Қазақстанның кеден органдарының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі орны мен рөлі

 

АЙЛАУОВА БАЗАРКУЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ

Қазақстан. Қызылорда қаласы.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Жаңа мыңжылдыққа аяқ басқан қазіргі Қазақстан әлемдік қауымдастықта белгілі бір орын алады. Бұл біріншіден, республиканың геосаяси орнымен байланысты, Азия мен Еуропа елдері арасында жолдардың түйіскен орталығында орналасып, екіншіден саяси мен экономикалық дамуының қарқынды ағымдарымен байланысты, үшіншіден, Орталық-Азиялық аймақ мемлекеттерінің геосаяси кеңістікте ерекше орын алуымен. Бұл жағайда Қазақстанның өзекті міндеті республиканың халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болады.

Кеден саясатының стратегиялық мақсаты ұлттық қауіпсіздікті, ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен беріктігін, кәсіпкерлік белсенділік үшін сенімді жағдайлар мен кепілдіктерді жасау, ахуалды ушықтыруы мүмкін факторларды (экономикадағы қылмыстық құрылымдармен күрес, әлеуметтік қайшылықтарға алып келуі мүмкін табыстарды бөлудегі әділетсіздіктерге жол бермеу) тежеу болып табылады.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның табысты дамуын жүзеге асырудың негізгі ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен стратегиясын атап көрсетіп, олардың ішіндегі бастысы ұлттық қауіпсіздік болып табылатынын айтады. Тәуелсіз егемен мемлекет ретінде толық территориялық тұтастығын сақтай отырып, Қазақстанның дамуын қамтамасыз ету.

Республикадағыкеден саясатын қалыптастырудағы экономикалық факторлар:

- Қазақстан Республикасының экономикалық көп қырлылығы;

- экономикалық жүйесінің ашықтығы; алыс және жақын шетелдердің экономикасының тиімді тәжірибесіне бағытталуы;

- елдің кедендік органын құруға әлеуметтік бағытталған методологиялық тәсіл;

- ғылым мен техниканың жетістіктерін кең қолдану; экономикалық қорғауды кең пайдалану.

Аталған факторлар есебінде Қазақстан Республикасының кеден жүйесінің үлгісін таңдау жүзеге асырылды.

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа кіруінің жаңа үлгісін қалыптастыру тұрғысынан перспективті болпы есептелетін өндіріс пен оның салаларын қорғау қажет. Осы мәселедегі нақтылықтың жоқтығы жалпы кеден саясатының жүзеге асу тиімділігін кемітеді. Монополияға қарсы тұру және бәсекелестікті қолдау кедендік саясаттың экономикалық мақсаттарының бірі болып
табылады [1, 304б.].

Сонымен бірге, импорттық шикізат пен өнеркәсіптік өнімнің көзі болып табылатын қазақстандық тауарларды өткізу нарығын диверсификациялауға, бір елмен қарым-қатынастың ушығуын олардың өзгелермен кеңеюі арқылы компенсациялай отырып, кең көлемді мемлекеттермен экономикалық қатынасты сақтау қажет.

Кедендік саясатқа кедендік-тарифтік саясат мәселелері де ықпалын тигізеді. Әсіресе, өнеркәсіп өнімдері тауарлар нарығына қол жеткізу қиын жағдайда қалып отыр. Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, мәселелердің бұл блогы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының бағдарламалық құжаттарында анағұрлым өңделген болып табылады. ДСҰ-ның құрылтайшы-елдері қосылушы елдерге арнап өздерінің стандартты талаптарын дайындады, оған секторлық бастамаларға қосылудан бастап мүшелікке кіру барысындағы бекітілген импорттық төлемдер кірді. Елдің өнеркәсіптік дамуын, өндірістің стратегиялық салаларын белгілеу, бұл салалардағы өндірістің шарттары мен технологияларын және ықтимал бәсекелестерді білу қажет. Әрі қарай біз кедендік-тарифтік реттеудің тетіктерін егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Қазақстан Республикасының заңдық актлері мен Үкіметтің нормативтік қаулыларының ҚР шығарылатын немесе алып кіретін тауарлар түрлеріне деген шектеулер мен тиым салу, квоталау, лицензия беру, тауар қауіпсіздігіне қатысты стандарттарға байланысты (техникалық, формокологиялық, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық т.б.) әрекеттері – тарифтік емес басқару шаралары болып табылады. Кеден саясаты арқылы эксопорттық-импорттық операцияларды басқаруда кеден-тарифтік және тарифтік емес кедендік басқару механизміне сүйенген мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Онда мемлекеттің сыртқыэкономикалық саясаты тұтас және мақсатты мінезге ие болып, мемлекеттің сыртқыэкономикалық қызметін басқару – нақты аяқталған түр болады.

