ӘОЖ 569.9

АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНДА АВСТРАЛОПИТЕРДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

Саимова Рита Ургенчбаевна – оқытушы, биология магистрі

Бухарбаева Жанат Мухамеджановна -  аға оқытушы, биология магистрі

 

Абай атындағы ҚазҰПУ, Ботаника және жалпы биология кафедрасы

 

Андатпа. Мақалада адамның эволюциялық дамуында австралопитектердің алатын орны, қазба-қалдықтардан табылған австралопитектердің жаңа түрлері, сондай-ақ олардың морфологиялық құрылысындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар туралы жазылған. Австралопитектердің қаңқа қалдықтары алғаш тапқанағылшын антропологтары мен Қазақстанда зерттеген ғалымдар және олардың табылған қоныстары туралы мәліметтер берілген.

Австралопитектердің адам тәрізді маймылдармен адамның арасындағы өтпелі формасы туралы айтылған. Австралопитектерді салыстырмалы түрде ұрпақтан-ұрпаққа ауысу уақытына қарап негізгі үш топқа бөлген. 1) алғашқы автралопитектер – 7-4 млн.жыл бұрын тіршілік еткен, қарапайым құрылысты болған; 2) грациалды автралопитектер – 4-2,5 млн.жыл бұрын тіршілік еткен, құрылысы аса ірі емес; 3) Парантроптар немесе ірі (массивті) автралопитектер – 2,5-1 млн.жыл бұрын тіршілік еткен. Осы қазып алынған гоминидтер туралы қысқаша кесте түрінде мәліметтер берілген.

Бұл тіршілік иелері үйірлесіп өмір сүрген. Үйірлі өмір сүру тек пайдалы ғана емес, сондай-ақ барлық топ мүшелерінің өзара қарым-қатынасын қалыптастырған. Саналылық деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік туғызған. Ал дене мөлшерінің шағындығы (салмағы 25-50 кг) ірі жыртқыштарға жалғыз қарсы тұруға мүмкіндік бермеген. Австралопитектердің тағы бір ерекшелігі - терісі жүнсіз болып, өте көп мөлшерде тер бөліп шығарған. Мұндай көп мөлшердегі тер бездері өзге бірде-бір тіршілік иесінде болған еместігі туралы айтылған.

Адамзат эволюциясының тарихы, жай ғана тасқа айналған қалдықтарды іздестіріп  табу және генеологиялық схемаларды құру емес, бірінші кезекте ол сол кездегі жануарлардың қалай өмір сүргендігін, олар немен қоректенген, қоғамдық қатынастары қандай және олардың физиологиялық сипаты қандай болғандығын анықтау. Негізі адам эволюциясын тану үшін биологияның барлық салаларын танып білу қажет. Мақалада айтылған ақпараттар жас биолог мамандар үшінадам эволюциясының тарихи дамуы туралы мәліметтерді үйренуде маңызы зор.

 

Тірек сөздер: Филогенез. Австралопитек. Палеонтология. Эволюция.

 

Адам филогенезін анықтауда Оңтүстік және Шығыс Африканың төрттік қабаттарынан табылған автралопитектік деген жалпы ат берілген, антропоморфты маймылдар қалдықтарының үлкен маңызы бар.

Австралопитек тәрізділерді (Australopithecinae) негізі ежелгі гоминидтер болып саналады. Бұлар өте ерекше топқа жатады, себебі адам тәрізді екі аяғымен тік жүрген, бірақ басы маймыл тәрізді болып қалған.Көп жағдайда адам тәрізді маймылдарға қарағанда адамдарға жақын болып келеді.Адамның эволюциялық дамуында австралопитектердің алатын орны ерекше. Себебі, зерттеулерге қарасақ, австралопитектер адамның тікелей туысы деп саналады. Палеонтологиялық деректерде,австралопитектердің, жалпы адамның пайда болуы туралы зерттеу жұмыстары осы кезге дейін жалғасын тауып,соңғы жылдары қазба-қалдықтардан табылған австралопитектердің жаңа түрлерінің саны артып келуде делінген [1].

Австралопитектербұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын Оңтүстік және Шығыс Африкадан плиоценнің екінші жартысы мен плейстоценнің басында тіршілік еткен.Австралопитектердің қаңқа қалдықтары алғаш 1924 жылы Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлінде, Таунгс маңынан табылған.Кейін Шығыс Африкадағы Олдовай қойнауынан (Танзания) және Орталық Африкадан,Омо өзенінің аңғарынан (Эфиопия), Рудольф көлінің маңынан (Кения) басқа да жерлерден бас сүйек қалдықтары табылған [2].

Австралопитектерді ағылшын ғалымдары Р.Дарт (1924 ж.), М.Лики, Л.Лики (1959—1962 ж.ж.), американ антропологтары; Д.Джохансон, М.Иди (1959—1962 ж.ж.) зерттеген. Қазақстанда австралопитектердің қонысмекендері, құралдары, сүйек қалдықтары Қаратау, Жетісу, Сарыарқа, Балқаш, Маңғыстау, Мұғалжар өңірлерінен табылған.Қазақстанда австралопитектер қоныстарын 1958—1959 ж.ж. X.Алпысбаев, 1993 жылы Ж.Таймағамбетов зерттеді. Жиналған материалдар австралопитектердің бұдан 2,5—4 млн. жыл бұрын өмір сүргенін көрсетеді [7].

Австралопитектердің бойлары аласа, биіктігі - 100 - 120 см, дене салмағы 20 - 50 кг шамасында. Рамапитектерден алдымен проконсулдар, одан кейін горилла мен шимпанзе,ең соңынан австралопитектер бөлінген. Ол (лат. «australis» — оңтүстік, грек, «pitekos» — маймыл)деген ұғымды білдіреді. Кейбір ғалымдар оларды адамтектес маймылдар мен адам арасын байланыстыратын тіршілік иелері деп санайды.

Австралопитектердің бас сүйегі мен миы шағындау (500—600 см³).Австролопитектердің ми бөлігінің көлемі осы кездегі адамдармен салыстырғанда үш есе дерлік аз болған.Австралопитектер және олармен туыстас африкалық антропоидтардың, жамбас пен артқы аяқтарының сүйектерінің құрылысына қарап, олардың көп уақыт бойы денесін тік ұстап, екі аяқпен жүргенін көруге болады, дегенмен қазіргі адамдармен салыстыруға келмейді. Австралопитектер ашық далалы жерлерде тіршілік етіп, өсімдіктектес және жануартектес азықтармен қоректенген делінген. Жақ сүйектері үлкен, жануарлардан көбінесе павиандарды аулаған болуы мүмкін, себебі, австралопитектердің қалдықтары табылған үңгірлерден павиандардың сүйектері де табылған. Австралопитектердің қалдықтарымен бірге табылған павиандардың бас сүйектерінің 80 пайызынан,оларды таспен не тұяқты жануарлардың ұзын сүйектерімен ұрған таңбалары табылған. Австралопитектер аңшылық еткенде ірі тұяқты сүтқоректілердің сүйектерін, тастарды құрал ретінде пайдаланғаны, зерттеулерде табылған деректерден көруге болады.Көздерінің айналасы шұңқыр, мандайы кең, саусақтары ұстауға икемді болған. Тістерінің құрылысы адамның тістеріне ұқсас [3].

Австралопитектердің орташа өмір сүру ұзақтығы А.Манномның есептеуі бойынша 17-22 жыл. Бұл ғалымның ұйғарымы бойынша астралопитектердің өмір сүру тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа қалдыру қиындыққа соқтырады, себебі ұқпақтарын үйретуге ұзақ уақыт қажет еткен.

