Досова А.Т.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының
кандидаты
Діни дүниетанымның тілдік
көрінісі
Т.Ахтанов
шығармаларында қолданылған діни лексика: діншіл; ораза, намаз, айт; жайнамаз; құран оқу; бата
қылу; әруағы ренжу; тәңір жарылқасын; құдай сақтау т.б.
Жазушы
шығармаларындағы діни дүниетанымның тілдік сипаты
әр түрлі діни салт-дәстүрлермен байланысты
көрініс тапқан. Олар:
1) Құран оқу: Мысалы, “Қамқа
әжем шарта жүгініп құран оқып отыр. Мен
оның бір сөзін түсінбеймін, оның үстіне
Қамқа әжем, молдалардай әуенге салып созбай,
көбіне іштей күбірлеп, ақырын оқиды.
Қамқа әжем құранды
ұзақ оқыды. Қанша айтқанмен бала емеспін бе, мен
алаң болып кетіп едім, бір кезде үнсіз етегімнен тартып
қалды. Сөйтсем қолын
жайып бата қылайын деп жатыр екен, мен де қолымды жайдым.
Бата қасиетті нәрсе. Батада айтылған тілекті
құдай береді. Мен де іштей күбірлеп құдайдан апама
бар жақсы тілек тілеп жатырмын. Қамқа әжем бетін сипап,
қатты бір күрсініп қойды.
- Анаңа жақсы тілек тіледің бе,
қалқам? Сен періштесің ғой. Сенің тілегің
қабыл болады, - деді менің маңдайымнан сипап”[1, 46].
2) Шелпек пісіру (жеті нан). “Қамқа әжем қайтыс
болған адам түсіне кірсе “марқұмның аруағы
ренжіп жүр ғой” дейтін. “Бүгін Уәзипа келінім
түсіме кірді. Өңі жүдеу. Апаңды ойламай кеттік
қой. Барып сары ишанды шақырып келе ғой” деп мені
жұмсап, шелпек пісіріп,
“әруағы риза болсын” деп талай құран
оқытқан.
Мектепте білім алып, құдайға
сенбейтін болсам да, Қамқа әжемнің көп ырымдары
бойыма сіңіп қалған. Жұмашжанның аруағының маған
ренжіп жүргені рас болар”[1, 175].
3) Ораза, айт, Қадыр түнімен
байланысты наным-сенім. Мысалы, “Біздің
жақта ораза айтынан кейін, Қадір түн күзетеді. Егер құдай тағала
қаласа – қараңғы түн қақ жарылып,
бір сәтке жарқ ете қалады екен. Осы жарқ еткен кезде,
не айтып үлгерсең, сол
тілегің айнымай қабыл болады дейді. Әйелдердің
көбі құдайдан бала
тілейді” [1, 194].
4) Құдайға сыйыну: “…Әкем баласын бауырына
қысып, аяғымен жер сызып жорғалай басқан
жұмсақ жүрісінен танбай, асығып құдайға сыйынып келеді” [1, 183].
5) Жазушы шығармаларында діни
наным-сенім, яғни құдайды
ауызға алып отыру кейіпкерлердің ауызекі сөйлеу тілінде
жиі қолданылады. Мысалы, “Мен болсам, бір оттан құтылып,
өртке тап болдым ғой деймін, алдымда қандай пәле
тұрғанын құдай
білсін”[1, 130].
Құдай бастарыңызға
бермесін, дәрменсіз адамның, тым болмаса
қой құрлы өлерінде тыпыршып тұяғын сермеуге
де халі болмайды екен, сол халсіздік емей немене, үміт, талаптан да,
тіпті ойдан да қалып, түс ауғанша мелшиіп отыра беріппін”[1, 140].
Қай жерде барып тынысым бітерін бір құдайдың өзі
білсін” (Шырағың сөнбесін, 206). “Ар жағын бір құдайдың өзі
білсін””[1, 157].
6) Аруаққа сыйыну: “-Басқасын қайтейін, тіпті көрде жатқан Жетес
бабамның аруағын күңіренттің-ау
сен әлі, - деп күледі Қамқа әжем.
- Иә, болды ғой бәрі, - дейді
Тұрсынғали төмен қарап ыржиып. – Жарықтық Жетес биді әулие кісі деуші еді,
соның кепиеті ме, енді міне
қой бағып жүрміз” (”[1, 171].
Қорыта айтқанда, Т.Ахтанов
романдары ұлт табиғатын, болмысын, таным-түсінігін. тарихын,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ұлт
мәдениеті мен рухани қазынасын жан-жақты, әр
қырынан танытатын көркем туындылар
болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
Ахтанов Т. Шырағың сөнбесін. Роман. Алматы: Ғылым, 1985. - 302 б.