«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының оқытушысы  Минайдарова М.И. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенті Бағышбек А.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану

 

              Қазақстан Республикасының 2011-2050 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік  бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып  саналады.

Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.Заман алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту   көзделуде.  Қазіргі  өмірдің   өзінен    туындап  отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталады [1].

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын , шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.

Ақыл-ой тәрбиесі-балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсаты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды , танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиді [4].

        Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы-айналадағы адамдар , заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп,танымды дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі –ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамыуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсініуіне , тілінің дамуына әсер етеді. Ақыл-ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі- оқыту процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін , еркін, табандылығын , төзімділігін , қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін , тәртібін тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы –еңбек. Еңбек арқылы әр бала түрлі құбылыстармен  олардың пішіндері , көлемдерімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады [9].

Ойын – үнемі даму құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады. Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады. Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады. [11].

Ойын адамның еңбек әрекетінен туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан адам мәдениетінің ең бір қызықты құбылысы болып есептелінеді. Бұл тақырыпқа байланысты зерттеулер халық ойындарын ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан халық естелігі айқын көрсетеді. Сол себепті ойындарға ғылыми талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және тәрбиелік маңызы бар екендігін дәлелдейді [12].

Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.

Ойын балабақша тәрбиешілерінің бірден - бір көмекшісі болуы керек деген. Дидактика - термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.

К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді». [14].

Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Осы уақытқа дейін адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады [16].

                              Пайдаланылған әдебиеттер:

1.            Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992.

2.            Балбөбек бағдарламасы-Алматы 2000.

3.              В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика Алматы.1982