Мектепке
дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының
оқытушысы Минайдарова М.И.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
МЕКТЕП
ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛІН
ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған
«Қазақстан-2050» стратегиясында негізгі бағыттардың
бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен
салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі
замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық,
отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын
тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1;1].
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарғы
мемлекеттік бағдарламасында білім
беру жүйесін түбегейлі
өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың
бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру,
еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке ата-бабаның тарихи
мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген. [3].
Тәрбиеші
тілі — балалардың сөйлеу
тілін дамытудың негізгі көзі. Жас шамасына қарай әр
топтағы балалар өз тәрбиешілерімен
шаруашылық-тұрмыстық және еңбек
іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың
ойындарын ұйымдастырады, бағдарламада көрсетілген
барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу
кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының
сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде
тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен
тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты.Әр ұлттың тілі сол ұлтпен бірге
пайда болып, дамып отырады. Сондықтан да, өз тарихына,
ұлттық дәстүріне, туған жеріне, туған
тіліне қамқор көзбен карап, қадірлей білген адам
ғана мәдениетті болады. [5].
Тіл мәдениеті — сөздерді мағынасына қарай
дұрыс қолдану, сөйлеу үстінде оларды бір-бірімен
қиюластырып, үндестіріп дұрыс айту, емле мен тыныс белгілері
ережелерін сақтап сауатты жазу, тілдің ғасырлар бойғы
сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен
қолдану.
Балалар
бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу
тілін меңгеру — бұл кәсіби даярлығының
көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін
жетілдіру — болашақ әрбір тәрбиешінің адамгершілік
және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға
берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс. [7].
Тіл
мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби
тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша дұрыс
сөйлеу, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері
нормасына сәйкес келуін айтады.
Балабақшадағы балалардың сөздік қорын
байыту, сөйлеу мәнерін, сөз сарынын қалыптастыру –
бүгінгі заман талабы. Сондықтан
тәрбиешінің сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі
жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны
абзал.
Балабақшадағы балалар тәрбиесімен
шұғылданатын болашақ мамандардың институт
қабырғасында алған білімдері мен дағдыларының
ішінен ана тілі ерекше орын алады. Байланыстырып сөйлей білуді игеру – оларға
қойылатын ең жоғары талап. Өйткені сөз –– тәрбиешінің еңбек құралы.
Баланың ой – өрісін кеңейту, ақыл –
ойын дамыту, мінез – құлқын, еркін тәрбиелеудің
бірі мұғалім сөзі арқылы іске асады. Сөйлеу
мәнерінің қалыптасқан үлгісі ‒ тілдік тәсілдер мен сөз
шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.
Жұмыстың өзектілігі де осында жатыр. [9].
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың
тәсілдері мен әдістерінен теориялық мәлімет бере отырып, байланыстырып сөйлеу мен ойын арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастыру, сөйлеу техникасын дамыту жолын көрсету. Балабақшадағы балаларға
мәнерлеп оқу мен әңгімелеудің ерекшелігі,
оларға арналған әдеби шығармаларды таңдау,
сұрыптау, пайдалану мақсаты көзделеді. [11].
Мектеп
жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, баланың
сөздік қорын дамыту, оның айналадан алған
әсерімен тікелей байланыстылығы, тіл дамыту мектеп жасына дейінгі бала тілін
қалыптастыруға, балалардың ауызша сөйлеу тілін өзінің
жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын
қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы
көркем әдебиет мысалдары арқылы жүргізіледі. Яғни
тәрбиеші қай топта болмасын тіл дамыту сабағын өткізгенде
негізгі құрал ретінде сабақ ретінде,ойын
түрінде, мазмұнына
сай ертегілерді, әңгімелерді, мақал-мәтелдерді,
жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, тақпақтарды
кеңінен пайдаланылды.
[13].
Баланың
сөйлеу белсенділігін арттыру үшін сұрақ-жауап
әдісін қолдануға болады және сонымен қатар бала
өз жолдастарының жауабын тыңдауға да дағдылануы
керек. Баланың сөйлеу тілін жаттықтыру үшін ата-анасына
да әдістемелі көмек көрсетіледі. Балабақшада тіл дамыту
жұмыстарын жүргізу маңызды рөл атқарады.
Ғылым
мен мәдениеттің қазіргі дамыған дәрежесі жас
мамандардың өз пәнін терең игерген, жан – жақты
дамыған, идеялық нанымы мығым, еңбекке сақадай
сай болуын міндеттейді. Осыған орай, тәрбиешіге сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру өздерінің кәсіби міндеті деп игеру
жүктеледі. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін, сөздік қорын дамыту туралы теориялық мәлімет бере отырып,
жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс
дем алу, дикция (үні, сазы) т.б. дауыс сапасын дамыту жолын
көрсету сияқты
жұмыстарды жасау алдағы күннің міндеті болып табылады. [15].
Пайдаланылған
әдебиеттер:
3. «Біз мектепке
барамыз» бағдарламасы. Астана-2010ж.
4.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу
стандарты.
5.
«Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана-2010ж.