Онласинова А.А. аға оқытушы,
Дүйсебайқызы А., магистрант
Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз
қ. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
Қазақстанда лизинг
және лизингтік қатынастардың даму перспективалары
Қазақстандағы лизингтік қатынастарды реттейтін
ең бірінші нормативтік құқықтық акт болып
23 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Үкіметінің Қаулысы болды. Сол қаулыда лизингтік қатынастар
тек агроөнеркәсіптік кешенде ғана бұл
қатынастарды реттеу керек деп баяндалды. Кейін оны қолдану спектрі
кеңейді.
Лизингтік қарым-қатынастардың дамуының келесі
кезеңі ретінде Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексін алуға болады. Онда көрсетілген негізгі
лизингке қатысты түсініктер және оның негізін ашатын
құқықтық ережелерге тоқталып кетейік.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің
Ерекше бөлімінің 29 тарауы «мүлік жалдау» деп аталады.
Мүлік жалдау (аренда) шартына сәйкес жалға беруші тарап
жалға алушы тарапқа мүлікке ақысын төлеп
уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Жалға алушының жалға алған мүлікті
Азаматтық Кодекстің белгіленген жағдайлары мен тәртібі
бойынша иелік етуге құқылы. Лизингте, прокат шарттарыда,
сондай-ақ мүлікке ақы төлеп уақытша иеленуі мен
пайдалануға беруіне байланысты шарттарының өзгеде түрлерін
де мүлікті жалдау шарттарына жатқызады [1].
Жоғарыдан көретінімізге сәйкес лизинг мүлік жалдау
шартына жатады. Ал лизингтік шартқа сәйкес лизингті беруші лизингті
алушының көрсетілген мүлікті сатушыдан меншігіне сатып
алуға және лизингті алушыға осы мүлікті ақы
төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік
мақсатында пайдалануына беруге міндеттенеді [1].
Қазақстандағы экономиканы дамыту,
ғылыми-техникалық прогрессті тездету, қаржылық
құралдардың шектеулі болғандығы себебінен негізгі
фондты жаңарту мақсатында жаңа әдістерді енгізуді талап
етеді. Осындай дәстүрлі емес, бірақ та тиімді
жолдардың бірі болып лизинг табылады. ол өзімен
дәстүрлі инвестициялаудың түрлеріне альтернатива
ретінде көрініс табады[2].
Көптеген компаниялар ойлайды, мемлекетімізде реттеуші органдар өздерінің
кедергілерімен жеке алынған компанияларды ішкі саясатқа пайдасынан гөрі, зиянын көп тигізеді. Батыс елдерінде лизингтік
әрекеттердің мемелекеттік реттеуіштері өздерінің
ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Лизинг банкта өзіндік функцияны атқаратын
болса мысалы (Италия,Франция) мемлекеттік
ұйымдар тек ғана банктегі әрекетті тексеріп ғана
қоймай, сонымен қатар лизингке бақылауды жүргізуді іске
асырады. Ұлыбритания және Германия елдеріндегі банкттер лизингтік
операцияларыдң сол бір бөлігін тексереді,сол бөліктің
идараландырылған структураларымен. Басқа мемлекеттерде лизингтік
әрекеттердің банктік операциялармен салыстырғанда бірталай
жеңілдетілген. Италия, АҚШ, Франция елдеріндегі заңнамада
лизингтік механизмге белгілі бір талаптар қарастырылған.
Ұлыбритания, Германия, Дания,
Нидерланды елдеріндегі лизингтік жағдай
Қазақстандағы жағдаймен ұқсас келетін:
лизингтік әрекет ереже бойынша реттелмейді және шектелмейді [3,46б.]
Тәуелділік бақылау
жақтаушылары мынаны күтуде, нарықты реттеу лизингтік
саланың үлкен
тұрақтылығын
қамтамасыздандыру ,қауіп-қатердің азаюуына,
компанияның табысын сақтау,арам бәсекелестіктің
болмауына, айқын әрекетті саланың дамуын. Нарықты
белгілі бір түрде реттеу қандай жағдай болмасын болады.
Базалық стандарттардың болмауы минималды айқын нарық
қатысушыларын
қамтамасыздандыра алмайды (Әсіресе мынаны еске ала
отырып,ресейлік стандарттар бухгалтерлік есептің толық
күйінде лизингтік операция есебінің ерекшеліктерін көрсете
алмайды). Өз кезегі бойынша төмен нарықтың
айқындылығы, терминдер бойынша айырмашылығы және
есептеудің принциптік көрсеткіштері инвесторлардың
потенциалдық қызығушылықтарын төмендетеді, ал
бұл көлемді тартымды инвестицияларды ғана емес, нарық
қатысушыларының капиталдандыруына да зиянын тигізеді.
ӨРҰ негізгі мақсаты
бастаушылардың негізгі ойлары мыналар болу керек: нарықты реттеу,
көлемге және қатысушылар құрамына бақылау
жасау, солардың арасындағы қарым-қатынасты реттеу,
сонымен қатар салалардың қызығушылықтарын лоббилендіру. ӨРҰ
құрамында тиімді жұмыс жасайтын жұмысшыдан,
біздің көзқарасымыз бойынша анық былай: нарықта
жұмыс талаптарын орнатқан кезде оған қатысушы
жұмысшылардың әрекеттестік және жұмыс істеу жағдайлары
жақсарады. Сол бақылау кезінде
талаптарды орындау барысында нарықта қара ниетті ойыншылар
және қаржылай тұрақсыз компаниялар міндетті түрде
қуылады. Соңғы есеп бойынша
бұлардың барлық салаларына
тұрақтылықтың жоғарылауына жол ашады және де бәсекелестіктің
жақсаруына септігін тигізеді [4,25б.].
Лизингтік сала 2010 жылы аз
мәселе өткермес еді,егер дағдарысқа дейін нормативтік
реттеу болса, реттеуші рөлін бағалау үшін жеткілікті
түрде мынаған қараған жөн, банктік сектормен не
болғанын, сонда ғана қосымша нормативтердің лизингтік
компанияда административтік күштің
көбеюіне әкеледі, және соңғы есеп
бойынша лизингтік тауардың
жоғарлауына әкеледі. Біздің көзқарасымыз бойынша,
Қазақстанда мұндай ұйымдарды құру маңызды болып келеді,
мүмкіндігінше мына келесі мәселелерді шешуге:
-
Секторда төмен ақпараттандыру айқындығы. Нарықтағы
лизинг – қаржы нарығындағы сияқты
толыққанды сегмент, сол сияқты банктік және сақтандыру секторлары да.
Ол оған ұйқасты түрде
мүмкіндігінше бір ортақ өзіндік қаржылық есептемесі болу керек,
нарықтағы терминалогиясы
мен өзгешелігін қосып есептегенде. Ал егерде керісінше жағдай
болған жағдайда біз нарықтан
ешқашан дұрыс әрі толық ақпарат ала алмаймыз.
-
сапасы төмен тәуекел-менеджмент,
саладағы дәстүрлі түрде тұрақсыздықты
жояды. Арнай нормативті әрекеттердегі реттеушілердің
көмегімен лизингтік
компаниялардың тұрақтылығын сақтап
қалуға болады, сонымен қатар секторлардың тұрақтылығын
бақылауға ала отыру арқылы да.
-
нарықта мүшенің болмауы,лизингтік
қоғамдастықтың
салық төлеушілердің шағын тобын
айқындаушы. Біздің көзқарасымыз бойынша секторларға
міндетті түрде лоббист қажет, себебі лизингтік саланың
құпталған демеу ретінде жұмыс істейді.
Реттеуішті құрау –
бұл бір немесе екі жыл
уақытты қажет ететін емес, нарықтағы лизинг бойынша
есептік жылдамдықтың өсуі бойынша осыны талқылау және
осы сұрақты шешу бойынша қазірден қолға алыну
керек.
Бүгінгі таңда елімізде
қазақстандағы нарық лизингі инвестициалық климат және заңдық базалар
жақсы негіз қабылданған: нарық қатысушыларнының
қатынасы мына Мемлекеттік Кодекстің 565 бабымен және
«Қаржылық лизинг туралы» №78 заңымен, кедендік реттеу
және салық салу 191 және 78 баптарымен Кедендік және
Салықтық кодекстерге сәйкес реттелген. Лизингтің
ең бір жақсы артықшылығы банктік стандарттың алдында жеңілдік (преференция) болып
табылады, ол белгілі бір салықтық режимге байланысты жүреді,
лизингтік компанияларды ҚҚС және КТС төлемдерінен
босатады және ол қарызгердің қаржыландыру бағасын
түсіреді.
