Мемлекеттік құрылым нысаны: түсінігі
мен мазмұны
АЙЛАУОВА
БАЗАРКУЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ
Қазақстан.
Қызылорда қаласы.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Мемлекет
формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының
нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi
бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы
және мемлекеттiң және бөлiмдердiң
арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым -
ұлттық мемлекеттiк қатынастарды,
әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың
ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша
унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге
бөлiнедi.
Тұтас
мемлекеттер. “Қазақстан Республикасы президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет“ делiнген Конституцияның 2-бабының
1-тармағында (“унус“ деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен
аударылады) [1, 15б.]. Тұтас мемлекеттер тек
қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы,
Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық
құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған
әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық
аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал
жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды
халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық
бөлiнiстердiң құқықтары тең.
Жергiлiктi атқару орган— әкiм.
Федерация
“федус“ деген сөз – одақ деп латын тiлiнен аударылады [2, 27б.].
Құрама мемлекет бiрнеше зиялы мемлекеттерден тұрады.
Құрама мемлекет— күрделi мемлекет, ол федерацияның
мүшелерiн бiрiктiредi. Мемлекеттiк органдар екiге бөлiнедi: жалпы
федерацияның органдары және әрбiр мүшесiнiң жеке
органдары. Федерацияның субъектiлерi iшкi iстерiн ерiктi өздерi
шешедi, ал федеративтiк орталық органның қолында барлық
iшкi-сыртқы билiк болады. Федеративтiк республика халықаралық
құқықтың алдында тек бiр мемлекет болуға
тиiс. Бiрақ тәжiрибеде кейбiр федерацияның субъектiлерi
өздерi халықаралық қатынастарға
шығуға құқығы бар едi, мысалы, СССР
(Украина мен Белоруссия ООН мүшесi), Югославия, АҚШ, Канада.
Көбiне олардың тәуелсiздiгi формальды түрiнде
қалғаны мәлiм. Халықаралық
құқық федерацияның өкiлi ретiнде
шарттарға орталық билiк қолын қойғанын
дұрыс санайды.
Федерацияда
конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы
жүйесi бәрi екiге бөлiнедi. Федерацияның екi
түрлерi бар: ұлттық құрама және жергiлiктi
құрама. Бiрiншiсiне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей,
Үндiстан жатады, ал екiншiсiне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады.
Олардың мемлекеттiк құрылысы тарихи дамумен байланысты.
Конфедерация.
Бұл өте көлемдi және күрделi конфедерациялы
мемлекеттердiң одағынан және халықаралық
ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация— белгiлi
мақсатқа жету үшiн бiрнеше ерiктi мемлекеттердiң
уақытша одағы. Конфедерация мүшелерi өздерiнiң
тәуелсiздiгiн толық сақтайды: азаматтығын,
заңдарын, мемлекеттiк аппаратты, сот және қаржы
жүйесiн, өздерiнiң ақшасын. Конфедерация
қабылдаған шешiмдердi олардың жоғарғы органдары
мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бiрнеше түрлерi
кездеседi: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары
қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның
13 отарларын бiрiктiрдi. Вашингтон бұл федерацияны “құмнан
iстелген арқан“ деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген
органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты
шештi: әскер, ақша, шет iстер, басқа қызмет бабы
әр штаттың қолында сақталған едi. Германияда
конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда – 1815-1845 жылдары, Египет пен
Сирия 1958 жылы бiрiккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия
бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық
билiктiң шешiмдерi тек конфедерация субъектiнiң мемлекеттiк
органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға
жайылмайды. Конфедерацияның субъектiлерi халықаралық
қарым-қатынастардың субъектiлерi болып қала бередi.
Конфедерациялар өте әлсiз және тұрақты емес.
Мемлекеттiң
тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер
етедi. Бiрiншi жағдайға географиялық, климат, тарихи
факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оың
шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi
жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен
салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екендiгi
байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың
дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ,
Египетте-Нiл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндiстанда-Ганг.
Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе
республика құрылған. Ежелгi демократиялық республикалар
Жерорта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде
болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның
географиялық жағдайы, екi — Ресей және Қытай
сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге
қашықтығы және ашық жолдың
жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан
келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң
құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар
әсерiн тигiзедi. Ежелгi-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде
рулық қоғамның қалдықтары көп
уақытқа дейiн сақталып келдi. (Ману заңдарында,
Салистiк жинағында- (Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң
жинағында— Русская правда). Кейiн алғашқы
қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады
да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы,
Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң
қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке
меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың
айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл
туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық
мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық
қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi.
Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту
қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр
адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал
мемлекеттiң экономикасы жақсы қолданылатыны мәлiм
(Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң
құрылымына қоғамның ұлттық
құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше
тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан,
Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге
жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары—
федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер,
бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия—
федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның
мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлу керек. ХІХ
ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi
Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм
кезеңiнен Германияның капитализiмге көшкенiмен,
буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған
жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия— олар федерацияға жатады
[3, 15б.].
Қазақстан
жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы—
түрiктер, бергi атасы— қыпшақтар өмiр сүрген. ХV
ғасырда қазақ хандығы құрылып
өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан
көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды.
Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi
Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң
нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң
арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi
адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң
басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң
нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң
саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық
iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк
процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония
және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген
конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны
мәлiм. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне
және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттiк
республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған
парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Республиканың
мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың
қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiздi: Гитлер,
Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк
және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң
саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа
үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея,
Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны
мәлiм.
1.
Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Хрестоматия. – Алматы: Данекер, 1996.
2.
Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Введение в политологию. –
Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
3.
Марченко М.Н. Проблемы теории государства и права. – М.: Проспект, 2004.