ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ  АРАСЫНДА  ЙОДЖЕТІСПЕУШІЛІКТІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Жанилова А.Т., Сарсеева Г.Б., Мауленкулова А. Қ., Амангельдиева А

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Дүние жүзінің 130–дан астам елінің 1,6 млрд., яғни жер шары халқының 1/3 бөлігі дерлік тұрғындары үшін  йодты аз қолдану салдарынан туған бірқатар йод жетіспеушілік сырқаттарымен ауру қаупі өте жоғары. Топырақ пен суда йодтың жетіспеуі осы себептен жергілікті тағам өнімдерінде аз болуы ақыл-ой мен бойдың өсуінің коэффициентінің төмендеуі гипотиреоз және қалқан безінің үлкеюі тәрізді сырқаттардың эпидемиялық түрде таралуына әкелетін йодтың жетіспеуіні себебі болып отыр. Йодтың жетіспеуі және йодтың жетіспеуінен туындайтын сырқаттар (ЙЖТС) қазіргі денсаулық сақтау мен тамақтанудың  ең маңызды әлеуметтік-медициналық мәселерінің бірі [1,2].

Бұл сырқаттың кең таралып, оның ауыр түрлерінің көрініс табуы йодтың жетіспеуі мәселесіне жаңадан назар аударуға себеп болды. Қазіргі уақытта, зерттеу мәліметтері бойынша, 740 млн. адамның қалқан безі үлкейген (бұл сырқат эндемиялық жемсау деп аталады), ал 45 млн. адамның йод жетіспеуі нәтижесінде ақыл-есі кем, 6 млн.адам кретинизммен ауырады. Дүниежүзіндегі халықтардың 54 пайызын құрайтын, тұрғыны ең көп сегіз елде (Бангладеш, Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Нигерия, пәкістан және Ресей Федерациясы) йодтың жетіспеу проблемасы бар. Йодтың жетіспеуінен туындаған түрлі сырқаты бар адамдардың 72%-ы осы елдерде тұрады [1-2].

Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады, йод жетіспеушілігі аурулараның мәселесін шешу, әсіресе, Қазақстан мемлекеті үшін маңызды. Өйткені, қазіргі таңда біздің елімізде йод жетіспеушілігінің тиімді алдын алу бағдарламасының жоқтығы тұрғылықты халықтың әртүрлі топтарында қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюына әкеліп соқтырып отыр. Мұның ішінде балалар мен бала туу жасындағы әйелдер де бар. 1999-2002 жылдар аралығында М.Е. Зельцер мен Р.Б. Базарбекованың кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізілген зерттеуге 6 және 16 жас аралығындағы 9169 бала, 15-49 жас аралығындағы 951 қыз бала және әйелдер алынды. Зерттеу нәтижсінде қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы 4206 балалар мен жасөспірімде (45,8℅) кездескен[2-3] .

Баланың ағзасында йодтың  жетіспеуі  кретинизмге шалдықтыратын психикалық сырқаттарға әкелуі мүмкін, ол жүкті әйелдерде түсік тастау, баланың  өлі  туылуы нәрестеде  түрлі  ауытқулардың болуы перинатальды өлім жағдайларының көбеюіне әкеледі. Йод жетіспеуі мәселесінің маңыздылығы одан туындайтын  зардаптар ауырлығынан айқындалады. Бұл зардаптар халықтың әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына көп  әсерін тигізеді.

Организмде йодтың барлық мөлшері қалқанша безінде қалатыны белгілі. Қалқанша безде іші шырышқа толы қуыстар бар, шырышты затта организмдегі алмасуды реттейтін тироксин гормоны, ал оның құрамында йод болады.

Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы ұл балаларға қарағанда қыз балаларда көбірек кездеседі екен (45-50℅), эндемиялық жемсау 6-7 жастан басталып пубертаттық жаста барынша жоғары көрсеткішке жетеді.  Эндемиялық жемсау саны балаалр санымен бірге өсіп келеді, УЗИ көрсеткіші бойынша 7 жаста - 15℅, 12 жаста - 25-30℅, балалар осы дертпен ауырса, жасөспірімдер арасында ол 40℅-ға дейін жетеді.

Интеллектуалдық қуат деңгейі жоғары қоғам құрудың медициналық аспектілерінің бір і -адамның танымдық жан қуаттарының саулығына әсер ететін факторларды зерттеу екені барлығымызға аян. Экологиялық жағдайға байланысты осындай маңызды факторлардың бірі – йодтапшылығы болып отыр. Отанымыз Қазақстанның басым бөлігі йодтапшылықты аймаққа жатады, оның ішінде Жамбыл облысы да бар Жамбыл облысы Денсаулықты сақтау басқармасының берген мәліметі бойынша облыста қазіргі уақытта йод жетіспеушілік сырқаттарымен ауратын адамдардың саны жиілеп кетті. 1-кестеде көрсетілгендей 2013 жылы 382,3 адам тіркеуге алынған болса 2014 жылы 379,1, 2015 жылы 575,5 адамға жеткен. Бұл көрсеткіш 100000 адамға шаққанда, облысымыздағы ең жоғарғы көрсеткіш Тараз қаласы, Мойынқұм, Жамбыл аудандары болып табылады. Оған басты себеп Жамбыл облысы аймағындағы фторидтердің мөлшері шектен тыс артық екендігі анықталды. Талас Аса бойыңдағы мөлшерлік шамасы 1,5-6,25 мг/л. Фторидтердің тотығу-тотықсыздану үрдісінен кейін ағза үшін маңызды йод элементін ағзадан ығыстырып шығару мүмкіндігі жоғары. Сонда йодтты дәрі-дәрмекпен қоректік заттарды қанша пайдалансақ та ағзадағы йодтты фторидтердің ығыстырып шығарып жіберуі қазіргі кезде белең алып отырған зоб ауруының көбеюіне негіз болып отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Зельцер М.Е., Базарбекова  Р.Б. Мать и дитя в очаге йодного дефицита.  Алматы, 1999.

2.Зельцер М.Е., Базарбекова  Р.Б. Современные проблемы зобной эндемии в Казахстане // Здоровье и болезнь.  -2005. -№2 (39).  – С. 5-8

3.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы, Алматы, 2005.

4.Сартаева Қ.А. Созылмалы йодтапшылықтың Оңтүстік Қазақстан жас тұрғындарының интеллектіне әсері. м.ғ.к. ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясының авторефераты. Алматы,  2003.