ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ФОСФОРЛЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНА
СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАБИҒИ ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН
ӘСЕРІ
Жанилова А.Т., Сарсеева Г.Б., Олжабай С., Қалиева
Д.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Қазіргі
жаңа технологиялық өндірісте және ауылшаруашылық
өндірісте табиғат шикізат көзі фосфорлы
өнімдердің қолдануынсыз жүру мүмкін емес.
Бұндай өнімдерге минералды тыңайтқыштар,
(жем-шөптік) азықтық өнімдер, улы химикаттар,
техникалық фосфорлы тұздар және азықтық тұздар
классификациясы, жуғыш заттар, фармацевтикалық заттар т.б. жатады.
Жаңа Жамбыл фосфор заводы әлемдегі ең негізгі ірі фосфор
заводы болып саналды. Бұл заводтар көптеген ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізу барысында, қосымша
құрылыстық жүйелердің салынуы, жаңа
қуатты пештердің құрылуының арқасында
өндіріс жұмысының тұрақталып, жалпы фосфор
өндіру жұмысының қарқынды дамуына үлесін
тигізді.
Қазіргі кезде
Республикадағы балансты гипс қорының жартысынан көбі
облысқа тиесілі. Облыстағы негізгі кәсіпорындары тау кен
қазушы, тау кен өңдеуші, химиялық өндіріс
орындары болды. (АО «Қаратау», ТОО «Қазфосфат», «Минералды
тыңайтқыштар», ОАО «Химпром», НДФЗ филиалы «Қазфосфат»).
Тараз қаласында барлығы 90 кәсіпорын бар. Қазіргі
уақытта Тараз қаласында төрт стационарлы постар жұмыс
істейді.
Тараз қаласы
Талас-Аса өзендерінің аралығында орналасқан. Тараз
қаласының және оның аумағының климаты жылы
қысымен және құрғақ, ыстық жазымен
сипатталады. Бұл жердің климатының континентальдығы мен
құрғақтығы солтүстігі мен
шығысындағы шөлдерге де байланысты. Сонымен қатар,
қала климатының қалыптасуына атмосфера циркуляциясының
да маңызы зор. Тараз қаласында орташа жылдық желдің
жылдамдығы 2,8 м/сек. құрайды. Қаланың ауа
бассейнін негізгі ластаушы көздерге – Жаңа фосфор зауыты «Химпром»,
суперфосфат зауыты, ГРЭС, ЖЭЦ және басқада өнеркәсіп
орындары жатады.
Қала
атмосферасының тазалығы–қазіргі таңда адамзатты
толғандырып отырған аса маңызды мәселелердің
бірі. Бүгінде адамның шаруашылық қызметінің
әсерінен бүкіл биосфераның жағдайы алаңдатарлықтай
өзгеріске ұшырауда. Қаламыздың көшелерінде жасыл
ағаштар отырғызу, өндіріс алаңдарын көгалдандыру,
санитарлық қорғаныш жасыл желек қоршаулар жасау өте
қажетті экологиялық шаралар болып табылады. Мұндай жасыл
аймақтар ластанған ауаның жоғарғы қабатында
таралуына және ластаушы заттар қорының жиналуына
мүмкіндік бермейді, шаң тозаңдар мен аэрозольды
газдардың қалаларға, ауылда жерлерге таралуын
бәсеңдетеді.
Бүгінгі
таңда Тараз қаласының климаты өте
құрғақ және күрт континентальды
өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл облыстың Евразия
материгінің ортасында, мұхиттардан шалғай орналасуымен
түсіндіріледі. Атмосфера циркуляциясының ерекшелігіне байланысты
ауа райы көбінесе ашық немесе аз бұлтты болып жиі ауысады,
сондай-ақ күн жылуымен жақсы қамтамасыз етілген, кейде
ыстық болып келеді. Ауа райының бірден күрт өзгеруі
күн мен түн, қыс пен жаз температурасының бірден
ауысуынан пайда болады.
Облысымыздағы
басты мәселелердің бірі – шайынды сулар болып отыр.
Кәсіпорындарда шайынды сулардың оқшауланған немесе
қарапайым су тазалағыш құралдардың
жоқтығынан, олар тазаланбастан сүзгі алаңдарына
түсуде. Сүзгі алаңына түскен шайынды сулар өзен
жағасындағы елді-мекендер пайдалану нәтижесінде күрделі
экологиялық жағдай туғызып және аймақта
эпидемиологиялық жағдайды күрделендіріп отыр. Осыған
байланысты ішек аурулары көбеюде.
