ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЙОДТАПШЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Л.О.Укибаева, Абылаева А.Ғ.,
Амангелдиева А
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Дүние
жүзінің
130–дан астам елінің 1,6 млрд., яғни
жер шары халқының 1/3
бөлігі дерлік тұрғындары үшін
йодты аз қолдану салдарынан
туған бірқатар йод
жетіспеушілік сырқаттарымен ауру
қаупі өте жоғары. Топырақ пен суда
йодтың жетіспеуі осы себептен
жергілікті тағам өнімдерінде аз болуы ақыл-ой мен бойдың өсуінің коэффициентінің төмендеуі гипотиреоз және қалқан безінің
үлкеюі тәрізді сырқаттардың эпидемиялық түрде таралуына әкелетін йодтың
жетіспеуінің себебі болып
отыр. Йодтың жетіспеуі және йодтың жетіспеуінен
туындайтын сырқаттар (ЙЖТС) қазіргі денсаулық сақтау
мен тамақтанудың ең
маңызды әлеуметтік-медициналық мәселерінің бірі.
Йод жетіспеушілігі
ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау
саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның
маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен
анықталады, йод жетіспеушілігі аурулараның мәселесін шешу,
әсіресе, Қазақстан мемлекеті үшін маңызды.
Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде йод
жетіспеушілігінің тиімді алдын алу бағдарламасының
жоқтығы тұрғылықты халықтың
әртүрлі топтарында қалқанша безінің
эндемиялық ұлғаюына әкеліп соқтырып отыр.
Мұның ішінде балалар мен бала туу жасындағы әйелдер де
бар. 1999-2002 жылдар аралығында М.Е. Зельцер мен Р.Б.
Базарбекованың кездейсоқ таңдау әдісімен
жүргізілген зерттеуге 6 және 16 жас аралығындағы 9169
бала, 15-49 жас аралығындағы 951 қыз бала және
әйелдер алынды. Зерттеу нәтижсінде қалқанша
безінің эндемиялық ұлғаюы 4206 балалар мен
жасөспірімде (45,8℅)
кездескен.
Организмде
йодтың барлық мөлшері қалқанша
безінде қалатыны белгілі. Қалқанша безде
іші шырышқа толы
қуыстар бар, шырышты
затта организмдегі алмасуды
реттейтін тироксин гормоны,
ал оның
құрамында йод болады. Адам ағзасында йод - тиреойдты
гормондар үшін құрылыс материалы. Тиреойдты гормондар
ағзадағы барлық мүшелер мен жүйелердің
жұмысын реттейді және жақсартады.
Барлық аймақтарда
қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы ұл
балаларға қарағанда қыз балаларда көбірек
кездеседі екен (45-50℅), эндемиялық жемсау 6-7 жастан басталып
пубертаттық жаста барынша жоғары көрсеткішке жетеді.
Эндемиялық жемсау саны
балаалр санымен бірге өсіп келеді, УЗИ көрсеткіші бойынша 7 жаста -
15℅, 12 жаста - 25-30℅, балалар осы дертпен ауырса,
жасөспірімдер арасында ол 40℅-ға дейін жетеді.
Интеллектуалдық қуат деңгейі жоғары
қоғам құрудың медициналық
аспектілерінің бір і -адамның танымдық жан
қуаттарының саулығына әсер ететін факторларды зерттеу
екені барлығымызға аян. Экологиялық жағдайға
байланысты осындай маңызды факторлардың бірі – йодтапшылығы
болып отыр. Отанымыз Қазақстанның басым бөлігі
йодтапшылықты аймаққа жатады, оның ішінде Жамбыл облысы
да бар.
Жамбыл облысы Денсаулықты сақтау
басқармасының берген мәліметі бойынша облыста қазіргі
уақытта йод жетіспеушілік сырқаттарымен ауратын адамдардың
саны жиелеп кетті. 1-кестеде көрсетілгендей 2006 жылы 282,3 адам тіркеуге
алынған болса 2007 жылы 279,1, 2008 жылы 475,5 адамға жеткен.
Бұл көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда.
