Қадырбай С.Б. аға оқытушы, Мұхамеджан А., магистрант,

 Мектепбай Н., магистрант

 

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудағы өнеркәсіп cалаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

 

 

Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігінің бірі өндірістік факторлар негізінде болады. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қаблетінің өсуі халықтың әл-ахуалының өсуіне негіз бола алады.

Әлемдік экономикаға қосылудың негізгі тетігі бәсекеге қабілеттілік және мемлекеттің сапалы, тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсу.

Бәсекеге қабілеттіліктің барлық заманауи концепциялары еңбектің халықаралық бөлінісіндегі шоғырланған өндірістік күштерге елдер мен аймақтардың қатысуын зерттеудің үздіксіз үрдісін қисынды жалғастыруы болып табылады.

Дамыған мемлекеттердің ең басты мақсатының бірі ұлттық бәсеке қабілеттілігінің өсімі болды, яғни тиімді технологияларды, инновациялық тетіктерді, мамандар біліктілігін тұрақты өсіру, еңбектің халықаралық бөлу артықшылықтарын қолдану есебінен ұлт өмірінің жоғары дәрежесін қолдану және әлемдік нарықта тауарлар мен қызметтердің бір немесе басқа түрлерінің жетекшілік тұрғыларын қамтамасыз етілуімен анықталады.

Елдің бәсекелестік қаблетінің басты көрсеткіші-адамдардың өмір сүру деңгейін өсуі мен елдің тұрақтылығы, қоғамның заңға бағыныштылығы. Сонымен, бәсекелестікті дамыту тек өндірістерді ұдайы өндіріп экономикалық жағдайға қана емес, сонымен қатар, еңбек нарығының жағдайын жоғарылатып, бюджет түсімдерін көбейтіп және т.б. әлеуметтік дамуды жетілдіруге негізделгені айқын.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агентігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2012-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының стратегиялық негізгі бағыты бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау.

Ұлттық және аймақтық нарықтағы бәсекеге қабілеттілік ретінде әлеуметтік-экономикалық жүйені тек салаларға, технологияларға және компанияларға бөлу негізінде ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырылған аймақ-территорияларды  арнайы  үлгіде  бағалау  негізінде де аймақты ұстануға

болады.

Өнеркәсіпте аймақтық экономиканың дәстүрлі тірегінің салалық және технологиялық логикасы экономикалық қызметтің территориалдық немесе кеңістіктік тірегімен толықтырылуы тиіс. Қазіргі аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін бағалау кезінде тек озық технологиялар мен фирмаларды иелену ғана аса маңызды емес, сонымен бірге аймақтар да бұл технологиялар мен фирмаларды қабылдауға қабілетті болуы қажет. Дамыған елдердегі әлеуметтік-экономикалық өмірді  кеңістіктік ұйымдастырудың негізгі моделі аймақтық дамудың ұдайы өндірістік ресурстарының желілік моделі болып табылады:   ақпараттық, қаржылық, заңдылық, инновациялық-инжинирингтік, адамзаттық, табиғаттық.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму стратегиясының мақсатының бірі әлемдік және аймақтық экономикада мемелекетті және оның аймақтарын бәсекелі мамандандыру,  экономикалық әлеуетті кеңістікте тиімді ұйымдастыру осы негізде мемлекеттің барлық территорияларын баланстық әлеуметтік-экономикалық дамыту [1, б.11].

Қазақстан Республикасы территорияларының бәсекелі өнім өндіру жағдайларын келесі әдістеме бойынша зерттеуді жөн көрдік. Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін және позицияландырылғанын бағалаудың заманауи әдістемесі RCA (Revealed Comparative Advantage)индексі негізінде ұлттық экономикадағы аймақтың бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштерінің біз таңдаған және қолданған есебінің әдістері жиынтығын білдіреді.

Халықаралық саудаға аймақтың қатысуын бағдарлау кезінде негізгі көрсеткіштердің бірі олардың бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын тауарлары мен қызмет көрсетулері айқындалған салыстырмалы басымдықтарының индексі RCA (Revealed Comparative Advantage)болып табылады. Бұл индексті есептеу үшін ОЭСР пайдаланған формула қолданылды.

