Ф.ғ.к., доцент м.а. Н.Б. Есенова

Балапан балабақшасының әдіскері Ахметова А

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

Психикалық дамуы тежелген балаларға педагогикалық және психологиялық сипаттама

 

 

  Психикалық  дамудың  тежелуі  ПДТ баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы эмоционалдық дамудың орнына, сонымен қатар, нейродинамикалық бұзылыстар (астеникалық және церебрастеникалық күй) мағынасына М.С.Певзнер мен Т.А.Власованың назары аударылған болатын. Осыған орай жүктілік кезінде орталық жүйке жүйесіне тиген кері әсерімен байланысты психикалық және психофизиологиялық инфантилизм негізінде пайда болған ПДТ; ағзаның астеникалық және церебрастеникалық күйлеріне әкелген әртүрлі патогендік фактор нәтижесінде бала өмірінің ерте кезінде пайда болған тежелу болып бөлінеді.

Психикалық  дамудың  тежелуі  (ПДТ)  диагнозы  біршама  шартты,  кезеңді  және  ауытқудың  түрлі  клиникалық  жағдайын  біріктіреді . ПДТ-нің  қалыптасу  тетігі  аралас  сипатқа  ие  болғандықтан  оның  пайда  болу  себептері де  әртүрлі. Атап  айтсақ :  жүктілік  кезіндегі  токсикоз,  шала  туылу  кезіндегі  асфикция,  ерте  балалық  шақтағы  күрделі  соматикалық  аурулар,  жүйке  жйесіндегі  органикалық ,  резидуалды  жетіспеушілік  және  т.б.Психикалық  дамудың  тежелуі  олигофренияға   қарағанда  айтарлықтай  жиі  кездеседі.

         ПДТ ға  тән  қасиеттер : таным  іс- әрекеті  баяу  қарқынды  дамиды  ,  мінезі  инфантилді,  жүйкелік  психикалық  дамуында  ауытқу  байқалмайды  балалардың  бірнеше  ай  кешігіп  жүруі,  сөйлеуі  мүмкін. Қызығушылықтары,  эмоцияналдық  еріктік  реакциялары  жасына  сәйкес  емес,  толық  жетілмеген. 7-8 жаста  олар  ойын  әрекеті  кезеңінде болады.  Мектеп ,ондағы  тапсырмалар  қызықтырмайды . Тез  шаршағыш ,партада  отыру  қиын ,  сабаққа  үнемі  селқостық  танытады, зейіні  қысқа   уақытқа  ғана  шоғырланады. Психикалық   дамудың   тежелуіне  клиникалық -  психологиялық  құрылымында   эмоционалдық  және   интеллектуалдық  аймағының   пісіп-жетілуінің  арнайы  қосарлануы  тән.

 Патогенетикалық механизмдердің түрлілігі болжамдардың да әртүрлілігіне шарт болды. Асқынбаған психикалық инфантилизм түріндегі ПДТ көп бөлігінде оқытудың арнайы әдістерін талап етпейтін, болжам бойынша қолайлырақ саналды. Ал аса көрінген нейродинамикалық, біріншіден, тұрақты церебрастеникалық бұзылыстардың аса көрінуіндегі ПДТ өте ауыр түрде және де көбінесе тек психолого-педогогикалық түзетуді ғана емес, сонымен бірге емдік шараларды қажет ететін болып шыққан.

 Ғылыми – зерттеулік жұмыстар нәтижесінде К. С. Лебединская ПДТ-ның этиопатогенетикалық жүйелеуін (систематика) ұсынды:

Психикалық даму тежелуінің конституционалды түрі. Үйлесімді (гармониялық) инфантилизм (М.С.Певзнер және Т.А.Власованың жіктеуі бойынша) кезінде эмоционалды ерік аймағы дамуының ерте сатысында болып табылады, көбінесе кіші жастағы баланың эмоциялық құрылысының қалыпты құрылымына ұқсайды. Мінез-құлықтың эмоциялық  себептілігінің көп болуы, көңіл-күйдің жоғарлылығы, тез сенушілік тән. Осы балаларда бастауыш сыныпта көрінетін оқудағы қиыншылықтарын  М.С.Певзнер мен Т.А.Власова мотивациялық аймағының және жеке тұлғалылықтың жетілмеушілігімен, ойынға деген көңілдерімен байланыстырады. Гармониялық инфантилизм психикалық инфантилизмнің басты формасы болып есептеледі. Осы кезде эмоционалды-еріктік жетілмеушілік белгісі нағыз түрінде көрінеді және көбінесе инфантильдік типті дене құрылысымен белгіленеді.

Психофизиологиялық келбеттің осындай үйлесімділігі, отбасылық жағымсыз жағдайлардың  болуы, психикалық ерекшеліктердің патологиялы еместігі инфантилизмнің осы түрінің туа пайда болған конституциялық этиологиясын болжауға мүмкіндік береді. Бірақ кейде гармониялық инфантилизмнің пайда болуы құрсақтық немесе өмірінің алғашқы жылдарындағы алмасулық-трофикалық бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін.

 Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі.
Даму аномалиясының бұл түріне ұзаққа созылған әртүрлі жаратылыстағы соматикалық жетіспеушілік (созылмалы инфекциялар, аллергиялық қалып-күй, туа және жүре пайда болған соматикалық аймағы (біріншіден, жүрек дамуының ауруы). Балалардың психикалық дамуының баяу қарқынында едәуір орын тек жалпы ғана емес, сонымен бірге психикалық тонусты төмендететін тұрақты астенияға берілген. Кейде эмоционалдық дамудың тежелуде  бірқатар невротикалық қабаттармен шартталған (өзінің физиологиялық жетілмеушілігімен байланысты сенімсіздік, қорқыныш; кейде соматикалық әлсіздік немесе науқас балаға қойылған тиымдар мен шек қоюлар режимінен пайда болған) соматогендік инфантилизм орын алады.

Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі. Баланың жеке тұлғасының дұрыс қалыптасуына шек қоятын тәрбиелеудің жағымсыз шарттарымен байланысты. Ерте пайда болған, баланың психикасына жарақаттаушы әсер ететін және ұзаққа созылатын ортаның жағымсыз шарттары баланың жүйкелік-психикалық аймағының ауыр бұзылуына, алдымен вегетативтік қызметінің, содан кейін психикалық дамудың (оның ішінде эмоционалдық ) бұзылуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайларда жеке тұлғаның патологиялық дамуы туралы айтылады. Көбінесе психогендік жаратылыстағы ПДТ «гипоопека» құбылысымен шартталған психикалық тұрақсыздық типі бойынша жеке тұлғаның шектеулі дамуында байқалады. (Гипоопека құбылысы – балада жауапкершілік қасиеті, мінез-құлық формасы дұрыс қалыптаспайтын қараусыздық себебі.)

Психикалық даму тежелуінің церебральды-органикалық түрі. Айтылып кеткен басқа түрлеріне қарағанда көбірек кездеседі. Және эмоционалдық – еріктік аймағындағы, танымдық қызметтегі бұзылыстардың тұрақтылығымен ерекшеленіп, дамудың осы аномалиясында негізгі орынды алады.

        ПДТ-ның осы түрі бар балалар анамнезін зерттеу көбінесе жүйке жүйесінің жеңіл органикалық жетіспеушілігін көрсетеді (көп жағдайда жүктілік кезіндегі ауыр токсикоз, инфекциялар, жарақаттар, асфиксия және натальдік кезеңдегі жарақаттар, т. с. с.) Анамнестикалық мәліметтер көп кезде дамудың жастық фазаларының ауысуының баяулауын көрсетеді: жүру, сөйлеу, ойлау қабілетінің, статистикалық қызметтің қалыптасуының кешігуі. Церебральді – органикалық жетіспеушілік біріншіден, ПДТ-ның құрылымына: эмоционалды – еріктік жетілмеудің ерекшелігіне, таным қызметінің бұзылысының түріне қалыпты дақ қалдырады. Церебральді – органикалық жаратылыстағы ПДТ-ге естің, зейіннің жетіспеушілігі, психикалық процесстердің инерттілігі, баяулылығы себеп болған таным қызметінің бұзылуы тән.

Осы түрлердің әрқайсысы бірқатар белгілермен (соматикалық, энцефалопатиялық, неврологиялық) күрделенуі мүмкін және әрқайсысында өзінің клинико-психологиялық құрылымы, өзінің эмоционалдық жетілмеуінің ерекшілігі және таным қасиетінің бұзылулары,  өзінің этиологиясы болады.

Объектті бастамада білімдерінің нақты сапасы, ақыл-ойлары, мүмкіндіктері, топтағы жағдайы, бағалануы және оның маңыздылығы, яғни адамның барлық елестетулерін қамтып отырады. Бұл елестетулер негізінде өзіндік бағалау (өзінің нақты сапасына байланысы) және өзіндік бейнеленуі (өзінің қабілеттерін, мүмкіндіктерін, басқа адамдар арасындағы өз орнын және т.б. елестете отырып) қалыптасады. Бұл өзіндік елестетулер адамдардың әлемге, басқа адамдарға және өзіне деген өзіне деген қарым-қатынасын жанамалайтын сана-сезімнің перифериясын құрайды. Мұндай қарым-қатынаста бағалауда және өзінікімен салыстыруда сапасының сай келуін тудырады.

Бұл екі бастама («Мен» және «Менікі») сана-сезімнің толықтырушы жақтары және басқа адамдармен қарым-қатынасы болып табылады.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.                 Власова Т.А. Задержка психического развития детей и пути ее преодоления. – М., 1996.

2.                 Дети с временными задержками развития. Под ред. Т. А. Власовой, М. С. Певзнер. М., “Педагогика“, 1991.

3.                 Мухина В. С. Детская психология. – М. 1995. С. 315.