Кеден саясатында бәсекелестікпен күресу жолы демпинг болып саналады, ол бойынша экспортер өз тауарын біздің нарықта өз нарығының бағасымен сатады. Ал экономикалық санкция сыртқы сауданы шектудің қатаң формасы болып саналады, мәселен оған эмбаргоны жатқызуға болады, яғни тауарларды кіргізуді немес шығаруды толық шектеу. Негізінде оның эконмикалық жағынан саяси-құқықтық негіздері басым болады.[2]

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп-қатерлерге мыналар жатады:

- дағдарыс жағдайындағы экономиканың ашықтығы мен отандық өндіріс қуатының шетелдік фирмалармен бәсекеге қабілетсіздігі;

- Қазақстан экономикасының барынша басым салаларына шетелдік капиталды инвестициялаудың реттелмеуі, елдің сыртқы қарызының өсуі;

- Қазақстанның өндірістік-дамыған елдерге қаржылық және технологиялық тәуелділігі; Қазақ-станның бірқатар шетелдік нарықтарға шығуын шектеу;

- алдыңғы қатарлы технологияларға Қазақстанның қол жеткізуінің жеткіліксіздігі;

- халықаралық қаржы-экономикалық және саудалық реттеу механизмдеріне Қазақстан Республикасының шектеулі қатысуы;

- бұрынғы одақ республикаларымен сауда-экономикалық қатынастардың жеткіліксіз реттелуі;

- мемлекеттің тұтынушылық тәуелділігіне әкелуі мүмкін тауарлардың жаппай импортталуы; Қазақстанның квалификациялы және интеллектуалдық меншігінің шетелдерге кетуі.

Қазақстанның саяси басшылығына ең алдымен, ішкі және сыртқы саясаттың басымдықтарын анықтап, оларды «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстанның Заңында белгіленген міндеттермен сәйкестендіру керек. Олардың қатарында:

- ел экономикасын көтеру, тәуелсіз және әлеуметтік бағытталған экономикалық курсты жүргізу;

- Қазақстан Республикасының сыртқы көздерден ғылыми-техникалық және технологиялық тәуелділігін жою;

- Қазақстанның, ең алдымен әлемнің жетекші мемлекеттерімен тең-құқықтық және өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету;

- Қазақстан экономикасының халықаралық интеграциясы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- Қазақстандық өнімнің тұтыну нарығын кеңейту: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекеттерімен біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру.

Оған қоса, Қазақстанның сыртқы саудасын либерализациялау мен әлемдік нарықта тауарлар мен қызметтердің бәсекелестігінің күшеюі жағдайында отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғауды күшейту керек.

Өндіріс саласының проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:

- күнделікті қажетті тауарларға деген бәсекелестің төмендігі;

- өнім өндірісі мен экспорт құрылымының шикізаттық бағыты,

- азық-түлік бірлігіне деген энергетикалық шығын;

- өңдеу өндірісіндегі көптеген мекемелердегі төменгі техникалық даму көрсеткіші;

- қолданыс таурларын өңдеудегі кіші номенклатура

- электроэнергетика мен өңдеу өндірісі мекемелеріндегі тұрақсыз қаржылық жағдай.

Сыртқы сауданы басқаруда, негізінде, бар ауырлық кеден органдарына түседі. Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі экономикасының әлсіздігі оның өзіне мұра болып қалған құрылымдық деформациясында, бәсекелестігінің төмендігінде, ғылыми-техникалық потенциалының төмендігінде, монополизация мен инфляциялық процесстердің белгілі бір дәрежесінің әсерінен, экономика саласындағы жемқорлық деген сияқты әсерлердің нәтижесінен көрініп тұр.

Сонымен қатар экономикамыздың күшті жағын да атап кетуге болады: бай ресурстық потенциал, белгілі бір өндірістік потенциал, мәдениет пен ғылымның жеткілікті жоғарғы даму дәрежесі, квалификациаланған кадрлердің жоғарғы үлесі т.б.

Мемлекет экономика саласында қауіпсіздік мәселесін қарастырғанда стратегиялық тұрғыда қарастыруы керек, яғни экономикаға толыққұнды мемлекеттік әрекеттерді құру [3].

Осылайша, кеден саясатының мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатынасы өндірістік болғандықтан, ол ішкі және сыртқы саяси факторларды объективтік талдау мен сараптама жасамай қалыптаса алмайды. Ол мемлекеттің сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, қаржы, салық, валюта сфераларында белгілі бір дәрежеде призма рөлін атқарады. Бұл тұрғыда кеден саясаты мелекет саясатының катализаторы болып қана қоймай санауларының аманаты да болады .Ұлттық мүдделерді қорғаудың құралы ретінде кеден саласындағы саяси-құқықтық реформаларды жүргізіп отыру қажет. Онсыз ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптандыру қиындық тудыруы мүмкін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Шалтыков А.И. Таможенная служба Казахстана: история и современность. – Алматы: Бастау, 2011.

2. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі №219-1 ҚР Заңы.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы» 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығы.