э.ғ.к. Д.А. Тлеужанова, 3 курс студенттері Ж.Мырзай, А.Исркепова

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасының салық саясатының

негізгі даму бағыттары

 

 

Мемлекет экономикасының бірден бір тірегі де, дамуының басты тетігі де – салық. Сондықтан да, өркениетті ел ең алдымен салық саясатын сауатты жүргізуге ұмтылады. Бұл ежелден қалыптасқан қағида болғанымен, қазіргі дағдарыс тұсында дәл осы салық мәселесін түзеп-күзеу аса өзекті болып отыр. Оның үстіне әлемде қаржылық дағдарысқа қатысты шудың да басым жағдайда салық төңірегінде орын алатынына мысал табу қиын емес. Алысқа бармай-ақ, Еуропаның озық елдерінің бірі саналатын Францияның аса ауқаттыларға салықты арттыру туралы бастамасын еске алсақ та жеткілікті.

Өнеркәсібі өрлеген елдердің мемлекеттік бюджетінің 90 пайызы осы салықтан құралады. Сол тұрғыдан алғанда, әлбетте, салық саясаты мемлекеттік экономиканың басты саясатының бірі болып табылады. Қазақстан да өзінің тәуелсіздік тарихында ұтымды салық саясатын ұстануға талпынып келеді.

Салықтар – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы бола отырып, мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан ерекшеленеді. Салықтарды жинау құқығы әрқашан біржақты тәртіпте мемлекетпен белгіленеді және мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады.
         Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып салық саясаты бөлініп шықты. Салық саясаты –мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі.
Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады. Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
         Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады,  яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді
[1].

ҚР–да салық саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.

Экономикалық негізделген салық саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді. Батыс экономистері салық саясатын бөлек алып қарастырмайды және салықтардың іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді.

Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады.

Салық саясатының ел экономикасындағы рөлін бағалау үшін бірқатар талдау деректерін қарастырған жөн. Жалпы салық тық түсімдер көлемі жылдан жылға жоғарылауда  .

 

 

 

 

 

 

Кесте 1 – Негізгі макроэкономикалық индикаторлардағы салықтар рөлі 

Атауы

2013

2014

2015

Жалпы ішкі өнім, млн.тг

 

37 085 327,9

40 754 832,5

40 761 445,1

Кірістер, млн.тг

5 179 459

5 908 849

6 136 968

Салықтық түсім, млн.тг

4 779004

5 115743

4883912

ЖІӨ кірістер үлесі, %

13,9

 

14,5

 

15,1

ЖІӨ салықтық түсімдер үлесі, %

12,9

 

12,5

 

11,9

 

Ескерту- Қазақстан Республикасы Статистика агентінің мәліметтері негізінде құрастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте мәліметтерінде көрсетілген, мемлекеттік бюджет кірісі бойынша 3 жылдың мәліметтері негізге ала отырып, жалпы кірістердің  ең жоғары болуы және ауқымды көтерілуі 2015 жылда көруге болады. Салықтық түсім 3 жыл мәліметтері негізінде ең жоғары болуын 2014 жылда көрініс табады. ЖІӨ 2014 жылы 9,9%-ға жоғарылаған, ал 2015 жылы айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Кірістер бойынша 2014 жылы 14,1%-ға өскен, ал 2015 жылы 3,8%-ға жоғарылаған. Сондай-ақ, мемлекетке түсетін салықтық түсімдер 2014 жылы 4,4%-ға жоғарыласа, 2015 жылы 9,1%-ға төмендеген [2].

Кесте 2 - Мемлекеттік бюджет кірісінің динамикасы, млн тг.

Атауы

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Ауытқу, %

2014 ж.

2015ж.

КІРІСТЕР

 5 179 459

 5 908 849

 6 136 968

114,1

103,8

   Салықтық түсiмдері, оның iшiнде:

4 779004

5 115743

4883912

104,4

90,9

Корпаративтік табыс салығы

 1 032 737

 1 169 667

 1 224 645

113,2

104,7

Қосылған құн салығы

 1 327 650

 1 198 170

  944 438

90,2

78,8

Акциздер

  33 617

  45 674

  60 807

135,8

133,1

   Салықтан тыс түсімдер

  100 724

  131 737

  162 774

130,8

123,5

   Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

  8 972

  7 682

  8 773

85,6

114,2

Трансферттердіңтүсімдері

 1 559 178

 2 103 338

 2 632 496

134,9

125,1

Кестеде келтірілген мемлекеттік бюджет кірісі бойынша 3 жылдың мәліметтері негізге ала отырып, жалпы кірістерді  2014  жылды  2013 жылмен салыстырғанда 14,1% - ға өскен. Ал 2015 жылды 2014 жылмен салыстырғанда 3,8%  - ға өскен. Оның өскенінің себебі салықтық түсімдердің басқа түсімдерге қарағанда үлес салмағының жоғары болуында. Салықтық түсімдердің салықтар түрлері бойынша түсу динамикасын қарастырайық (кесте 3)

 

Кесте 3- Мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдер түсімінің динамикасы

млн тг.

 

Атауы

Жылдар

Ауытқу, %

2013

2014

2015

2014 ж.

2015ж.

Салықтық түсім

4 779004

5 115743

4883912

107

95,4

КТС

1 032 736

1 169 666

1 224 645

113,2

104,7

ЖТС

492 991

552 280

598 806

112

108,2

Әлеуметтік салық

380 477

427 984

464 673

112,4

108,5

Мүлік салығы

142 444

173 154

208 984

121,6

100,6

Жер салығы

14 150

14 299

8 675

101

60,6

Бірыңғай жер салығы

829

876

823

105,6

93,9

Көлік салығы

36 029

38 843

42 277

106,8

108,8

ҚҚС

1 327 649

1 198 169

771 868

90,2

64,4

Акциздер

103 651

147 056

161 068

141,8

109,5

Ойын-бизнес салығы

6 384

7 597

9 230

119

121,4

Тіркелген салық

1 350

1290

1 339

95,5

103,7

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін салық

328 066

295 270

462 994

90

156,8

Халықарылық сауда

880 049

1 054 054

880 063

119,7

83,4

Міндетті төлем

32 151

35 121

43 438

109,2

123,6

Басқа да салықтар

103

74

141

72,4

188

 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, жалпы салықтық түсімдердің ішінде қосылған құн салығы жылдан жылға төмендеген. Бұл негізінен Кеден Одағына енуге байланысты байланысты өзгерістер нәтижесінде болды.  Мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдер түсімінің динамикасы бойынша 3 жылдың мәліметтері негізге ала отырып, салықтық түсімдерді  2014  жылды  2013 жылмен салыстырғанда 7% - ға өскен. Ал 2015 жылды 2014 жылмен салыстырғанда 4,6%  - ға азайған. Оның негізгі себебі салықтық түсімдер ішіндегі жер салығы, бірыңғай жер салығы, қосылған құн салығының 2015жылы төмендеуі [2].

Осы салықтардың төмендеуіне байланысты Қазақстан Үкіметі және тиісті министрліктер мен мекеме­лер бірнеше бағдарламалар әзірлеп, жүзеге асыруда.

Жалпы Салық саясатының мынадай проблемаларына көңіл бөлу қажет:

-  салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыру және жеке шоттарын жүргізу кезінде;

-  салық есептілігін электрондық түрде берген және жеке шоттарға қашықтықтан қатынауды ұйымдастыру кезінде;

-  ҚҚС бойынша электрондық камералдық бақылауды жүзеге асыру кезінде;

-  «Салық аудитін электронды бақылау» (САЭБ) біріктірілген салықтық ақпараттық жүйенің (БСАЖ) мамандандырылған құраушының көмегімен салық тексерулерін жүргізу және тексеру рәсімдерін құжаттандыру кезінде;

-  Жұмыс істемейтін салық төлеушілердің банктік шоттарында ақшалай қорлардың қозғалысы туралы ақпаратты алу жөнінде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істеу кезінде автоматтандырылған өзара іс-әрекеттің болмауы болып табылады;

-  Салықтық әкімшілік жүргізудің ақпараттық жүйелерін қолданудың тиімдщілігіне теріс әсер ететін ақпараттық технологияларды ағымдағы пайдалану кезінде.

