Э.ғ.магистрі Тлеубергенова М.А.,
Биімбет А.
Қазақстан, Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Өңір түсінігі
және оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы
рөлі
Заманауи
экономикалық ғылымда өңірлік экономика білімнің
дербес және маңызды саласы болып табылады. Заманауи
ғылымдағы өңірлік экономиканың орнын екі
өлшемде қарастыруға болады. Бір жағынан, өңірлік
экономика өңірлер туралы ғылымдар жүйесіне енеді.
Екінші жағынан, ол экономикалық ғылымдар жүйесіне
жатады.
Өңірлік
экономикада «аумақ» және «өңір» түсініктерін
ажыратады. «Аумақ» - бұл белгілі ауданымен, географиялық
жағдайымен және басқа да белгілерімен сипатталатын
жердің қатты бетінің шектеулі бөлігі.
Жалпы
мағынада өңір – бұл басқа аумақтардан
бірқатар белгілері бойынша ерекшеленетін және оны
құраушы элементтердің тұтастығын, өзара
байланыстылығын иемденетін белгілі бір аумақ. Өңір – бұл табиғи,
әлеуметтік-экономикалық, ұлттық-мәдени және
басқа жағдайлардың жалпылығын иемденген
аумақтық бөлігі.
Осылайша,
өңір шаруашылық шағын жүйесі ретінде
күрделі құрылым. Өңір термині келесі
мағыналарда қолданылуы мүмкін:
· мемлекеттің
әкімшілік-аумақтық бірлігі;
· әкімшілік-аумақтық бірліктердің
жиынтығын енгізетін экономика-географиялық аудан;
· белгілі құбылыстың немесе олардың
жиынтығының болуымен сипатталатын ұлттық
әлеуметтік-экономикалық кеңістіктің
аумақтық бірлігі.
Өңір анықтамасына әртүрлі
бағыттардың болуы сан алуан жіктелімдерді тудырды. Олардың
арасынан 4 негізгі топты бөлуге болады.
Жіктелімнің бірінші тобы – бұл ішінара белгілері
бойынша бөлінетін қарапайым өңірлер. Өңірлік экономикада мұндай
белгілерге мыналар жатады:
Ø
жалпы өңірлік өнім көлемі;
Ø
экономикалық өсу қарқыны;
Ø
шаруашылықтың аумақтық
құрылымының типі;
Ø
тұрғындар тығыздығының
коэффициенті;
Ø
өңірдің шаруашылық
мамандануының сипаты.
Жіктелімнің
екінші тобы – бұл белгілер жиынтығы негізінде бөлінетін
күрделі өңірлер.
Жіктелімнің
үшінші тобы – өңірлік дамудың өзекті
мәселелерінің бөлінуі негізінде. Мұнда
өңірлердің мынадай типтерін бөлуге болады:
Ø
депрессивті өңірлер – өткен
кезеңдерде дамудың салыстырмалы жоғары қарқынын
бейнелеген;
Ø
стагнацияланған өңірлер – өте
төмен немесе нольдік даму қарқынымен ерекшеленеді;
Ø
пионерлік өңірлер – жаңадан игеру
өңірлері;
Ø
бағдарламалық (жоспарлық)
өңірлер – мақсатты әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламалары таралатын өңірлер.
Жіктелімнің
төртінші тобы өңірдің дербес экономикалық
саясатты іске асыру мүмкіндігі тұрғысынан жүргізіледі.
Өңір және өңірліктің
басқа да терминдерінің түсініктеріне қазіргі
таңда мағына беру, сондай-ақ өңірлердің
қызмет етуімен және әлеуметтік-экономикалық дамуымен
байланысты негізгі теориялық мәселелерді қарастыру үш
аспектіден шығу керектігін ұйғарады:
ü
геосаяси;
ü
құрылымдық-кеңістіктік;
ü
территориялық-қайта өндірістік.
Геосаяси
аспекті белсенді интеграция арқылы белсенді дамуға жәрдем
көрсетуді ұйғарады және ол жақын жатқан
мемлекеттердің белгілі бір территориялық бірліктеріне тән.
Еуропада, Азияда және Латын Америкасында ортақ нарық
құрған мемлекеттер одақтары құрылған.
Одаққа кіретін мемлекеттердің тек қана бейнелі
түрде шекарасы сақталып, еуропалық мемлекеттердің
жаңа экономикалық интеграциясы пайда болды. Ортақ
нарығы, валютасы, шаруашылық ережелері барбіртұтас
экономикалық алаң құрылды.
