«Бастауыш оқытудың педагогикасы
мен әдістемесі» мамандығы
педагогика ғылымдарының
магистрі Оспанова Мадина Муратовна
БОПӘ мамандығының 3
курс студенті Харсан Айдана
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
БОЛАШАҚ МАМАНҒА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Елдің
экономикалық қуаттылығын дамытуда бәсекеге
қабілетті құзіреттілік мамандар даярлау міндеттерін
жүзеге асыратын бірден-бір күш жоғары оқу орындары
болып саналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ
дамуына арнаған «Қазақстан – 2030»
бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы,
адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет
жасауға, құзыреттілікке ерекше мән бергені белгілі [1].
Жоғары оқу орындарының басты мақсаты - әлемдік
стандарт деңгейінде білім беру, дүниежүзілік деңгейге
көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт берумен
қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне
қоғам талабына сай жоғары біліктілік пен
құзыреттілігін қалыптастыруды ұсынған.
Құзыреттілік білім беруді жүзеге асыру, оның
ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда болашақ
педагогтардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды
қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған
өзекті мәселелердің бірі.
Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушылар
үшін: «Баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу;
коммуникативтік және құзыреттілікті дамыту», деп
көрсетілген [2]. Бұл бүгінгі жоғары оқу
орындарының алдында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің құзыреттілігін жетілдіруді талап
етеді.
Білім беру ісіндегі
басты тұлға – педагог. Сол педагогтың мәртебесін
арттыру, абыройын көтеру – көп қырлы үдеріс.
Педагог – жалпы
білім беретін мектептегі бір немесе бірнеше пәннен беретін маманды
айтады. Бүгінгі заман талабына сай педагог – ол рухани дамыған,
педагогикалық технологияның қыр – сырын жетік меңгерген
шығармашыл тұлға болуы керек. Ұстаздың
педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас
құрам бөлігі ретінде оның кәсіби
құзыреттілігі саналады. Құзыреттілік ұғымы
адамның қызыметті атқаруға дайындығын сипаттайды.
«Құзыреттілік»
терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н.Хомский
енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік
қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген
түсінік берді.
Құзыреттілік
– студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім
нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып
табылады. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде
күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт
оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке
тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін
атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім
алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке
тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай
дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын
«құзыретті білім беру» деп те атап жүр.
Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен
тәжірибесіне қатысты нәрсе [3].
Құзыреттілік
– бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде,
күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және
теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігін
айтады. Демек «құзырет» және «құзыреттілік»
ұғымдарын педагогикалық үдеріске енгізу білім
берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді,
іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік
қызметпен айналысу қабілеті, ұжыммен, топпен қызмет
ету, кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана
білу. Яғни, мұғалім оқушылармен қарым –
қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты
өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық
жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның
дамуына мән беруі керек. Енді құзыреттіліктің
түрлеріне тоқталып өтсек.
Пәндік құзыреттілік – білім беру қызметінде
белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты білім, біліктілігі
және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар
жиынтығы. Педагогикалық және әлеуметтік
психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.
Ақпараттық құзыреттілік – айрықша назар
аударуды қажет етеді. Себебі, ақпараттық қарым –
қатынас технологиясын игеру әр маманнан талап етіледі.
Ақпараттық ресурс – ақпарат көзін алу
мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық
технологияларды меңгеруі тиіс.
Құзыреттілік
ең алдымен студенттердің ақпараттық
сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше
білу қасиетінен көрініс табады. Студенттер өз беттерінше жаңа
ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан,
түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып,
сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік
студенттің оқу пәндеріндегі және білім
аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі
ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз
етсе, ал оқытушының мақсаты – студентке білімді
өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның
өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау,
кеңестер және бағыт-бағдар беру.
Міне, құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміздің
өзі болашақ мұғалім – қазіргі
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта
отырып ойлаудың интелектуалдық белсенділіктің жоғары
деңгейіне шығу, жаңаны түсіне қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер
болып табылады. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі
ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп
өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген
жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай
құзыреттіліктердің қатарына мыналар жатады:
бағдарлы құзыреттілік; мәдениеттанымдық
құзыреттілік; оқу-танымдық құзыреттілік;
коммуникативтік құзыреттілік;
ақпараттық-технологиялық құзыреттілік;
әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі;
тұлғалық өзін-өзі дамыту
құзыреттілігі;
Құзыреттілік ең алдымен
студенттердің ақпараттық сауаттылығы
мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен
көрініс табады. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны
өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар
көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға,
талдауға, қайта өңдеуге үйрету
ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға
негіз болады. Мұнда студенттердің өз бетімен жұмысына
көп мән беріледі. Студенттер өз беттерінше жаңа
ақпараттық технологиялардың көмегімен
ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи
ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл
құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі
және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған
дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын
қамтамасыз етсе, ал оқытушының мақсаты – студентке
білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның
өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау,
кеңестер және бағыт-бағдар беру[4].
К.Д
Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай
қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе
де мұғалімнің қолында» [5] деген сөзі
ұстазға үлкен жауапкершілік арттырса, ал ғылыми
педагогиканың негізін салушы Ы.Алтынсарин мұғалімнің
қоғам алдында ролін қарапайым айта келіп, кезінде « ... Салып
жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесін берік
және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты,
біздің қолға алып отырған ісіміз де қазақ
метептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі
басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазіргі жақсы
оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат
көремін»[6] - деген пікір де мұғалімге қоятын талабы
ретінде естіледі. Олай болса, қазіргі кезеңдегі
оқытушының міндеті – оқытудың шығармашылық
сипатын күшейту және мақсатты білім беру. Ұрпақ
тәрбиелеуде студенттерді бүгінгі заманның талабына сай
оқытудағы басты мақсат жан-жақты жетілген, өз
тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму
үрдісіне баға бере алатын ұлтжанды патриот азамат
қалыптастыру.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар,
оның бойында баланы жақсы көру, баланың
көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез –
келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды»
және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы
шарт. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп
мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін,
оқушының шығармашылығы мен дарындылығына
жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік
бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен
өзінің іс-қимылын жүйелілікпен
атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа
технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік
тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін
кәсіби маман педагогті атаймыз.
Сыныптың білім сапасын арттыру мақсатында әр
пәнге арналған жоспар бойынша жүргізілетін қосымша
жұмыстар, оқушылардың ізденуіне, шығармашылықпен
айналысуына ықпал етеді. Бастауыш сыныптардағы таңдау
пәндерінде өздігінен жетілуіне, дамуына мүмкіндік жасау
үшін жүргізілген жұмыстар арқылы
оқушылардағы қалыптасатын құзыреттіліктерін
төмендегіше сипаттауға болады:
-Өзінің даралығын сезініп, өзін – өзі
дамыта білуі;
-Өзінің қызметін бағалап, қорытынды жасай
білуі;
-Түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба
білуі;
-Өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге
асыра білуі;
-Өз әрекетінің нәтижесін шығара білуі;
Әр күні
өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен
қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ
жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор
жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз
ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.
Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың
қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы
білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Студент
шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле
бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын
қажеттілік.
Студенттің
жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне жеткізу
арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін
таныттырып, оны жүзеге асыруға бағыттайтын
әрбір оқытушы өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны
жөн. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының:
«Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға
үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі керек» деген
тұжырымында «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт
дайындайды» деген ой айқын аңғарылады. Сөзімді
қорыта келе айтарым, жоғарыда аталған
құзыреттіліктерді меңгерген мұғалім –
шығармашыл шәкірт дайындауға даяр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының 2030
жылға дейінгі даму стратегиясы. http://www.akorda.kz/kz/category/gos_programmi_razvitiya
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. –
Астана, 2010.
3.Кенжебеков Б.Т.
Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың
құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл.докт. ... автореф.
– Қарағанды, 2005. - 33 б.
4. Омарова, Г. Студенттердің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастырудағы өз бетінше
білімін жетілдіру жолдары 2010. - № 2. - С. 52-56
5. Ушинский К.Д.
Педагогические сочинения. В 6 т./ АПН СССР. -М.: Педагогика, 1988. - 414 с.
6. Ы.Алтынсарин.
3томдық шығармалар жинағы Алма-Ата: Наука КазССР, 1976.-352
б.