Ф.ғ.к., доцент м.а. Н.Б. Есенова,  студент Топар Н.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық білім беру мен  тәрбиелеу  педагогикалық  мәселе

 

      "Экология" терминін неміс ғапымы Э.Геккель -алғашқы рет 1866 жылы ғылымға енгізіп, "экология - тірі организмдердің тіршілік ортасымен, арақатынасын зерттейтін ғылым", - деген анықтама берді. Экологиялық зерттеулердің табиғи қорларды тиімді пайдалану мен биосфераны сақтаудағы орны ерекше. Табиғат қорғау экологияның бір саласы, сондықтан экологиялық білімнің табиғат қорғау шараларын анықтауда үлкен маңызы бар.

      Экологиялық білім берудің келесі даму кезеңдері 1982 жылы Найробиде және 1987 жылы Москвада өткен халықаралық конференция жұмыстарымен де байланысты. Бұл арада ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майордың: «Экологиялық проблемаларды шешудің бірден-бір жолы -жұртшылық арасында, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар және студенттер арасында да жаппай және үздіксіз осы бағытта білім беру болып табылады», -деген сөздерін ерекше атап өткен жөн. Шын мәнісіңде заманалық маңызы бар бұл сөздер жаппай зкологиялық білім беруді ұйымдастыру ісіне көшудің бағдарламасына айналады.

      1992 жылы Рио-де-Жанейрода шақырылған конференцияда экологиялық білім беру принциптері толықтырылып, кеңейтілді және мұның негізгі үш бағыты айқындалды:

- биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;

- халыққа экологиялық білім беру;

- жұртшылық арасыңда экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

       Бұның бәрі экология проблемасының дүниежүзілік, әлемдік деңгейде ең көкейкесті мәселенің бірі болып отырғанын айғақтайды.

       Экологиялық тәрбие беру проблемасын зерттеуде педагогика кемеңгерлерінің прогресшіл ой-пікірлерін танып-білудің орны ерекше.

      Сондай-ақ, балабақшадағы экологиялық тәрбие беру мәселесін зерттеуде педагогика ғылымының негізін қалаушы ғалымдардың ой-тұжырымдарына назар аударсақ  Я.А.Коменский өнегелі, дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатпен ұштасып жатуы керек деген ойды қуаттайды. Осылайша, ол адамды табиғаттың бір бөлшегі деп санап, өз еңбектерінде табиғат пен бала тәрбиесі арасыңдағы ортақ заңдылықтарды тұжырымдап көрсетуге әрекет жасайды. [1,279]

      Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісі ғылыми негізде құрылып, оқу-білімнің, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, сөйтіп, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдермен терезесі тең болуын көздеді.

            Адамның қоршаған дүниені ұғынып-түсінуі, дүниетанымының жетілуі оның сана-сезімінің, өзіне, өзге адамдарға және дүниеге кезқарасының қапыптасуымен тығыз байланысты екендігін баяндайды.

       Ал, жеке тұлға санасы - "қоғам жемісінің" нәтижесі болғандықтан, оның ойлау қабілеті, қоршаған ортаға деген көзқарас жүйесі, басқа да қызмет-әрекеттері, адам белгілі бір әлеуметтік ортаға араласып, өзінен бұрын өмір сүрген ұрпақтарының білімін, мәдени және рухани құндылықтарын игеріп, қоғамдық сананың түрлі формаларымен байланыс жасамайынша, дамып жетілмейтіндігін философиялық тұрғыда дәледдейді. Адамның ой-түсінігі мен сана-сезім бірлігін дәлелдейтін бұл тұжырым, жеке тұлғаға - зкологиялық мәселелерге соны көзқараспен қарауда бағыт-бағдар береді

       Педагогика ғылымында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін М.Жұмабаев: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық етіп шығаруда, әрбір ұлттың баланы тәрбия қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жок ұлт тәрбиесі мен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасыңда өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиясымен тәрбиелеуге міндетті», - деген болатын. [2,160]

        Табиғатқа байланысты тәрбие тағылымына тоқталатын болсақ, М.Дулатұлының «Таза бұлақ» атты өлеңінің «Болсаң бол, ей, жолаушы, бұл бұлақтай», болмаса:

Бұл сөзден ғибрат мол адамзатқа,

Тегін қыл, жақсылықты құлға сатпа.

