Жамбыл облысында
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ туризмді дамытудың мүмкіндіктері
Құрманбаева К., Сарбасова Г.А., Абдраимова
А., Иманбекова Ж., Амантай Д.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Туризм -
адамдардың мезгілдік ауыспалылығы өзінің
тұрақты бір мекенінен басқа елге немесе өз елінің
аралығындағы аймаққа бос уақытында
қанағат алу және демалу, сауықтыру, қонақ
болу, танымдық немесе кәсіби-іскер мақсатындағы,
дегенмен барған жерде ақысыз жұмыспен шұғылдану болып
табылады.
Туризм -
көптеген мемлекеттердің экономикасының маңызды
құраушысы, ол жергілікті халықтың
тығыздығын, қонақ үйлері мен
мейрамханалардың, көрнекі шаралардың жүктемесін, шетел
валютасының түсімін және т.б. қамтамасыз етеді. Туризм
мемлекетке немесе осы жергілікті жерге кіріс әкелетін жергілікті
туристтік ресурстарын пайдалануға негізделген.
Қазіргі уақытта
еліміздің келешегі, ұлттық басымдық шешім,
ведомства әрекеттерін біріктіру
және қоғамның нығаюын шоғырландыру,
қазақстандықтардың мекендеу орталығын
сауықтыру бойынша үдерістің басталуы үшін байыпты
мүмкіндіктер бар.
Туризм
халық санатының қызмет және көмек көрсетуге
байланысты ішкі және халықаралық болып екіге бөлінеді.
Ішкі туризм - уақытша
нақты елдің азаматының демалуы, танымдық мүддесін
қанағаттандыру, спортпен шұғылдану және
басқа да туристтік мақсаттарда, тұрғылықты
мекенінен сол елдің ұлттық шекаралары шегінде шығатын
жол сапары. Ішкі туризм жеке ортаны ұсынбайды, ол ұлттық
өмірдің барлық басқа секторларымен байланысты.
Халықаралық туризм -
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік (кіру
туризмі) туристерге туристтік өнімді беру және туристтік
қызмет көрсету және шетелге туристтік өнімді жіберу
және туристтік қызмет атқарумен байланысты туризм
аралығында кәсіпорнының жүйелі және мақсатты
бағытталған қызметі. Көптеген елдерде туризм -
экономикалық тиімді және табысты сала ретінде мемлекеттің
қарамағындағы ықыласты қызмет аясы.
Облыс туризмнің ішкі және де халықаралық дамуы
үшін көптеген мүмкіндіктері бар. Ол арқылы Ұлы
Жібек жолының телімі өтті: Сайрам-Тараз-Ақшолақ
ауылдары, Ақыртөбе - Құлан - Мерке - Шу - Аспара -
Кордай бекеттері өтті, жолай тарихи және мәдени ең
қызықты, әрі көне ескерткіштер орналасқан.
Тараз қаласы
арқылы - VII - VIII ғасырдағы Жібек жолы трассасы бойынша
көне және ең ірі сауда-әкімшілік орталығы
болғаны туралы, б.э.д. 568 жылы жазба бастауларында ақпараттар
пайда болған. Сонымен бірге қала аумағында көне
архитектуралық сәулет ескерткіштері «Айша-бибі» және
«Бабаджа-Хатун» б.э.д. X - XI ғғ, «Қарахан» және
«Дәуітбек» б.э.д. X - XIII ғғ және т.б. кесенелері
орналасқан.
2002 жылы Тараз
қаласының 2000-жылдығын және 2015 жылы
«Қазақ хандығының 550 жылдығын» атап өту
бойынша мерейтойлық іс-шаралар өткізілуі қаламызға
көптеген өзгерістер әкелді.
Облыс мемлекеттік
«Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта
жаңғырту, түркітілдес мемлекеттердің мәдени
мұраларын сақтау және сабақтаса даму, туризмнің
инфрақұрылымын құру» деген бағдарламаға
қосылған.
Қазақстанның кластерлі дамуының
бағдарламасына сай келетін, Жамбыл облысы туристік кластерді жасау
облыстарының бірі болып анықталды. Қазірде кәсіпкерлік
департаментімен және облыс әкімдігі өнеркәсібінің
консалтинг компаниясымен «Бизнестің дамуының Жамбыл аймақтық
орталығы» ЖШС бірге Жамбыл облысының туристік саласының
дамуының болашақтарын айқындайтын маркетингтік зерттеулер
жүргізілген болатын.
Облыстық
өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінің туризм
бөлімінің мәліметтері бойынша, осы маркетингтік зерттеулер
негізінде кластерлі жолды ескеріп аймақтың туристік саласының
даму стратегиясын ары қарай дамытуды жоспарлады. Алдын ала жасалған
маркетинг мәліметтері бойынша, облыстың бюджетіне түсімдер
жылына 500 - 700 миллион теңге кем емес құруы мүмкін
болатын. Қазір бюджетке облыстың туристік фирмалар қызметінен
түскен кіріс сомасы шамамен 1,5 миллион теңгені
құрайды. Болашағы зор бизнес - жобалар арасынан -
Берікқара шатқалындағы «Тау самалы» туристік базасы
және ірі туристік «Ақсай» орталығы, Жамбыл облысының -
Жуалы ауданында тау бөктерінің ең әдемі аймағында
орналасқан. Сонымен қатар, Тектұрмас және Ақыртас
кешенінің киелі жерлері бойынша тарихи жол бағдарларымдары
қызықты, онда қонақ үй кешендері салынатын
болады.
