Магистрант Балбауова Ж.Б.
«Тұран-Астана» университеті,
Қазақстан
АҢЫЗДАР
АҚИҚАТЫ
Ақтоғай
ауданының Қараменде би ауылының солтүстік
шығысында Жан деп аталатын тау бар. Сол таудың бойында «Әулие
сайы» деп аталатын жер бар. Оның бұлайша аталуы өз алдына
жұмбақ, шешілмеген сыр.
Егер бара
қалсаңыз, ескі жұрт, ертеден келе жатқан
қабырғалары ішке құлаған зираттарды
көресіз. Сайды қуалай жүрсеңіз сыңсыған
қайың, теректер. Теректерге зер сала қарасақ, онда
қолдан ойылып салынғандай үшбұрышты бой тұмар
секілді белгілер көп кездеседі. Сыртқы қабырға
түссе де, белгі сол күйінде қалады екен. Онан әрі
көтеріліп жүрсеңіз, таудың жартысынан іші теп-тегіс
төртбұрыш формалы үңгірді көресіз. Ол
үңгір «Әулие» деп аталады. Аты беймәлім әулие осы
үңгірді мекендеген делінеді. Үңгір ішіне
төбесіндегі жартастан су ағып тұрған. Ол судың
қайдан бастау алып, қалай ағатыны жұмбақ.
Әулие сайға барғандар осы үңгірге келіп, отырып,
қасиетті судан ішкен, емге алған. Ал бәйтеректерге және
үңгір алдындағы ағаш талға ақтық
байлаған Әулие сайдың құмында анықтап
байқаған адамға араб әріптерімен жазылған «Алла»
деген сөз бар делінеді. Арабша хат танитын адамдар оқып, бұл
сай «Әулие сайы» деп аталуы тегін емес. Ол адамдар «Әулие», «Дана»
деп атап, өзінің негізгі есімі ұмыт болған деп санайды.
Геологиялық
таным жердің тарихын төрт заманға (эра) бөледі. Олар:
архей, палеозой, мезозой және кайнозой деп аталады. Әрбір заман
өз ішінде кезеңдерге, әрбір кезең дәуірлер мен
ғасырларға бөлінеді.
Кайнозой өз
ішінде екі кезеңгі бөлінеді: Бірі – шамамен 60 миллион жылға
созылған геологиялық үштік кезең. Екіншісі – шамамен 1
миллион жыл бұрын басталып,
бүгінгі күнге дейін жетіп отырған ширектік кезең.
Біріншісі – глейстоцен – дүниені мұз басқан дәуір.
Екіншісі – голоцен – мұздақтан кейінгі дәуір [1]. Голоценнің антропоген
дәуірінде алғашқы адам тәрізді тіршілік иелері пайда болды,
ал Қазақстан жерінде алғашқы адам 700-500 мың жыл
бұрын өмір сүре бастады [2]. Ол кезде ауа-райы
қазіргіден мүлдем басқаша болған еді, - дейді
ғалымдар. Тянь- Шань, Памир, Гималай таулары аласа болған.
Үнді мұхитынан ескен жел сан алуан өсімдіктер мен
ағаштардың кедергісіз өсуіне ықпал тигізген.
Сарыарқа төсінде зәулім ағашты ну ормандар
болған, кейінірек олар құлап, жер астында түрлі
химиялық өзгерістерге ұшырығаннан кейін көмірге
айналған. Өзендер мен көлдердің жағалауында
пілдер, мамонттар мен мүйізтұмсықтар өмір сүрген,
дала алқабын тағы жылқыларн, түйелер, тарпандар мен
киіктер мекендеген [3]. Шамамен 100 мың жыл бұрын күн суыта
бастаған, жылу сүйгіш аңдар қырылып, өсімдіктер
дүниесі де селдіреп, азая бастаған. Тек, бұдан 12 мың
жылдай бұрын ғана ауа-райы қайтадан өзгеріп,
қайта қалпына келген.