Құрылымдық-кеңістіктік
көзқарас еңбекті территориялық бөлу процестерін
экономикалық-географиялық түсінумен және территорияны
аудандандыру (кеңістіктік
құрылым) жүйесін құру немесе анықтау
керектігімен байланысты. Бұл ерекше біліктілік белгілері бар
әртүрлі таксондарды, яғни территориялық бірліктерді
бөліп көрсетуді ұйғарады.
Территориялық-қайта
өндірістік көзқарас қоғамды территориялық
ұйымдастыру концепциясынан шығады. Қоғамды
территориялық ұйымдастыру ұғымы сөздің кең
мағынасында еңбекті территориялы бөлумен, өндірістік
күштерді орналастырумен, өндірістік
қарым-қатынастардағы өңірлік
айырмашылықтармен, адамдарды орналастырумен, қоғам мен
табиғаттың өзара байланысымен және де
өңіртық әлеуметтік-экономикалық саясатының
мәселелерімен байланысты барлық сұрақтарды
қамтиды.
Тар
мағынада ол өзінің құрамына мемлекетті
ұйымдастырудың әкімшілік-территориялық категориясын,
мемлекеттік-өңірлік басқаруды және өзін-өзі
басқаруды, территориялық ұйымдастырушылық-шаруашылық
бірлестіктерді құруды, территориялық басқару
объектілерін анықтауды, әлеуметтік-экономикалық
өңірлікті кіргізеді.
Осылайша,
қоғамды территориялық ұйымдастыру термині
өзінің құрамына тек қана тіршілік әрекетті
ортасының кеңістік ұйымдастырылуын ғана емес,
сондай-ақ қоғамның толықтай «қиығын»
және де ол қоғамның сәйкес алдын-ала анықталып
пайда болған територияларға, яғни
өңіртарғдың экономикалық, саяси, әлеуметтік
және демографиялық жағдайын қарастырумен байланысты.
Мәні бойынша, қоғамды территориялық ұйымдастыру –
бұл өздерінің өмір сүру шарттарының
қайта өндірілуінжүзеге асыратын адамдық
қоғамдастықтарды кеңістіктік ұйымдасуы. Бұл
ұйымның ұяшықтары ерекше табиғи-ресурстық,
әлеуметтік-экономикалық және өздерінің биліктік және
басқарушылық жүйеастылары
бар қоғамдық-саяси жиынтықтар, мемлекеттің
бейнесін толықтай қайталамайтын, өңіртар болып
табылады. Әрбір мемлекет жеке-жеке әлемдік
қоғамдастықтың белгілі бір аймағы ретінде
әлемдік шаруашылықтың бөлігі болып ұсынылады.
Индустриялық-инновациялық
дамуға деген өңірлік көзқарас
салалыққа қарағанда артық көрінеді,
өйткені ол материалды-заттық, ұйымдастырушылық,
рухани-адамгершіліктік, гуманитарлық бірігуге негізделеді, бұл
бірігулерсіз дамудың процестері мен нәтижелері туралы талдау
қиынға соғады.
Құрылымдық-өңірлік
сала әкімшілік-қаржылық, шаруашылықтық, ішкі
және өңіраралық қарым-қатынас субъектілерімен,
яғни ақпараттық бірліктермен көрсетілуі мүмкін.
Ал бұл, өз кезегінде, өндірістік күштердің тиімді
бөлінуін, өндірістің территориялық ұйымдасуын және
мемлекеттің нарықтық экономика көшу кезіндегі меншіктің әртүрлі
формаларының пайда болуын қоса өңірлік дамудың
айқын процестерінің салалық құрылымының
дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өңірлік
деңгейде мүліктік қатынастарды реттеу, жеке түрде, ол
халықтың еңбек қабілеттерін жоғарлатуының
эффектілігі және нақты осы территориядағы өмір сүру әл-ауқат
деңгейі мен ақша-табыс құралдары арасында байланысты
сақтау арқылы қызығушылықты ынталандырудан
тұрады.
Өңірлік
саясат түсінігінің негізгі жүйесінде өңірлік
мүдделері туралы түсінік және оның басқа
қызығушылық топтарымен өзара байланысы жатыр.
Өңірлік мүдде ретінде, біріншіден,
тұрғындардың материалдық және рухани
мүдделерінің қанағаттануы түсіндіріледі.
Бұл анықтама өңірлердің барлық
дәрежесі үшін әділ.
