э.ғ.к. Д.А. Тлеужанова, 3 курс
студенті Ш.М.Мәткерім
С.Сейфуллин атындағы
ҚАТУ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы
салық жүйесінің даму ерекшеліктері
Бюджет кірістерін
қалыптастыруда салықтар басым роль атқарады. Қазақстан
Республикасының салық жүйесі ҚР Президентінің
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық
жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына
қолданылып келген салықтар мен алымдар санының
қысқартылуы, салық салу принциптерінің
дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі,
халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі,
салықтардың нысанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен
қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен
тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің
жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі
басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Салық жүйесі - бұл мемлекет бекіткен
және орталықтандырылған, жалпымемлекеттік қаржы
ресурстар қорын құру мақсатымен алынатын салықтар
мен басқа да міндетті төлемдердің,сондай-ақ
олардың алу
тәсілдерінің,әдістерінің,принциптерінің
және салық органдарының қызметтерінің
жиынтығы болып табылады. Әрине мемлекттің нарықтық
экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында
салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы
мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында
қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың
енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін
көрсетеді. Қазақстан
Республикасында салық жүйесінің қалыптасу
кезеңдеріне сипаттама беруді төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 1 –
ҚР салық жүйесінің даму кезеңдері
|
1Өткен кезеңі (1991-1994ж) |
2Қалыптасу
кезеңі (1995-1998ж) |
3Даму кезеңі (1999-2001ж) |
4Жүйелендіру
кезеңі (2002-2008ж) |
5Өрлеу кезеңі (2009-..) |
|
Салықтар жалпымем- кеттік(11) жалпыға бірдей міндетті жергілікті
салықтар мен алымдар(10) жергілікті салықтар мен алымдар(17)
болып бөлінеді. |
Салықтар
жалпымем-лекеттік(5) жергілікті салықтар мен алымдар(6) болып
бөлінеді. (Барлық
салықтар саны 11дейін қысқартыл-ды.) |
Салықтардың
жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуі алынып
тасталды.Салықтар алымдар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер деп аталды.Олар-дың саны 11-ден
17-ге дейін жеткізілді.Әлеуметтік салық және алымның
түрлері енгізілді. |
Салықтар және
бюджетке төленетін басқа да міндетті түрлері
бөлінді.Салық (9),алымдар (13)түрлі,тө-лемақылар(9)
түрлі,мемле-кеттік баж кеден төлемдері.Са-лық кодексі
қабылданды. |
Салықтар және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
мынадай түрлері бөлінді.Салық (13) алымдар(16)
төлемақы (10)түрлі, мемлекеттік баж кеден
төлемдері Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. |
|
Ескерту - [1, 12 б.]
мәліметтері негізінде құрастырылған. |
||||
Бүгінгі күні республикада салық
заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескеріліп, әрі
жетілдіріліп даму үстінде.Әрине, салық
заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар
болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық
қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол
жаңа даму сатысына көшкен сайын салық
заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай
өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі
де заңды. Салық жүйесіне үнемі енгізіліп отыратын
өзгерістер салықтық түсімдер жағдайына
қаншалықты деңгейде әсер еткенін бағалау
үшін, салықтардың түсу динамикасына талдау
жасаған жөн. (кесте 2)
Кесте 2 -
