ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСIН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

О.Ж. Жадигерова. Ш.Есенова атындағы КГУТиИ

 

Жалпы зейнетақы нарығында болып жатқан түбегейлі өзгерістер, ол зейнетақы жүйесін жетілдіре түсудің бірден бір басты бағыттары болып табылады. Жетілдіру зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлi жүйесiн сақтай отырып жүзеге асырылады. Керекті, яғни өзара арақатынастағы өзгерiстер базалық деңгейде, ал мiндеттi деңгейдегі - ол ынтымақты және жинақтаушы, және ерiктi құрамдас бөлiктерде іке асырылады.

Сонымен, зейнетақымен қамсыздандырудың айырмашылығы, ол әрбiр және бүкiл адамдарға қатысты болғандығында. Сол себебпті, болатын жетілдірулер және өзгерiстер мемлекет, жұмыс берушi және тiкелей азаматтардың арасында қарттық шақта керекті қамтамасыз етуге жауапкершiлiктi бөлудi көздейтiн адам мүддесiнде жүзеге асырылады.

Зейнетақы жүйесін жетілдіру процесіндегі жаңғыртудың басты бағыттары:

1. Қазіргі жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi институционалдық өзгерiстер, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастырудың және оның қызметiндегi ерекшелiктер.

2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы төлемдерін мiндеттi кәсiптiк зейнетақы төлемдеріне ауыстыру.

3. Әйел адамдардың зейнетке шығатын жасын 2018 жылдан бастап кезең-кезеңiмен ұлғайту.

Демек, Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру моделi, базалық, мiндеттi және ерiктi деңгейлерден құралатын зейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi.

Базалық деңгейде зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдарға, яғни ынтымақты 01.01.1998ж. және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде қатысуды ескергенде базалық зейнетақы төлемi (БЗТ) төленедi. Осы берілетін төлем еңбек стажына және алған табыстарына қарамай түгел мөлшерде бәріне бірдей белгiленедi.

Мысалы: БЗТ алушылардың саны 2013 ж. 1 шiлдеге 1833,5 мың адамды құрайды, оның iшiнде шамамен 830 мың адамы — ынтымақты жүйеге қатысушылар, ал 1 млн-ға жуығы — зейнетақымен қамсыздандырудың аралас, яғни ынтымақты және жинақтаушы жүйесi. БЗТ мөлшерi 2013 жылы 9 330 теңгенi немесе ЕТКД-нiң 50%-н құрады.

Мiндеттi деңгейде зейнеткерлерге мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты, яғни еңбек және бюджеттің жинақтаушы зейнетақы қорларын қаржыландыру есебiнен - жинақтаушы зейнетақылар төлемдері төленедi.

01.01.1998 жылдан 6 ай еңбек стажы бар және 1995 жылдан бастап кез-келген қатар 3 жыл бойы жалақысы болған жағдайда мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Сонымен, зейнеткерлерге толықтай зейнетақы бекіту бойынша мiндеттi еңбек стажы әйелдерде - 20 жылды және ер кiсiлерде - 25 жылды құрау керек.

Әйелдер өздерінің зейнетақы жинақтарын аннуитеттiк компанияға аударумен зейнетақы аннуитетiн сатып алу тәсілімен зейнетке шыққасын 18 жыл бойы бұның ең төменгі мөлшерiнен аз емес мөлшерде ай сайын зейнетақы төлеуге жеткiлiктi болған кезде әйелдерге - 50 жаста, ер кiсiлерге - 55 жаста зейнетақы жинақтарын ерте алуға құқық берілген.

2013 жылғы 1 тамызда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды, Үкiметiміз оның құрылтайшысы және акционерi болып белгiлендi. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн ҚР ҰБ басқарады.

БЖЗҚ құрудың мақсаты мен басымдықтары:

Ø   мiндеттi зейнетақы жарналары түсiмдерi мен зейнетақы активтерiн пайдаланудың тиiстi есебiн қамтамасыз ету;

Ø   зейнетақы жүйесіндегі инвестициялық саяси стратегияларды жетiлдiру және зейнетақы активтерiнiң табыстылығын барынша арттыру, әкiмшiлiк шығындарды азайту;

Ø   тұрғындардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру, олардың айналысының барынша айқындығын қамтамасыз ету.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы түгелдей зейнетақымен қамсыздандыру шарттары негізінде құқықтық мирасқор болып есептелінеді және алдын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлiнген барлық зейнетақы активтерiн шоғырландырады.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты мiндеттерi:

Ø     мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын және салымшының қалауы негізіндегі ерiктi зейнетақы жарналарын тарту;

Ø     салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу;

Ø     салымшыларға шоғырландырылған зейнетақы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру;

Ø     зейнетақы жинақтарының жоғары табыстылығын қамтамасыз ету;

Ø     ЖЗЖ қатысушыларды қамтуды кеңейту

Ø     халықты жеке зейнетақы шотындағы қаражат туралы ақпараттандыру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру.

Инвестициялауды ұйымдастыру үшiн ҚР ҰБ-ға инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельдердi басқаратын ұйымдарды таңдау құқығы берiледi. Алайда инвестициялық стратегия мен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн рұқсат берiлген қаржылық құралдардың тiзбесi жөнiндегi ұсынымдарды ҚР Президентiнiң жанындағы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес мақұлдайтын болады.

Зейнетақы жүйесiн жетілдіру жолындағы қайта құрулар қолданыстағы үлгiнiң ерекше еңбек жағдайларында жұмыс iстеуiмен байланысты тәуекелдердi өтей алмауына байланысты.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерiктi кәсiптiк схемасы тиiстi деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ерiктi-кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын көбейтiп және 53-55 жаста зейнеткерлiкке шығу мүмкiндігі бар деп болжанған едi. Бүгінде, 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы, сонымен бұлардың жинақтары 100 млн. теңгенi құрайды.

