Кыздарова Д.К., Ауельбекова А.К., Мусина Р.Т., Норцева М.А., Шаншархан Н.Н.,
Какимова А.О.
Е.А. Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университеті Казахстан
Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 15 шілдеде қабылданған №160 «Қоршаған
ортаны қорғау туралы» заңында: «Табиғат пен оның
байлықтары Қазақстан Республикасының
халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың
тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен
әлауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы
заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың
мүдделері үшін қоршаған ортаны
қорғаудың құқықтық,
экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және
биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты
ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған» - деп
көрсетілгенін ескерсек, табиғат байлықтарын, пайдалану
үрдісі флораны мұқият зерттеуді қажет етеді.
Қазіргі таңда медицина мен фитотерапия
практикасында дәрілік өсімдіктерді зерттеу, оларды қолдану
жолдарын тексеру, адам ағзасына әсерін анықтау күннен-күнге
көп сұранысқа ие болып отыр [1].
Әдеби деректерге сүйенсек, халық
медицинасында ертеден қолданып келгендіктен биохимиялық
құрамын, емшілікте қолдану жолдарын Н.И Анненков, Л.А. Уткин,
еңбектерінен кездестіреміз [2]. Бірақ ғалымдарының
алдына қойылған ең бір өзекті мәселе, пайдалы
өсімдіктерді оның ішінде әсіресе халық
шаруашылығының әртүрлі саласында пайдаланылатын
дәрілік өсімдіктерді жан-жақты зерттеп, халықтың
игілігіне тиімді түрде пайдаланудың әртүрлі жолдарын
тауып зерттеу.
Сондай өсімдіктердің қатарына
халық емшілігінде өте ерте кезден пайдаланылып келе жатқан,
бау-бақшаның көркіне айналған Aconitum L. туыстарының көптеген түрлерін
жатқызуға болады.
Aconitum L. сарғалдақ
тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін
өсімдіктер туысы. Жер жүзінде 300 түрі бар.
Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Жиі кездесетін түрі Aconitum leucostomum, ареалы шектеулі, Батыс
Сібірде, Алтайда, Тянь- Шяньның батыс жартысында таралған [3,7].
Бәрпі туысына жататын өсімдіктердің
барлық түрі улы болады. Олардың тамырында 0,8-1,9% алкалоид
болғандықтан, дәрі алу үшін пайдаланылады.
Бәрпіні мал жемейді, сәндік өсімдіктер ретінде де пайдаланады
Мысалы, Жоңғар бәрпісінің тамыр түйнегінен
қасқыр аулайтын у алынады [4,6].
Жиналған материалдарды өңдеу ботаника
кафедрасында жүргізілді. Анатомиялық зерттеулерге жас сабақ
пен ортаңғы жапырақтары алынды. Фиксация, препараттарды
дайындау, анатомиялық зерттеулер баршаға белгілі
жалпы қабылданған әдістемелер арқылы жүзеге
асырылды [5].
Aconitum leucostomum сабағының көлденең кесіндісінің пішіні
қөпқырлы, өзегінің ортасы қуыс.
Сабақтын сыртын бір қабатты эпидерма қаптап жатады. Эпидерма
астында әсіресе қырларында 3-4 қабат колленхима орналасады,
оның астында паренхималық клеткалар бар, олардың саны
көп 5-6 қатарды құрайды, оларда қор заттары
көп жиналады. Сабағының
әрбір қырында өткізгіш шоқтары орналасқан.
Өткізгіш шоктар шеңбер жасап орналасқан, ашық
және шоқтардың үстінде механикалық
ұлпаның склеренхимасы болады.
Бұл түрдің бір ерекшелігі
сабақтың ортаңғы және жоғарғы
буындарында шоқтар шашыранды орналасып, камбий сақинасы болмайды.
Осы белгілері арқылы дара жарнақты өсімдіктерге
ұқсас келеді. Сабақтың сыртын екі қатар
бір-біріне тығыз орналасқан эпидерма қабаты жауып
тұрады. Эпидерма қалыңдығы жоғарыдан
төмендеген сайын арта түседі. Онда эпидерма өсіндісі болып
табылатын сілемейлі немесе балауызды жабысқақ заттар бөлініп
шығатын бездеуіт жасушалар пішіні жағынан негізгі эпидерма
жасушаларынан ерекшеленбейді. Бірақ бұл жасушалардың ішінде
сілемей бар. Осындай безді жасушалармен бірге бездеуіт түктер де кездеседі.
Жоғарғы буындардағы ірі
шоқтамырдың ксилемасынан өзекке қарай ерекше
орналасқан, пішіні қалпаққа ұқсас
ұлпа жиынтығын көреміз. Ол ертеректе қалыптасқан
протоксилема болуы мүмкін. Сабақ устьицалары ірі және
жапыраққа қарағанда сирек. Эпидерма астында
домалақ пішінді тірі жасушалардан тұратын колленхима
борпылдақ орналасқандықтан эпидерма жеңіл сыдырылады.