Австралопитектер адам эволюциясының алғашқы кезеңдерінің бірін көрсетеді.Оларды кейбір зерттеушілер осы заманғы адамдарның арғы тегі ретінде қарастырады.Осы заманғы адамның палеонтологиясындағы австралопитектер ғылымға өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап белгілі болды.Алғашқы австралопитек Африка құрылығының оңтүстігінен табылған. Ол жас баланың бас сүйек қалдығы мен ми бөлігінің табиғи жағдайдағы құйындысы болды.“Таунгтен табылған баланың” анализі, оның бірқатар структуралық белгілері антропоидтар типінен ерекшеленіп,сонымен қатар қазіргі адамға ұқсайтындығын көрсеткен.Біреулер оның қазбадан табылған антропоидтарға, екіншілері қазбадан табылған гоминидтерге жатқызып бұл бас сүйек қалдығының төңірегінде үлкен пікір талас болған. Қазіргі кезде, жүздеген африкалық австралопитектер белгілі болып отыр [2].

Қазіргі кезде антропологтар австралопитектердің адам тәрізді маймылдармен адамның арасындағы өтпелі формасы екендігін ешбір күмән келтірмейді.Біріншілерінен негізгі айырмашылығы- дене скелет құрылысы мен бас сүйектің кейбір белгілеріне (қарақұстағы саңлаудың ортада орналасуы) әсер еткен екі аяқпен жүру болды.Денені түзу күйге келтіретін бөксе және арқа еттерінің бір бөлігінің бекіп тұруымен байланысты жамбас сүйектерінің кең болуы дененің вертикальды күйін дәлелдейді.Жамбас сүйектеріне, жүрген кездегі ішкі мүшелерді ұстап тұратын бұлшық еттердің  бір бөлігі бекіп тұрады.

Австралопитектердің дала және орманды дала ландшафты олардың екі аяқпен жүруге қабілетілігін арттырды.Олар үшін бипедия тұрақты ерекшелікке айналды.Приматтардың басқа типті локомоциясына қарағанда, екі аяқпен жүру тиімдірек екені дәлелденген.

Қазіргі заман адамының белгілері төменгі жақтарынан анықталған.Аса ірі болмайтын күрек және азу тістерінің шайнайтын бетінде “адамдағыдай” төмпешіктердің өрнегі болады.Тістің құрылысы мен төменгі жақтың буыны антропоидтарға тән болмайтын, шайнау кезінде бүйір қозғалыстарының басым болатындығын дәлелдейді.Австралопитек жақтары адамдардың жағына қарағанда ауқымды болады. Бет бөлігінің вертикалді кескіні және оның салыстырып қарағанда үлкен  болмайтын жалпы мөлшері, адам типіне жақындығын көрсетеді.Қас үсті сүйектері алға шығып тұрады; ми бөлігі үлкен емес; шүйде бөлігінде дөңестену тенденциясы бар [4].

            Соңғы жылдары табылған австралопитектер және соған морфологиясы жөнінен жақын жоғары сатылы маймылдардың қалдықтары Шығыс Африка мен Азияда кең таралған. Табылған қалдықтар бойынша анықталған осындай түрлердің дараларының жалпы саны 350 – дей. Осы көптеген даралардың ішінен Танганиканың (Шығыс Африка) солтүстік бөліміндегі Олдовай аңғарынан 1960 жылы Л.Ликтің тапқан екі қазба қалдығы ерекше зейін аударады. Оның біреуі зинджантроп, екіншісі презинджантроп деп аталды. Бұлардың сүйектерімен бірге малта тас құралдары табылған. Бұл қалдықтардың жасы 1,5 млн. жылдан артық деп анықталған. Зинджантроптар қарапайым құрал жасай алатын ежелгі адам деуге болады, бірақ олар от пайдалануды білмеген.

Австралопитектерді салыстырмалы түрде ұрпақтан-ұрпаққа ауысу уақытына қарап негізгі үш топқа бөліп қарауға болады: алғашқы автралопитектер – 7-4 млн.жыл бұрын тіршілік еткен, қарапайым құрылысты болған. Грациалды автралопитектер – 4-2,5 млн.жыл бұрын тіршілік еткен, құрылысы аса ірі емес. Парантроптар немесе ірі (массивті) автралопитектер – 2,5-1 млн.жыл бұрын тіршілік еткен, өте ірі массивті маманданған құрылысты, жақ сүйектері жақсы дамыған, алдыңғы тістері кіші ал артқы тістері ірі болып келген. Массивті автралопитектер жекеленген Paranthropusтуысына жататын үш түрге бөлінеді(кесте - 1)[5].