         Салық жүйесі өз алдына сала бо­лып қалыптасуы үшін, біршама қиын­дықтарды бастан кешіре отырып, көп­теген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншамаөзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды. Міне, осындай жан-жақты даму мен толықтырудың нәтижесінде еліміздің салық жүйесі жетілдіріліп келеді [3].

Сонымен қатар, Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев ұсынған Бес инсти­тут­тық реформаны жү­зеге асырудағы «100 нақ­­ты қадам» Ұлт Жос­па­ры бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамы­ған мемле­кеттердің отыз­дығына кіруі жөніндегі жоспары болып табылады. Ұлт Жоспары елімізге «2050» Стра­тегиясын жүзеге асыру мен Қазақ­стан мемлекеттілігін ны­ғайтуға, жолдан адас­пау­ға, күрделі кезең­нен сенім­ді өтуге жағдай туғызатын беріктік қо­рын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. Соның ішінде үшінші институттық реформа «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» деп аталады.

Осыған орай, салыққа қатысты бірнеше қадамдар бар, атап айтқанда, 37-қадамда «Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру», 39-қадамда «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақ­стан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады», 42-қадамда «2017 жыл­дың 1 қаң­та­ры­нан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялау­ды кезең-кезеңмен енгізу», 43-қадамда «Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұра­ғатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады», 44-қадамда «Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосылған құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу», 45-қадамда «Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқы­лы қолданыстағы салық режімін оңтай­ландыру» міндеттері күн тәртібіне қойыл­ған. Осы бағытта  Үкіметсіз тындырымды жұмыстар атқаруда.

Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­тың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «Бүгінде біз бюджетке салықтық түсімдердің 20 пайызға дерлік төмендегенін айтып отырмыз. Қосылған құн салығын төлеу көлемі төрттен бірге, ал табысқа корпоративтік салық бойынша 13 пайызға төмендеді. Бұл бар болғаны бизнеске қосымша қысымды білдіретін болады. Бюджет шығындарын Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз алдағы жылдардың қандай боларын білмейміз. Сондықтан менің ұстанымым қағидатты – Ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек. Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық өмір шындығы жағдайында қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тың орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет. Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру қажет – тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай механизм «көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығатын болады» деп атап көрсетті[4].

Қа­зақстан Республикасында салықты мер­зімінде төлеу әрбір азаматтың парызы болуы тиіс, яғни төленген салық арқылы дер кезінде ата-әжелеріміз зейнетақысын, аналарымыз әлеуметтік жәрдемақыларын, мемлекеттік қыз­мет­керлер жала­қысын, ал білім алушылар (студенттер, магистранттар, докторанттар) шәкіртақыларын алатынын ескеруіміз, сонымен қатар, егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өзіндік бір үлес қостық деп есептеуіміз қажет.

Сонымен, қорыта келгенде, біз­дің мақсатымыз – еліміздің салық саяса­тын­дағы жүзеге асырып жатқан іс шара­ларын насихаттау, салық төлеу­шілер­дің арасында «салық мәдениетін» қалып­тастыру, әрбір тұлғаның салық төлеуге деген азаматтық борышын арттыру.

Қазіргі кезеңде ешбір мемлекетте идеалды салық саясаты жоқ, бірақ болашақта елімізде мінсіз, тұрақты салық саясатына қол жеткізуге әбден болады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Тлеужанова Д.А., Жолдоякова Г.Е.,Матайбаева Г.А. Салық және салық салу: Оқулық. –Астана, 2012

2.   Қазақстан Республикасы Статистика агентінің ресми сайты // http://www.stat.gov.kz/

3.    Сейіт Сері,Салық жүйесін жетілдіру – уақыт талабы.2015ж. АСТАНА - http://bnews.kz

4.   Ел­басы ұсынған «Ұлт жоспары - 100 нақ­­ты қадам»// http://100kadam.kz/