Ф.ғ.к., доцент м.а. Н.Б. Есенова

Студент Топар Н.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамытудың ерекшеліктері мәселелерінің зерттелу жағдайы

 

Таным теориясы (гноселогия немесе эпистеминология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі- рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім- “таным теориясы” деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттың жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы. Дүниені танудың түрлі формалары болады. Ғылыми теориялық тану дегеніміз- дүниені меңгерудің бір формасы, мұның негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік жатады. Ғылыми тану толып жатқан жеке жақтардан заңдылық шығаруға сипат табуға бағытталған.  бойында кездесетін таным қабілеттіліктері –білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс. Ол балалардың сыртқы даңқы әрекетерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Баладың танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу- оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Балалардың танымдық белсенділігі алғашқы кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, әсерленуі) негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ерігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының идеясы мынадай:

Білім алу балалардың белгілі бір әрекеттер жүйесін орындауы нәтижесінде жүзеге асырылады. Ақыл-ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Педагогтың міндеті-осы үрдісті басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оны қалыптасу барысында бақылап отыру.

 Ақыл-ой әрекеті сезімдік қабылдау негізінде алған жүйлі білімі арқылы қалыптасады. Оқу барысында, әрекеттердің белгілі бір жүйесін орындау кезінде оқытушылардың басқаруымен сезімдік қабылдау қабілеттілігін жетілдіріп отыруға асырылады. Балалардың психикалық даму ерекшеліктері оқу әрекеттерінде жетекші қызмет атқарады. Оқу үрдісі баладың танымдық белсенділігі мен құштарлық қабілеттілігін арттырудың сан алуан түрлерінің бірі. Оқу – тәрбиелеу үрдісі оқытушы мен оқып-үйренушінің әр түрлі іс-әрекеттердің барлығы оның білімінің мазмұнын меңгеру мақсатында орындалады. Дидактикада осы іс-әрекет түрлерінің сипатына, жинақтау тұтастығы мен орналасуына көп көңіл бөлінеді. Білім оқытушыдан балаға беріліп қана қоймайды, оның шығармашылығын дамытуға жұмылдырылады. Өйткені оқыту әдістері белгілі білімді игеру үрдісі мен тікелей байланысты. Оқыту әдісі – оқытушы қолындағы өзіндік педагогикалық құрал.

Педагогикалық үрдісте оқып–үйренуші мен оқытушының арасындағы өзара әрекеттесу жүріп, ол әрекеттесу әр түрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерді анықтаумен классификациялаудың көптеген жақтары бар. Б.Краевский “Оқыту әдісін оқытушы мен оқып үйренушінің біріккен іс-әрекетінің моделі, белгілі білім мазмұнын оқып-үйренушілерге игеру үшін беретін нормативті жоспары” деп түйіндесе, И.Лернер “Оқыту әдісі оқып үйренуші мен оқытушының сатылы әрекеттесу жүйесі, мазмұнын игеруді ұйымдастыруға бағытты”,-деп тұжырымдайды. Дидакт В.Оконьнің пікірінше “Оқыту әдісі – сыналған оқып – үйренушінің жеке өзгерістерінің іске асыру мақсатында қолданылатын оқып - үйренуші мен оқытушының біріккен қызметі”. Осыдан біз оқыту әдісінің сипатына мақсаты, ұйымдасқан игерілген әдіс, оқыту субъектілерінің әрекеттеу белгілерін жатқызамыз. Әдістерге технологиялық жағынан жақындау әдістің өнімділігін тиімді арттыру мақсатында бағытталған, яғни мұнда оқып – үйренушінің танымдық мүмкіндігі, жеке адамның белсенді танымдық қабілеттігі ескерілмейді.

Кез-келген құрылыс элементі сияқты оқыту әдісінің субъективті және объективті бөлімі бар. Объективті бөлімі әртүрлі педагогтар қолданылатын кез-келген әдістерде кездесетін нақты ережелер: заңдар мен заңдылықтар, ұстанымдар және мақсатқа қажетті бөлімдерден мазмұнынан, іс -әрекет формаларынан тұрады. Субъективті бөлім оқып-үйренушілердің жеке педагогикалық ерекшеліктері мен байланыстағы нақты жағдайлары.