Ендiгі уақытта еңбек жасаудағы жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс жасайтын адамдардың жеке зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетiн болады, бұның 10% қызметкердiң өзiнiң тапқан табысынан, ал 5% жұмыс берушi еңбекақы төлеу қоры есебiнен есептелініп төленеді. Сонымен бұлардың зейнетақы жүйесіне үздiксiз қатысқаны, яғни 30 жылдан кем емес және аударымдарды (жылына 12 рет) үздіксіз аударған кезiнде зейнеткерлiкке ерте шығуы үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарына мүмкiндiк бередi.

Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту бүгінгі зейнетақы жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі.

Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек стажының азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы тағайындаға өтiнiш бiлдiрген әйелдердiң 12 пайыздан астамы 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек стажы жоқ, ал 2018 жылы зейнетке шығатын әйелдердiң барлығында толық стаж болмайды.

Бұл, 2018 жылдан кейiн зейнетке шығатын әйелдердiң зейнетақысы:

Ø     базалық зейнетақыны;

Ø     1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек стажына сәйкес бюджеттен ынтымақты зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Демек, еңбек зейнетақысының мөлшерi толық емес еңбек стажына байланысты жыл сайын бекiтiлетiн ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен төмен болуы мүмкiн;

Ø     зейнетақы жинақтарына сәйкес салыстырмалы түрде аздаған мөлшерде ЖЗҚ жинақтау зейнетақысын қамтитын болады.

Мұндай жағдайларда, зейнетақы жасын теңестіру бюджет қаражатын үнемдеу емес, әйелдердiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу стажын және зейнетақы жинақтарының өсіру үшiн ұсынылады, ал бұл ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерiнiң артуына алып келеді.

Бүгінде біршама әлемнің елдерінде, мысалы Франция, Германия, Оңтүстiк Корея, Норвегия, Ұлыбритания, Швеция, Эстония, Чехия, Украина, Әзiрбайжан және басқалары зейнетақы жасын арттыру есебiнен зейнетақы жүйесiн халықтың жасына бейiмдеу пайдаланылады.

Осы тұста Еуроодақтың 18 елiнде әйелдердiң зейнеткерлiк жасы ер адамдардың зейнеткерлiк жасына 2020 жылға теңестiрiледi, ал қалғаны оны кейiн жасауды жоспарлап отыр.

Қазақстанда зейнетақы жасын ұлғайту әлемдiк практика және 1996 - 2001 жылға шейін жүзеге асырылған ұлттық практикаға қарай кезең-кезеңiмен, 01.01 2018 жылдан бастап жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жылда іске асырылады.

Аталған үлгi, түгелдей әлеуметтiк артықшылықтарды ескерiп, ауыртпалық салмай 2018 жылы қолданыла бастайды.

Өйткені ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға шейін іске асырылады, ал зейнетақы жасын сәйкестендіру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушы әйелдерге қатысты болып табылады.

Сонымен, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тартымдылығын арттыру, көлеңкелi сектор қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтылуын кеңейту жөнiнде шаралар жүргізілуде.

Кәсiптiк жүйенi одан әрi дамыту мақсатында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi 5-тен 10%-ға дейiн кезең-кезеңiмен арттырылатын болады.

            Қазақстан алдағы 50 жылды ескере отырып, зейнетақы жүйесіне уақытылы әрі қажетті өзгерістер  енгізіп отырады. Экономикалық жағынан артта қалған мемлекет: кадрлық және адамгершілік потенциалды көбейте алмайды. 50-ден асқан азаматтарға бұрынғы жұмыстарын жалғастыруға немесе жаңа еңбек құрылымдарын бастауға, жаңа мамандық алуына болады.

            Қазақстандық зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдық – мемлекеттік маңызы бар іс, ол әлеуметтік-экономикалық дамуды, зейнетақымен қамтамасыз етіп отырады. Сондықтан да біз Қазақстанның орнықты болуы үшін зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді қолдауымыз қажет.

            Зейнетақы жүйесіндегі реформалар әрбір азаматтың жағдайын жасауға бағытталған. Жинақталған зейнетақының сақталғандығы, жұмыс орындарын сақтауы, жаңа орнықты зейнетақы жүйесін қалыптастыруы – әрбір қазақстандық пен мемлекетке ауадай қажет.

            Мемлекет ашық әңгіме ретінде әрбір азаматқа қатысты жағдайларды қарастырда. Өйткені, жасы егде тартқан адамдар әрбір өзгеріске, жаңалыққа сенімсіздік танытып, күдікпен қарайды. Одан қорқатын ештеңе жоқ. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар мұндай жағдайларда өздерін кемітті деп ойлайды.

            Зейнетақы жүйесінің жаңалығы еңбекке қабілетті азаматтар үшін қарастырылған.  Өндіріс пен өз-өзіне жұмыс істейтін азаматтар жиналған қаражаттарынан хабардар болып отыру қажет. Мұндай жағдайда кез келген қазақстандық жинақталған қаражатына қатысты өз-өзіне міндет қойып, болашағын ойлап отыру керек. Зейнетақы жүйесі өзгеріп отырады. Алайда, оның өзгергені азаматтардың жағдайын жақсартуды мақсат етеді. Соның нәтижесінде, әрбір азамат өзіне, ертеңгі күніне сенімді болмақ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы

2. «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы №596 қаулысы

3. www.nationalbank.kz.

4. www.afn.kz