Алғашқы
адам тақылетес тіршілік иелерін Хомо Кабилис өмір сүрген кезі
геологиялық антропеген дәуірі. Ал жер бетін соңғы рет
жапқан мұздақтан кейінгі дәуірдің адамын бүгінгі
ғылыми пайымдаулар «саналы адам» /Хомо Сапи ЭНС/ деп атап жүр».
Қазіргі адамдар тақылеттес осынау саналы адамға бұдан
30-40 мың жыл бұрын өмір сүрген Пеонтроптар жатады.
Міне, осы саналы
адамның тіршілік харакеінен жеткен белгі – солар тұтынған
тастар ғана. Ғылыми таным тас дәуірін үш кезеңге
бөледі: бірінші- палеолит, екіншісі – мезолит, үшіншісі - пеолит.
Алғашқы палеолит адамдары Орталық
Қазақстанға ашель кезеңінің соңына
қарай барып тұрақтана бастаған. Оның себебі,
төрттік дәуірінің бастапқы және Орта
кезеңдерінде Шығыс Еуропа мен Батыс Сібірді ұзақ
уақыт бойы қамтыған қатты суықтың тигізген
әсерінен болған. Бірнеше мың жылдарды ғана
қысқа жылылық мерзімдерде Солтүстік және Орталық
Қазақстанда құнарлы топрақ қалыптаса
қоймағандықтан флора мен фуна гоминидтердің
қажетін өтейтін тобын өкшелеп келген аңшылар
қоныс аударған аңдармен бірге кетіп қалатын
болғанға ұқсайды [4]. Днепр (Шығыс Еуропада)
және Самар (Батыс Сібірде) мұз кезеңдері өтіп,
ұзақ уақыт жылылық орнағанда шамамен 250
мың жылдан бері, Сарыарқада да қолайлы климат
қалыптасады. Осыған байланысты ашель кезеңінің
соңына қарай адамдар Сарыарқаның Жаман-Айбат, Хантау,
Өгізтау, Вишневка тұрақтары Балқаштың
солтүстік аймағы Тораңғы, Ақтоғай,
Саяқ және басқалары мекендеген. Соңғы палеолит
заманы алғашқы адамдар мәдениетінің келесі жоғарғы
саласы. Үңгірлерде өмір сүрудің,
аңшылық кәсіптің жаңа тәртіптері орнай
бастады.
Адамдар
үңгірлерде отырып көрген – білгендерін ауызша
әңгімелеулермен қатар, жазу мен бейнелеуді игере
бастаған [5]. Біздің өлкеміздегі ішінде көне заман
адамдары салған суреттер кезігетін Ақтау совхозы жеріндегі
«Айдаһарлы», Қарқаралы тауларыедағы «Шатыр»,
Тоқырауын мен Жәмші өзендерінің арасындағы
«Бектау-Ата», тауындағы Беғазы, Егіндібұлақ
ауданындағы «Шолақ бұлақ», «Тесік тас», Шет
ауданындағы, Жезді ауданындағы «Теректі әулие», энеолит
заманының қоныстары. Әрине, бүкіл Қазақ елі
сияқты мемлектіміздің бір бөлшпегі саналатын Орталық
Қазақстан аумағының қазіргі территориясын
мекендеген ру тайпалары тұрақты түрде дамыған, бір
жүйеге түскен жоқ, соның нәтижесінде және
көптеген тарихшы, ғалымдардың атүсті сөз
қылғаны болмаса, арнайы деректер, әсіресе құнды
тарихи қолжазбалар жоқтың қасы
болғандықтан, бұл еңбекті жазу барысында
өзінен-өзі түсінікті, археологиялық қазба
жұмыстарының деректеріне көбірек сүйенуге, оларды
сұрыптап, зерделеп, ақыл таразысынан өткізуге тура келеді.