Қазіргі
қоғамның бар үдерістері, келешекте экологиялық
туризмнің дамуына әсер ету мүмкіндігін байқау керек.
Осы
үдерістер, сол немесе өзге дәрежесінде
көрсетілгендіктен, әлемнің барлық елдеріне тән.
Дегенмен, облысымызда экологиялық туризмнің дамуына оның
ықпалын мүмкіндігінше азайту үшін экотуристтік қызметті
жетілдіруге бағытталған жергілікті және мемлекеттік
деңгейде бірқатар қажетті шараларды қабылдау
қажет.
Бірінші
кезектегі қажетті шаралар:
·
туризмге жаңа тәсіл табу,
жаңа
экологиялық қауіпсіз туризмнің
түрлерін енгізу,
экотуризм ретінде, республикада экологиялық
туризмнің даму бағдарламасын жасау;
·
туристік ұйымдардың
қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру, экологиялық
туризмге қатысты олардың атқаратын түрлерін
кеңейту.
Жамбыл облысында, экотуризмнің дамуы үшін
құндылығы бар ландшафттық және биологиялық
аумақтың алып саны өмір сүретін, мәселен, Жамбыл
облысындағы батыс Тянь-Шаньның солтүстік аймағы.
Бірегей флора және жануарлар дүниесі, көптеген
өсімдіктер, оның ішінен «Қызыл кітапқа» енген
түрлері де бар.
«Көксай» шатқалының
төменгі сағалары және оларға жанасып жатқан Жуалы
тау етегі жазығындағы Көксай каньон, батыс Тянь-Шаньнің
Талас Алатауы.
«Көксай» шатқалының
төменгі сағалары,
Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімшілігіне
бағынатын Ақсу-Жабағылы қорығының буферлік
зонасы болып табылады. Бұл аумақ тоғайлы ормандармен, орман
биоценоздарымен, аршалы сирек кездесетін ормандарымен, таулы альпілік
шалғындарымен және шалғынды далаларымен құндылы
екенін көрсетеді. Шатқалдың тоғайлы ормандарының
негізгі сүректі тұқымдарын түркістан шадырасы, бұталы
және ағашты аршалар, кіші жапырақты талдар, талас және
тянь-шань қайыңның сирек және жойылып бара жатқан
түрлері құрайды.
Тау даласы және шалғындары бай түрлік
құрамына ие, ол құнды, декоративтік және
дәрілік түрлерінің генофондысы болып табылады, мысалы,
шайқурай, мыңжапырақ, зезифора, аюқұлақ,
Самарканд зересі, күреңот, хош иісті түймедақ,
жұпар иісті шалфей, қырықбуынды эфедра, әртүрлі
қызғалдақ түрі, қоңыр-қара
қошқыл шөмішгүл, ятрышник, Талас аюоты.
Каньон және
шатқал - Жамбыл облысы халқының табиғи
мұрасының ең үздік нысандарының бірі.
Шатқал және каньон Оңтүстік-Қазақстан облысының
республикалық Ақсу-Жабағылы қорына келетін шетелдік
туристердің үлкен даңтылығымен қолданылады.
Экологиялық
бағытты тиімді пайдалану үшін оның мақсатты шешімдерін
ұйымдастырудан басқа да, әр жағдайда, арнайы материалды
әзірлеу және осындай қызмет көрсету бойынша мамандарды
дайындау қажет.
Соныменен,
экологиялық аспектіде туризмнің дамуы бірінші кезекте табиғи
табиғатты сақтауға, экологиялық білімді жетілдіруге
және келешек ұрпақты тәрбиелеуге, табиғатқа
эстетикалық қатынаста болуға, шетелдік валюта тарауының
көбеюіне, бюджетті толықтыруға,
жұмыссыздықтың қысқаруына, нарық
жұмыс орындарының кеңеюіне, халықтың
табысының және өмір сүру деңгейінің
жоғарлауына әкеледі, бұл өз кезегінде Жамбыл
облысының көркеюі мен тұрақты дамуына мүмкіндік
береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Туристские маршруты
Казахстана. Агентство Республики Казахстан по туризму и спорту. - Астана, 2001.
2. Руденко И. Природное
наследие и экологический туризм //Вестник «Зеленое спасение». Вып. 14.
«Всемирное наследие». - Алматы, 2001.
3. Жолдасов С.З. Великий
Шелковый путь и его историческое значение. // Проблемы развития туризма и
возрождение историической значимости Шелкового пути // Сб. материалов
региональной научно-практической конференции. - Шымкент: ТОО «Жибек Жолы», 1998.