Кесте 1

Кестеде қазып алынған гоминидтер туралы қысқаша мәліметтер берілген

Түр

Берілген атаулары

Табылған түрлердің жасы (млн.жыл.бұрын)

Туыстық

арақатынастар

Алғашқы австралопитектер (гоминидтер)

Sahelanthropustchadensis

Тумай

7

Гоминидтер, шимпанзе (горилла) арғы тегіне жақын

Orrorintugenensis

Миллениум адамы

6

Гоминидтердің арғы тегіне жақын

Ardipithecuskadabbahttp://antropogenez.ru/species/8/

 

5,5

Арғы тегі Ardipithecusramidushttp://antropogenez.ru/species/6/

Ardipithecusramidus

Арди

   4,4  

Ardipithecus kadabba ұрпағы,

Австралопитектердің арғы ата-тегі

Грациалды австралопитектер

Australopithecusanamensis

 

 

4,2-3,9

Ардипитектердің ұрпағы, соңғы австралопитектердің арғы ата-тегі

Australopithecusafarensis

Люси, Люсидің қызы, Ірі адам

4,0-2,9

Australopithecus anamensis-ң ұрпағы, кейінгі грациалды австралопитектердің арғы ата-тегі

Australopithecusafricanus

«Таунгтық» бала

3,3-2,4

Australopithecusafarensis-ң ұрпағы

Australopithecusgarhi

 

2,5

Australopithecusafarensis-ң ұрпағы

Australopithecus sediba

 

1,9

Australopithecusafricanus-ң ұрпағы

Kenyanthropusplatyops

 

 

3,5

Грациалды австралопитектердің жанама бұтағы, H. rudolfensis-арғы ата-тегі

Парантроптар немесе ірі (массивті) австралопитектер

Paranthropusaethiopicus

 

2,5

Грациалды австралопитектердің ұрпақтары, тұйықталған бұтағы

Paranthropusrobustus

 

1,9-1,2

Paranthropusaethiopicus

Зинджантроп

  2,3-1,2  

 

Бұл тіршілік иелері үйірлесіп өмір сүрді. Біріншіден, ол барлық жоғары сатыдағы маймылдардың барлығына тән қасиет. Екіншіден, дене мөлшерінің шағындығы (салмағы 25-50кг) ірі жыртқыштарға жалғыз қарсы тұруға мүмкіндік бермеді. Үйірлі өмір сүру тек пайдалы ғана емес, сондай-ақ барлық топ мүшелерінің өзара қарым-қатынасын қалыптастырды. Саналылық деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік туғызды.

Австралопитектердің тағы бір ерекшелігі - терісі жүнсіз болып, өте көп мөлшерде тер бөліп шығаруы. Мұндай көп мөлшердегі тер бездері өзге бірде-бір тіршілік иесінде болған емес[6].

Адамзат эволюциясының тарихы, жай ғана тасқа айналған қалдықтарды іздестіріп  табу және генеологиялық схемаларды құру емес, бірінші кезекте ол сол кездегі жануарлардың қалай өмір сүргендігін, олар немен қоректенген, қоғамдық қатынастары қандай және олардың физиологиялық сипаты қандай болғандығын анықтау. Бұл сұрақтар адамның да, кез-келген түрдің де эволюциялық мәнін құрайды. Ал бұл гоминидтердің қазба түрлерін тауып,таксономиялық сипаттама беру, адамның пайда болуын анықтаудағы бастапқы нүктесі болатындығын білдіреді.Гоминидтердің өмір сүру тәсілін қайта қалпына келтірудің тура сондай мәні болады, өйткені  бұл табиғи сұрыптау әсер еткендегі онымен бірге бұл әсірдің нәтижесі білінетін субстрат.Сонымен адам эволюциясын тану үшін биологияның барлық салаларын тану қажет.

 

 

                                    Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1        Гохман И.И., Громов А.В. Некаторые актаульные проблемы современной антропологий.Санк-Петербург. РАН.2006.176-с.