Фосфор – су
көзінің өнімділігін көрсететін басты биогендік элемент
болып табылады. Фосфор қосылыстары барлық тірі организмдерде
кездеседі, жасушалық зат алмасудың энергетикалық процесстерін
реттеп отырады.
Фосфор қосылыстары жер үсті
суларына организмдердің тіршілігі нәтижесінде, өлген су
организмдерінің нәтижесінде, құрамында ортофосфаттар
бар жыныстардың жолымен сумен үгітіліп еруі нәтижесінде, жер
үсті суларының жинақталуы нәтижесінде қосылады.
Жер үсті суларында фосфор қосылыстары мөлшерінің артып
кетуіне әсіресе су көздерінің эвтрофтануын туғызатын
мөлшерге дейін жетуіне алып келетін негізгі факторлардың бірі
адамдардың шаруашылық әрекеті болып табылады. Жер үсті
суларының фосформен ластануына фосфорлы тыңайтқыштарды
кеңінен қолдану, жуғыш заттар ретінде полифосфаттарды,
флотореагенттер, су жұмысартқыш заттарды қолдану әсер
етеді. Фосфордың органикалық және минералдық қосылыстары
тұрмыстық шайынды суларды, тамақ қалдықтарын
биологиялық жолмен өңдегенде, өндіріс шайынды суларын
биологиялық жолмен тазарту нәтижесінде түзіледі. Жамбыл
облысы Қазақстан Республикасындағы жер астындағы
тұщы су қорымен қамтамасыз етілген облыстардың бірі.
Өндіргіш күштердің дамуының қазіргі
кезеңінде су қорын қорғау, сартқылтпай тиімді
пайдалану, оны ластамау, қоғамдық өндірістің
тиімділігін арттырудың ең маңызды жақтарының
бірі. Су қоры ұлттық байлық болып табылады,
сондықтан ол қатаң есепке алынады.
Суперфосфат зауыты
аммофос, трикальций фосфатын, күкірт қышқылын шығарады.
Бұл өнімдерді өндіру кезінде атмосфераға күкіртті
және күкірт ангидриді, қатты заттар, фторлы сутек, аммиак,
күкірттің қос тотығы бөлінеді. Зерттеулер
көрсеткендей 1 тонна трикальций фосфаты өндірілгенде
атмосфераға 21,3 кг фтор қосылады. Осылай ауа бассейнінде фтор
элементінің көптеп жинақталуы өз кезегінде жайылымды,
ашық су көздерін ластайды.
Жамбыл облысы табиғи
ортасын ластаушы көздер
1-кесте
|
№ |
Өндірістік
аймақ |
Ластаушы заттар |
|||||||
|
күкіртті ангидрид |
(окись) көміртегі
тотығы |
азот тотығы (NO2) |
аммиак |
фторлы сутек |
күкіртсутек |
көмірсутек |
фосфорлы ангидрид |
||
|
1 |
(ЖФ ТОО) ЖШС «Казфосфат»
«Минералды тыңайтқыштар» |
0,057 |
0,135 |
28,28 |
56,512 |
5,192 |
- |
- |
- |
|
2 |
ЖШС «Химпром-2030» |
18,622 |
0,872 |
8,8 |
0,071 |
- |
- |
0,082 |
0,7 |
|
3 |
(ЖФ ТОО) ЖШС
«Қазфосфат» (НДФЗ) станция осветление |
1574,93 |
0,099 |
69,853 |
- |
- |
0,0006 |
1,68 |
- |
|
4 |
ЗАО «Жамбылгипс» (гипс
карьері) |
- |
2,5182 |
1,1604 |
- |
- |
- |
- |
- |
Сонымен, өндірісі дамыған
аумақ экологиялық-гигиеналық жағдайы
тұрғындар денсаулығына өте жайсыз, ал
атмосфералық ауасының өндірістік қалдықтармен
ластану деңгейі бойынша денсаулыққа орта күшті
және төтенше дәрежеде қауіпті деп бағаланды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Аладатова А.Г., Метиль Г.Е., Рыбина Г.Е. и др. Медико-биологические значение уровни содержания ртути
в биосредах организма. //
2.Антипанова Н. С., Громова Т.И., Домрачеева В.А. и др. Гигиеническая
содержания ртути в организме работников электрохимического производство
каустической соды. // Гиг. И сан. 2002
3.Алиакпаров М. Е. Медико-экологические проблемы здоровья населения
Центрального Казахстана. // Медицина и
Экология. – 1996. №1 –С. 5-9.
4.Базелюк Л.Т., Кулкыбаев
Г.А., Бекеева С.А. Влияние экологических факторов на здоровье детского
населения // Здравоохранение Казахстана. -1998. - №5-