Оқыту әдісін әр түрлі жағынан қарастыруға болады. Оқыту әдісі оқу үрдісінде өтетін оқу формасын, оқып-үйренушілердің білім логикалық игеруі оқуға үйрену тәсілдері. Осы құбылыстардың ішіндегі маңыздысы, білім мазмұны әдістерімен тығыз байланыста болып, оқып-үйренушілердің ойлау іс-әрекеттері сипатын анықтайды.

Оқыту мақсатында қолданылатын білім түрлері: терминдер мен ұғымдар, дәйектер мен деректер, заңдар мен теориялар, әдістемелік білім және білімді бағалау.

Білімнің атқаратын бірінші қызметі: шындық өмірдің негізі – онтологиялық адам өмірімен қарым – қатынаста бола отырып, адамдар арасындағы байланысты жалғайды. Екіншісі, іс-әрекет мақсатын орындау мақсатында бағыттаушы қызметін атқарады.

Оқып-үйренушілердің білімнің, дағдыларының, шеберлігінің сапасы мәселелерін өңдеу педагогикалық әдебиетте кеңінен қаралып, қазіргі уақытта білім, дағды, шеберлік сапасы әдістер арқылы жүйеленіп, әртүрлі белгілеріне қарай сипатталып жүр. Білім сапасының жүйесі – сапалық сипаттамалардың әрекеттескен жиынтығы, жеке адамның дамуы мақсатына жоспарлаған, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған толық білім.

Оқу іс әрекеті үрдісі балалардың сана-сезімдерін дамытуға бағытталғандықтан, өзінің ішкі объективтік заңына сай өтетіні даусыз. Өйткені, балалардың тиісті жадығатты игеруі таным үрдісіне негізделеді. Ал таным үрдісі өзінің диалектикалық заңдылықтары бойынша өтеді.

Ақиқатында, оқыту – үш жақты үрдіс. Онда бір жағынан, бала олардың таным әрекеттері, екінші жағынан, игерілуге тиісті материал болса, үшінші жағынан, осы үрдісті ұйымдастырып басқаратын мұғалімнің бағдарлы іс-әрекеті бар. Тиісті жадығатты мұғалімнің ұйымдастырып басқаруымен өздерінің таным әрекеттері арқылы игеріп меңгеретін бала. Демек, бала оқыту үрдісінің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан олардың өзіндік таным әрекеттері шешуші рөл атқарады. Сол себепті қойылған мәселені осы тұрғыдан, яғни баладың өзіндік таным әрекеттері тұрғысынан мынандай бірізділікпен қарастыруға әбден болады: баладың таным әрекеттері мен оның құрамды элементтері; оқыту қатынастары және оның құрылымы; оқыту қатынастарының баладың таным әрекеттерінің даму деңгейіне сәйкестілігі; оқыту қатынастарының баладың таным әрекеттерінің сипатына сәйкестігі; оқыту үрдісіндегі баладың сана-сезімдерінің дамуының қайнар көзі мен қозғалысы; оқыту үрдісінің негізгі заңы

Оқыту үрдісінде баладың таным әрекеттері аталған шарттарға сай келетін игерілетін жадығатқа қосылуы үшін олардың қолданатын тәсілдері оған тән таным әрекеттерінің тәсілін баладың өз бетінше алдын ала анықтап алу мүмкіндігі аз. Сондықтан мұғалім өзі меңгерген бала игерілуге тиісті жадығаттың ішкі байланыс амалы болып табылатын оқыту әдісін алдын ала анықтан, сол арқылы баладың таным әрекеттерінің тиісті жадығатпен қосылуын ұйымдастырып басқарады. Басқаша айтқанда, қажетті оқу құралдары мен оқыту әдісін қолдана отырып баладың таным әрекеттерін игерілуге тиісті жадығатпен қосылуын қамтамасыз ететін – мұғалім. Демек, ұстаздың осындай бағдарлы іс-әрекеті баладың таным әрекеттерінің құрамына кіреді де, оның білінбес бір элементі болып табылады.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Мектепте оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. Әдістемелік құрал – Түркістан, 2005. – 40б.

2.     Зак А.З. Развитие умственных способностей младших школьников. М.Просвещение.1994

3.     Павлова Л.Н. Раннее детство: развитие речи и мышления. - М.: 2000.