Жамбыл облысының тұрғындары арасында кездесетін эхинококкоз ауруының таралуы және оның көкейКесті мәселелері

Укибаева Л.О.,

 

            Гельминтозооноздар арасында энтеробиоз, аскаридоз және эхинококкоз аурулары Жамбыл,  Алматы облыстарының  тұрғындары арасында кең таралған. Олардың таралуына басты себеп халық арасындағы санитарлық-ағарту қызметi мен малдәрігерік қадағалау жұмыстарының нашарлауы болып отыр. Гельминтоздарды азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды жандандыру керек.

Адамдар арасында таралатын паразиттік аурулар мәселесi соңғы кезге дейiн өз шешiмiн толық таппай, көптеген проблемалар туғызып  отыр. Атап айтқанда, соңғы онжылдықта елiмiзде байқалған экономикалық және әлеуметтiк дағдарыс, эпидемиялық қадағалау мен ветеринария қызметiнiң нашарлауы ауылшаруашылық малдары арасындағы паразиттiк iндеттердiң таралуына әкелiп соғып, олардан инвазиялардың адамдарға жұғу қаупi аса түстi. Бұрын байқалмаған бiрен-саран гельминтоздар соңғы кезде кейбiр аймақтардың тұрғындары арасында тiркеле басталды.

Бұл індет соңғы кезге дейін тек хирургиялық жолмен емделуде. Мысалы, 1982-1985 жылдар аралығында аурумен сырқаттанған адамдар саны 1313-ке жетіп, 1986-2013 жылдар ішінде эхинококкоз ауруымен операцияға түскендер саны 1093-ке дейін өсті.

2010-2014 жылдар аралығында облыс тұрғындарының 397-сі эхинококкоз ауруы себебінен операцияға түскен. Бұл жылдары облыс көлемінде эхинококкоз индексі 100 мың тұрғынға шаққанда 11,6-14,1 аралығында болды. Республикалық көрсеткіштермен салыстырып қарасақ эхинококкоз дерті облыс тұрғындары арасында екі еседен артық кездеседі екен. Оған басты себеп малдар арасындағы эхинококкоздың кең етек жайғаны болып отыр. Кейбір шаруашылықтарда ірі қара малдың 28,8%-ы, уақ малдың 31,3%, иттердің 23,0% эхинококкоз ауруына шалдыққан екен.

Егер 1993-2000 жылдар аралығында эхинококкоз дертімен операцияға түскен 763 адамның кәсібі жайлы айтатын болсақ, олардың 36%-ы жұмыссыздар, 22,9%-ы оқушылар, 10,5%-ы зейнеткерлер, 7,8%-ы мектеп жасына жетпеген балалар, 8,2%-ы студенттер, 3%-ы үй шаруасындағы әйелдер, 1,9%-ы малшылар болған. Ал жас жағынан алатын болсақ, эхинококкоз ауруына шалдыққандар арасындағылардың 29,2%-ы он төрт жасқа дейінгі балалар, 60,3%-ы жұмыс жасындағы адамдар болған. Науқастардың 49,3%-ы еркектер болса, 50,7%-ы әйелдер екен. Ағзалар бойынша талдау жасасақ, эхинококкоз кистасы 54,2%-ы бауырда, 36,4%-ы өкпеде, 9%-ы көкбауырда, 5%-ы бүйректе болған. Бірен-сараң ауруларда эхинококкоз сыртқы ағзаларда (сүт безінде, бұлшық еттерде, мойын мен жемсауында) кездескен.

Облыс тұрғындары арасында гельминтоз ауруларының таралу себептерінің бірі халық арасында етек алған демографиялық толқулар, бақылаусыз бір аймақтан екінші аймаққа, ауылдан қалаға көшіп-қону, санитарлық-тазалық нормаларын орындамау, көптеген адамдардың санитарлық-гигиеналық сауатының төменділігі болып отыр.

Көптеген қалалар және аудандардың ауруханалары мен емханаларында ерте кезде міндетті болып табылатын копрологиялық зерттеулер қадағалаусыз, бақылаусыз қалып, кейбір жерлерде өкінішке орай, бұл зерттеулер тіптен тоқталып қалды.