Бұл
айтылған жеңілдіктер отандық
кедендік заңнамада бекітілген,негізінде, әр жыл сайын
бұл негізделген негізгі қаражатты жаңарту туралы тізім
қабылданған, және бұл баж салығын төлеуден
босататын. Бір жағынан қарағанда егерде лизингтік
мәміле льготтық салықтың режиміне ешқандай зиянын
келтірмейді, сол уақытта Қазақстанның Ресей және Белорусь елдерімен біріккен
кеден одағына түсуі, кедендік рәсімдеу кезінде ешқандай
льготтың болмауы, қазақстандық лизингтік
бірқатар компанияларында
қорқыныш пайда болады, бірегейлендіру тарифтарымен байланысты ТС
қатысушыларының қалуы, солай болған жағдайда
негізгі қаражатқа, біздің еліміздегі төлем
төлемейтін тізімге кіреді.
ҚР
ҚМ Кедендік Комитет Бақылауына біз арнайы сұрақ
жібердік, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысы
2004 жылдың N 475 28 сәуірінен бастап мынаған дайындалуда ма:
«Мүлік туралы тізімді бекіту, көрсетілген лизинг берушілер
қаржылық лизинг жіберу мақсатында қаржылық лизингтің келісілген келісім шарты
бойынша, импорт салықтан босатылып
белгілі қосылған бағасына дейін, белгілі бір
ережелерге байланысты қалыптастырады» ТС ұйымына кірген
жағдайда, ал егер дайындалған жағдайда,нақты
қандайлар. Ал жариялау барысында бұл зерттеу барысында бұл сұраққа
жауап алынған жоқ. Бірақ та біздің пайымдауымыз
бойынша, еліміздегі Үкімет мұндай қадамға бару бармауы
екіталай - жас лизингтік нарықтың тек дамып қана
қоймай, сонымен қатар Қазақстандағы АӨК
үшін стратегиялық маңызды дамуына да,инвестиция арқылы
негізгі капиталға лизингтік қаржылық механизм арқылы
арыстандық бөлікті іске асырады. Егер де елімізде кедендік жеңілдікті алып тастаған
жағдайда ол тиімдірек болар еді,
еліміздегі спецтехниканы болашақта сатуға болар еді,сонымен
қатар ТС аумағында, негізгі техника үшін нөлдік
кедендік тарифтерді сол күйінде қалтырып, Қазақстанның
кәсіпорындарына қажеттенген заттарын қамтамасыздарыруға
болар еді [5,48б.].
Сонымен
қоса біз ойлаймыз, негізгі заттардың тізімі, ТС
аумағындағы шығарылып жатқан жаңа технологиялалы
заттар мен құрал жабдықтарға қарап льготы бар
заттардың тізімнен шығып қалуы мүмкін. Нарық
қатысушыларына агенттік Кеден комитетімен жазысқан
қорытындысын жауап алғаннан кейін хабарлауды көздеп отыр.
Қазақстандағы
лизингтік нарық, біздің көзқарасымыз бойынша
теңгерімсіз болып қалатын сияқты(негізгі мәмілені
мемлекеттік компанияларда атқару керек) және
аяқталмаған күйде(қауіп-қатер баға
методының көзқарасы бойынша). Бірақ та менің
ойымша, нарықтық лизинтің өсу мүмкіндігі бар.
Еліміздегі жақын ара уақытта жаңаруды қажет ететін
(ең оптимальді баға бойынша, 60% пайыздан кем болмау қажет)
негізгі қорлардың
қарапайым жиынтық көлемінің есебі 10,5 трлн.
теңгені құрайды, яғни қазақстандағы
нарық лизингінің негізгі көлемін он есе көтеріп
көрсетуде, сонымен қатар оның жартысынан көп
бөлігін жаңа кәсіпорын құруға
жұмсалады.
Елімізде
лизинг көрсетуге деген сұраныс
біздің көзқарасымыз бойынша жоғары қарай өсетін сияқты, ал
өсудің динамикалық
биіктігі мемелекеттік салалардың жігерлендіруі не ең
соңғы уақытта қажет етпейді. әрине. Сонымен
қатар салықтық және кедендік жеңілдіктер, былтырғы
жылдың соңынан бастап мына бағдарлама бойынша қолдау
тауып отыр, мұны іске асыру үшін АҚ «ФСА» ,«Даму»
қорына 2,0 млрд теңге ақша құйды, өз
кезегінде операторлар ретінде лизингтік
компанияларды АҚ «Лизинг Групп», АҚ «Темірлизинг» и АҚ «БTA
ORIX ЛИЗИНГ» таңдап алынды. Бүгінгі күнде бағдарлама
шеңберіне қарап, 631 млн. теңге қаржысы игерілген,
және бұл біздің көзқарасымыз бойынша бұл
бағдарламаны ары қарай дамыту үшін оның бүкіл
алғышарттары бар. Бірақ КОБ-ті қолдаудың басқа да
түрлері бар, лизингтік механизмнің инвестицияны негізгі
капиталға айналдыруға болатынын. Мысалы, Ресейде сауда және
өнеркәсіп Министрлігі КОБ қолдауына көзделіп отыр,
яғни ел аумағында шығарылған лизинг құралдарымен жабдықтау барысында
аванстық төлемдерді қаржыландыру. Сондықтан бүкіл нарық
қатысушыларын ынталандыру
жоспарлануда: кәсіпорын-лизингқабылдаушылар, жабдықтарды өндірушілер, және лизингтік
компаниялардың өздері.
