Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Аға
оқытушы, магистр Алиева Дидар Алиасқарқызы
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті
Жарқынбек
Құндызай Сүйіндікқызы
Жаңа технологияларды қазақ тілі сабағында
қолданудың тиімді жолдары
Жас
ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер
қауымдастығының қосатын үлесі зор. Инновациялық
білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық
қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін
тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін
арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге,
пайдалануға және шығармашылық жұмыстар
жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды
қолдануда – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол
сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі,
оқушының пәнге деген қызығушылығы артады,
екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша
танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан
әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы
тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта
түспек. Мұғалімнің айтқанын өзіне
қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой - пікірін
тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін
дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан
қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру
тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың тиімділігі мол.
Қазақ
тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі
кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын
талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып,
сапалы және терең білім
беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу
қабілеттерін жетілдіру. Олардың ойлау, есте сақтау,
көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін
қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке
басының ой-өрісін, оқу әрекетін, өтетін
тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы
берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз
деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды
мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де,
материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық
деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта
алмаймын.
Технология мен
әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту
мәселелерін қарастырады”.‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік
емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов
айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде
әртүрлі жаңа
технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп
тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін
қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге
жағдай жасайды.
Ұстаз
үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс
таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының
жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық
ойының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа
технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі
таңда инновациялық технологиялардың көптеген
түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан
ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық
оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т.б.
Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа технологиялардың
элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына
ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені бұл
технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Ол
халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді.
Американдық гуманитарлық психология
қауымдастығының өкілі К. Роджерс жасаған
әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа
педагогикалық технологияда көрініс тапқан. Яғни олар:
1.
Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;
2. Оқу
материалын сұрыптап ұсына алу;
3. Оқу
әрекетін ұйымдастыра алу;
4. Диалог
жүргізе алу;
5. Сабақ
барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу;
6.
Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге
асыра алу.
Қазіргі кезде
қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық
әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау,
есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны
танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау,
оқытушының жеке басының интелектісін, оқу
әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім
негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман
талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын,
ең маңызды мәселе болып отыр. Әрине терең білім
де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық
деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айтуға
болмайды.
Жаңа
технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына
және ең бастысы –оқушының білім жетістіктерін
жақсартуға ықпал етеді. Қазақ тілі пәні
бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің
өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар
жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық
деңгейін саралау, оқушының жеке танымдық
мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы
тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-
әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан
күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып,
әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру,
жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана
жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар,
түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде
қарастыруға болады.
Оқушының
жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс
істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу
қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс. Жаңа
технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде
ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір
оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай
жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал
оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным
әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет
естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере
отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай
мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының
ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде
қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы
жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы
технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке
қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- этнопедагогикалық тәрбие береді;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа
баулиды;
- оқытушының уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Мультимедиялық проекторды
пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
- барлық баланы оқыту;
- оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
- білім берудің формасын
оңайландыру міндеттерін атқару;
- оқушының жеке
қабілетін айқындау, іздену.
Яғни, әр қазақ тілі
сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр
сабағымыздың өзінде оқушыларды сабаққа
деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.
Әр саланың өз
жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік
талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай
оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап
талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы
зор деп ойлаймын:
- оқушы материалды қалай меңгергендігі
байқалады;
- оқушы білімін тұрақтандыруға
көмектеседі;
- ізденуге жетелейді, қызықтырады;
- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау,
есте сақтау қабілеті артады;
-
өзіндік пікірі
қалыптасады.
Жаңа
технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да
жолға қоярымыз анық. Соның бірі – “Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын
сабақты жоспарлауда қолданудың тиімділігі. Өйткені
мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму
деңгейіне сай жетістіктерге жетуіне болады.
Сын
тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш
құрылымнан тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны тану;
- ой-толғаныс.
Бұл
технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым
ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз
шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда
оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек,
ойын айтуға оқушы шығармашылығын
қалыптастыратынын атап өту керек.