Сондай-ақ, халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жақсартып, адамдар арасында таралатын гельминтоздардан сақтану жолдарын түсіндіру, олардың осы бағытта сауатын ашу медицина қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселелердің бірі.

Сонымен қатар эхинококкоздың биологиясына қарай отыра,  төмендегідей түсіндірме беруге болады. Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етсе, дернәсілдері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп атайды.

2013 жылы эхинококкозбен ауырған 123 (100 мыңға шаққанда көрсеткіш 12,4), оның ішінде 14 жасар балалар арасында 29 науқас тіркелген (100 мыңға шаққанда көрсеткіш 10,4), яғни науқастардың барлығы 32,7 пайызды құрайды.

Жамбыл облысында 2013 жылды 2014 жылмен салыстырғанда эхинококкозбен ауырған науқас сандары 4 есе кемігенін көрсетеді, сонымен қатар қарастырып отырғанымыздай 14 жасар балалардың арасында науқас саны 35,5 пайызға кеміді.

        Эхинококкозбен ауырған науқастардың саны келесі көрсеткіштермен белгіленген: I – орында жұмыссыздар, 55 науқас тіркелген (46,2%), 2013 жылы – жұмыссыздар 36,6 пайызды құрды, II – орында мектеп оқушылары, 38 науқас тіркелген (31,9%), 2013 жылы – мектеп оқушылары 25 пайызды құрды, III – орында бала-бақшаға бармайтын балалар, 7 науқастар тіркелген (5,9%).

Эхинококкоз ауруының профессионалдық тура тәуелділігі жоқ, куәгер болған эндемикалық ауруының жоғары сатыдағы көрсеткіші.

Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша аурулардың негізгі 65% эхинококкозды үй итінен жұқтырған. Эхинококкоз ауруы орталық серологиялық лаборатория базасында Тараз қаласының облыстық балалар жұқпалы ауруханасында зерттелген. Бір жылдық қорытындыдан (облыстық зерттеу бойынша) 694 адам тексеріліп, соның ішінде 77 адам, яғни 11,1 пайыз эхинококкоз ауруымен ауырғанын көрсетті.

       Жамбыл облысының кейбір шаруашылықтарының қой мен сиырларының 60% эхинококкозға шалдыққан, ал базбір жерлерде иттердің арасында эхинококтармен жұқтырылуы 40-48% -ға жеткен.

Соңғы жылдары еліміздің экономикалық жүйесінің өзгеруіне байланысты көптеген жұқпалы зооноз аурулардың эпидемиологиясы жаңа сипат ала бастады. Мысалы, оңтүстік және батыс Қазақстанда адам мен жануарлардың эхинококкозбен залалдану көрсеткіштері бірнеше мәрте өсті. Ал, Жамбыл облысы осы дерт бойынша гиперэндемикалық аймаққа айналды. Сондықтан аурудың алдын алу - біздің елдегі медицина және ветеринария қызметтерінің паразитология саласындағы көкейтесті мәселелерінің бірі болып саналады. Әлемнің басқа мемлекеттерінде дертті жоюда қолданылатын шаралардың негізгі бағыттарының бірі - халық арасында эхинококкоз жайында ағартушылық жұмыс жүргізу. Қазір Жамбыл облысында эхинококкозға қарсы хирургиялық операция жасалатын пациенттердің 30%-ке жуығы 14 жасқа дейінгі балаларды құрауда. Сол себептен мектеп оқушыларын қатерлі ауру туралы қосымша деректермен қамту дерттің алдын алудың ұтымды шарасы екеніне күмән келтірмейді.

Гельминтозооноздардың жоғарыда келтiрiлген көрсеткiштері облыстағы адамдар арасында гельминтоз ауруларының шын ахуал-жағдайын көрсетпейтiгiндiгiн айта кеткен жөн. Өйткенi, бiраз адамдар дер кезiнде дәрiгерге көрiнiп, арнайы зертханалық тексеруден өтпейдi де, олардың бойындағы паразиттiк аурулары анықталып, жалпы есепке алынбайды, статистикалық сараптама жасалмайды.

Облыс тұрғындары арасында гельминтоз ауруларының таралуы себептерiнiң бiрi халық арасында етек алған демографиялық толқулар, бақылаусыз бiр аймақтан екiншi аймаққа, ауылдан қалаға көшiп-қону, санитарлық-тазалық нормаларын орындамау, көптеген адамдардың санитарлық-гигиеналық сауатының төмендiлiгi болып отыр.

