ГИПОТИРЕОЗ АУРУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

.

Сарсеева Г.Б., Жанилова А.Т. Абуова Ұ., Аблаева А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Адамға тәуліктік йодтың мөлшері 0,15-20 мг. Адам ағзасына қажетті йодттың мөлшері үнемі жетіспесе тиреоидтық гормондардың түзілуі бұзылады. Зоб дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодттың тапшылығы аз болған жағдайда қалқанша без фолликулаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әр қарай, миксидема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.

Гипотиреоз деп ағзадағы қалқанша без гормондарының төмендеуін айтады. Оның ішінде йод жетіспеушілігінен туындайтын түріне тоқталсақ, ағзаға йодтың аз мөлшерде түсуі қалқанша бездің қажет гормондарды  бөліп шығаруына кедергі келтіреді, себебі Т3 және Т4 гормондарының химиялық  құрамына йод кіреді. Бастапқы гипотиреоз қалқанша без қызметінің туа біткен ауытқушылығынан, қабынуынан, жұқпалы және аутоиммунды үрдістерден, хирургиялық араласудан, асқынудан, радиоактивті йодпен емдеуден, жайылмалы улы жемсаудан немесе йодтың суда және азық-түлікте жетіспеушілігінен дамиды [5,8].

Йод жетіспеушілігінен туындайтын гипотиреозды ағзаға қажет йодты енгізу арқылы емдейді. Гипотиреоз әйелдерде жиі байқалады, оның себебі қалқанша бездің туа бітті нашар жетілуі, немесе радиоактивті йодпен емдеу зардабы немесе ағза бастан кішірген қабыну үрдісіні  қалдығы соңғы кезде жиі ұшырасатын аутоиммундық процестер. Гипотиреоз аутоиммунды тиреоидит салдарынан дамиды. Аутоиммунды тиреоидит күрделі ауру. Бұл екі кеселдің белгілері көбіне бірдей. Екеуінде де қалқанша бездің қызметінің төмендеуі  мен  сабақтас шағымдар пайда болады.

Дамып келе жатқан дерттің алғашқы белгілері жалпы әлсіздік, айналаға қызықтау. Жүйке жүйесіндегі ауытқулар бас ауруы мен, аяқ – қол сырқырауымен білінеді. Гипотиреоздан зардап тартатын балалар денелік және психикалық дамуда қалыс қалады. Гипотиреозда өзгеріске ұшыраған тері аймақтарын басқанда саусақ ізі қалады. Емделмеген ісік дененің басқа жеріне тарайды. Мұндай ісік шырышты ісік  грек тілінде миксидема деп аталады.

Гипотериоз кезінде барлық ағзаның бұзылыстары мен қызыл қан түйіршіктерінің азаюы байқалады. Сол себептен науқастар айлар, жылдар бойы сырқатын анықтамай дер кезінде емін ала алмай жүреді. Қалқанша безінің бұзылуына көңіл аударатын салдарының бірі-әр түрлі жүрек ауруларының дамуы. Базедов жемсауы (тиреотоксикоз, диффузды токсинді жемсау). Бұл сырқат тиреодты гормондардың шамадан тыс түзілуімен және жемсау экзофтальм (бадырақ көз), сияқты белгілермен сипатталады. Қалқанша без массасы әдетте 150-300 грамға жетеді. Без ұстап көргенде қатты болып, кесіп қарағанда сұрғыл түсті көрінеді.

Диффузды токсинді жемсау көп себепті сырқат. Олардың ішіндегі бастысы нервтік-психикалық бұзылыстар. Тиреотоксикоздың кейбір инфекциялардан (созылмалы баспа тұмау) кейін дамитыны анықталды.

Күнделікті йод ағзаға су, көкеністер, ет тағамдары арқылы түседі. Йод ішекте сіңіріліп Na-ге айналады. Адамның йодқа қажеттілігі тәулігіне 100 -150 мкг-ға тең. Йод жетіспеушілігінің алдын алудың бірден бір жолы йодталған тұзды асқа қолдану, және тұзды асымызды дайындап жатқанда емес, әбден дайын болғанда салу керек. Сонда ғана йодталған тұз өзінің қасиетін жоғалтпайды. Йод ұшатын элемент құрамында йоды бар кез – келген тағамның өзіндік қасиеті жойылмас үшін оны күн көзінен ғана емес, ылғалды жерден де аулақ сақтау керек.

Топырақ пен суда йодтың жетіспеуі, осы себептен жергілікті тағам өнімдерінде аз болуы ақыл-ой мен бойдың өсуінің коэффициентінің төмендеуі, гипотиреоз және қалқан безінің үлкеюі тәрізді сырқаттардың эпидемиялық түрде тарауына әкелетін йодтың жетіспеуінің себебі болып табылады. Соңғы жылдарда әлемнің әртүрлі елдерінде өткізілген зерттеулер арнайы психометриялық тестердің көмегімен анықталатын интеллект коэффициентін (IQ) аталатын ақыл-ой дамуының орташа көрсеткіші йод жетіспеу проблемасы жоқ аймақтарға қарағанда, йодтың жетіспеуі жеңіл және орташа деңгейде тұрған аймақтардың өзінде 20%-25%-ға төмен екенін көрсетті. Демек, йод жетіспеуі мәселесінің маңыздылығы одан туындайтын зардаптар ауырлығымен айқындалады. Бұл зардаптар халықтың, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына көп әсерін тигізеді. Бұл проблема халық еңбегі өнімділігінің төмендеуінен (есте сақтау қабілетінің нашарлауы, интеллект коэффициентінің төмендеуі, инфекцияға қарсы күресу механизмдерінің әлсіреуі және т.б.) және мүгедектер, әсіресе, бала кезінен мүгедек болған адамдар санының көрініс табатын маңызды әлеуметтік-медициналық және экономикалық маңызы мынада: бүкіл ұлттық интеллектуалдық білім және кәсіптік потенциалын айтарлықтай жоғалтуда.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Зельцер М.Е., Базарбекова  Р.Б. Мать и дитя в очаге йодного дефицита.  Алматы, 1999.

2.Зельцер М.Е., Базарбекова  Р.Б. Современные проблемы зобной эндемии в Казахстане // Здоровье и болезнь.  -2005. -№2 (39).  – С. 5-8

3.Қанатбаева  А. Гипотиреоз   және   қалқанша   бездің  аутоиммундық   тиреоидиті // «Денсаулық»  журналы, 2009,  №3, .

4.Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы, Алматы, 2005.