“Қызығушылығын
ояту” кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру
мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы
оқушының білім деңгейін қадағалап, жаңа
сабақты бастар алдында “Топтастыру” стратегиясы арқылы
оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен
байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.
Сабақтың
қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды
қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не
ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
“Мағынаны тану” кезеңінде
оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар
дайындап, оны “Куббизм” стратегиясы арқылы жүзеге асыруға
болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді.
Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз
ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың
деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың
өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке
сұрақтар” стратегиясын
оқытушы жүзеге асырады.
Осы кезеңде “Түртіп алу кестесі”
бойынша да жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға
болады:
Бұл технологияның келесі бір
кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану
арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен
айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде
оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру
мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “Дебат” яғни,
пікір-сайыс өткізуге немес “5 минуттық эссе” жаздыруға
болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың
өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа
қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6
сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны
сабаққа тарта білгеніміз.
Қазіргі
мұғалімдерге ұсынылып отырған қазақ тілі
пәні бойынша тірек – сызбалары теориялық материалды игеруге
практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді.
Көптеген психологтардың пікірі бойынша, оқыған
материалды есте сақтаудың тиімді әдістерінің бірі – оны
шартты белгілер бойынша танып – білу арқылы есте сақталатынын
мойындайды. Сызба арқылы оқыту тәсілдері қажетті
грамматикалық тақырыпты жылдам әрі тиімді меңгеруге
көп көмегін тигізеді. Мүғалімнің міндеті осы
дайын тірек – сызба, кестелерді өзінің жеке іс –
тәжірибесінде қолдана отырып, әр тақырыпты іріктеп,
талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе
білу. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында
қолданылатын тағы бір көрнекіліктің түрі –
дидактикалық кәртішкелер. Дидактикалық кәртішкелер
таратылып берілгенде, тақтада
оқушылардың алдында сол тақырыпқа сәйкес,
тірек – сызба ілінеді. Көбінесе, грамматикалық
ұғымдарды оқушыларға жеткізерде практикалық
жолмен іске асырылып отырады. Олар тақырып ерекшелігіне қарай
бөлініп отырады.
Тиісті затты көзбен көру, қолмен
ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте
қалады. Осындай тірек материалдарын, сигналды кәртішкелерді, символдарды
мол пайдалану педагогикалық технологияның бір тармағы –
жеделдетіп оқытуға жатады.
Ол күштеусіз оқытуға жеке тұлғаның
мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді.
Осы әдістерді
қолдану арқылы мұғалім мен бала бірігіп
жұмыс істейді, яғни, тікелей қарым – қатынас
қалыптасады, оқушының ықыласы артады. Тірек -
сызбалармен жұмыс істеу –
оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз
бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Тірек – сызбалар тек көрнекілік ретінде ғана емес, деңгейлік
тапсырмалар, жеке кәртішкелер ретінде топпен немесе жұппен
жұмыс істеуге беріледі. Тірек – сызбаларды сабақта қолдана отырып оқыту
оқушының оқу материалдарын тез меңгеріп, жеке
тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. Тірек –
сызбалар, көбінесе, бекіту, қайталау сабақтарында
қолданылады. Жеке тұлғаның бойында өзіндік әрекетінің нәтижесінде
мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз
бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға
деген қабілетінің артуы.
3. Өз
ойының дербестігі.
Қорыта
айтқанда, қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа
технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай
маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан кем
емес. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын
арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін
молайтуға, қазақ тілі пәніне деген
қызығушылығын арттыруға көп көмегін
тигізеді.
Қазіргі кезде
қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап –
жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып,
сапалы және терең білім
беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу
қабілеттерін жетілдіру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту
методикасы. А, 1991.
2.
Т.М. Артықова. «Қазақ тілі бойынша
тірек – сызбалар».
3.
В.Ф. Шаталов. «Тірек – сызба нұсқасы».
4.
М.А. Аманбаева. «Қазақ тілі сабағында
жаңа технологияларды пайдалану».