Т.Әбдіков
прозасындағы синонимдер
Испандиярова
А.Т., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық
ғылымдар магистрі.
Мағыналары бір-біріне жақын,
өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Өз ара
мәндес сөздерден:синонимдік қатар құралады.
Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде одан да
көп сөздер енеді. Мысалы: адам-кісі,
күш-қуат-әл-дәрмен т.б.
Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер
бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өз ара
мәндес болуымен бірге, барлығының бір сөз табына
қатысты сөздерден жасалуы шарт. Әр түрлі сөз
табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі
бір синонимдік қатардың жасалуы үшін, оның
құрамына енетін сөздердің барлығы да не
бірөңкей зат сөздерден, не бірөңкей сын
сөздерден, не бірөңкей етістік сөздерден болуы керек.
Синоним сөздердің дыбысталуы әр түрлі, беретін
мағынасы бір түрлі сөздер, ол сөздер контексте
қолданылуына қарай әр түрлі мағыналық
реңк туғызады. Синоним сөздердің стильдік бояулары ол
сөздерді салыстырып қолданғанда айқын көрінеді.
Синоним сөздер көркем шығармалардағы кейіпкерлердің сезімін, мақсатын, бағытын дәл
көрсету үшін, айтылған сөздің
мағыналық-эмоциялық мәнін күшейтіп беру
үшін, құбылысты кең түрде сипаттау үшін
жұмсалады. Толып жатқан нәзік ойлар, сезімдер де синоним
арқылы жеткізіледі. Синоним сөздердің
қолданылуындағы қат-қабаттардың сырын ашу тілді
байытады, жетілдіреді. Синоним сөздерді ақын-жазушылар құбылтып
қолданады, ал Т.Әбдіков халықтың тіл өрнегін сақтау
мақсатымен оларды арнаулы баламаларымен тізбектеп береді.
Қандай да болсын бір-біріне синоним болып келген әрбір
сөздің өзіне тән мағыналық ерекшелігі
болады. Ол мағына контексте айқындалады.
Синоним сөздер көркем шығармалардағы
кейіпкерлердің сезімін, мақсатын, бағытын дәл
көрсету үшін, айтылған сөздің
мағыналық-эмоциялық мәнін күшейтіп беру
үшін, құбылысты кең түрде сипаттау үшін
жұмсалады. Толып жатқан
нәзік ойлар, сезімдер де синоним арқылы жеткізіледі. Синоним
сөздердің қолданылуындағы
қат-қабаттардың сырын ашу тілді байытады, жетілдіріледі.
Синоним сөздерді ақын-жазушылар құбылтып
қолданады, Т.Әбдіков халықтың тіл өрнегін
сақтау мақсатымен оларды арнаулы баламаларымен тізбектеп береді.
Қандай да болсын бір-біріне синоним болып келген әрбір сөздің өзіне
тән мағыналық ерекшелігі болады. Ол мағына контексте айқындалады.
Т. Әбдіковтың көркем
шығармаларындағы күш, қайрат, қарқын,
әл, қуат деген
сөздер синоним сөздер
ретінде қолданылған. Бірақ бұл сөздердің
араларына мағыналық жағынан тепе-теңдік белгісін
қоюға болмайды. Мысалы, осы сөздердің екеуін алып,
мысалмен салыстырып көрейік: “қарқын” деген
сөздің мағынасында “шапшаңдық”, “тездік”, “жылдамдық”
деген мағыналар басым аңғарылса, бұл сөзге
синоним болып тұрған “қуат» сөзінің
мағынасынан “тездік”, “жылдамдық, шапшаңдық” деген
мағына емес, “күш, жігер” деген мағына басым
ұғынылады: Дүйсен бойына қуат, ойына ақыл, бетіне ажар осы Сыр бойында
ғана бітеді, - деді Асқар (1, 122-б) деген сөйлем мен Ауылда басталған сенбілік жойқын
күшпен кең даланы
қопарып барады. Бұл қарқынмен
бір-ақ жұмада бітіреді.
Бірақ көп ауқымы техникадан күшті.
Техниканы жасайтын да сол ауқым
(1, 126-б) деген
сөйлемдердің біріншісіндегі қуат деген
сөздің мағынасынан жылдамдық, тездік сияқты
мағыналар ұғынылмайды, онда күш, қуат
сияқты ұғым бар. Ал екінші сөйлемдегі
қарқын деген сөзде шапшаңдық, жылдамдық,
тездік сияқты мағына баса айтылған. Олай болса, бұл екі
сөз синонимдік зат есім болғанымен, олардың беретін
мағыналары бірдей емес. Соңғы сөйлемде контекстік синоним
де жоқ емес, автор сөйлемде кездесетін “күш” сөзін екі
рет қайталамау үшін, сөйлемнің көркемдік сапасын
төмендетпеу үшін, “күш, қайрат, қарқын”
сөздерінің мағынасын беретін “ауқым” деген сөзді
қолданған.
Мағыналары бір-біріне
жақын сөздер - әл
мен қуат және күш. Бірақ бұлардың өзі де
мағыналық жағынан бірінің орнына бірі қолданыла
бермейді. Мысалы, Қолыңдағы
осындай күшті дұрыс пайдалана білсең, ойыңдағыдай ұлы істі
жүзеге асыруға болады (1, 144-б) деген сөйлемдегі “күш”
сөзінің орнына “әл” сөзін қойып, Қолыңдағы
осындай әлді дұрыс пайдалана білсең, ойыңдағыдай ұлы істі
жүзеге асыруға болады (1, 148-б) деп айтуға болмайды,
себебі “әл” деген сөздің мағынасы “күш”
сөзіне қарағанда аясы тар, яғни кең
мағыналы сөз емес. Мысалы, Әлің барда, еңбек ет, еңкейгенде
емерсің (1,114-б) дегенде, “әл” сөзі жеке адамға
байланысты ғана ұғым беріп тұр. Сонда “әл”
сөзі “күш” деген сөз сияқты бойында
жинақтық ерекшелігі бар, кең мағыналы сөз емес.
Сонымен, “күш” деген сөзге синоним болып келетін “әл” деген
сөзді көбіне алмастырып айта беруге болмайды: Құртқан сайын
жауларын, құрыштай күші артады (1,182-б) десек те, “күш”
сөзінің орнына “әл” сөзін алмастырып айтуға
болмайды, мағына дәлдігі бұзылады.
“Әл”
сөзіне мағынасы өте жуық сөздің бірі – “шама”
сөзі. Мысалы: Жығылғанды
–жыққанды сонда білер әр адам, өзінің білсе
шамасын (1, 114-б) дегенде, “шамасын” сөзінің орнына “қуат”
сөзін қойсақ, мағына дәл берілмейді,
сондықтан ол сөздің орнына “әл”, “күш”
сөздерін қойып айтсақ қана мағына бұзылмайды.
Синонимдер көркем шығармаларда кейіпкердің
сезімін, мақсатын, бағытын
дәл көрсету үшін, иронияны, толып жатқан нәзік
нюанстарды, тарихи колориттерді туғызу үшін, айтылған
сынның мағыналық –эмоциялық мәнін күшейтіп
беру мақсатында, құбылысты кең түрде сипаттау
мақсатында қолданылады.
Тілдегі синоним
сөздің неше түрлі оюларын, нәзік жерлерін меңгеру
тек тілді байытады. Бір мағынаны білдіріп тұратын синоним
сөздер кейде қатарластырып, тізіліп айтылады.
“Олай болса, ар-ұят, адамгершілік, әділет туралы
түсініктерімізді қайта жасауымыз керек. Осындай қасиеттерге
ие адам ғана еліміздің
болашағын ойлайды” (1, 26-б). Сөйлемдегі зат есімдерден болған синонимдердің
беретін мағынасы бір болып тұр.
Т.Әбдіковтың синоним сөздерді қолданудағы
өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.
1 Автор
көркем шығармаларында тұрақты, контекстік
синонимдік теңеулерді стильдік
мақсатта қолданған. Мысалы,“Роберт- алпамсадай, таудай, атандай, соқтандай сайдауыттай ер азамат.
Оның осы тұлғасы жас қыздың есінде қалып қойыпты” (1,181-б).
Бұл сөйлемдегі
тұрақты синонимдік теңеулер кейіпкердің
портретін беруде
қолданылған. “Е... жастық шақ көшкен елдей, соққан
желдей өтер де кетер...”
(1,191-б) Сөйлемдегі контекстік синонимдік теңеулер екі образды болып келіп, бір белгіге
бағынып тұр.
2 Автор жағымды мағынадағы
сөздерді контексте жағымсыз мағынада берген. Мысалы,
“Сұлу,
әдемі көгершінім,
саған қарасам құсқым келеді” (1,
110-б) Міне, осы тіркестегі “сұлу”,
“әдемі” сөздері
жағымсыз мағынада жұмсалып тұр.
3 Автор синоним сөздерді адамның бойындағы
қасиетерді ашып көрсету үшін қолданған. Мысалы:
“Бірақ бүгінгі
жүйке – тамырыңмен сезіп тұрған анық тіршілік,
рухани әлем: адам баласының жарық дүниеге келгеннен
бергі бастан кешкен тарихы, қызығы мен қасіреті, үміті
мен өкініші, сан мың жылдар бойына сананы сарғайтып келген
парасат биігі – рақымшылдық,
жанашырлық, аяушылық, жақсы көрушілік, ізгілік
жолындағы жанпидашылдық тағы басқа тіршіліктің
мәніне айналған әулие қасиеттер – осының
бәрі мәңгілік түнекке сіңіп жоқ болады
дегенге көңіл шіркін көнгісі келмейді” (1, 10-б)
“Адамның рухани түлеп,
жаңаруына, жаңа биікке көтерілуіне кедергі болып
отырған қатігездік,
зұлымдық, күншілдік, қызғаншақтық, менмендік, өзімшілдік,
астамшылдық, ақшақұмарлық,
дүниеқұмарлық, атаққұмарлық,
мансапқұмарлық секілді кесапат қасиеттердің
қай-қайсысының да
түп – тамырында “ өзім, өзім ғана” деп емінген “
Меннің” жатқаны ешкімге де құпия емес” (1, 40-б).
Жоғарыда -лық,
-лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары
арқылы жасалған зат
есімдерден болған синонимдік қатарлар берілген. Алғашқы
мысалдағы синоним сөздер адамзаттың ең жақсы қасиеттерін даралап көрсету үшін
қолданылса, екінші сөйлемдегі синоним сөздер адам бойындағы ең кесапат қасиеттерден жирендіру
мақсатында берілген.
4 Автор синонимдерді метафоралық
тіркестерде берген. Мысалы:
“Ол
сәл – пәл жымиғандай болды. Адам жүзіндегі ал-қызыл арай тазалық пен пәктіктің белгісі іспетті.
Қызара білетін жаны жұқа жандардың өн бойынан
теңдесі жоқ сұлулық пен
әдеміліктің, шыншылдықтың лебі еседі” (1, 37-б).
Сонымен, Т.Әбдіков көркем прозасындағы синонимдер
жазушы шығармалары тілінің лексика-семантикалық
қабаттарын байытқан, шығармаға эмоционалдық-экспрессивтік
реңк үстей алған.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Т.Әбдіков «Әке»
Повестер мен әңгімелер жинағы. Алматы «Қайнар»
2005,384