыка, экипаж, капитан, гимн, коридор,гипноз терапиясы,
полковник, сигарет, ванна, палата, фауст, аутотренинг, мистика, террорист, карточка,
проблема, телеграмма, скульптор, сигнал, шофер, семья, повестка, посылка,
командировка, председатель, коммунист.
“Той
үстінде бишілігімен, бекзаттық қалпымен, зиялы
мәдениетімен көзге түскен егде полковник дәл сол күні таң алдында қатыгез,
найсап жендет күйінде тағы да көзге түседі. Бір адам
ішіндегі екі адам дегенің осы емес пе? ”(1, 58-б); “Осыдан келіп,
яғни екі лагерьге
бөлудің арқасында, жалпы жан иесіне жан ашу деген идея туады” (1, 42-б); “Құтқаруға
мүмкін адамның бәрін құтқарып,
бақытсыз 1500 адаммен бірге экипаж
батып бара жатқан кемеде қалды. Көзі
көргендердің айтуына қарағанда, теңіз суы
кемедегі музыканттардың тізелерінен асқан кезде де оркестр тоқтаусыз ойнаған
күйінде ажал құшағына енген. Оркестр осылайша рух
мәңгілігінің гимнін ойнаған
күйінде ажал құшағына енген. Кеменің капитаны мен оның экипажы өз міндеттерін орындап болғаннан кейін,
кемедегі қалған жолаушымен бірге қаза болады.”(1, 41-б); “Дәрігер
сигарет алып тұтатып, креслоға шалқайып отырды
да, өзінің кез келген адамға айта бермейтін маңызды
пікірін ортаға салғандай әр сөзін ойлана сөйлеп,
әңгімесін жалғады”(1, 57-б).
Автор шығармаларындағы
оқиға баяндалатын кезде қолданылған кірме сөздер қазіргі
таңда қазақшаға аударылған. Атап
өтсек,
“ -Ойбай-ау коммунист
емессің бе, үкіметті орнатысқаннан басқа не
жазығың бар, - деймін ғой мен сорлы. Зәреден зәре
жоқ” (1, 91-б); “Ауылсовет председателі
Құдияр жүктегі сүйеулі домбыраны алып, ақырын
дыңылдата бастады. Құдияр осы төңірекке белгілі
өлеңші. Өлең тыңдамағалы не заман! ” (1,99-б);
“Повестка” бірінен соң бірі
келіп жатыр. Еркектер жүрер алдында ауыл-үйді аралап, дәм
татып кетеді” (1,130-б); “Телеграмманы
өзі салғанын,екі сөздің басын қоса алмайтын
пошташы Тайшықтан не қайыр, жаман орысшасымен өзі жазып
шыққанын, оған 1 сом 30 тиын төлегенін
әңгіме қылды” (1,63-б);
“Бір қарағанда оп-оңай көрінген заттың
миллион есе қиындап, осындай әлемдік проблемаға айналуы кіп-кішкентай бейкүна
жәндіктің аяқ астынан аждаһаға айналғаны
секілді,шынында да сұмдық емес пе?”(1, 30-б); “Қазір
Жақып та семья
құрып, бөлек шықты”( 1, 132-б);
Т.Әбдіков прозасындағы председатель,
повестка, семья, палата, проблема, гимн, телеграмма, стол т.б.
сөздердің қазақ
тіліндегі баламасы
Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейін
пайда болды. Яғни қазіргі
заман тұрғысынан алып қарағанда кірме сөз болып табылатын
бұл лексемалар біріншіден, сол шығарма
жазылған
кезеңдегі лексикалық
қордағы актив сөздер;
екіншіден, сол кезеңде бұл лексемаларды қазақша
баламамен беру үрдісі
болған жоқ.
Т. Әбдіков шығараларында суреттеп
отырған оқиғаны дәл беру үшін термин сөздерді жиі қолданған. Мысалы:
“ Осының бәрі, меніңше,
адалға да, арамға да, ізгілікке де, қиянатқа да жататын
рухани қосмекенділердің көбеюінен. Рухани гермофродиттердің көбеюінен.
Кембағалдар қашан да өмірге өшпенділікпен
қарайды.
Рухани терроризмге қарсы күрес керек ” (1,33-б).
“Ғалымдардың айтуынша,
ғалам кеңістігіндегі ой жетпес алыс галактикаларда «қара тесіктер» (черные дыры) болады деген.
Жалғыздық та осындай космостық қара тесік секілді”(1,34-
б).
“ Аутотренингке
бардым. Дәрігер қыздың үнемі бірдеңе
айтқысы келіп тұрғандай сәл-пәл түріліп
тұратын сәби еріндерін көргенде көңілім аздап та
болса жайланғандай болды.
“Мен бейтаныс
құрбымның бойынан террористік
бір қасиет байқаймын. ” ( 1, 33-б);
“Адам психикасы –
медицина әлеміндегі ең бір күрделі, сыры терең,
жұмбағы көп айрықша сала. Сол себепті бұл салада
ғылымнан гөрі мистика басымырақ
деуге болады. ” (1, 56-б);
“Көп
ұзамай дәрігер келіп, оның мына жағдайды ескерту
өзіне де қиын болғаны, бірақ қатерлі
сәттің енді артта екені, өзінің гипноз терапеясын ойластырып жүргені туралы айтқандарын
мен басқа біреуге айтылған әңгімедей тыңдап
отырдым.”(1, 59-б); “Кешкі тамақтың бетіне қарауға
зауқым болмады. Түннің бір уағында палатама аутотрнинг жүргізуші дәрігер қыз келді.
Кезекші екен. Басқа уақытта келсе қуанған болар едім.
Бірақ ондай қуанышқа менде қауқар қалмады.”(1,
59-б).
Сонымен, автор туындыларында орыс
және басқа да термин
сөздерді қолданғанымен, қалыптасқан
шеңберден шықпайды,
сөз шұбарлауға
қатысы жоқ. Жазушы шығармада оларға стильдік
жүк артқан.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Т.Әбдіков «Әке»
Повестер мен әңгімелер жинағы. Алматы «Қайнар»
2005,384 б