Балтабаева А.О., Есмагулова А.А.

 

Қарағанды ЖММ "Болашақ" академиясы

 

Мектеп оқушыларының шығармашылык дербестіктігін қалыптастырудың жолдары

 

 

Қоғам даму деңгейі мен әлеуметтік сұраным талаптарына үндес жүйеленген білім көлемі оқыту мен тәрбиелеудің басты ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны меңгеру үрдісі психологияның жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жеткізетіні белгілі. Сондықтан заман талабына сәйкес оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша жастардың шығармашылық дербестігін дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны мәлім.

Шығармашылық іс-әрекет - шәкірттің білімге, нәтижеге жетуге деген өте белсенді, дербес танымдық іс-әрекеті. Оқушылардың шығармашылық дербестігі - оның танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастыруымен, оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жүзеге асыруда көптеген қасиеттерді: зеректік, ізденімпаздық, шабыт, мақсаткерлік, қызығушылық және өмірлік белсенді ұстаным, танымдық-шығармашылық біліктерді талап етеді.

Шығармашылық дербестік - оқушының белсенді танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асатынын ескерсек, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының қорытындылары мен ұсыныстары бұл ұғымның мәні, мазмұнын ашуда маңызы зор болып табылады.

Шығармашылық дербестік категориясы бірқатар психологиялық-педагогикалық еңбектерде қарастырылып өткен (С.Л.Рубинштейн, Г.И. Щукина, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, Н.А.Половникова т.б.).

Н.Г.Чернышевский еңбектерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін және өздігінен белгілі бір нәтижеге жетуге талаптануын, білімін жетілдіріп отырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, шығармашылық іс-әрекет туралы пікірлер айтады.

В.Г.Белинский баланың танымдық іс-әрекетіндегі индуктивті әдістердің роліне тоқталады.

Шығармашылық дербестікті дамытуда К.Д.Ушинскийдің еңбектерінің маңызы зор. Ол оқу материалының мазмұны мен сипатына, көлеміне сәйкес

оқу әдістерін таңдауда оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын оқушыға ұтымды баяндауда дәлдік пен анықтылықты талап етеді. Сонымен қатар окушылардың өз бетімен, дербес ойлай білуін, дербес жұмыс істеу біліктері мен икемділіктерінің дамуына көңіл бөлді.

Ы.Алтынсарин: "... балаларды мектепте сабаққа, кейіннен ғылымға өз бетімен құмарландыратын сабақ ана тілінде карапайым, қызықты ұғындырылып пайдаланылса, оқыту нәтижелі болады" - дейді. Оның "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі осы ойдан туындаған.

Абай: "ғылым-білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлық, яки алдау мен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша ..."-дейді.

         Бірқатар ғалымдар шығармашылық дербестікті дамытуда маңызды болып табылатын өзіндік жұмыстың мәні мен роліне баса назар аударады (Н.А.Добролюбов, О.С. Сыздықов, Б.П. Есипов т.б.) Б.П.Есипов оқушылардың өзіндік жұмыстары бірқатар педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі деп атап көрсетті:

- оқушылардың білімді игеруі мен түсінігін кеңейтуде;

- оқу бағдарламасында көрсетілген дағды мен іскерлігінің дамуына (соның ішінде түрлі білім көздері арқылы өз бетімен білімді игеріп, оны терең ұғыну);

- алған білімін өмірде, қоғамда, пайдалы еңбекте, өндірісте қолдана білуге;

- олардың шығармашылық белсенділігін дамытуда;

- алдағы уақытта да оқушының өз бетімен нәтижелі жұмыс істеуге үйретеді.