Осы
жылдың соңына дейін лизингтік қарыздың өсуін
күтпейміз,сонымен қатар лизингтік компаниялардың негізгі операциялық
көрсеткіштері саланың қайтадан орнына қайтадан келуін
куәландырады. Біз отандық нарық лизингінің өсуін
дағдарысқа дейінгі жағдайға келуін алдағы екі-үш
жыл ішінде келеді деп сенеміз және де нарық бөлігінің
дамуға деген бөлігі дамуға ұмтылады.
Сол
уақытта да мынаны міндетті түрде айқындау қажет,
дәл осы уақытта нарықтың лизингтік динамикалық
болжауын,бұдан басқа ортақ экономиканың
тенденцияның ескертілуі
климаттық болжау жағдайлары арқылы қаралады. Дәл
осы уақытта тұрған жағдай өз кезегінде
нарықтағы мемелекеттік лизингтік компаниялардың биік концентрациясында тұрғанын
айқындайды, яғни кімнің
қызметі ауылшаруашылық секторға
бағытталған болса. Мынадай факторларды қарайтын болсақ
«Төменгі база эффектісі» біраз
жылдан кейін, нарықтың көлемінің азаюы, сонымен
қатар мемелекеттік даму
бағдарламаларының жұмысқа енуі және
еліміздің Кедендік одаққа енуі оны жоғары дамуына
кепілдік бола алмайды.
Жақын-арада белгісіз, бірақ лизингтік операциялардың
инвестицияның тұрақты бағасымен өсуі
күтуде, еліміздің эконмикалық динамикасының
күткен айқындалуы,болашақта шикізаттардың
бағаларының өсуі арқылы және Кедендік
одақтағы РФ және РБ одақ құрып оны ары қарай
дамыту арқылы
бірыңғай экономикалық трасформацияға кіреміз.
Бірақта нарықта нарық қатысушыларының барлығы
болашақ ықпаладасу қуанышымен бөлісе алмайды. Елімізде
бірегей экономикалық кеңістікке түскеннен кейін,
қазақстандық лизингтік компаниялар әлсіз жағдайда
қалуы мүмкін, яғни Ресей заңорындарында
жағдайлармен салыстырғанда. Ресей лизингтік компаниялары қаржыландырудың
өте қолайлы түрін ұсыну мүмкін, және де
лизингқабылдаушыға қауіп төнбеуі мүмкін.
Жақын
арада еліміздегі нарық лизингінің жағдайы,
жұмыстың жалпы көп бөлігі мемлекеттік компанияларда
оырндалып, сақталады. Осы жыл ішінде нарықтың өсуін
дағдарысқа дейінгі жағдайдағыдай жағдайда өсуін күтеміз.
Және де мынадай жағдайларды еске ала отырып, тозық
құралдардың ҚР көлемінде 40-70% көлемінде
екенін, ал жыл сайын тек 0,8-1,2% негізгі қорлардың жаңарады,
дамушы елдердегі жағдайлар сияқты 6-8% өсу жағдайын
көрсетеді. Бірақта нарықтың динамикалық
өсуі мемелекеттің жігерлендіру саласына байланысты болып келеді,
сол жағдайда да артықшылықты сақтай отырды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі 1999 жылғы 1 шілде (Ерекше
бөлім), соңғы толықтырулар мен өзгерістер 2013
жылы 6 наурызда енгізілген.
2. Рахимова
С.А. Лизинг, оның мәселелері және даму
перспективалары//Қазақстан Банктері.2014 № 11
3.
Рынок лизинга Казахстана, Молодой, но
перспективный, бюллетень, 2013 г.,
Алматы, Рейтинговое агентство Эксперт РА Казахстан.
4.
«Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы
ұйымдастырудың ерекшеліктері». Банки казахстана – 2014, №6, 44-46б.
5.
Иссык
Т. В., Стратегия лизинга в Республике Казахстан, Монология, Алматы, 2010, 63б.