Ф.ғ.к., доцент м.а. Н.Б. Есенова

Студент А.Қарғабай

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

Мектепалды тобындағы балалардың танымдық процестері мен жеке даралық ерекшеліктерін зерттеу

 

 

Баланың психикасының дамуы биологиялық жағдайлармен нақты тарихи-әлеуметтік жағдайлар арқылы белгіленеді. Бұл шарттар болмаған уақытта адамға тән психикалық әрекеттер де дамымайды. Бірақ бұл жағдайларды бір-бірінен бөліп алмай, тұтас қарастыруды қажет етеді.

Сондықтан баланың жан дүниесінің өсіп-дамуын білудің маңызды зор.

Бала психикасының дамуындағы биологиялық жағдайлардың орны. Психика ешбір негізсіз өздігінен пайда болмайды. Психиканың пайда болуы үшін биологиялық жағдай, анатомиялық, физологиялық негіздер болуы керек. Психика пйда болу үшін материалдық негіз болып табылатын жүйке саласы (ми) болуы, оның дұрыс дамып, әрекет етуі шарт.

Баланың ана құрсағында жатқанның өзінде ақ миы - 340 гр., баланың жалпы салмағының 1/8 бөлігіндей болады. Ал ересек адамдардың денесінің 1/32 бөлігінде болады. Жаңа туған баланың миында  сулы заттар өте көп болып, бала өскен сайын құрғап, азая бастайды да ми тығыздала береді. Сондықтанда баланың анатомиялық-физиологиялық, психофизиологиялық дамуын білудің маңызы зор. Баланың алғашқы өмірінде оның өмірі шартсыз рефлектер мен инстинкттерден  соқыр сезімдерден  тұрады, балада ешбір әрекеттер де болмайды.

Балада сана пайда болып, саналы әрекеттер дамыған сайын рефлекстер мен инстинктердің бала қылығындағы алатын орны мен райы бәсеңдей береді.

Шартсыз рефлекстер жаңа туған баланың болашақ әрекетінде үлкен орын алады. Бала жалғыз емшек қана емес, ауызына түскен барлық затты сора береді. Осылар сияқты көп шартсыз рефлекстер баланың жаңа дүниеге ыңғайласуына, өмір сүруіне өте қажет болып табылады. Баланың қабылдауы сыртқы, ішкі әсерлерге баланың қайтарған жауаптарының нәтижесі болып табылады. Осы қималдардың өзі қимыл-әрекеттердің дамуына әсер етеді.

Ешкім үйретпесе де баланың анасының бауырына басын тығып, емшегін еміп тамақтануы, жөргөгі су болғанда, тазалыққа мұқтаж болып, жылап тынышсыздануы, кейбір қорғаныс әрекеттері - инстинкті (соқыр сезім) қылықтары болып табылады. Бірақ бала инстинктері тарихи-әлеуметтік жағдайда адамдардың тәрбиесінің нәтижесімен өзгеріп, қайта құрылып отырады. Осы айтылған әрекеттер іштен пайда болатын әрекеттер.

Ал жүре пайда болатын әрекеттер шартты рефлекстер бірден пайда болмайды. Мысалы, шартты рефлекстер бала дүние келгеннен соң 3 айда пайда болады дейді. Өйткені шартты рефлекстер пайда болуы үшін ми жарты шарларының қыртысының әрекеттері тиісті дәрежеге жетуі керек, сондай-ақ бала психикасының  қалыпты түрде дамуы үшін сыртқы сезім мүшелері де әрекет етуге дайын болуы керек.

Екі-үш апталық бала қарны ашқанын, астының былғанғанын  түрлі реакциялар арқылы білдіреді. Нәсілдік қасиеттер деп - ата-аналардан, туған-туысқандарынан ұрпақтарға тұқым қуалауға ұқсас белгілерді айтады. Мысалы, әр түрлі дене белгілері нәсіл арқылы ата-анасынан  балаларына берілуі мүмкін, баланың дене құрлысы, тәнінің жеке мүшелерінің формасы, көздің, шаштың, мұрынның,т.б. ұқсас болуы.

Бірақ балалардың туған-туыстарының қылықтарына ұқсас әрекеттерін нәсілдік деп айтуға болмайды. Мысалы, бала сөйлеуі, жүрісі, мінезі туған-туысының болмайды. Мұны тек еліктеу нәтижесінде пайда болады. Бала еш уақытта ақылды не ақымақ. дарынды не дарынсыз, жақсы не жаман мінезді болмайды, ол бұл жағдайға дамудың нәтижесінде ғана жетеді.