Облысымыздағы ең жоғарғы көрсеткіш Тараз
қаласы, Мойынқұм, Жамбыл аудандары. Оған басты себеп
Жамбыл облысы аймағындағы Фторидтердің мөлшері шектен
артық екендігі зерттелді. Талас Аса бойыңдағы мөлшерлік
шамасы 1,5-6,25 мг/л. Фториттердің тотығу-тотықсыздану
үрдісінен кейін ағза үшін маңызды йод элементін
ағзадан ығыстырып шығару мүмкіндігі жоғары. Сонда
йодтты дәрі-дәрмекпен қоректік заттарды қанша
пайдалансақ та ағзадағы йодтты фторидтердің
ығыстырып шығарып жіберуі қазіргі кезде белең алып
отырған зоб ауруының көбеюіне негіз болып отыр.
Йод жетіспегенде қалқанша безі
қабынады,
алғашында оның көлемі кішкене
үлкейіп, кейіннен басқа
жерлерде зақым тигізеді. Нәтижесінде организмдегі зат
алмасуы бұзылып, адамның бой өсуі тежейді. Йод
жетіспегеннен мынадай аурулар
болуы мүмкін: Базедов жемсауы,
эндемиялық жемсау, антиреоз, гипотериоздар, ісіктер.
Адамға тәуліктік
йодтың мөлшері 0,15-20 мг. Организмге қажетті йодттың
мөлшері үнемі жетіспесе тиреоидтық гормондардың
түзілуі бұзылады. Зоб дамуының алғашқы
кезеңінде, әсіресе йодттың тапшылығы аз болған
жағдайда қалқанша без фолликулаларының өсуі
организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете
алады.
Гипотиреоз деп
ағзадағы
қалқанша без гормондарының төмендеуін айтады. Оның ішінде
йод жетіспеушілігінен туындайтын
түріне
тоқталсақ,
ағзаға
йодтың аз мөлшерде түсуі
қалқанша
бездің қажет гормондарды
бөліп шығаруына кедергі
келтіреді, себебі Т3 және Т4 гормондарының химиялық құрамына
йод кіреді. Бастапқы
гипотиреоз қалқанша без қызметінің туа біткен
ауытқушылығынан, қабынуынан, жұқпалы және
аутоиммунды үрдістерден, хирургиялық араласудан, асқынудан,
радиоактивті йодпен емдеуден, жайылмалы улы жемсаудан немесе йодтың суда
және азық-түлікте жетіспеушілігінен дамиды.
Дамып
келе жатқан дерттің алғашқы
белгілері жалпы әлсіздік, айналаға
қызықтау. Нерв жүйесіндегі ауытқулар бас ауруы
мен, аяқ – қол сырқырауымен білінеді.
Гипотиреоздан зардап тартатын
балалар денелік және
психикалық дамуда қалыс
қалады. Гипотиреозда өзгеріске ұшыраған
тері аймақтарын басқанда саусақ ізі қалады. Емделмеген ісік дененің басқа жеріне тарайды.
Мұндай
ісік шырышты ісік
грек тілінде миксидема
деп аталады.
Гипотириоз кезінде барлық
ағзаның бұзылыстары қызыл қан
түйіршіктерінің азаюы байқалады. Сол себептен науқастар
айлар, жылдар бойы сырқатын анықтамай дер кезінде емін ала алмай
жүреді.
Қалқанша безінің бұзылуына
көңіл аударатын салдарының бірі-әр түрлі
жүрек ауруларының дамуы.
Базедов жемсауы (тиреотоксикоз, диффузды токсинді
жемсау). Бұл сырқат тиреодты гормондардың шамадан тыс
түзілуімен және жемсау экзофтальм (бадырақ көз),
сияқты белгілермен сипатталады. Қалқанша без массасы
әдетте 150-300 грамға жетеді. Без ұстап көргенде
қатты болып, кесіп қарағанда сұрғыл түсті
көрінеді.
