Пәнаралықтылық
байланыс арқылы оқыту үрдісінде оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Жигитова С.З.,
Абдықадыр М., Әсілбек Б., ТамашаА.
М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті
Ғылыми
әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін бақылау негізінде
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
мәселесі бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
- ғаламшарлық деңгейде экологиялық білім оқушылардың белгілі
бір білім жиынтығын алуға ғана емес, сондай-ақ
табиғатқа бағытталған этикалық нормалар мен
қатынастарды оларды түсіну,
қоршаған ортада экологиялық сауатты жүріс-тұрыс
және өндірістік қызмет үлгілерін дағдыландыру.
Бір пән аралығында бұл міндеттерге қол жеткізу
мүмкін емес.
-
оқыту үрдісінде «қоғам-табиғат-адам» ойының
дамуы жөніндегі диалектикалық заңдылық
пәнаралық байланыс арқылы көрініс табуы тиіс.
Соған
орай, жұмысымыздың негізіне пәнаралықтылық бойынша
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру
идеясы басшылыққа белгіленді [1].
Бүгінгі
таңда экологиялық зардаптардың кең көлемде
таралуы, оның апатқа айналып кету қауіптілігі
қоғам мен адамзат үшін экологиялық мәдениет
мәселесінің көкейкестілігін көрсетеді.
Соған
байланысты экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты-
оқушылардың экологиялық көзқарасын,
табиғатқа деген санасын дамыту болып саналады.
Экологиялық білім әр түрлі
пәндерге жататын дәстүрлі түрде білім, білік және
дағдыларды пайдалануды талап етеді. Қазіргі заманғы экологиялық проблемалардың
мәнін жүйелік талдау құралдарын мен көптеген
пәндердің күш-жігерін біріктіруді талап етеді, бұл
оқушылардың экологиялық білімін көздейді[1,2].
Қазіргі заманғы экологиялық
проблемалардың жүйелік сипаты оларды қарау және
талдауға әр түрлі тәсілдерді талап етеді. Жеке пәндер шегінде қазіргі экологиялық
дағдарыстарды шешу үшін қажетті барлық білімдер,
құндылықтар, қарым-қатынастар, білік және
дағдыларды қамтамасыз ету мүмкін емес. Экология,
экологиялық этика және қазіргі экологиялық
дағдарыстар мәселелері ғылыми-жаратылыстану циклы,
сондай-ақ арнайы ретінде көптеген пәндерде қарастырыла
отырып оқушылардың интелектуаллдық,
адамгершілік, эстетикалық, сезімдік және еңбек дамуын
қозғайтын сапалық өзгерістерін, сонымен қатар
сыртқы табиғи ортамен өзара әрекетінің
көріну деңгейін басшылыққа алумен жасалды.
Жұмыс
барысында оқушылардың экологиялық мәдениетінің
қалыптасуының төмендегідей критерийлері қарастырылды:
-
қоғам мен табиғат арасындағы,
табиғаттағы өзара байланысты, қоршаған
қорғау және оған қамқорлықпен
қарауда оқушылардың экологиялық білімдерді игеру;
-
оқушылардың қоршаған табиғи
ортадағы өзіндік мінез-құлықтары;
-
оқушылардың табиғатты көбейту мен
сақтауға бағытталған іс-шаралары;
-
оқушылардың қopшaғaн ортaғa деген
жaуaпкершiлiк қaрым-қaтынасын көрсeте алyы;
-
оқушылардың тaбиғaтты
қорғaудaғы белсенділік пен оған деген ынталылық
және дербестіктері;
-
оқушылардың табиғатқа және оны
зерттеуге деген қызығушылықтары;
-
оқушылардың табиғатты зерттеу мен оны
қорғаудағы іскерліктері мен дағдысы;
-
оқушылардың
табиғаттың әсемдігі мен оның маңызын түсіну
барысы.
Оқушылардың
экoлoгиялық бiлiмі, экологиялық сезімін, экологиялық сенiмін
және экологиялық сaнaсын құрaйды, ал
қоғамдағы тиімді
экологиялық білім қазіргі экологиялық дағдарыстарды
шешуге жүйелік, пәнаралық және жаһандық
тәсілдерге сәйкес келетін
әр түрлі танымдық және практикалық
қызмет жүйелерінен тұруы тиіс [3].
Тәртіпаралық принципінің
экологиялық біліміндегі
мақсаттылық және қажеттілік табиғат және
адам әлемінің объективті бірлігімен қамтамасыз етіледі.
Әлбетте, әрбір оқу пәні барлығын қамтамасыз
ете алмауы, ал оның құрылымы және мазмұнымен
келісілген дәл осы оқу
пәніне тән жекелеген экологиялық-дүниетанымдық
идеяларды ашуы мүмкін. Сол немесе
басқа пәнге оқыту үдерісінде экологиялық
білімнің бұл жеке міндеттерін шешу жалпы
құрылымға және осы пәннің логикасына
бағынуы тиіс.
