э.ғ.д., профессор Х.Х.Кусаинов, магистрант С.А.Үкібаева

Қазақстан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi

Инновациялық қызметті жетілдіру негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

 

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай іске асыру өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың өсіміне жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсімін қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.

Экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда ғылым жетістігін пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтік зерттеулер, өнімді стандарттау және сертификаттау және т.б. салаларда кейіндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады. Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттің қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшін таңдау бөлігінде іріктеу рәсімдері өзінің мақсатқа сәйкестігі мен ашықтығына ие болады. Қазіргі заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндірістік инфрақұрылымды құру, біліктілігі жоғары басқарушы, ғалым, инженер, техник кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиімді жүйесін құру есебінен инвестициялар, технологиялар трансфертті, ғылыми жетістіктермен алмасу үшін Қазақстанның тартымдылық жүйесі жоғарылайды.

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық өсудің даму орталықтары және «нүктелері» анықталған, оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша мұнай және табиғи газ, металл рудалары, хром және мыс-мырыш өндіру болып отыр. Бұл салада ең ірі кәсіпорындардың бірі облыста өндірілетін мұнайдың 75 пайыздан астамын беріп отырған «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ.

Осының бірі ретінде индустриялық-инновациялық жобалардың бірі 1995 жылы құрылған «Қазхром» Трансұлттық Компаниясына 4 құрылым: дөң кең байыту комбинаты, «Казмарганец» рудобасқармасы, Ақтөбе және Ақсу ферробалқыма зауыттары кіреді.Әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде дүниеге келген компания ферробалқыма өндірісінің бүкіл циклін, атап айтсақ, жер қойнауын барлау, қазба байлықтарды өндіру мен оларды быйыту, жоғары бағалы өнім шығару ісін толық меңгерген. Терең өңдеуге фосфор және калий шикізаттарының біршама қорларын тарту негізінде минералдық тыңайтқыштарды өндіру бойынша кластердің химиялық саласын құру перспективалы болып табылады. Ақтөбе экономикасының келесі маңызды секторы – ауылшаруашылығы мен тағам өнімдері өндірісінен тұратын агроөнеркәсіп кешені.

«Парижская коммуна XXI» ЖШС ет өндіру комбинатының құрылысы салынды, «Молочные истории» ЖШС мал шаруашылығының екі сатысы да ойдағыдай ірге тасы қаланды. Ол аймақтық нарыққа және азық-түлік белдеуіне бағытталған, жақсы сападағы жергілікті шикізаттан бәсекеге қабілетті баға бойынша дайын өнімді шығаратын жаңа өндірістердің пайда болуына әсер етеді.

Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық бағдарламасының бағыты мұнай химиясын, құрылыс индустриясын дамыту, минералдық ресурстарды өндіруде жоғары қосымша құнға ие болатын өнімдерді өндіруге бағыт алу. Сол арқылы экономиканы әртараптандыру, шикізатты импорт алмастыру мен экспортқа бағытталған өнімге ауыстыру мақсаты алға қойылған.

Облысымызда өндіріс саласында едәуір ілгерлеушілік болды. Өткен жылы аймақта индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде болашаққа арналған жобалар бойынша жұмыстар іске асырылды. «Ақтөбе қаласында индустриялық аймақты құру» жобасын іске асырудың арқасында, өндіруші өнеркәсіп, құрылыс материалдарының өндірісі, құрылыс индустриясы, сауда, көлік, коммуналдық шаруашылық, логистика және өңірдегі қызметтің басқа түрлері қарқынды ырғақпен дамып, халықтың өмір сапасының дәйектілікпен жоғарлауына алғышарттар туғызады.

Облыста шағын кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру екінші деңгейлі банктер арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры негізінде, бизнес орталықтары, қоғамдық бірлестіктер арқылы жұмыстар атқаруда. Облыстағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жасай отырып, мынадай ұсыныстар айтуға болады:

·       шағын және орта бизнесті ұйымдастырып, оның жұмысын тиімді етіп жүргізуге оған мемлекет тарапынан қолдау қажет;

·       әрбір аудандарда бизнес жұмысын жүргізуде кәсіпорындарды біріктіретін ассоцияциялық орталық қажет;

·       шағын және орта бизнес жұмыстарын жүргізу үшін маркетингтік қызметті жетілдіру қажет;

·       шағын кәсіпкерліктің дамуына қаржылық жағдай жасау үшін салық төлемдерінің мөлшерін төмендету керек;

·       жергілікті бюджеттен шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыстық даму қорларынан пайызсыз несие ретінде қаржы тарту;

·       шағын бизнестің жұмысын кеңейте отырып, оны одан әрі дамыту керек.

Индустриялық-инновациялық стратегияны енгізудің тиімді тәсілдерінің бірі – бұл бір аумақта орналасқан және түпкі өнім өндіру шеңберінде өзара технологиялық байланысқа ие болған кәсіпорындардың интеграциялануы мен кооперациялануы осы салаға материалдық, қаржылық және санатерлік ресурстар құйылуының қуатты факторлары болып табылады. Экономиканы дамытудың мұндай инновациялық тәсілі кластер принципін пайдалану негізінде жүзеге асырылады және оның мақсаты интеграцияға кіруші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

Қазір Қазақстан – үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты нәрсе – экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. А.Қ.Ералы, М.Г.Қабылбеков «Кәсіпорын экономикасы».

2. Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.

3. Ақтөбе облысының индустриялы-инновациялық даму басқармасы, «Инвестрдың атласы, Ақтөбе облысының инвестициялық ұсыныстары», «Ақжар-АБК» ЖШС баспасы.

4. «Ақтөбе облысының өнеркәсібі – үшінші мыңжылдыққа бастама» фотоальбом, «Шамшырақ-Ақтөбе», 2008.