Олай болса, адамзат
дамуындағы ең бірінші – палеолит кезеңін алсақ,
археологиялық материалдар қазіргі Қарағанды
обылысының территоиясының ежелгі аданың палеолиттің
негізгі дәуірлері – ашель-мустье дәуірінде игергенін
көрсетеді. Атап айтсақ, ашель дәуірінде игергенін
көрсетеді. Тап айтсақ, ашель дәуірінің екінші жартысына
жататын Обалысайды Жезді ауданы алуға болады. Ең көне
дәуірге жататын Обалысай шоқысының оңтүстік
бөктерінде көптеген кварцты малта тастар табылған, екі
жақты шапқы құралдар мен екі нуклеус екі алаңды
және бір жақты дөңгелек бірден көзге
түскен. Шапқы – құралдар сопақша келген де екі
жағы соғып жұқартылған малта тастан істелген [5].
Жезқазған жеріндегі Сарысу өзенінің орта шетінде,
құрғап қалған
Талдысай сайының шығысына таман Мұзбел деген
тұрақ бар. Осы жердің малта тастар қабатында жер бетіне
жақын жерде 114 заттан тұратын палеолиттік құралдардың
коллекциясы табылған. Негізінен бұлар түзеу формадағы
дайын заттар, яғни бір
жақты шапқы құралдары, дөңгелек және
сындырғыш тәрізді ойық малта тастар. Сондай-ақ,
Жезқазғанның оңтүстік шығыс жағында
150 шақырым жердегі Жаманайбат дөңіндегі жеті шапқы,
екі қырғыштан тұратын дайын тас құралдар кешені
табылған, осыған орай тас құралдары Сарысу
аңғарындағы Қосмола мен Қызылжар
қойнауларынан да табылғанын айтқан жөн. Әрине,
ежелгі адамның тас дәуіріндегі құралдарының
жасалуы, дамуы біркелкі болған жоқ, мысалы, Сарысу
аңғарындағы тас индустриясы сындырып - жұқарту
техникасына негізделген болса, Балқаштың солтүстік
төңірегіндегі тас дәуірінің ең көп
тараған ескерткіштері – тұрақ шеберханалар мен тас сындыратын
орындар табылған, ал, мұның өзі Балқаш
өңіріндегі құралшық тас өндірісінің
техникасының ұзақ уақыт өмір сүргенін
көрсетеді. Тіпті бұл процесс өзінің өмір
сүруімен соңғы палеолитте мәлім болғанын
байқатады. Сірә бұл жағдай ежелгі адамдардың
бұл дәуірдегі ұзақ уақыт қоныстанып
тұрғанын дәлелдесе керек, тек біртінде ғана
адам үшін сол
қолайсыз климаттың басталуына байланысты, ерте дүние адамдары
бір кездегі Балқаштың солтүстік аймағындағы сулы,
жасыл алқаптардың келуге мәжбүр еткен. Ежелгі адамдар
өзінің өмір сүру процесінде ғалымдар белгілеп
жүрген дамудың келесі сатысына көшті, қазақстан
археологиялық тұжырымы бойынша мыс-тас дәуірі, яғни
Қазақстан энеолиті неолитпен бірге қарастырылатынын ескерсек,
шауашылықтың жаңа түрлерінің шығуы азамат
қоғамының дамуы үшін орасан маңызы болғанын
көреміз [6].