                                              

 

                     

                                                                                                             (1)

 

Мұндағы   Э -j аймақтың і экспорт өнімі;  И – j  аймақтың і импорт өнімі;

Э -j аймақтағы экспорты, барлығы; И – j аймақтың импорты, барлығы.

 

RCA индексі тұтас сауданы және тауарлардың жекелеген топтары бойынша тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Егер ол бірліктен көп болса, онда әлемдік және ұлттық нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады [2, б.48].

Көрсеткіштер бойынша оның әлеуметтік-экономикалық дамуын салыстырмалы бағалауға мүмкіндік беретін ұлттық экономикалық жүйедегі аймақтың бәсекеге қабілеттілігін рейтингтік бағалау есебі облыстың бәсекеге қабілеттілігінің және позицияландырылған бәсекелік басымдықтарының теориялық негіздеріне сәйкес қайтарып алынған.

Аталмыш  тәсіл  бірқатар  индикаторлармен:  шарушылықтың құрылымын

модернизациялауға аймақтың дайындығын және олардың технологиялық жаңаруын сипаттайтын индикаторлармен, әлеуметтік инфрақұрылымдардың даму деңгейін сипатайтын және т.б. индикаторлармен толықтырылған аймақтың экологиялық әлеуеті бағасына негізделеді.

Әлемдік және ұлттық саудадағы аймақтың бәсекеге қабілеттілігін кешенді бағалау RCA-ның айқындалған салыстырмалы басымдықтарының индексі есебі негізінде өткізілді. Аталмыш индекс тұтас сауданы және тауарлардың жекелеген топтары бойынша тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Егер RCA көрсеткіші бірліктен көп болса, онда мұндай тауар әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әрбір бабы бойынша Қазақстан Республикасы облыстары тұрғысында аталмыш көрсеткіш есепке алынған. Алынған нәтижелер үш негізгі топ бойынша топтастырылған:

-                     RCA>1 көрсеткіші маңызындағы тауарлар тобы. Бұл тауарлардың анық экспорттық бағдарлары бар, олар сыртқы нарыққа қойылады.

- Бірліктен аз RCA көрстекіші маңызындағы тауарлар тобы, бірақ 0-ден көп. Бұл топтың тауарлары республикалық нарықта таратылады.

- 1-ден аз RCA көрсеткіші маңызындағы тауарлар тобы. Бұл топтың тауарлары халықаралық нарықта да, республикалық нарықта да экспорттық әлеуетке ие емес, бірақ негізінен локальды нарықтарда нарықтық қуысы бар.

 

ОЭСР әдістемесі бойынша мемлекет аймақтарының және Оңтүстік Қазақстан облысының экспорттық-импорттық әлеуетін, әрбір аймақтың экспортқа немесе импортқа бағдарланған экономикасы деңгейін, ұлттық және әлемдік экономикадағы облыстың позицияландырылғанын сипаттайтын RCA көрсеткішіне есептелген. Осы көрсеткіштер негізінде, бағалау жасалынды. Оңтүстік Қазақстан облысы өсімдік өнімдерінің әлемдік және ұлттық саудадағы бәсекелестігі компъютерде есептелініп төменде көрсетілген және басқада өнімдердің бәсекелестігін осы жолмен есептелінген [3, б.48].

Оңтүстік Қазақстан аймағының экспорттық доминанты болып отырған негізгі өнімдер мыналар болып табылады:

         − тоқыма және тоқыма-мата бұйымдары;

− былғары шикізаты, табиғи үлбір, үлбір шикізаты және одан жасалған бұйымдар;

− минералды өнімдер;

− химиялық және соған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері;

− өсімдік өнімдері;

жануарлардан немесе өсімдіктен алынған тоң майлар, оларды ыдыратудан алынған өнімдер

Республикалық нарықта тарату үшін бәсекеге қабілеттілікке басымдығы жоқ өнімдер тобына:

− тамақ өнеркәсібі өнімдері, алкогольді және алкогольсіз сусындар және темекі;

− ағаш және ағаш бұйымдары;

− ағаштың қағаз қоспасы немесе басқа талшықты өсімдік материалдары;

− әр түрлі өнеркәсіп тауарлары;

− тастан, ғаныштан, талшықтастан, қабаттастан, әктен, жасалған бұйымдар және басқалар;

− бетоннан жасалған құрылмалар, құрылыстық құрамалар;

асыл немесе жартылай асыл тастар, бағалы металдар, бижутерия, монеталар;

− минералдық азық-түліктер;

− бағалы емес металдар және олардан жасалатын бұйымдар;

− машиналар, құрал-жабдықтар және механизмдер, электр жабдықтары;

− жер, ауа және су көліктері құралдары, олардың бөлімдері және олардың бөлімдері мен құрал-саймандары;

− оптикалық құралдар мен аппараттар, фотографиялық және басқа; сағаттар, музыкалық аспаптар;

− тірі малдар және мал шаруашылығы;

− пластмасса және оның бұйымдары: каучук және резеңке бұйымдары;

− басқа да тауарлар.

Жүргізілген бағалау экономика саласын, Оңтүстік Қазақстан облысын дамытып, оның бәсекелігін арттыруда орын алатын экономика салаларын айқындадық. Сонымен, облыс үшін келесі өндіріс салаларын:

− тоқыма және тігін өнеркәсібі өндірісін;

− химия өнеркәсіп өнімдерін;

− минералдық өнімдер өндірісін;

− тамақ өнеркәсібі өнімдері өндірісін (өсімдік тектес өнімдер, өсімдік майы және тоң май жасау өндірісін) экспортқа бағыттау қажеттілігі туындайды.

Кейбір тауарлық топтардың экспортқа шығарылған өнімдері бойынша (мәселен, тамақ өнімдері) Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстар арасында алдынғы орын алып келе жатқанына қарамастан, импорт өнімдері экспорттан басым болып тұр. Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдері өндірісі республика облыстары арасында жетекші жағдайлардан орын алғанына қарамастан, оның үстіне, республика деңгейінде де, сыртқы нарықта да импорт көлемі экспорт көлемін біршама көтерілген.

Оңтүстік Қазақстан облысының бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттырудың оң дамуын анықтауға мүмкіндік берді. Демек, облыс үшін экспортқа бағытталған төмендегі өнеркәсіп салаларын дамытудың мақсаты қойылуы керек: -тамақ өнеркәсібінің азық-түлік өндірісі; -бағалы емес металдарды, асыл және жартылай асыл тастарды  шығару және өңдеу; -химия саласы өнімдері өндірісі; -тоқыма және өсімдік шаруашылығы өнімдері.

Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан республикасының аймақтары арасында қарастырған көрсеткіштер бойынша 12 рейтингтік орын алады [4, б.86].

Сонымен Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірістерінің бәсекелес өнімдерді өндіруді жоғарылату, техникаларын жаңарту, өнеркәсіп өндірісін дамыту аймақтың әлеуметтік-экономикалық жандануына, әлеуметтік мәселелерді шешуге жол ашады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 1. Куница С.М. Қазақстан Республикасының экономикасының түрленуіндегі қызмет көрсету саласы // Вестник КазГУ. Экономика. – Алматы, 2010. – № 2.

2. Нурсейтов А.А., Нурсейтов Н.А. Қаржы менеджменті: оқу құралы. – Алматы: ҚазМАУ, 2012. – 160 б.

3. Черняховская Т.Н. Кәсіпорынның маркетингтік қызметі: теория мен тәжірибесі. – М.: ЖОО арналған, 2008. – 533 б.

4. Ламбен Ж.Ж., Шулинг И., Чумпитас Р. Менеджмент, нарыққа негізделген: оқулық. – СПб.: Питер, Лидер, 2010. – 720 б.

5. Қазақстанда кедейлік деңгейі анықталды. Экономика және бизнес айдары. 2 ақпан, 2013: http:// news.nur.kz/248661.html.