ф.ғ.к.,
доцент м.а. Н.Б. Есенова, аға оқытушы С. Момынова
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты
Жазбаша сөйлеу тілі бұзылысының мінездемесі мен
классификациясы
Қазіргі
уақытта кіші мектеп жасындағы балалардың оқу және
жазбаша бұзылысы (дислексия және дисграфия) өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Оқу мен жазудың
бұзылысы оқу процесіне баланың мектепке бейімделуіне, оның
жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен психикалық даму
мінездемесіне кері ықпалын тигізеді.
Оқу мен жазу
бұзылысының дамуы ресейлік ғалымдар Алексеева М.М., Яшина
В.И. Бессонова Т.П., Грибова О.Е. Визель Т.Г. Выготский Л.С. Гвоздев А.Н.
Городилова В.И., Кудрявцева М.З. Р.Е.Левина, Ефименкова Л.Н. айналысқан.
Жазудың түрлі
бұзылысы дисграфия деген атауға ие. Бұл үлкендер мен
балаларда кездеседі. Үлкен жастағыларда жазу дағдысы бас ми
ауруларының, ми қыртысы аймағының бұзылысы
нәтижесінде тасымалданады. Мұндай дағдының
өзгерісі, әсіресе жазбаша сөйлеу тілі афазия кезінде
бақыланады. Балалардағы дисграфия – жазбаша сөйлеу
тілінің дағдыларын игерудің ерекше қиындығы,
ауызша сөйлеу тілінің дислалия, дизартрия, алалия,
кереңдіктің арқасында дамуымен көрінеді, бірақ
өз бетінше пайда болмайды. Балаларда дисграфиялық бұзылысы
түрліше: жеке жазуда қиындық пен жалпылама дағдысын
игере алмауымен көрінеді.
Дисграфия өз алдында шартты –
рефлекторлық байланыстың сайланған аумақ
мамандануының ерекше формасын, жазудың физиологиялық
дағды механизмінің бірін қалыптастырады.
Жазудың
бұзылысын сөйлеу әрекетінің патологиясының жеке
мінездемесі ретінде Kussmaull (1877) және Beckerman (1881) өз
жұмыстарында айтқан.
Дисграфияны
зерттеуде көптеген мәліметті невропатолог К. М. Монахов (1914)
енгізді, дисграфияны жалпы сөйлеу бұзылысымен байланыстырған.
Автордың ойынша, дисграфияны сенсорлы афазияның бұзылысы
нәтижесінде болатын, тіпті оптикалық – моторлы бейнемен
көрініс беретін деп қарастырған.
Балалардағы дисграфияны ресейлік клиницис
– невропатологтар Р.
А. Ткачев, С. С. Мнухин.
Р. А. Ткачев, туылғаннан оқи алмайтын баланы бақылай
келе, бала сауаттылықты үйрене келе әріптер мен буынды
дұрыс айтады, бірақ оларды есте сақтау мүмкін еместігін
атап көрсеткен. Жеке буындар, ылғи соңында, балалар есте
сақтап оларға ойша басын қосып жібереді. Осылайша, бұрмалану
пайда болады. Р. А. Ткачев бұны көрнекі және есту
бейнесіндегі әріптің байланысының интеллектісінде деп
түсіндіреді. Бұл байланыс қиындықпен және берік
болмай пайда болады. Көрсетілген бұзылыстар
тұқымқуалау факторының әсерінен
қалыптасады. С. С. Мнухин «Туа біткен алексия мен аграфия»
жұмысында нұсқайды, балалардың оқу және
жазу қиындықтары өз алдына түрлі жағдайларда
кездесетін және оқу құралы функциясының дамымау
әсерінен болатын тұрақты түрі.
Уақыт өте келе
балалардағы дисграфияны оқшауланған бұзылыс ретінде
көзқарас өзгереді, жаңа бір бағыттағы
жолға орын беріп, оны ауызша сөйлеу тілі мен есту кемістігін
дисграфиямен байланыстырады. ХХ ғасырдың 30 – жылдарында
көптеген педагог – дефектологтар мен психологтардың
жұмыстарында балалардағы айтылу кемістігі, дислексия мен
дисграфияның нақты өзара байланыстарын анықтаған (Ф.
A. Pay, М. Е. Хватцев, P.M. Боксис, Р. Е. Левина және т.б.).
Балалардағы дисграфия
сұрақтарымен М. Е. Хватцев айналысқан. Алдымен ол
айтылудың жетіспеушілік бейнесімен қарастырған.
Балалардағы дисграфия кей жағдайда, ауызша кемістік
түзетілген, М. Е. Хватцев түсіндіргендей ескі көрнекі
құрылымдық дыбыстар, әріп ретінде көрініс береді,
ол тұрақтылықты бейнелейді.