Диффузды токсинді жемсау көп себепті
сырқат. Олардың ішіндегі бастысы нервтік-психикалық
бұзылыстар. Тиреотоксикоздың кейбір инфекциялардан (созылмалы баспа
тұмау) кейін дамитыны анықталды. Тиреотоксикоздың дамуы
гипофиз гормонының әсеріне байланысты. Ал гипофиздің
өзі белгілі бір жағдайдарында гипоталамус және нерв
жүйесі арқылы активтенеді. Тиреотоксикозға шалдыққан аурулардың
1/3-ін тұқым қуалайтындығы анықталды.
Күнделікті йод организмге су,
көкеністер, ет тағамдары арқылы түседі. Йод ішекте
сіңіріліп Na-ге айналады. Адамның
йодқа қажеттілігі тәулігіне 100 -150 мкг-ға
тең. Йод
жетіспеушілігінің алдын
алудың бірден бір
жолы йодталған тұзды
асқа қолдану, және
тұзды асымызды дайындап жатқанда емес,
әбден дайын болғанда салу керек. Сонда
ғана йодталған тұз
өзінің қасиетін жоғалтпайды. Йод ұшатын элемент
құрамында йоды бар
кез – келген
тағамның
өзіндік қасиеті жойылмас
үшін оны күн
көзінен ғана емес,
ылғалды жерден де аулақ
сақтау керек. Күнделікті ас мәзіріне мұздатылған теңіз
балығын, теңіз қырыққабатын, қалбырланған балықтарды пайдалану керек.
Одан кейін құрамында йоды
бар дәрумендер немесе
йод таблеткаларын қабылдау арқылы
ағзамыздағы йод жетіспеушілігін толтыра аламыз.
Топырақ пен суда йодтың жетіспеуі, осы
себептен жергілікті тағам өнімдерінде аз болуы ақыл-ой мен
бойдың өсуінің коэффициентінің төмендеуі, гипертиреоз
және қалқан безінің үлкеюі тәрізді
сырқаттардың эпидемиялық түрде тарауына әкелетін йодтың
жетіспеуінің себебі болып табылады. Баланың ағзасында
йодтың жетіспеуі кретинизмге
шалдықтыратын психикалық сырқаттарға әкелуі
мүмкін, ал жүкті әйелдерде түсік тастау, баланың
өлі тууы, нәрестеде түрлі ауытқулардың болуы,
перинатальды өлім жағдайларының көбеюіне әкеледі.
Соңғы жылдарда әлемнің
әртүрлі елдерінде өткізілген зерттеулер арнайы
психиметриялық тестердің көмегімен анықталатын
интеллект коэффициентін (IQ) аталатын ақыл-ой дамуының орташа
көрсеткіші йод жетіспеу проблемасы жоқ аймақтарға
қарағанда, йодтың жетіспеуі жеңіл және орташа
деңгейде тұрған аймақтардың өзінде
15%-20%-ға төмен екенін көрсетті. Демек, йод жетіспеуі
мәселесінің маңыздылығы одан туындайтын зардаптар ауырлығымен
айқындалады. Бұл зардаптар халықтың, әсіресе,
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына көп
әсерін тигізеді. Бұл проблема халық еңбегі
өнімділігінің төмендеуінен (есте сақтау
қабілетінің нашарлауы, интеллект коэффициентінің
төмендеуі, инфекцияға қарсы күресу
механизмдерінің әлсіреуі және т.б.) және
мүгедектер, әсіресе, бала кезінен мүгедек болған
адамдар санының көрініс табатын маңызды
әлеуметтік-медициналық және экономикалық маңызы
мынада: бүкіл ұлттық интеллектуалдық білім және
кәсіптік потенциалын айтарлықтай жоғалтуда.
Йодтың жетіспеуінен ең айқын
сипаты- эндемиялық жемсау. «Эндемиялық » деген термин «белгілі
аймаққа тән» деген мағынаны білдіреді. Бұрындары
эндемиялық жемсау таулы
және тау маңындағы жерлерде, өзен
аңғарларында кездеседі деп
есептеген. Өкінішке орай, ол
бұдан гөрі кең
тараған және ол өзен аңғарларында ғана
ұшырамайды. Сондықтан «эндемиялық жемсау» термині йодтың жетіспеуінен
туындаған түрлі ауытқулардың жеке көрінісі ретінде көп ретте «диффуздық
токсикологиялық емес жемсау» (ДТЕЖ) деген терминге ауыстырыла бастады.