Қазақстан Республикасының салықтық
түсімдерінің динамикасы, млрд. тг
|
Атауы |
Жылдар |
Ауытқу |
|||
|
2013 ж |
2014 ж |
2015 ж |
2014 ж |
2015 ж |
|
|
Салықтық түсімдері |
4779,0 |
5115,7 |
4883,9 |
336,7 |
-231,8 |
|
КТС |
1032,7 |
1169,7 |
1224,6 |
137 |
54,9 |
|
ЖТС |
492,9 |
552,3 |
598,8 |
59,4 |
46,5 |
|
Әлеуметтік салық |
380,5 |
427,9 |
464,7 |
47,4 |
36,8 |
|
Мүлік салығы |
142,4 |
173,1 |
208,9 |
30,7 |
35,8 |
|
Жер салығы |
14,15 |
14,3 |
8,7 |
0,15 |
-5,6 |
|
Бірыңғай жер салығы |
0,8 |
0,8 |
0,8 |
0 |
0 |
|
Көлік салығы |
36,0 |
38,8 |
42,3 |
2,8 |
3,5 |
|
ҚҚС |
1327,6 |
1198,2 |
771,9 |
-129,4 |
-426,3 |
|
Акциз |
103,6 |
147,1 |
161,1 |
43,5 |
14 |
|
Ойын бизнес салығы |
6, 4 |
7,6 |
9,2 |
1,2 |
1,6 |
|
Тіркелген салық |
1,3 |
1,3 |
1,3 |
0 |
0 |
|
Жер қойнауын пайдаланушылар |
328,1 |
295,31 |
462,9 |
-32,79 |
167,59 |
|
Ескерту- ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер Комитетінің мәліметтері негізінде
құрастырылған |
|||||
Үш
жылдық көрсеткіш негізінде мемлекеттік бюджет динамикасын
есептедім.Салықтық түсімнің ауытқуы 2014 жылы
107,05% құрады.Ал, 2015 жылы бұл көрсеткіш 95,47%
жинап,өткен жолмен салыстырғанда төмендеді.КТС бойынша 2014ж
113,26%,2015 жылы 104,70% жинап өткен жылмен салыстырғанда
төмендеді.ЖТС бойынша 2014 жылы
112,03% құрады,ал 2015 жылы
108,42% жинап
алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеді.Әлеуметтік
салық бойынша 2014 жылы 112,49% жинады,ал 2015 жылы 108,57%
жетіп,төмендеді.Мүлік салығы бойыша ауытқу 121,56%
құраса,2015 жылы 120,69% жетіп,төмендеді.Жер салығы
бойынша 2014 жылы 101,01% жинаса,2015 жылы 60,67% құрап,біршама төмендеді.Бірыңғай
жер салығы бойынша 2014 жылы 105,61%
жинап,2015 жылы 93,99% жинап,төмендеді.Көлік салығы
бойынша 2014 жылғы ауытқу 106,84% көрсетсе,2015 жылы
бұл көрсеткіш 108,84% құрады,яғни өткен
жылғыға қарағанда жоғарылады.ҚҚС
бойынша 2014 жылғы көрсеткіш 90,25% болса,2015 жылы 64,43% құрап,төмендеді.Акциз
салығы бойынша 2014 жылғы ауытқу 101,88% –ға жетсе,2015
жылы 109,53% жинап,төмендеді.Ойын
бизнес салығы бойынша 2014 жылғы көрсеткіш 119,00% жетті,ал 2015 жылы 121,49% –ға
жетіп,жоғарылады.Тіркелген салық бойынша 2014 жылы 95,59% құрады,ал 2015 жылы 103,79 % жинап,жоғарылады.Жер
қойнауын пайдаланушылар салығы бойынша 2014 жылы 90,02% құрады,ал 2015 жылы бұл
көрсеткіш 156,81% –ға жетіп,алдыңғы жылмен салыстырғанда
біршама жоғарылаған [2].
Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген
өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер
келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл
ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге
алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға
мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің
жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін
тигізеді.Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына
сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді
шешуге басты назар аударылған.Біріншіден, барлық шаруашылық
субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.
Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге
берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін
жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі
барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң
мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық
заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз
ету.
Қазақстанда салық
жүйесінің дамуына маңызды және бірден-бір керегі
салықтардың экономикалық рөлін және мемлекетте
бюджетті қалыптастыру рөлін түсіну болып табылады.
Бүгінгі таңдағы салық жүйесінің ерекшеліктері
мынадай: біріккен негізде құралған, Қаржы
Министрлігінің бақылауында, барлық салық
төлеушілерге бірдей талаптар қояды, барлық субьектілер бірдей
стартты жайлылық құрады, салық төленгенін
нақты қарайды, салық төлеудің
заңнамалық жағдайы қамтамасыз етілген. Ал осы
салық жүйесінің жағымды жақтары ретінде мыналарды
ескеруге болады: салық төлеудің бірыңғай
жақтары, нарық жағдайында төтеп беру, әлемдік
стандартқа барынша жақындауы, экономикалық өсуді
ынталандыру[3].
Салық
жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында қосылған
құн салығының орнына сатудан түсетін
салықты енгізуді, салық режимдерін үш деңгейге дейін
оңтайландыруды, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды,
сондай-ақ салық саласының ашықтығы мен
салықтық әкімшілендіру тиімділігін арттыруды көздейтін
өзгерістер қарастырылды.
Жер салығы бойынша елді мекеннің санаты және әкімшілік-аумақтық
бірліктің шекаралары өзгерген кезде жеке тұлғалардан
жер салығын есептеу және төлеу тәртібі
нақтыланды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жер
салығын және мүлік салығын есептеудi салық
органдары есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1
шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi, бұл ретте бюджетке
салықтардың төленуі есепті салықтық
кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, яғни
салықтық кезең аяқталғаннан кейін жүргiзіледi.
Осыған байланысты, салықтық кезең ішінде иелер
өзгерген жағдайда салықтардың қайта есептеуін
қажеттілігі алынып тасталады. Бұл ретте, тиісінше, 2017 жылы
жергілікті бюджетке аталған салықтардың түсімі
төмендейді деп күтілуде. Жеке тұлғалардың
мүлік салығын салу объектісінен аяқталмаған
құрылыс объектілері алып тасталды. Корпоративті табыс салығы
бойынша ауыл шаруашылығы өнімін, омарта шаруашылығы
өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)
өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді
қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті
жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы
өнімін, омарта шаруашылығы өнімін, акваөсіру
(балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды
тұлғаларға осы бапта белгіленген бағыттар бойынша
берілген бюджеттік субсидиялар танылады, демек осындай субсиялар
түріндегі табыстар 10 % ставкамен салықтандырылуға
жатады. Акциздер бойынша 2014 жылдан
бастап күшті алкогольды өнімдерге акциздер ставкасын екі есеге
ұлғайтып, 100 %-дық спирттың литры үшін 1000
теңгеге дейін, 2016 жылға дейін 1600 теңге деңгейіне
дейін жеткізу, ал темекі өнімдеріне (фильтрлы және фильтрсыз) 1000
данасы үшін 3000 теңгеге дейін ұлғайту және 2016
жылға дейін 5000 теңге деңгейіне дейін жеткізу жеткізу
қарастырылған [4].
Жоғарыда
айтылғандарды қорыта келе, ҚР салық жүйесін одан
әрі жетілдірудің бірден-бір жолдары менің ойымша салық
басқармаларынан тексерісті күшейту.Кемінде тоқсан сайын
тексеріс жүргізіліп тұрғаны дұрыс. Жоғарыда айтылғанда
салық жүйесіне бірде-бір әсер ететін жол бухгалтерлік
және салық есебінің дұрыс жүргізілмегендігі
және салық жүйесін халықаралық стандартқа
сәйкес электронды салық төлеу,салық есебін электронды
тапсыру жүйесін одан әрі дамыту,салық жүесінің
тұрақтылығына қол жеткізудің бірден-бір
жолы.
Сонымен, қазіргі салық
жүйесінің жағымсыз жақтары салық
заңнамасының тұрақсыздығы, заңды
тұлғаларға салық салудың жоғары болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Д.А. Тлеужанова, Г.А
Матайбаева, Г.Е Жолдоякова .Салық
және салық салу пәні.
2. kgd.gov.kz ресми
сайты.
3.
2015 жылға арналған салық мөлшерлемелері
//http://egov.kz/wps/portal
4. Салық жүйесін жетілдіру – уақыт
талабы//http://bnews.kz ресми сайты.