Балқаштың
солтүстік шығыс төңірегіндегі неолиттік ескерткіштері
көптен саналады, бұларда дайындау үшін негізгі шикізат
ретінде кварциттер, түрлі порфиситтер пайдалынатын. Жезқазған
төңірегінен де соңғы неолит пен энеолит дәуіріне
жататын тастан жасалған көптеген балғалар, балталар табылуы,
басқа саймандардың табылуы алғашқы өңдеу
жұмыстарының жүргізілген, яғни
шаруашылықтың жаңа, неғұрлым жетілген
түрлерін дүниеге келгенін, дамып қанат жайғанын
көрсетсе керек. Бұл кезеңде, негізінен, Жезқазған
өңірі қазіргі территориясын мекендеген көне дәуір
адамдары тағы жануарларды аулаумен күн көрген, ал,
бұның өзі ұзақ жылдарға созылған
ежелгі адамдардың біртін-біртін ұжымдық тайпалық
одақтарға бірігу процесінің басы болғандығын
көрсетеді. Келе-келе шаруашылық өндірістері біздің заманымыздан
бұрынғы ІІ мыңжылдықта кеңінен даму,
өркендеу процестеріне қол жеткізеді. Негізінен, бұл
кезеңде, яғни қола дәуіріндегі Орталық
Қазақстандағы қазіргі Қарағанды обылысы
жерінде екі түрлі шаруашылық түрі: малшылық-егіншілік
мал шауашылығына қарағанда сәл кешірек дүниеге
келеді экономикасы мен жоғары дамыған металлургия қалыптасты.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың жаңа
бір белесі басталды. Қарағанда обылысы жерін мекендеген
көшпелі тайпалар қоныстарын жиі-жиі өзгертетін болды,
көлемі жағынан ұлан байтақ жерді алып жатқан
қуатты бірлестіктер, одақтар құрды, әрине
қақтығыс, соғыстарда болмай қалған
жоқ, қолдан жасалған қару енді жабайы аңдарды
аулау үшін ғана емес, сонымен бірге тайпалардың жекеленген
ішінара қақтығыстарына да қолданыла бастады,
еңбек құралдардың неғұрлым жетілген,
кемелденген, жаңартылған түрлері жасалына бастады,
технологиялық процестері күнделікті өмір жағдайына
молынан енгізу етек алды. Еңбек құралдарын және
қару түрлерін жасау біртін-біртін металл өңдеудің
дербес саласына айналды. Жаңа дәуірді белгіленген фактор
палеометаллдардың өндірістік жолымен игерлуі басталды [7].
Қола дәуірінде Жезқазған жерін мекендеген адамдар
қола заттар жасау ісін меңгерді, қоланың
әр-түрлі пропорцияда болып, жасалатын заттың неге арналуына
орай мыс пен қалайының, кейде сүргінің,
күшаланың, қорғасынның қоспасынан
тұрады. Түсі алтын сияқты әдемі, өзі қатты,
балқу температурасы төмен осы шикізат қару-жарақ
жасауға және еңбек құралдарын жасауға
итермеледі, ал бұдан шығатын қортынды мынау:
Қарағанды обылысының тұрғындары кезеңінен
бастап металлдардың бір түрін емес, бірнеше түрін кешенді
түрде игере бастады, өңдеу жұмысын толық
меңгерді. Көне Жезқазған металлдарға бай екендігі
ежелден-ақ баршаға мәлім болған. Жезқазған
жерінде, негізінен, мыс, Атасу өңірінде қалайы
өндіріледі. Алғашқы кезеңінде жергілікті,
тұрғындар руданы отпен уату технологиясын, кейінірек
үңгіме әдісін меңгеру арқылы өндіргенін
айтқан орынды. Руданы балқыту үшін көрік тәрізді
қорыту пештері салынып көмір пайдаланылған. Қазіргі
Жезқазған, Атасу, Бұғылы аймағында табылған
қазбалар бұл ойымызға дәлел. Бұл процеске су
руданы «сулап» байыту және құрамындағы тастан айыру
әдістері пайдаланылады. Қазып алынған руда ағаш
күрекпен немесе ірі малдың жауырымен қорытатын жерге
тасылған. Құрал-жабдықтардың алғашқы
түрі неғұрлым жетілген, күрделі кен
құралдарына, яғни төрт қырлы қола
балға мен шоттар, балғалар, сыналар, руда үгітетін келсаптар,
келілерге, сүйек, ағаш құралдарынан: марал
мүйізінен жасалған балғалар, киік мүйізінен
жасалған балғалар, сыналар, руданы қапқа салатын мал
жауырындары, ағаш күректерге айналу процесін бастан кешірді.