Йодтың жетіспеушілігінен туындаған ауытқулардың тарауына
және эндемия шекарасының кеңеюіне әсер ететін соңғы жылдардағы экологиялық ахуал мен
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлай
түскендігін ескерсек, бұл мағлұматтар нақтылауды
талап етеді.
Йодтың жетіспеуі және
йодтың жетіспеуінен туындайтын сырқаттар (ЙЖТС)-қазіргі
денсаулық сақтау мен тамақтанудың ең маңызды
әлеуметтік-медициналық мәселелерінің бірі.
Кесте-1
Жамбыл облысы бойынша 2011-2014 жылдардағы
йодтапшылықтың
динамикасы
|
|
2011ж |
2012ж |
2014ж |
|
|||
|
Абс. саны |
100 мың
адамға шаққанда |
Абс. саны |
100 мың
адамға шаққанда |
Абс. саны |
100 мың
адамға шаққанда |
|
|
|
Жамбыл облысы |
26850 |
2650,5 |
28073 |
2729,9 |
20170 |
1932,9 |
|
Соңғы жылдарда йодтық жетіспеу
жағдайының (ЙЖЖ) дамуына республика халқының
тамақтану сипатының біршама өзгеруі кері әсерін
тигізді. Ауылдық жерлер мен шағын қалалар
тұрғындарының тағамына жергілікті, соның ішінде
үй маңында өсірілген тағам өнімдері көп.
Йод жетіспейтін жерде өсірілген бұл өнімдерде йод аз болады. Сондықтан сол
аймақтың адамдары арасында йодтапшылық симптомдары білініп,
эндемиялық жемсау ауруына
шалдығады.
Йодтың жетіспеушілігін жою қатаң
тәртіпті талап ететін жүйе, сол себептен оны тиімді жүзеге асыру үшін механизмі бар тиісті
заң қажет. Осыған байланысты Тағамтану институты
ҚР Денсаулық сақтау агенттігімен біріге отырып, 1999 жылы
Қазақстан Үкіметінің қарауына
ұсынылған Қаулы мен Ұлттық бағдарлама
жобасын дайындады. Мұнда йодтың жетіспеу жағдайын жою
және оның алдын алу жөніндегі ұзақ мерзімді
және тиімді шараларды ұйымдастыруға бағытталған
мәселелерді қою және осы жұмыстарды іске асыру
көзделген.
Дүниежүзілік қауымдастық йодтың жетіспеушілігінен
туындаған ауытқулармен күресуде ең басты
әдіс-тағам өнімдерін қайта өңдеуде
және шығаруда, көпшілік тамақтанатын орындарда,
үй шаруашылығында-барлық жерлерде йодталған тұз пайдалану, сондай-ақ оның ауылшаруашылығы
малдарының жеміне қосу деп есептейді. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау қоғамы сарапшыларының пікірінше-
йодтың жетіспеуі ақыл-ес кемдігінің ең көп
тараған формасы болып табылады. Йодталған тұзды үнемі
пайдалану арқылы бұл сырқаттың алдын алуға
болады. Йодталған тұзды күн сайын пайдаланудың
тиімділігін B.S. Hetzel, C.S.Pandav (1994) көрсетіп берді: зоб бойынша эндемиялық
аудандардың йодталған тұзда үнемі пайдаланғанда,
мәдени және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі
жоғарылаған. Мәселен, Солтүстік
Қытайдағы
«ақымақтар деревнясы» атанған Tixian деревнясында 1978
жылы тұзды йодтау бағдарламасы іске асырыла бастады. 1983
жылға қарай деревняның өмір сүру деңгейі
айтарлықтай жақсара түскен. Арнайы тестер
оқушылардың ақыл-ойының дамығанын көрсетті,
ал бұл деревнядан шыққан бозбалалар әскерге алына
бастады.
