КҮРДЕЛІ ХИМИЯЛЫҚ ҚОСПАЛЫ
ШАҢНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМЫН КЕМІТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІН ББҚ КӨМЕГІМЕН ТҮЗЕТУ
Жанилова А.Т., Сарсеева Г.Б., Мұратқызы Б.,
Осман А.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Табиғи
экологиялық жүйенің үнемі қозғалыста болуын
және атмосфераның жер бетіндегі барша халыққа
ортақ екендігін ескеретін болсақ, Теміртау тау-кен комбинатынан
бөлініп жатқан барлық организмге зиянды ауыр металл
элементтерінің тек қана Балқаш өңірі емес,
бүкіл дүние жүзіне таралып жатқанына көз
жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде ғаламдық
мәселеге айналып отыр.
Бұл
мәселені шешу үшін, яғни Теміртау тау-кен комбинатынан
қоршаған ортаға тиіп жатқан жағымсыз әрі
қауіпті әсерін бәсеңдету, немесе, толығымен жою
үшін мемлекет тарапынан осы мәселеге байланысты экологиялық
бағдарлама құрып, келесідей міндеттерді енгізу қажет:
Біріншіден:
Аталмыш аймақтың экология тарапынан ғаламдық
мәселеге айналып отырғанын ескере отырып, осы мәселеге
себепші комбинаттың қызметін жалпылама талдау және тиісті
шаралар қолдану үшін
мемлекет тарапынан қадағалауды қолға алу;
Екіншіден:
Қандай да бір алдын алу іс-шараларын жасау үшін алдын ала зерттеу
қажет. Ауыр металдардың бұл өңірдегі таралу
жолдарын, қоршаған ортаға тигізіп жатқан әсерін,
сонымен қатар, шығарылып жатқан зияндықтардың
көлемін анықтап біліп алу үшін, аймаққа
және комбинат технологиясына күрделі және мұқият,
толық ғылыми зерттеу жүргізу қажет;
Үшіншіден:
Ғылыми зерттеулер нәтижесін негізге ала отырып, комбинаттан
бөлініп жатқан зиянды заттардың көлемін азайту жолдарын
қарастыру. Комбинаттан шығып жатқан зиянды заттардың
көлемін азайту үшін жаңа технологияларды пайдалану жолдарын
қарастыру. Комбинатта орналасқан, ауыр металдардың
атмосфераға шығарылуының қайнар көзі болып
табылатын алып мұржаларға түтінді атмосфераға іріктеп
шығаратын сүзгі орналастыру жолдарын қарастыру және
орналастыру;
Төртіншіден:
Ашық аспан астына тасталып жатқан өңдеуден өткен
шикізат қалдықтарының үйінділерін қайта
өңдеу жолдарын жетілдіру. Себебі ашық аспан астында
жатқан шикізат қалдықтарының құрамында
қалған аз да болса ауыр металдар жел және тағы
басқа тасымалдаушылардың әсерінен қоршаған ортаға
жайылуы мүмкін. Қайта өңдеу, тіптен,
қалдықсыз өңдеу технологиясы Қытай секілді
ғылыми технологиясы дамыған елдерде аса кең
таралғанының сипаты – біріншіден, босқа орын алып
жатқан қалдықтардан құтылып, бос жерлерді
молайтса, екіншіден, денсаулыққа зиянды заттар көлемінің
көзін түбегейлі жою болса, ал үшіншіден, арзан өнім
санын көбейту болып табылады;
Бесіншіден:
Комбинат тарапынан барлық зарарсыздандыру нұсқаларын
орындағаннан соң, аймақтағы
тұрғындардың денсаулығын қалпына келтіру
бағытында тұрғындарды жаппай медициналық тексерістен
өткізу нәтижесінде тиісті сауықтыру курстарын өткізу
секілді іс-шаралар жүргізу.
Аталған
міндеттерді орындау барысында, бүгінгі таңда елеусіз
қарқындап келе жатқан, денсаулық қатері болып
табылатын ауыр металдар элементтерінің қаупін азайтуға
мүмкіндік аламыз. Әйтсе де, оыс
күнге дейін организмдері улы химиялық қоспалармен әбден
уланған тұрғындардың денсаулығы не болмақ?
Ендеше аталмыш тұрғындардың күрделі химиялық
қоспалы шаңға ешқайда орын ауыстырмай ақ,
төтеп бере алуы үшін қызылша таблеткалары ретіндегі
биологиялық белсенді қоспаларды қолдану жолын
қарастырайық.
Өткізілген тәжірибе барысында 15 дана
егеуқұйрық 3 күндік мерзіммен күрделі
химиялық қоспалы шаңмен уландырылды. Сперматозойдты алу
уақыты шамамен 15 минутты құрады. 14-кестеде Теміртау қ.
(ШРК 50 мг/мл) шаңымен интратрахеальды улануға ұшыраған
тәжірибелік жануарлардың спермограммаларының
көрсеткіштері берілген.
1-кесте – Теміртау
қ. шаңымен уланған тәжірибелік жануарлардың
сперматозоидтарының көлемі (ШРК=50 мг/мл)
|
Топтар |
Белсенді сперматозоидтар % |
Баяу қозғалғыш сперматозоидтар % |
Қозғалмайтын сперматозоидтар % |
Суспензияның көлемі,
1 мл |
|
Бақылау тобы
(n=6) |
35,8±2,45 |
11,6±0,91 |
38,0±1,10 |
27,9±1,17 |
|
Тәжірибелік топ (n=15) |
24,25±2,36** |
23,4±2,59** |
52,38±3,35** |
49,9±2,68** |
|
Ескертпе: **- мәлімдігі p<0,01 жағдайынды бақыланды |
||||
Кестеде
көрсетілгендей, тәжірибелі топтағы қозғалушы
сперматозойдтардың көлемі Теміртау қаласының
полимаеталды шаңының әсері барысында бақылау тобымен
салыстырғанда 35,8±2,45% айқын төмендеген болды 24,25±2,36%
(p<0,01) (тәжірибелік топ.), баяу қозғалғыш
сперматозоидтар саны керісінше тәжірибелік топта 23,4±2,59% (p<0,01)
бақыла тобымен салыстырғанда
11,6±0,91% айқын ұлғайды.
Қозғалмайтын
сперматозоидтардың көлемінің жалпы зерттелуі бойынша
тәжірибелік топта 52,38±3,35% бақылау тобымен салыстырғанда
38,0±11,08% айтарлықтай ұлғайғаны байқалды. 1 мл
суспензияда сперматозоидтардың көлемін санағанда
тәжірибелік топта 49,9±2,68 ус.ед. (p<0,001) жоғарылағаны
байқалып, бақылау тобында 27,9±1,17 көрсетті.
Бейімделу реакцияларының
мәліметтерін сперматозоидтардың морфологиялық
формаларының зерттеуі дәлелдейді.
Теміртау қаласының
шаңы, 70 күн бойы шаңдандыру - жағымсыз
факторлардың мөлшері мен әсер ету мерзімінің
ұзартылуы барысында сперматозоидтардың патологиялық
санының өсуі мен қозғалғыштығының
төмендеуі анықталды, бұл өз кезегінде тәжірибелік
жануарлардың сперматогендік қызметінің бұзылғанын
дәлелдейді.
Биологиялық белсенді
қоспаларды қолдану барысында адам өз организміне туыстас
табиғи қосылыстардың кең кешенін қабылдайды
және олар адам организміне синтетикалық немесе монодәрілік заттарға
қарағанда анағұрлым жұмсағырақ,
жағымды және ұзақ әсер етеді. Олар улы емес,
организммен оңай сіңіріледі, аллергиялық реакциялар мен
қиындықтарды өте сирек тудырады. Сонымен қатар, олар
синтетикалық дәрілік заттарды (химиотерапия) қабылдау
нәтижесінде пайда болатын келеңсіз жағдайлардың алдын
алуға белсенді қатысады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Аладатова А.Г., Метиль Г.Е., Рыбина Г.Е. и др. Медико-биологические значение уровни содержания ртути
в биосредах организма. //
2.Антипанова Н. С., Громова Т.И., Домрачеева В.А. и др. Гигиеническая
содержания ртути в организме работников электрохимического производство
каустической соды. // Гиг. И сан. 2002
3.Алиакпаров М. Е. Медико-экологические проблемы здоровья населения
Центрального Казахстана. // Медицина и
Экология. – 1996. №1 –С. 5-9.
4.Базелюк Л.Т., Кулкыбаев
Г.А., Бекеева С.А. Влияние экологических факторов на здоровье детского
населения // Здравоохранение Казахстана. -1998. - №5-