Р. Е. Левина балалардағы жазу
жетіспеушілігін фониматикалық нәтиженің дамымауынан деп
ойлаған, балалардағы дисграфияны жүйелік қалыптың
көрінісі деп түсінді. Жазудың бұзылысы ауызша
сөйлеу тілі нәтижесінің, яғни тілдік
деңгейдің даму дайындығының жетіспеушілік
нәтижесімен қарастырылады.
Отандық және шетелдік
авторлардың жұмысындағы зерттеу көрсеткендей,
балалардағы дисграфия мәселесі өзекті, бірақ әлі
толық зерттелмеген мәселе.
Дисграфия – бұл жазудың
ерекше жартылай бұзылысы және жоғары психикалық
функцияның бұзылысымен себепті жазудың қалыпты орындалу
процесі.
Жазу бұзылысының
негізін түсіндіру үшін қолданылатын терминдер: дисграфия, аграфия, дизорфография, эволюциялық
дисграфия (балалардағы оқудың бұзылысын игеру процесіне
белгіленген).
Оқу мен жазу
бұзылысының себептері ұқсас болып келеді.
Дисграфиясы бар бала көптеген
жоғары психикалық функциясы қалыптаспаған:
көрнекі анализ және синтез, кеңістікті бағдарлау,
сөйлеу тілінің есту – айтылу қабылдауының, фонетикасы,
сөздік анализі және синтезі, сөздерді бөлу,
сөйлеудің лексико – грамматикалық реті, естің
бұзылысы, зейін, эмоциональды ерік аймағы.
Дисграфияны зерттеуде
логопедиялық оқулықта психолингвистикалық негіз
толық анықталмаған. Бұл негіз жазудың
бұзылыс механизмін жазбаша сөйлеу тілі айтылуының
зақымдану операциясының бұзылысы ретінде қарастырады
(А. А. Леонтьев бойынша): мәтін байланысының ішкі
бағдарламасы, сөйлемнің бөлек ішкі бағдарламасы,
грамматикалық құрылымы, түрін таңдау операциясы,
сөзге фонематикалық талдау және т.б (Е. М. Гопиченко, Е. Ф.
Соботович).
Дисграфияның классификациясы
түрлі сындардың негізінде құрылады: бұзылысты
таңдау, психикалық функция, жазудың қалыптаспаған
операциясының ескертуімен.
О. А. Токарев дисграфияны үш
түрге бөледі: акустикалық, оптикалық, моторлы.
Акустикалық
дисграфия кезінде есту қабылдауының
қалыптасуымен, дыбыстың дамуының анализі мен синтезінің
дамымауымен болады. Тастап кету мен араластыру, әріптерді ауыстыру,
ұқсас және дыбыстық артикуляциясы мен дыбысталуын,
сонымен қатар жазуда дыбысталуының дұрыс емес көрінісі
ылғи болады.
Оптикалық
дисграфия көрнекі – қабылдау мен танымның
тұрақсыздығымен көрінеді. Жеке әріп танылмайды,
анықталған дыбысқа жатпайды. Әріптің түрлі
сәті түрліше қабылданады. Көрнекі қабылдану
нақты болмағандықтан олар жазуда шатасады. Көбіне мына әріптер шатасады: п-н, п-и,
у-и, ц-щ, ш-и, м-л, б-д, п-т, н-к.
Оптикалық дисграфияның
күрделі түрінде жазуда сөз болмайды. Бала тек жеке
әріпті жазады. Солақайларда
ерекше, көрнекі жазуда, сөзде, әріпте, белгілер оңнан
солға жазылады.
Моторлы
дисграфия. Бұған жазу кезінде қол
қимылының қиындығы, көрнекі және дыбыстың
моторлы байланыстағы сөздің бұзылысы жатады.
Р. И. Лалаева дисграфияның
келесі түрлерін анықтаған: артикуляторлы – акустикалық,
акустикалық, түрлі тілдік анализ бен синтез дисграфиясы және
оптикалық бұзылыспен байланысты.
Осыған байланысты жазбаша сөйлеу тілі
бұзылысын жою мақсатында келесі бағыттар жүргізіледі:
А) фонематикалық дислексия мен дисграфияның тілдік
бұзылысының анализ бен синтездің жоюындағы тілдік
анализ бен синтездің дамуы;
Б)
Буындық анализ бен синтездің дамуы;
В)
Фонематикалық анализ бен синтездің дамуы.
Пaйдаланған әдебиеттер
тізімі
1. Алексеева М.М., Яшина В.И. Методика развития речи и обучения
родному языку дошкольников. – М., 1997. - 400с.
2. Бессонова Т.П., Грибова О.Е. Дидактический материал по
обследованию речи детей. – М., 1994 – часть 1.
3.
Визель Т.Г. Мозговая
организация речевой функции и ее нарушения //
Логопедия. 2004. №6 с 4 - 9.
4. Выготский Л.С. Мышление и речь / Собрание сочинений – М., 1982. –