ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУДАНДАРЫНДА ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕМСАУДЫҢ ТАРАЛУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

.

Жанилова А.Т., Сарсеева Г.Б., Асылхан А., Аманбаева К.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Йодтың жетіспеуінен ең айқын сипаты- эндемиялық жемсау. «Эндемиялық» деген термин «белгілі аймаққа тән» деген мағынаны білдіреді. Бұрындары эндемиялық жемсау таулы және тау маңындағы жерлерде, өзен аңғарларында ғана кездеседі деп есептеген. Өкінішке орай, ол бұдан гөрі  кең тараған және ол өзен аңғарларында ғана ұшырамайды. Сондықтан «эндемиялық жемсау» термині йодтың жетіспеуінен туындаған түрлі ауытқулардың жеке көрінісі  ретінде көп ретте «диффуздық токсикологиялық емес жемсау» (ДТЕЖ) деген терминге ауыстырыла бастады.

Йодтың жетіспеушілігінен туындаған ауытқулардың тарауына және эндемия шекарасының кеңеюіне әсер ететін соңғы жылдардағы экологиялық ахуал мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлай түскендігін ескерсек, бұл мағлұматтар нақтылауды талап етеді. Йодтың жетіспеуі және йодтың жетіспеуінен туындайтын сырқаттар (ЙЖТС)-қазіргі денсаулық сақтау мен тамақтанудың  ең маңызды әлеуметтік-медициналық мәселелерінің бірі.

Тағамның негізгі компоненттерінің (белоктар, майлар, мен көмірсулар) жетіспеуімен салыстырғанда, негізінен, сыртқы көзге айқын көріне бермейді. Сондықтан да мұны «жасырын аштық» деп атайды.

 

Жамбыл облысы аудандарындағы 2009-2014т жылдарында  тұрғындар арасында жемсаудың таралуы (100 адамға шаққанда)

 

Аудандардың аты

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

2014ж

Тараз қаласы

393,4

555,4

397,3

615,1

995,0

1204,4

Шу

272,8

224,5

123,6

75,6

287,9

564,9

Байзақ

143,7

92,4

176,3

267,0

345,1

448,6

Жамбыл

56,3

95,5

1093,7

149,1

305,8

374,1

Қордай

64,6

51,3

60,4

815,1

160,0

331,4

Сарысу

109,0

138,5

186,1

159,4

284,5

339,3

Талас

708,9

143,4

222,9

13,4

249,5

460,4

Т.Рысқұлов

805,2

75,2

117,1

93,4

240,5

349,5

Меркі

710,5

101,2

94,3

142,3

126,5

351,7

 Мойынқұм

121,6

152,8

313,9

188,3

349,9

493,9

Жуалы

145,4

152,8

271,8

282,3

304

301,0

Барлығы

184,7

261,6

288,4

279,1

475,5

637,7

 

Эндемикалық зобтың Жамбыл облысы бойынша 2012-2014 жылдар арасында таралуы

Жамбыл

облысы

 

 

Елді

мекендер

Тексерілгендер

Зоб ауруына шалдыққандар, абс./  %

барлығы

ересектер

балалар

мен жас

өспірімдер

барлығы

 

ересектер

 

балалар

мен жас

өспірімдер

2012ж

117

38680

21758

16922

10405 (26,9%)

6716 (30,9%)

3689  (21,8%)

2013ж

145

57932

38119

19813

16903 (29,2%)

12465 (32,7%)

4438 (22,4%)

2014ж

111

34332

23060

11272

10298 (30,0%)

7356 (31,9%)

2942 (26,1%)

 

Жамбыл облысы бойынша 2012-2014 жылдардағы

 йодтапшылықтың динамикасы

 

 

2012ж

2013ж

2014ж

 

Абс. саны

100 мың адамға шаққанда

Абс. саны

100 мың адамға шаққанда

Абс. саны

100 мың адамға шаққанда

 

Жамбыл облысы

26910

2669,6

28073

2724,2

20160

1932,9

 

 

Соңғы жылдарда йодтық жетіспеу жағдайының (ЙЖЖ) дамуына республика халқының тамақтану сипатының біршама өзгеруі кері әсерін тигізді. Ауылдық жерлер мен шағын қалалар тұрғындарының тағамына жергілікті, соның ішінде үй маңында өсірілген тағам өнімдері көп. Йод жетіспейтін жерде өсірілген бұл өнімдерде йод аз болады. Сондықтан сол аймақтың адамдары арасында йодтапшылық симптомдары білініп, эндемиялық жемсау ауруына  шалдығады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Зельцер М.Е., Базарбекова  Р.Б. Мать и дитя в очаге йодного дефицита.  Алматы, 1999.

2.Зельцер М.Е., Базарбекова  Р.Б. Современные проблемы зобной эндемии в Казахстане // Здоровье и болезнь.  -2005. -№2 (39).  – С. 5-8

3.Қанатбаева  А. Гипотиреоз   және   қалқанша   бездің  аутоиммундық   тиреоидиті // «Денсаулық»  журналы, 2009,  №3,  8-бет.

4.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы, Алматы, 2005.