Мемлекеттік
және өңірлік мүдделердің өзара байланысуы
кезінде біріншілердің айтушысы ретінде орталық басқару
органдары алға шығады, ал екіншілерінде қаншалықты
жергілікті басқару органдары болса, соншалықты
тұрғындар алға шығады. Бұдан көріп
отырғанымыздай, барлық аталған субъектілердің –
өңірлік саясатқа қатысушылардың – мүдделері
қарама-қайшы болып келеді. Келесідей
қарама-қайшылықтың топтарын көруге болады:
ü
әртүрлі өңірлердің
мүдделері арасында, яғни олардың өзара тауар
өндірушілері ретінде, мемлекеттік және жеке инвестицияларды
орналастыру объектісі ретінде бәсекелесуі, сондай-ақ басқа да
өңірлік саясаттың көрінуі;
ü
өңірлер мен ірі өндіріс
құралдарының иелерінің мүдделері арасында
(соңғылары бір кездері ай өңіртың
мүддесіндегі өндірісті орналастыруға икемсіз, ал басқасында
– өңір мүдделі емес жаңа өндірісті
орналастыруға мүдделі немесе бар өндірісті бөлшектеуді
қаламайды);
ü
жеке меншікті, биліктік міндеттерді, салықтық
және кедендік алымдардан түскен түсімдерді және т.б.
бөліп тарату кезіндегі мемлекет пен кейбір аудандардың
мүдделері арасында;
ü
мемлекеттік өндірістік объектілерді орналастыру
және кейбір аудандардың табиғи ортасының
экологиялық жағдайының арасында. Өңір
табиғатты пайдаланушы субъект ретінде өндіру көлеміне
және ресурстарды өңдеуге және оның
концепцияларына экологиялық шектеулер (немесе тіпті тыйым салу)
қоюға мүдделі болуы мүмкін.
Бұған,
сондай-ақ, ірі меншік иелері арасындағы және
әртүрлі арнайы топтар арасындағы қарама-қайшылықты қосуға болады,
бірақ бұл қарама-қайшылықтар өңірлік
саясат шеңберінен шығып кетеді.
Қазіргі
замаңғы кезеңде өңірлік деңгейдегі
мүдделердің қарама-қайшылықтануы ертеректе
кеңестік ғылым тек қана жалпы халықтық,
ұжымдық және жеке мүдделерді қарастыруына
сәйкес бір дәрежеге тереңдей түседі.
Өңірлік (территориялық) мүдде мемлекеттік,
корпоративтік (топтық) және жеке мүдделердің
комбинациясы ретінде қарастырылған.
Әрине,
әртүрлі салалардың дамуына деген өңіртың
мүдделілігі бірдей емес. Жекеше, өңірлер мемлекетке
қарағанда қоршаған ортаны қорғауға,
өз аймағында дамыған әлеуметтік
инфрақұрылымды құруға және т.б. деген
үлкен мөлшерде мүделілігін танытады. Өңірлік
мүдделер құрылымы екі бөлікке бөлініп
қарастырылуы мүмкін: тікелей және жанама. Тікелей
құраушысы өз құрамына өңірдің
қажеттілігін бейнелейтін компоненттерді қосады:
тұрғындардың өмір сүру шарттарының
оптималдылығын қамтамасыз ету, халық қолданатын тауарларына
деген қажеттілікті қанағаттандыру, қолайлы
экологиялық жағдайды құру, әлеуметтік
инфрақұрылымның қамсыздандырылған деңгейін
жоғарылату. Жанама құраушысы өз құрамына
өңір құрамына жүйеасты ретінде кіретін
жоғары деңгейдегі жүйелердің қажеттілігін бейнелейтін
компоненттерді қосады.
Өңір
мүддесінің құрылымында мынадай екі жақты
бөліп қарастыруға болады. Біреуі (заттық) –
кәсіпорындар мен мекемелер әрекетінің нәтижесі,
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
объектілері, табиғи орта ресурстарын қолдану және т.б.,
басқасы (әлеуметтік-экономикалық) – материалдық
және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және
тұтынудағы қоғамдық қарым-қатынастар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Региональная
политика Республики Казахстан : экономический механизм реализации/
М.Б.Кенжегузин. - Алматы: Ин-т экономики, 1998.
2.
Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М.
Аймақтық экономика. Оқу құралы. – Алматы, 2014
3.
Бекенова
Г.Ы. Аймақтар экономикасы. Оқу құралы. – Алматы, 2010.
4.
Нурланова
Н.К. Региональная парадигма устойчивого развития Казахстана: проблемы теории и
практики. Монография / Н.К.Нурланова. - Алматы: Институт экономики КН МОН РК,
2010.