2        Дробышевский С.В. Предшественники. Предки? Часть I "Австралопитеки", часть II "Ранние Homo". 2-е издание. Москва, УРСС, 2010, 190 с., илл.

3        Дробышевский С.В. Предшественники. Предки? Часть I "Австралопитеки", часть II "Ранние Homo". Москва-Чита, Издательство Читинского государственного технического института, 2002, 173 с., илл.

4        Дробышевский С. В., Эволюция мозга человека: Анализ эндокраниометрических признаков гоминид. М.,КомКнига. 2007;с-263.

5        Джохансон, Д. Люси. Истоки рода человеческого Д. Джохансон, М. Иди. – Мир, 1984. – 292 с.

6        А.П.Ожигова, В.М.Харитонов, Е.З.Година.Антропология:  учеб.для вузов / Владос. 2004. – 272 с.

7        Клакхон.К. Зеркало для человека. Введение в антропологию. Евразия, 1998. – 352 с.

 

Аннотация. В статье рассматриваються роль и значение новых, найденных палеонтологических остатков австралопитеков, в эволюции человека, а также описываются их морфологические особенности и сходства со стороением современного человека.

Приведены научные данные английских антропологов впервые обнаруживших скелет австралопитеков. Австралопитеки представляют переходную форму между человеком и обезьяной. Переходные формы потомков австралопитеков по морфологическим признаком разделены на три группы: 1) австралопитеки, жившие 7-4 млн.лет назад, с простым строением скелета; 2) грациальные австралопитеки, жившие 4-2,5 млн.лет назад, не крупного телосложения; 3) парантропы или крупные массивные австралопитеки, жившие 2,5-1 млн.лет назад. Данные про найденных в раскопках австралопитеков приведены в таблице. Австралопитеки вели стадные образ жизни. Стадные образ жизни принес большую пользу в понимании и взаимодействии отдельных членов группы между собой, способствовал развитию умственной деятельности. Не большой размер тела (вес 25-50 кг) не дает возможности в отдельности противостоять крупным хищникам, поэтому они ведут стадные образ жизни. Еще одна особенность австралопитеков – кожный покров без волос имеет большое количество потовых желез. Такое большое количество потовых желез больше не встречается не у одного представителя млекопитающих.

История эволюции человека, это не только поиск окаменевших остатков и построение генеалогических схем. В первую очередь это познание образи жизни, общественного поведения и физиологии живых тогда предков человека. Понимание эволюции человека охватывает все сферы биологической науки. Приведенные в статье сведения будет полезны молодым биологам при изучении истории эволюции человека.

 

Ключевые слова: Филогенез. Австралопитек. Палеонтология. Эволюция.

 

Abstract. The article be considered the role and importance of new found fossils of Australopithecines in human evolution, and describes their morphological characteristics and similarity with stroeniem modern man.
Given the scientific evidence of English anthropologists who discovered the first skeleton of Australopithecus. The Australopithecines are a transitional form between man and APE. Transitional forms of the descendants of the Australopithecines on morphological grounds are divided into three groups: 1) Australopithecus, who lived 7-4 million years ago, with a simple structure of the skeleton; 2) gracyalny Australopithecus that lived 4-2. 5 million years ago, not a large body; 3) parantapa or large massive Australopithecus, who lived 2.5 to 1 million years ago. Data about found in the excavations of australopithecine are listed in the table. The Australopithecines were gregarious lifestyle. The herding way of life has brought great benefit in the understanding and the interaction of individual group members among themselves, contributed to the development of mental activity. Not a large body size (weight 25-50 kg) is not possible separately to confront large predators, so they lead a gregarious life. Another feature of the Australopithecus – skin without hair has a large number of sweat glands. Such a large number of sweat glands no longer meets not one representative of mammals.
The history of human evolution, it is not only the search of fossilized remains and the construction of genealogical patterns. The first is the knowledge obrazy life, social behavior and physiology of living then our human ancestors. The understanding of human evolution covers all areas of biological science. The obtained information will be useful to young biologists in the study of the history of human evolution.


Key words: Phylogeny. Australopithecus. Paleontology. Evolution.