Йод жетіспеуінің жаппай
алдын алу йод жетіспеушілігінің орның толтырудың ең
тиімді және үнемді әдісі болып табылады және йод
тұздарын (калий йодиді немесе йодадты) ең көп тараған тағам өнімдеріне: ас тұзына, нанға,
суға қосу жолымен іске асырылады. Бұл алдын алу әдісі
сондай-ақ «мылқау әдіс» деп те аталады- тұтынушы йоды
бар тағам өнімін қолданып жүргенін білмеуі де
мүмкін. Йодталған тұз
арқылы йодтың жетіспеуінің алдын алу құны
өте аз сомадан тұрады (күніне 6гр тұз: 6x365=2190 гр,
жылына шамамен 2500 грамм тұз, ал 0,5 кг йодталған тұз 20
теңгеден 25 теңгеге дейін тұрады, демек жылына адам басына
125 теңгеден кетеді) және тұтынушының өзі
төлейді. Сонымен қатар, тұтынушы қосымша шығын
шығармайды. Байытылған тағам
өнімдерімен бірге 100-150
мкг йодты қосымша және үнемі пайдалану йод жетіспеушілігінің
алдын алу басталған сәттен бастап 6-9 ай ішінде йодтың
жетіспеушілігі жеңіл және орташа деңгейде тұрған
аудандарда мектеп жасындағы балалардың қалқан
бездерінің өсуін айтарлықтай (50-60%-ға) және іс
жүзінде төмендетеді.
Йод жетіспеу мәселесінің
маңыздылығы одан туындайтын зардаптар ауырлығымен айкындалады.
Бұл зардаптар халықтың, әсіресе балалар мен
жасөспірімдердің денсаулығына көп
әсерін тигізеді. Бұл проблема халық еңбек өнімділігінің төмендеуінен (есте
сақтау қабілетінің
нашарлауы, интеллектік коэффициентінің төмендеуі, инфекцияга
қарсы күрес механизмдерінің
әлсіреуі және тағы басқа) және мүгедектер,
әcipece бала кезінен мүгедек болған адамдар саныньң өсуінен
көрініс табатын маңызды әлеуметтік-экономикалық
мәселе. Йодтапшылығын
алдын-алудың ең жай және тиімді әдici йодталған
тұзды пайдалану. Йодталған
тұздьң иici, түci, дәмі кәсіби тұздыкіндей
болуы қажет.
Йодты тұз - адам организміндегі йод жетіспеушілігі
науқасын болдырмау үшін йодты калий
қосылған кәдімгі тұз. Йодталған
азық-түлік пен тұзды қолдану ағзаның
қорғаныс қабілетін күшейтуге ықпал етеді,
нәтижесінде еңбек қабілеті
40%-ға көтеріледі, оқушылардың сабақ
оқуының үлгерімі жоғарылайды, күйгелектік азайып,
көңіл-күйі көтеріледі. Йодталған тұзды
қолдану, балалар ақылы мен
дене бітімінің үйлесе
жетілуіне себеп болады.
Сөйтіп, біздің Жамбыл облысы
эндемиялық жемсаудың кең таралған аймағы деп
есептелініп, тұрғындар арасында бұл салада ахуал шиеленісіп
тұрғанын баса айта кеткеніміз жөн. Оған басты себеп –
тау беткейіндегі аймақтардың топырағы мен суларында,
яғни табиғатта йод микроэлементінің тым аз мөлшерде
болып, оның тиісті мөлшерде адам организіміне күнделікті
пайдалынатын тағамдар мен сулар арқылы енбеуі деп ой қозғаған
дұрыс.
Йодтапшылық мәселесі Жамбыл
облысының тұрғындары арасында әлі толық шешімін
тапқан жоқ. Сондықтан тұрғындар арасында
санитарлық-ағарту жұмысын жандандырып, күнделікті тұрмыста жиі пайдалынатын
тұз бен тағамдарда йод қажетті мөлшерде болғанына
ерекше көңіл бөліп отырған жөн. Сонда ғана
біздің облыстың тұрғындары арасында
йодтапшылықтан туындайтын аурулар саны азая түседі де бірте-бірте
энднмиялық жемсау пробемасы
тұрғындар арасында шешіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР