КҮРДЕЛІ ХИМИЯЛЫҚ ҚОСПАЛЫ
ШАҢНЫҢ ӘСЕРІ БАРЫСЫНДАҒЫ
ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДА ӨТЕТІН РЕАКЦИЯЛАР
Жанилова А.Т., Сарсеева Г.Б., Мауленкулова А.,
Есенәлі А.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Ауыр металлдар
айналадағы ағынды ауыз суларына табиғи жолмен тазаландырылып
жіберілгеннің өзінде сумен бірге, буландырылғанда ауаға
(әсіресе сынап буы) және жер асты суларына барып қосылып
жатыр. Теміртау қаласындағы өнеркәсіптің
шығарып жатқан күрделі химиялыққоспалы
шаңының көлемі мен зияндылығымен салыстырғанда
анағұрлым аз мөлшерде болғанымен, «Дөре зауытынан
шығарылып жатқан ауыр металдар жалпы, жұмыстың бірінші
бөлімінде көрсетіліп өтілген ауыр металдардың жануар,
өсімдік және адам денсаулығына тигізетін зияндылық
әсері, түрлі аурулар, оның ішінде әсіресе адамның
репродуктивті қызметіне әсерін ескеретін болсақ, бұл
көрсеткіштердің өзі аймақтық экологиялық
жағдайына қауіп төндіреді.
Ауаның күрделі химиялық қоспалардан
құралған шаңды құрамы бойынша Теміртау
қаласында 42 жануарға тәжірибе жасалынды. Жүргізілген
тәжірибенің мерзімі 70 күнге созылды. Теміртау
қаласының күрделі химиялық құрамды
шаңмен 38 жануар интратрахеальді уландырылды, тәжірибе мерзімі 3
күн. Аталмыш жануарларға күрделі химиялық
құрамды шаңның әсері барысында жануарлардың
әрекетінің нейрофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау
мақсатында «ашық дала» тесті жүргізілді.
Зертханалық жануарлардың бұлшықет күші мен
дене салмағының көрсеткіштері (граммен) мен Теміртау
қаласының қоспасыз 50 мг\мл (интратрахеальды) дозалы
шаңының әсері барысындағы «ашық дала»
тестінің көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
Зертханалық жануарлардың бұлшық
ет күші мен дене салмағының көрсеткіштері (граммен) мен
Теміртау қаласының қоспасыз 50 мг\мл (интратрахеальді) дозалы
шаңының әсері барысындағы «ашық дала»
тестінің көрсеткіштері
|
Зертханалық жануарлардың топтары |
Дене салмағы (грамм) |
Бұлшық ет күші (грамм) |
Локомоциялар (бірлік) |
Тік тұрып бақылау (минут) |
Груминг (жуыну, бірлік) |
Орталық (бірлік) |
Болюстер (экскремент, бірлік) |
|
Шаңдандырғанға дейін |
210,8±13,2 |
3,9±0,12 |
27,5±6,2 |
5,2±0,9 |
4,3±0,6 |
0,16±0,2 |
0,83±0,16 |
|
Бақылау тобы (n=6) |
220,2±8,2 |
3,1±0,91 |
20,5±2,5 |
3,0±0,3 |
6,5±0,7 |
0,80±0,3 |
0,30±0,10 |
|
2 апта |
|||||||
|
Тәжірибелік топ (n=6) |
221,7±9,8 |
3,2±0,23 |
30,0±5,6 |
6,0±2,5* |
3,8±1,2* |
0,66±0,4 |
0,50±0,22 |
|
Бақылау тобы (n=6) |
232,2±9,25 |
3,3±0,91 |
21,7±2,9 |
3,4±0,9 |
6,1±0,9 |
0,74±0,5 |
0,10±0,10 |
|
4 апта |
|||||||
|
Тәжірибелік топ (n=6) |
174,2±32,5* |
3,1±0,29 |
13,8±3,1 |
1,7±0,4 |
1,2±0,5* |
0 |
0,50±0,34 |
|
Бақылау тобы (n=6) |
270,4±5,6 |
4,8±1,30 |
18,1±3,7 |
1,1±0,4 |
3,4±0,5 |
0,41±0,1 |
0,40±0,10 |
|
6 апта |
|||||||
|
Тәжірибелік топ (n=6) |
245,8±11,3* |
2,9±0,26 |
13,0±2,2 |
0,8±0,5 |
1,0±0,8* |
0,16±0,2 |
0,66±0,21 |
|
Бақылау тобы (n=6) |
311,5±10,3 |
4,4±1,30 |
8,1±1,7 |
0,7±0,1 |
3,3±0,5 |
0,55±0,2 |
0,50±0,10 |
|
8 апта |
|||||||
|
Тәжірибелік топ (n=6) |
216,0±15,6* |
2,8±0,17* |
9,0±4,0* |
1,2±0,7 |
1,2±0,4 |
0,6±0,4 |
0,4±0,24 |
|
Бақылау тобы (n=6) |
330,7±7,7 |
5,0±2,10 |
17,4±3,6 |
0,8±0,1 |
2,4±0,2 |
0,50±0,4 |
0,50±0,10 |
|
Ескертпе: *- p<0,05; **
- p<0,01 Бақылаумен салыстырғанда |
|||||||
Зертханалық жануарларды Теміртау қаласының күрделі
химиялық құрамды шаңының 50 мг\мл
(интратрахеальды) дозалық көлеммен 70 күндік интратрахеальды
уландыру барысында зерттелуші жануарлардың физиологиялық
көрсеткіштерінің келесідей өзгерістері байқалды.
Шаңдандырудың берілген дозасы барысындағы
салмақтық көрсеткішті зерттей отырып, тәжірибелі топта
оның өсімі тәжірибенің 2-аптасында және берілген
көрсеткіштің төмендеуі 4-аптада байқалатынын
көреміз. 6-аптаға қарай салмақ көрсеткіші
бастапқы көрсеткіштерге қарағанда 16,5%-ға
көтеріледі. Тәжірибе соңына қарай салмақ көлемі
төмендеп, шамамен бастапқы көрсеткішке жетеді.
Бақыланушы топта тәжірибенің барлық өткізу
мерзімінде салмақ көлемінің қалыпты көтерілуі
анықталады. Тәжірибенің 4-аптасынан бастап берілген
көрсеткіштің елеулі өзгерісі байқалады, (р<0,01)
тәжірибелі топта бақыланушымен салыстырмалы (кесте 12).
1-кестеге сай тәжірибелі топта тәжірибенің бастапқы
2 аптасында бұлшық ет күшінің төмендеуіне
тенденция байқалады, ол барлық тәжірибенің мерзімі
барысында ескеріледі.
Бақылаудағы топта бұлшық ет күшінің
біртіндеп физиологиялық өсімі байқалды. Салыстырылып
жатқан топтардың бұлшық ет күшінің
көрсеткіштерінің айырмашылығы (p<0,05) мәлім.
Шаңдандырғанға дейін жануарлар жылжымалы жүйке
үрдістерінің жоғары көрсеткішін көрсетті.
Шаңдандыру
сәтінен бастап, тәжірибелік топта жасалған шамамен
барлық «ашық дала» тесттерінің көрсеткіштері
айқын төмендей бастады. Осылай, тәжірибелік
жануарлардың «локомоциясы» тәжірибенің соңына
қарай бақылау тобымен салыстырғанда шамамен 2 есеге азайды.
Тәжірибелі топтың «тік тұрып бақылау» қабілеттері
тәжірибенің екінші жартысында бастапқы көрсеткіштермен
салыстырғанда 4,2 есеге төмендеді.
Осылайша, 50 мг\мл
мөлшеріндегі шаңның әсері барысындағы жалпы улы
көрсеткіштердің мәліметтерін зерттей отырып, тәжірибе
соңына қарай екі топтағы жануарлардың да салмағы
мен бұлшық ет күшінің айтарлықтай азайғанын
көруге болады. Жалпы улы көрсеткіштердің айтарлықтай
айқын өзгерісін азық қоспасын
алмаған тәжірибе аясындағы жануарлар тобында байқалған. «Ашық дала» тестін
жүргізу барысындағы көрсетілген өзгерістер
тәжірибе аясындағы жануарлардың жүйке
жүйесінің күрделі химиялық қоспаның
әсері салдарынан пайда болған интоксикация нәтижесі ретінде
интерпретирлеуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Аладатова А.Г., Метиль Г.Е., Рыбина Г.Е. и др. Медико-биологические значение уровни содержания ртути
в биосредах организма. //
2.Антипанова Н. С., Громова Т.И., Домрачеева В.А. и др. Гигиеническая
содержания ртути в организме работников электрохимического производство
каустической соды. // Гиг. И сан. 2002
3.Алиакпаров М. Е. Медико-экологические проблемы здоровья населения
Центрального Казахстана. // Медицина и
Экология. – 1996. №1 –С. 5-9.
4.Базелюк Л.Т., Кулкыбаев
Г.А., Бекеева С.А. Влияние экологических факторов на здоровье детского
населения // Здравоохранение Казахстана. -1998. - №5-
.