Бұл келтiрiлген жайт Жамбыл облысында, республикамыздағы көптеген аймақтар секiлдi, гельминтоз ауруларының эпидемиялық ахуалы соңғы кезге дейiн ушығып тұрғанын дәлелдеп, ветеринария және медицина қызметкерлерiнiң тiзе қосып гельминтозооноздарға қарсы профилактикалық жұмыстарды жандандыруын талап етедi.

Республика бойынша, өкiнiшке орай, медициналық гельминтология проблемаларымен айналысып отырған бiрде-бiр ғылыми институт, немесе проблемалық зертхана жоқ. Осыдан 50-60 жыл бұрын енгiзiлген зертханалық гельминттердi анықтау тәсiлдерi мен диагностикалық әдiстер кәзiргi заманда уақыт талабына сай келмей, бұрынғы кездегiдей тиiмсiз дәрежеде қалып отыр. Бұл бағытта жүргiзiлiп жатқан ғылыми жұмыстар мен тың iзденiстер жоқтың қасы.

Медициналық гельминтология кәзiргi кездегi халық денсаулығын сақтау бағдарламасынан тыс қалмай, мiндеттi түрде оның бiр құрамы болып бағдарламаға енгiзiлуi тиiс.

Қазақстанның оңтүстік облыстары эхинококкоздың эпидемиялық ошағы болып саналады. Гиперэндемикалық аймаққа Жамбыл облысын жатқызуға болады. Мұнда жыл сайын 140 және одан да көп адам эхинококкозы тіркеледі. Бұл бұрынғы кезден келе жатқан синантропты ошақтың болуымен байланысты. Республикамыздың оңтүстік облыстарында паразиттің биологиялық циклі негізінен бір жағынан қойлардың арасында, екінші жағынан үй иттері арасында іске асады.

            Республикамыздың СЭС-ның паразитологиялық бөлімінің есебі бойынша және әдеби талдаулар мен елді-мекеннің эхинококкозбен ауруының жоғары пайызы Жамбыл облысында байқалады, мұнда эхинококкозбен ауыратындар саны жүз мың тұрғынға шаққанда соңғы жылдары -14,8 жеткенін көрсетеді. Қазіргі уақытта эхинококоздың таралуы  мен адамдармен жануарларға жұғуының деңгейлері аралығындағы тікелей байланыстар қойылған. Республиканың әр түрлі облыстарындағы елді мекендердегі эхинококкоз туралы баспаға әр жылдарда шыққан мәліметтер сәйкес келмейді, олар әр түрлі көрсеткіштер бойынша (барлық операция жасалған адамдар санының пайызына немесе, сойылған өліктер саны, он мың елді мекен тұрғындарының есебіне, материалсыз және материал жиналған уақыты, эхинококкоз табылған аурулардың абсолютті саны) келтірілген.   Бұл мәліметтер-еңбектері мақалалары  жарық көрген-хирургтер, патологанатомдар, паразитологтардың әр уақыттардағы, әр кездердегі жұмыстарына байланысты болды. Эхинококкоздың таралуының шын көрінісі бүкіл Қазақстанда әлі толығымен ашылмаған және алдағы уақыттарда зерттеуді талап етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ордабеков С.О., Касмакасов С.К. Распространение эхинококкоза в Джамбульской области //Тезисы докладов научно-практической конференции  «Современное состояние и перспективы оздоровления хозяйств от эхинококкоза и цистицеркоза».- Караганда.-М., 1990

2. Горбунова Л.А., Жумакаримова Б.Т., Муканов М.К., Джумагулова К.Б. Проблемы паразитарных болезней в Казахстане //Здравоохранение Казахстана.- Алма-Ата, 1990

3. Ордабеков С.О., Әміреев С.Ә., Абдрахманова Ғ.Ә., Құлакеев О.Қ., Ордабеков Е.С., Құдияров Е.Е. Эхинококкоз (эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емдеу тәсілдері және профилактикасы) //Оқу-әдістемелік құрал. -  Алматы, 2003

4. Ордабеков С.О., Заинчиковская Я.В. Эхинококкоз в Джамбульской области //Здравоохранение Казахстана.-1983.