Коленхима қабаты сабақтың қырында қалыңдап,
сабаққа беріктік қасиет береді. Өткізгіш шоқты эпидермадан сақина тәрізді механикалық
ұлпа бөліп жатады.
Айдарбаева Д.Қ. көрсеткендей leucostoum секциясының
өкілдері секілді Aconitum
leucostomum өткізгіш шоғы мен шоқтың флоэма
бөлігін қоршап жатқан склеренхима арасында паренхима
орналасады.
Сабақтарының ірі шоқтары
қырларында орналасқан. Олардың арасында орташа,
ұсақ және өте ұсақ шоқтар шашырап
жатыр. Шоқтардың ұзындығы енінен 3-4 есе артық
болып келеді. Флоэманың көлеміне қарағанда ксилема
мөлшері 4-5 есе үлкен.
Сабақтың төменгі буынында
эпидерма перидермамен алмасатындықтан қабық
қалыңдап, өткізгіш шоқтардың радиалды
ұзындығы бірнеше есе артады. Өткізгіш шоқтың
ұзындығы, шоқ үстіндегі склеренхиманың
қалыңдығы, эпидерма қалыңдығы біренеше есе
артады, өзек сәулелері айқын көрінеді. Кейбір паренхима
жасушаларында қорға жиналған заттар көзге шалынады,
әсіресе, өзек паренхимасында анық байқалады.
Aconitum
leucostomum жапырақты сабақпен байланыстырып тұрған
сағақ үшбұрышты болып келеді де ірі шоқтар
оның үш бұрышында орналасады. Ірі шоқтардың
арасында орташа және ұсақ шоқтар бар.
Шоқтардың көлеміне қарай механикалық ұлпа
жатыр.
Aconitum leucostomum жапырағының эпидермисінің кұрлысын зерттеу кезінде
оның жоғарғы және төменгі эпидермис клеткалары
пішіні жағынан ұқсас, клетка қабықшалары
иректелетіндігі байқалады. Устьицаларының типі аномоцитті. Жапырағының
үстіңгі және астыңғы жағында да жай
түктер көбірек, ал бездеуіт түктер азырақ болып келеді.
Жапырағы-изолатеральды, үстінгі эпидермистен кейін 2-3 қатар
бағаналы ұлпа, ал астыңғы эпидермаға жанаса бір
қатар борпылдақ ұлпа орналасады. Өткізгіш шоқ-
коллатеральды, склеренхима клеткаларымен қоршалған.
Гүлшоғырында безді – түкті зигоморфты гүлдер
ұзынды - қысқалы гүлсағағы арқылы
бекінген, бұтақталған шашақ екі
гүлжапырақшасы гүлсағағына тең немесе
біршама ұзын, күлгін немесе сарғыш түсті
гүлдерінің іші мен езуі ақ, бүйір тостағаншасы
горизанталь бағытта бекінген. Гүлінде жіңішке спираль
тәрізді иілген томағасы және қысқа ерні бар,
аталық жіпшесі жалаңаш, 3 топтама жемісі 10-18 см,
тұқымы үш қырлы.
Сонымен
зерттелінген Aconitum leucostomumның вегетативті мүшелерінің анатомиялық
құрлысын зерттеу нәтижесінде төмендегідей
диагностикалық белгілер анықталды: олар, сабағы қуыс
әрі қырлы, шоқты типті, устьица аппараты аномоцитті, сілемей шоғырланып
жиналатын қуыстар, жапырақ эпидермасы иректелген, жай және бездеуіт
түктер жапырақтың үстіңгі эпидермисінде көп,
тармақтанған таяқша сияқты болып келеді.
Әдебиеттер
1. Іскендіров Ә., Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері. – Алматы: Қазақстан, 1982. –66 б.
2. Анненков Н.И., Уткин Л.А. Ботанический словарь.–М. 1978. – 645с.
3. Карамышева З.В., Рачковская Е.И. Ботаническая география степной части
Центрального Казахстана.- Л., Наука 1973.-С. 24-28.
4. Айдарбаева Д.Қ. Қазақстанның оңтүстігі
мен шығысындығы өсімдік қорларының қазіргі
жағдайы: Биол.ғылым.док.автореф –Алматы 2010– 52б.
5. Клейн Х.Р., Клейн Д.Т. Методы исследований
растений.М.Колос, 1974г.
6. Грудзинская Л.М.,
Нехаенко Г.Н., Гемеджиева Н.Г., Аверина В.Ю. Современное состояние популяций
некоторых лекарственных растений Западного Тянь-Шаня // Ботанические
исследования Сибири и Казахстана. – Барнаул, 2004. - Выпуск 10. - С. 107-114.
7. Грудзинская Л.М., Есимбекова М.А., Гемеджиева Н.Г., Мукин К.Б. Дикорастущие
полезные растения Казахстана. - Алматы, 2008. - 100 с.