Досова А.Т.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының
кандидаты
Ұлттық
өлшемнің (уақыт, мөлшер) тілдік көрінісі
Қазақ
дүниетанымында өлшем бірліктерді қолданудың
өзіндік ерекшеліктері бар. Т.Ахтанов шығармаларында
ұлтық өлшем бірліктерден мезгіл мәнді сөздер мен
мөлшер мәнді сөздер жиі қолданылған. Мысалы, мезгіл мәнді сөздер:
“Ержанның алғашқы
аңғарғаны бұл манағы бесін кезіндегі өздері өткен деревняның батыс
жағындағы орман екен” ”[1, 231].
“Бүгін
де сәскеден бастап немістер
дивизияны барлық фронттан тұтас атакалады””[1, 295]..
“Оң
қанаттағы жау атакасы тойтарылып дұшпан шабуылының
қарқыны бәсеңдегесін бесін кезінде өзінің команда пунктіне қайтып
оралды” [1, 119].
Жоғарыдағы
мәтінде мезгіл мәнді “бесін”, “сәске” сөздері
қолданылып, уақыт өлшемінің ұлттық сипатын
ашып тұр. Автор осы сөздердің орнына түс қайта не
түске шейін не сағат тілін қолдануына да болар еді.
Мұндай сөздерді қазақы ұлттық
дүниетанымның тілдік көрінісін сипаттауды көздеген
авторлық мақсаттан туған
қолданыстар деп есептейміз.
Мөлшер
мәнді сөздер (көлем):
“Қоршауға түскенін келесі
күні батальоннан үзіліп қалған взвод – ат төбеліндей бір топ
жауынгерлер қалың селдей қаптаған неміс
әскерлерінің көзіне түспей үш күн бойы
тұспалдап шығысқа қарай келе жатыр еді ” [1, 252]. “Ат төбеліндей ғана аз ғана топ қыбыр етіп
қозғалмай, қолдарындағы қаруларын сығып
ұстап сазарып қатып қалған[1, 367].
Жоғарыдағы
мысалдардағы “ат төбеліндей” тіркесі ұлттық
дүниетанымдық өлшем бірлік ретінде жазушы
шығармаларында “бір топ” деген мағынада жиі қолданылып
отырады.
Т.Ахтанов
шығармаларында ұзындықты білдіретін мөлшер мәнді
сөздер де кездеседі. Мысалы,
“Окоптың
дені кісі бойы екен”[1, 322].
“Әйтсе, баласының өзге
балалардан сынық сүйем
болса да артықшылығына, басқа келіншектердің
қошеметіне деген іштей мақтанышын жүзі айтып тұр”[1, 72].
Жоғарыдағы
мысалдардағы “кісі бойы”, “сынық сүйем” тіркестері де
ұлттық дүниетанымдық бірліктер болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1Ахтанов Т. Қаһарлы күндер. Роман.
Алматы: Ғылым, 1985. - 496 б.