Психика - мидың қасиеті дедік, бірақ сол ақиқатты дүние миға әсер етіп, онда сәулеленіп отырмаса, психикада ешбір пайда болмайды. Сондықтан айналадағы қоршаған орта әсер ере отырып, психиканың дамуына материал беріп отырады. Ал бұлай болмаған жағдайда психика дамуы болмайды. Егер баланың ішетін тамағы, киетін киімі, бас паналайтын үйі болмаса, адам күн көре алмайды. Сондықтан бұл аталған жағдайлар шешімін тауып, санитарлық-гигеналық талаптарға сай келуі керек, міне, тек осындай қолайлы жағдайлардың жасалуы ғана баланың дұрыс дамуына ықпал етеді. Баланың адам болуы  - адамдардың адамгершілік белгілері, олардың өндіріс тіршілігі мен қатынастары, ғасырлар бойы жинақталып, дамып, алға басып отыратын мәдени мұрасы мен сол халықтың  идеологиясы.

Яғни айналасындағы қоршаған ортаның әсер етуі арқасында және сол қоршаған ортаның дамып, өзгеріп отыруы арқасында халықтың тұрмысы өзгеріп отырады. Адам айналасындағы тұрмысқа қатысып, тіршілік еткенде ғана, тұрмыс адамға әсер етеді, адам өзін-өзі өзгертеді.

Бала психикасын ең алдымен баланы қоршаған ортаның оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызып отыруы үшін үлкендердің саналы әрекеттер жасап отыруы керек. Бала өскен сайын оның мұқтаждықтары көбейіп, алдымен санасыз және еріксіз әрекеттері арқылы, сосын саналы әрекеттері арқылы бала өзінің айналасындағы қоршаған ортада өзгереді.

Үлкендердің тәлім-тәрбиесі мен белсенді әрекеттері сол қоршаған ортаға және балаға әсер етеді. Бала психикасы оның айналадағы дүниеге, заттарға қатысы, оларды тануы арқасында дамиды. Сондықтан бала ғана айналасындағы қоршаған ортаның әсерінен ғана қалыптасып,ол әсерге  түгелдей бағынып  отырады деу дұрыс емес .

Сыртқы қоршаған орта балаларға түрліше қатынасады, соның нәтижесінде міне-құлықтың психологиясы да әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы, бір жанұяда өскеннің  өзінде балалар бір-біріне ұқсамайды. Баланың психикалық әрекеттерінің сипаты олардың мазмұнымен байланысты. Ал психикалық әрекеттердің мазмұны бала тіршілігімен, оның  айналасындағы адамдармен, дүниемен, ондағы болмыстармен қатысы арқылы белгіленіп отырады. Сондықтан баланың өзінің айналасындағы дүниемен оқу, еңбек, ойын арқылы белсенді түрде әрекет етуі психикалық дамуына өте керекті шарт болып табылады.

Педагогтық қабілеттер - жеке адамның мұғалім ролінде балаларды оқытуда және тәрбиелуде жоғары көрсеткіштере жету шарты болып табылатын белгілі психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адамның қайсыбір арнайы қабілеттіліктерінің құрылымын жасайтын қасиеттері мен ерекшеліктерінің ішінде бірі жетекші, екіншілері қосымша болатыны белгілі. Педагогтық қабілеттілікте жеке адамның коммуникативтік қасиеттері және, алдымен, қабылдау өрісіне жататын (олардың ішіндегі маңыздырағы бақылағыштық) перцептивті қасиеттері жетекші роль атқарады. Олар мұғалімге оқушының психологиясын, нақтылы жағдайдағы оның психологиялық күйін тепе-тең қабылдауға, сынып ұжымының жәй-күйін жалпы және осы педагогикалық ситуацияда ішінара дұрыс бағалауға мумкіндік береді.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Абрамова ГС. Практическая психология. - М., 2001.

2.     Алдамұратов. Жантану негіздері - Алматы, 2001.

3.     Бектенғалиева С.Х., Ядгарова НХ Балабақшада психологиялық
қызмет жұмысын ұйымдастыру. - Алматы, 2003.