Академик Қ.И.Сәтпаевтың пікірінше 14 Жезқазған
өңіріндегі қорытылған мыстың көлемі,
шамамен 100 мың тоннаға жеткен екен, ал облыс
территориясындағы Өспен мыс руднигімен 200 мың тонна руда
шығарылған екен. Геродоттың пікірінше, осы кезеңде
Қазақстанды, әсіресе Сарыарқаны мекендеген көне
тайпалар өте ерте дәуірдің өзінде-ақ мыс,
қалайы, күміс кендерін өнгдірумен
шұғылданған және ерекше бір атап айтар мәселе –
жергілікті жұрт металл өндіруді тек өз қажеттері
үшін ғана емес сонымен бірге айырбас ретінде
қолданылған. Осы қола дәуірінде материалдық
шаруашылықтың недәуір өзгеріске ұшырағанын
көруге болады. Жезқазған жеріндегі көне тайпалар
үй маңында мал өсіруді бастады, біртін-біртін малды
жайлауға бағыуға, келе-келе көшпелі мал
шаруашылығына көшті. Негізінен, географиялық және
климаттық жағдайларға байланысты әу басында мал
шаруашылығымен шұғылдану жабайы, яғни тағы
хайуандарды қолға үйретуден басталды. Ірі-ірі мал
шаруашылығымен айналысатын бұл өңір, жалпы,
Қазақстан бойынша ерекше көзге түскенін атап айту
қажет. Сірә, шүйгін жайылымдар мен рудалы кең
орындарының көптігінің арқасы болса керек,
Жезқазған жері, әсіресе,осы қола дәуірінде мал
шаруашылығына кен кәсібі мен металлургия дамыған ірі өңірге,
Андронов мәдинетінің негізгі орталықтарының біріне
айналды. Қарағанды обылысының тарихын сөз еткенде жалпы
ғылыми еңбектерде қалыптасқан Андронов деген
ұғымға назар аударып, жалпы көпшілікке түсінікті
болу үшін таратып айтқан жөн сияқты.
Археолог С.А.
Теплоухов 1922-1925 жылдар аралығында Енисей бойын зерттеп, Сібірде
және Қазақстанның кейбір өңірлерінде
солтүстік-шығыс обылыстары қола дәуірінің
кезеңіне жататын мәдинет мұраларын сұрыптау
әрекетін жасады. Ачинскінің маңындағы Андронов деревниясының
іргесінен табылған бірінші мәдинет ескерткіштеріне орай ғалым
археология ғылымына «андронов мәдинеті» деген термин енгізді.
Зерттеу барысында едәуір табыстарға жеткен археолог
өзінің ашқан жаңалығы тек сол өңірде
ғана емес, сонымен бірге Батыс Сібір және Қазақстан
жеріне тән екендігін, яғни, андронов мәдинетін бұл
жерлердегі тарихи мәдинет ескеркіштерін қарастырғанда еске
алу қажеттілігіне ерекше назар аударады. Алайда, ғалым, академик
Ә. Марғұланның пікіріне қарағанда,
көптеген әдебиеттерде, әсіресе, неміс әдебиеттеріндегі
қола дәуіріндегі мәдинет тек Минусин қазан
шұңқырындағы мәдинет ескерткіштеріне ғана
тән деген пікірден шыға алмады. Бұл пікірдің
жаңсақ екендігі тек сол кейініректе ғана дәлелденді
[8].