Экологиялық
білімде оқушылардың пәнаралық принципін жүзеге
асырудың педагогикалық технологиясын көздейді және
бұл компоненттің процессуалдық құрамы
төмендегідей элементтерден тұрады:
-
оқушылардың экологиялық білімді
оқу-теориялық іс-әрекетінде меңгеруі;
-
экологиялық
сипаттағы пәнаралық байланыстарды мүшелеу және
кезең-кезеңмен пайдалану;
-
қатаң
топтастыруды және жетекші пәнаралық-экологиялық идеялар
негізінде оқу мазмұнын жүйелеу;
-
негізгі экологиялық
идеяларды нақтылау;
-
жаһандық,
өңірлік және жергілікті деңгейдегі фактілер
жүйесінің ғылыми және этикалық
ұғымдарын;
-
пәнаралық
экологиялық тақырыптар мен жобалар жүйесін жоспарлау мен
кезең-кезеңмен жүзеге асыра отыры, іскерліктер
мен дағдыны игерулері;
-
оқушылардың табиғи ортаны қорғау туралы
халықаралық және ұлттық құжаттарды
жүйелік бағалау және талдау әрекеттері;
-
оқушылардың
экологиялық көркем шығармашылық іс-әрекетінде - экологиялық тұтас педагогикалық үрдісте
табиғатқа ғылыми, адамгершілік, эстетикалық және
практикалық бірлік және өзара байланысты қамтамасыз
ететін формаларды, әдістерді мен тәсілдерді пайдалану;
-
оқу-тәрбие
үрдісінде экологиялық білімнің пәнаралық
формаларын кеңінен қолдану (мысалы, іскерлік ойындар,
экологиялық бағыттағы мультимедиялық
құралдарды пайдалану, өңірдің табиғатын
зерттеу және қорғау жорықтары-экспедициялары,
оқушылардың өзіндік ғылыми жұмыстары және
олардың ғылыми-практикалық конференцияларда қатысуы,
өндірістік практика аясында өтетін экологиялық практикум
және т. б.) [1,3].
Осы
мақсатта Дүниетану мeн Aнa тiлi пәндерінде бастама алатыны
белгілі. Сол себепті біз оқыту үрдісінде Дүниетану мен Aнa
тiлi пәндерінің мүмкіндіктерін экологиялық
мәдениетті тұлғаға тән сапаларды
қалыптастыруда пәнаралықтылық үлкен назарда
қарастырдық.
Мәселен,
Aнa тілінде «Күзгі шаруа» тақырыбын өту барысында күз
туралы ақын жазушылардың шығармалары, География пәнінде
«Tабиғат компоненттерінің өзара тығыз байланысы»,
еңбек, сурет пәндері арқылы байланыстыруға болады
[4,5].
Tабиғат
аясында оқушылардың экологиялық-экономикалық
тәрбиелеу құралын таңдауда пәрменді бағытты
таңдау өндірістік-экологиялық мазмұны бар міндеттерді
шешу моделі болуы мүмкін.
Аталған модель экологиялық мазмұны
бар міндеттерге және тәрбиелік-дидактикалық
жағдайға белгілі бір талаптарды жүктейді:
а) мұндай міндеттерді шешу жолында
оқушылар рефлексінде экологиялық білім тапшылығы мен
дағдылары ғана емес, бірақ табиғатты қорғау
қызметінің мәні,
оның қоғамдық мәні көрсетілуі тиіс;
ә) міндеттер келесі жүйелікте қою
орынды, шешім құрылымында шығармашылық
іс-әрекеттің үлес салмағы бірте-бірте өсу керек,
өйткені бұл табиғатты қорғауға
қызығушылықты және экологиялық білім
пәрменділігін арттырады;
б) міндеттердің
тәрбиелік-дамытушылық функциясы оның мазмұнына
ғана емес, барлық дидактикалық жағдайға байланысты,
онда ол экологиялық проблемаға тұлғалық жауапты
көзқарасты оқытушыға қандай шамада ынталандыра
алатыны ұсынылады [4,5].
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. А.
Бейсенова От экологического ликбеза до подготовки специалистов экологов.
Вестник высшей школы Казахстана, 1995, 2
2. Е.С.
Сластенина Экологическое образование в подготовке учителя. М., Педагогика,
2009.
3.
С.Қ. Әбубәкіров Экологиятану І, ІІ, ІІІ томдар. «Тауар».
Алматы, 1998
4. Бейсенова Ә.,
Шілдебаев Ж. Үздіксіз экологиялық білім берудің
қысқаша тұжырымдамасы. //Дүние, №3, 2003, Б. 26-31.
5.
Момынбаев Б.К. Проблемы экологического образования в Казахстане. //Педагогика, №1, Москва, 2002, С. 94-97.