Технические науки / 6.Электротехника и радиоэлектроника.
Бейнебақылау
сөзі біздің жадымызда өткен ғасырдан бері берік
сақталған. Қазіргі таңда ұйымдарды, зауытты
немесе дүкендерді бейнебақылау камераларынсыз кездестіру
мүмкін емес. Одан басқа, біздің күндерімізде
бейнебақылаудың жүйелері нақты қадамдармен
біздің жеке өмірімізге қадам басып келеді.
Олай болса, бейнебақылау не үшін
қажет? Неге адамдар өзінің бюджеттерінен осындай жүйелер үшін қаражатын бөлуге әзір?
Біріншіден, бейнебақылау -
қазіргі қауіпсіздік жүйесінің құрамдас
бөлігі. Біздің қоғамымыздың дамуымен,
қылмыс та дамиды. Адамдар өздерінің өмірлерімен
дүние мүлкіне қол сұғушылықтан өздерін
қауіптендіргісі келеді. Камералық аңдусыз өзімізге
қауіпсіздіктің сенімді жүйесін ұсыну қиын.
Сыртқы камералық бейнебақылаудың
сыртқы аймақтарды қорғауға, таяудағы
аймақты қорғауға нысанға - қойма, фабрика,
дүкен немесе жеке иеленушілікті бақылауға мүмкіндік
береді. Заманауи камералық бейнебақылау тіпті он метр
қашықтықтағы адамның бет әлпетін
көруге және тануға мүмкіндік береді, ал
инфрақызыл жарық бүгінгі көшедегі бейнекамераның
көпшілігінде бар, маңайда болып жатқан нәрсенің
бәрін тіпті қараңғыда да көруге мүмкіндік
береді.
Соңғы уақытта орман
алаптарында өрт көбейді. Осы тілсіз жаудың алдын алудың
ең тиімді шарасы - орман жолдарына дыбыстарды бір орталыққа
жинайтын және өз алдына жылдам қабылдап, орман өртінің
алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнату болып табылады.
Ақырында, бейнебақылаудың жүйелері тек күзет
жүйелерінің ғана бөлігі емес, сонымен қатар
өрт сөндірушілер жүйесінің бөлігі болып табылуда.
Қазіргі таңда
"Қауіпсіз қала" жобасы өте танымал. Көптеген
үлкен қалаларда сыртқы күзет бейнекамералары
көшелерде орнатылған, сондағы барлық ақпараттар
біріккен қауіпсіздік орталығына келіп түседі. Әрине,
қазіргі таңда барлық бейнеақпараттарды бақылап
отыру мүмкін емес, дегенмен де толассыз түсірілген бейнежазбалар (бейнерегистрация)
алдағы уақыттағы "ұшу талдауларын" сауатты және
қатесіз орындауға мүмкіндік береді. Жаңалықтан
біз абайсызда болған немесе өзге оқиғаларды жиі
көреміз және осының барлығы заманауи бейнебақылаудың
жүйелері арқылы жүзеге асады.
Көшедегі
бейнекамералардың тағы бір қолданылуы - бұл
жолдардағы және автомагистральдардағы жағдайларды
бақылап, тіркеу. Біріншіден, бұл жол қозғалысы
жөн-жосығының бұзушылықтарын тіркеуге
қоюға мүмкіндік береді, ал екіншіден қала жолдарында
орналасқан Интернеттегі камера бейнемәліметтері қазіргі
уақытта жүргізушілерге өздерінің жол бағдарларын
тағайындауға, жол кептелістерінен өтіп кетуге мүмкіндік
береді
Бұдан басқа, заманауи
компьютерлік жүйелер арқылы автокөлік нөмірлерін
анықтауға, жоғалып кеткен немесе ұрланған
автокөліктерді табуға және сол сияқты
қылмыскерлерді ұстауға арнайы қызметкерлердің жұмысын
жеңілдетеді. Сонымен қатар түрлі кәсіпорындар
аумағына кіріп шығатын көліктерді бақылауға
мүмкіндік береді. Вагонның нөмірін анықтау
жүйелері темір жол қызметкерлеріне қиылысқан жолдарды
бақылап отыруға көмектеседі.
Сыртқы бейнекамералардың
соңғы үлгісінің бірі - болашақ
тұрғындар үшін салынып жатқан тұрғын
үй құрылысын онлайн бақылау болып табылады.
Үлескердің өзі кез-келген уақытта нысанға
бармай-ақ Интернет арқылы өзінің болашақ
үйінің құрылысын көре алады. Мұндай
қорға мысалы ретінде Бейнестройка.рф. сайты қызмет етеді.
Ішкі камералық бейнебақылаудың
таралуы да аз емес. Айталық, дүкендерде бейнекамералар тек
келушілер тарапынан болған ұрлықтарды ғана емес,
сонымен қатар өз қызметкерлерін де бақылауға
мүмкіндік береді. Дүкендерде бейнебақылау камералары
орналастырылғаннан кейін ұрлық 70-80%-ға
қысқарғаны тәжірибе бойынша дәлелденген.
Бұл тек қана дүкенге ғана емес, сонымен қатар
кез-келген ұйымдарға - сауда, өндірістік, қойма немесе
кез-келген басқа кәсіпорындарға да қатысты.
Ішкі бейнекамералардың көмегімен
кәсіпорын басқарушысы барлық уақытта оның
кеңсесінде немесе өндірісте жұмыс қалай жүріп жатқанын
бақылай алады. Сонымен қатар, бейнебақылау көмегімен
Интернет арқылы жердің кез-келген нүктесінен көруге
болады.
Қазіргі IP - камералар бақылау
нысандары мен бақылау жүргізушілер арасындағы дуплексті аудиобайланысты
ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл басшылық
жүйесін ұжыммен ықшамдайды.
Жеке үйде және пәтерлерде
көптеген адамдар бейнекамераларды тек периметрді және
таяудағы аумақты күзету үшін ғана емес, сонымен
қатар үйдің ішіндегі бала бағушыны, үй
қызметшісін немесе өз үйінің басқа да қызметкерлерін
бақылау үшін орнатады. Сонымен қатар, кез келген жерден бейнебақылаудың
көмегімен Интернет арқылы өз үйін бақылай алады.
Көптеген бала-бақшаларда,
мектептерде және басқа да оқу орындарында орнатылған бейнекамералар
көмегімен ата-аналар Интернеттен кез келген уақытта баласының
немен айналысып жатқанын, топтағы немесе сыныптағы
тәрбиелеу жүйесін бақылай алады.
Онлайн бейнекамераның көмегімен
бүгінгі таңда көптеген адамдар дәрістерге,
семинарларға және іс-шараларға өз үйінен
шықпай-ақ қатыса алады, бұл өз кезегінде
бұрын ол туралы ойлай алмаған адамдар үшін де тиімді.
Дегенмен бұл бейнебақылау дегенге келмес, бірақ бейнекамерасыз
бүгінгі күнімізді елестету мүмкін емес.
Көріп тұрғанымыздай,
"бейнебақылау" деген сөз біздің жадымызда берік
сақталғанымен, бейнебақылау біздің
өміріміздің құрамдас бөлігіне айналды.
Қолданған
әдебиеттер
1 Никулина О.Ю., Петрушина А.Н. Системы телевизионного
наблюдения.
2 Козлов С.Б., Иванов
Е.В. Предпринимательство и безопасность. - М.: Универсум, 2011.-Т1,2