Орталық
Қазақстан өңірінің көне дәуірдегі
басқа территорияны мекендеген басқа да ру, тайпалардың
тарихымен үндесіп жатыр, яғни біздің жыл санау
дәуірімізге дейінгі ІІ-ІІІ мыңжылдықтарда Алтай мен Еділ
ортасын көшпенді халықтар көптеп мекендегені ерекше назар
аудартады. Ғалымдар С.Г. Клящторный, Т.И.Сұлтановтардың
пікіріне қарағанда, екі түрлі мәселеге айрықша
көңіл бөлген жөн: біріншіден, қазақ жерін,
оның ішінде біздің Жезқазған өңірінің
территориясын мекендеген осынау жұрттың этникалық
құрамы үнемі өзгеріске түсіп отырған
үш мыңжылдық тарих барысында, екіншіден, сол тұста осы
жұрттың негізгі мал шаруашылығы және кәсібі
өзінің алдындағы дәуірлердегі белгілі бір
дәрежеде алғашқы элементтері пайда бола бастаған
экономикалық шаруашылықта онан әрі нығайтты, дамытты.
Біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі ІІІ мыңжылдықтың
екінші жартысы ІІ мыңжылдықтың басында
құралдарымен металл өңдеу, егіншілік мәдинетін
меңгеру және мал шаруашылығын өркендетумен айналысып
жатқан жергілікті жұрттың қатары Батыстан,
анығырақ айтсақ, Еділдің арғы жақ бетінен
ауған қоныс аударушылармен толықты. Қоныс
аударушылардың құрамы, негізінен, мал өсіруші
адамдардан тұратын. Кейіннен Еділдің бер жағынан Үнді
Еуропа тобындағы тілдес халықтар аталғаны мәлім.
Көне дәуірдегі осы қоныс аударушылардың тұрмысын
зерттеуші археологтар оларды жаңа мәдениет әкелушілер,
қалыптасушылар деп есептеледі, себебі, олардың жерлену салтын,
жатқан молаларын зерттеген ғалымдар қазақ жеріндегі
«Шұңқыр мәдинетін» Ямская культура қалыптастырды
деген қортындыға келген. Үндіеуропа тілдес топқа
бүгінгі таңда қазіргі славяндар, герман, роман және
иран, сондай-ақ, Солтүстік Индия, т.б. халықтары жататыны мәлім.
Осынау үнді еуропалықтардың қазіргі қазақ
баласына жаппай қоныс аударуы неліктен? Бұл орайда мына
жайларға назар аудару қажет.
Біріншіден, негізгі
кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан жер
өңдеу кәсібі бұларда бәлендей кең
көлемде жүргізілмеген, малды асырау, семірту, түрлі
тұрмыстық қажеттерге жарату үшін өздері
бұрын пайдаланған, яғни ғалым И.М. Дьяконовтың
пікірі бойынша, негізгі отандары болып табылатын Дунай мен Волга «Еділ» бойындағы
жайылымдар тым тар бола бастады.
Екіншіден,
мұндай жаппай қоныс аудару барысында үндіеуропалықтар
тек қазақ жері емес, одан да көктей өтіп, Енесей, Батыс
Монғолия жеріне де өтіп, орнығып алды. Ғалымдар С.Г.
Клящторный, Т.И. Сұлтановтың жазбалрына қарағанда,
үндіеуропалықтардың, әсіресе көп
қоныстанған жері қазақ жеріндегі орталық
обылыстар, яғни Сарыарқа жері болған. Соның
нәтижесінде Еділ бойы және Қара теңіз жағалары
өңірінен қоныс аударғандардың мекен-жайын зерттеу
барысында жүргізілген археологиялық қауымдастық тобын
ашты. Днепр мен Еділ аралығындағы, яғни Батыс қауымдастығына
тән мәдинет срубная культура және Шығыс
қауымдастығына тән, яғни Қазақстанның
далалық аймағы мен Оңтүстік Сібір, Енисей
өңіріне тән мәдинет андронов мәдинеті пайда
болды.
Қола
дәуіріндегі ескерткіштердің тараған батыс шегі бойлық
бойынша Жезқазған-Ұлытау-Терісаққан
өзенінқің жоғарғы жағы,
Жезқазған жерінде бұл мәдинетті игеру көптеген
кен өндірмелерінен көрінеді, олардың ішіндегі аса ірілері
Кресто, Майлықұдық, т.б. Солтүстігінде бұл шекара
Есіл мен Тобыл өзендерінің аңғарына дейін созылып жатыр,
шығысында Ертістің сол жағасы мен Шығыс жотасына дейін
барады, ал оңтүстікте бұл мәдинеттің
ошақтары Бетпақдала шөлінің солтүстік жерінен
Жетіқоңыр өңірінен, Тайатқан-Шұнақ
тауларынан, Батпақсу мен Шажай өздерінің алқаптарына
мәлім.
Бұл
байтақ терреторияны қола дәуіріндегі тайпалар әркелкі
мекендеген, ол кездегі неғұрлым игерілген өңірлер
Нұра, Шерубай-Нұра, Атасу және Талды –Нұра
өзендерімен олардың көптеген салаларының
аңғарлы Бұғылы, Беғазы, Қызыларай
жағаларының аралығындағы жазықтар және
басқалары болды Егер
«андроновтық мәдениет» дәуірінде жататын кезеңді
қола заманының кешету қарсаңына жатқызсақ,
сол «андронов мәдениеті» деп аталатын мұраларды қарастыра
отырып, қола дәуірінің Жезқазған
өңіріндегі бүкіл тыныс-тіршілігіне, болмыс-бітіміне бізге
жеткен дүниелер арқылы бүгінгі күннің
тұрғысынан белгілі дәрежеде баға беруге болады.
Атап айтсақ,
Жезқазған өңіріндегі «андроновтық»
қорымдардың көпшілігі осы өңірде мекендеген
тайпалар мәдениетінің басқа өңіріндегі
ескерткіштерімен салыстырғанда құрлымын күрделілігімен,
көрнектілігімен, бейбіт құрылыстарын салудың
жоғары көзге түсетінін ерекше көрсету қажет.
Көне замандағы, яғни қола дәуірінің
«андроновтың мәдениеті» кезеңіндегі Қарағанды
обылысын мекендеген тайпалар шеберлері мөлшері жағына орасан зор
тас қошаулар мен алақаптар салды. Ғалымдардың
пікірінше, біздер біртұтас күйде қарастырып отырған
Орталық Қазақстандағы «андронов мәдениеті»
өз дамуына бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен
өткенін үнемі еске ұсату: біріншісі Нұра кезеңі,
ортаңғысы Атасу кезеңі, яғни Қарағанды
обылысына тікелей қатысы бар атаулар, осы обылыстағы Нұра,
Атасу өзендерінің атымен қалыптасқан
ұғымдар.
Әдебиеттер:
1. История Казахской
ССР. 2 томах. Алма-Ата. 1977. І том.ст 59
2. Ы. Усләмов.
«Көне тарихқа көз жүгіртсек...». Аян, 10 наурыз 1991.
3. С.В. Байжанов,
Н.И. Костенко. Атлас руководящих форм мелкопитающих антропогена Казахстана.
Алма-Ата ,1962. стр. 54
4. Ә.
Байбатша. Қазақстан даласының тарихы.//Егемен
Қазақстан. 09.10.1997.
5. Г.Ц. Медосов. Сары-Арқа (К топономике Центрального
Казахстана). Вестник АН КазССР, 1948. №1, стр.1.
6. Абу Райхан аль-Бируни. Памятник минувших поколений,
Ташкент. 1957, стр.14.
7. Ә. Марғұлан, К.А. Акишев, М.К.
Кыдырбай, А.М. Оразбаев. Древняя культура Казахстана. Алма-Ата. 1996. стр.8.
8. К.И. Сатпаев «Доисторические в Джезказганском районе».
Народная хозяйства Казахстан. 1941, №1.стр.71.72.