Бұлақтай кез келгенге даяр болып,

        Ересектер тобы балаларының жас ерекшеліктеріне сай даму қабілетін анықтау мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасағанымызда, халқымыздың жас ұрпақты оқытып тәрбиелеу жайыңда да небір сындарлы пікірлер айтқанына көзіміз жетті. «Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді», «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқаңда соны іледі» дейтін мақал-мәтелдер баланы адамгершілікке баулуды жастайынан ойластыру қажеттігін, от басынан, ұшатын ұясынан, әке-шешесінен алатын тәрбиенің оның келешек өмірінде үлкен ықпалы бар екенін аңғартады.

      Ересек балалар дербес іс-әрекетінің жетілуіне қарай өзін көрсеткісі келіп тұрады. Дәл осы кезенде үлкендер тарапынан қолдау көрсетіліп, дұрыс бағыт-бағдар берілуі керек.

      Бала психологиясы үшін өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау мәселесінің маңызы ерекше деп білеміз.

      Қоршаған ортаны қорғауға байланысты бала жасына лайықты еңбек машықтарын саралай келіп, табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік сияқты тәрбие дағдыларын меңгертуде баланың жеке басының саналы, интеллектуалдық ой-әрісіне дұрыс бағыт-бағдар беру тәрбиеші қауымына үлкен міндеттер жүктейді.

      Мектепке дейінгі балалардың ұғымында қоршаған ортаның қалай бейнеленетінін, көзқарас пен қарым-қатынастың қалай қалыптасатынын анықтайды, олардың табиғат - адам - қоғамдық өмір т.б. туралы ұғым-түсініктерінің мазмұнын айқындайды.

      Қоршаған орта туралы, адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және олардың үнемі бірлікте дамитынын балалар мектепке дейінгі жастан біліп, түсінгені дұрыс. Олай дейтініміз, мектепке дейінгі мекемелерден бастап қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде баланың таным процесі дамиды. Бала танымы сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниені қабылдап, ой-өрісі кеңейеді. Баланың қоршаған орта туралы ойлау қабілетін дамытуға олардың ойынан алғаш рет орын алған адам, табиғат, қоғам туралы білімдері тірек болады.

      Дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы , ондағы адамның орны, тіршіліктің мәні, мағынасы туралы ойдың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

      Қоршаған орта объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстар санада бейнеленеді. Материалдық заттар сезім мүшелеріне көру, сезіну, түйсіну арқылы әсер етеді де, адамдар оларды қабылдайды. Танып-білу, сезім арқылы қабылдаған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Адам бойындағы адами қасиеттердің көзін ашып, қоғамның белсенді мүшесі ретінде дайындау, білім мен тәрбие қатар жүргізшгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады.

      Міне, педагогтар мен психологтар өмірден, тіршіліктен түйген осы ой-тұжырымдары арқылы адам баласының о бастан-ақ қоршаған ортамен, табиғатпен етене жақын екендігін айта отырып, тәлім-тәрбиенің табиғатқа жанашырлық тұрғысын да, байланыстырыла өзара үйлесімді сипатта жүргізілуі керек деген қағиданы ұсынады.

       Демек, Қазақстандық ғалымдардың ой-тұжырымдарынан нәтижелі, кешенді ұйымдастырылған тәрбие жұмысының отбасындағы үлгілі дәстүр жалғасымен сабақтастығын көреміз.

      Соңғы жылдары, ТМД-елдерінде экологиялық тәрбие меселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіліп, кұнды ой-пікірлер, тұжырымдар жасалып жатыр.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.     Я.А.Коменский. Великая дидактика. -М: Начальная школа, 1993-279с.

2.     М.Жұмабаев. Педагогика. -Алматы:Ана тілі, 1992-160б.

3.     К.И.Исламова.Экологиялық тәрбие.-Алматы.1999.160б.