Р.Г.Лемберг еңбектерінде шығармашылық дербестік мәселесі жөнінде құнды пікірлер айтылған. Ол: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мынадай шарттарға байланысты:

1)        оқушының істейтін жұмысының  мақсатын айқын түсінуі;

2)        жұмыстың жемісті аяқталуы, оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы;

3)        жұмысты өз қалауымен орындауы", - деп жазды. Р.Г. Лембергтің бұл пікірі шығармашылық дербестікті дамытуда маңызды болып табылады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарың шығармашылық дербестікті қалыптастыру құралы ретінде қарастыруға болады деп есептейміз. Себебі мектептегі өзіндік жұмыстар жүйесі, мазмұны, сипаты, әдістемесі мен оны ұйымдастыру оқушының шығармашылық қабілетін, дербестігін дамыту бағытында жүргізілсе, педагогикалық қызметтің нәтижесі жоғары болары сөзс

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті компоненттерін зерттеген Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, П.М.Якобсон, М.Н.Скаткин т.б.

Еліміздегі ғалымдар А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова, С.С.Смайлов, Т.С.Сабыров, Ж.Р.Баширова, М.Ә.Құдайқұлов, С.А.Ұзақбаева, Н.Д.Хмель т.б. танымдық іс-әрекеттегі шығармашылықтың дамуы мектеп оқушысының білімді өз күшімен игеруге талпынуымен және ізденімпаздық қабілетімен тікелей байланысты деп есептейді.

Шығармашылық қабілет әрекеттің белгілі түрімен айналысудағы мүмкіндік беретін - бейімділікте байқалады.

Сондықтан, әсіресе, кішкентай бала бойындағы бейімділікті көре, болжай білу қасиетінің онан әрі қарай дамытуға өз үлесін қоса алатын мұғалімдерінен үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі "сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді", деген қорқыныш сезімі. Екіншісі - өз-өзіне тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі үнатпайды) кейде өзін-өзі жек көріп кетеді. Үшіншісі - жалқаулық. Мұндай жағдайда баланы одан құтқару жолдарын табу керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте сабақ үстінде қолайлы жағдай туғызу керек. Шығармашылық бағытта баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру керек. Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеру керек деп ойлаймыз:

- шығармашылық тапсырманың қызықты мазмұндық түрін ойлап табу;

- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;

- көркемдік шешім табу, модель кұру, образ жасау үшін негіз боларлық проблемалық жағдайларды тудыра білу;

- шығармашылық процестерді  фактілермен мәліметтерге педагогикалық әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық практикалық тұжырымдар жасау. Осыған орай тұлғаның ақыл-ойын, ой мәдениетін, іс-әрекетін біртұтас дамыту мақсатында факультативтік курстар, үйірмелер, экскурсиялар, саяхаттар бақылау,тексеріп отыру ұйымдастыру мен оны жүргізу, ұйымдастыру жолдары ғылыми негізде жүзеге асуы тиіс;

- оқу оқу әрекеті шының танымдық әрекетін дамыту.

Шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық пен қажетсінуді ғалымдар түрліше қарастырады. Мысалы, С.Т.Шацкий қызығушылық пен қажеттілікті теңестіре қарастырса, психологтар С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов т.б. олардың айырмашылығы бар, қызығушылықтың жоғары деңгейі қажеттілік деп көрсетеді.

Мектеп окушыларының шығармашылық дербестігі білім алу қажеттілігін сезінумен ұштасып жатады. Олардың шығармашылық дербестігі ізденімпаздыққа байланысты, ізденімпаздық қызығушылық пен белсенділіктен туындап жатады.

Аталған қасиеттердің оқушылар бойында қалыптасуы оқушының танымдык әлемін үздіксіз кеңейтуіне бағытталған іс-әрекеттері, ғылымның дамуы мен болашақ бағыттарын білу, оны практикада қолдану мүмкіндігін көре білуі, оку еңбегінің шығармашылық сипатына байланысты.

 

 1.Бабаев С. Жалпы психология. – Алматы: Дарын, 2005. – 352 б.

2. Избранные философские произведения. В 2-х томах. – Т.2. – М., 1996. – 546 с.

3. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. В 2-х т. – М., 1982.– 384 с.

4. Уалиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазуша, 1986. – 560 б. 5. Эльконин Д.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков. – М., 1947. – 234 с.