Оспанова
П.А.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Қазақстан
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖОБАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ӘДІСТЕМЕСІ
Бiздiң
елiмiздiң басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып
отырған шақта ағылшын тiлiн еркiн меңгерген, келешекте
бiлiмiн түрлi саладағы қарым-қатынас жағдайында
пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып
шығару – бiздiң қазiргi кездегi басты мiндетiмiздiң
бiрi. Ағылшын тiлiн тереңдетiп, жан-жақты оқытуды
қоғам, уақыт қажет етiп отыр.
Шетел тiлiнде
сөйлеудi, қарым-қатынас жасауды, коммуникацияға
үйретудi ниет еткен әрбiр мұғалiм өз
сабақтарында жаттығулардың бiр түрi ретiнде ойындарды
қолданатыны сөзсiз. Ойындарды жаңа тiлдiк материалдарды бекiтуге,
сабақты қызықты өткiзуге, шәкiрттердiң
тiлге деген қызығуын арттыруға, бiлiм деңгейiн тексеру
құралы ретiнде пайдалануға болады.
Ойындар жаңа
тақырыптарды өткенде сөздердi грамматикалық материалды,
тұрақты сөз тiркестерiн пысықтауға арналған
жаттығулардың бiр түрi ретiнде пайдаланылады.
Мұғалiм ойындардың сабақ кезiнде қолдануға
ыңғайлы, ықшам, өткiзiлуi жағынан қарапайым
түрлерiн қарап алған жөн. Таңдап алынған
ойындар шәкiрттердiң сөз байлығына тiлдiк қорына
сай болуы керек. Қандайда жоспар құрып алуы қажет. Ол
жоспар әдiстемелiк тұрғыдан алып қарағанда,
мынадай шарттарға жауап беруi тиiс:
-
Ойынның өтiлетiн сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуi;
-
Ойынға бөлiнетiн уақыттың
нақты белгiленуi;
-
Ойынның ойлану түрiнiң топ болып ойнау,
кiшiрек топ болып ойнау, т.б. нақтылануы.
-
Ойынға қажеттi материалдардың
түгел дайындалып қойылуы;
-
Қолданылатын сөздер, сөз тiркестерi,
мақал-мәтелдер, тақпақтар өлеңдердiң
таңдалып алынуы;
-
Пысықталатын грамматикалық,
фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;
-
Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Сабақта
қолданылатын ойындар алуан түрлi. Олар, негiзiнен, оқу
ойындары және коммуникативтiк болып екiге бөлiнедi. Оқу
ойындарын коммуникативтiк ойындардан бөлiп қараған
дұрыс, өйткенi бұл ойындардың шетел тiлi
сабақтарында әр-қайсысының пайдалану орны,
мақсаты, атқаратын қызметi жағынан
айырмашылықтары бар. Дегенмен бұл екi ойын түрi тек
теориялық жағынан ғана бiр-бiрiнен ажыратылады. Шетел тiлiн
оқытудың бастапқы сатысында оқу ойындарын немесе
коммуникативтiк ойындарды қолдану оқушылардың бiлiм, бiлiк
дағдыларына байланысты шешiледi. Себебi тiлдi жаңадан оқып
жүрген оқушылардың бiлiм қоры онша көп
болмағандықтан, еркiн қарым-қатынас жасап,
сөйлесе алмайды, сондықтан мұғалiм тек коммуникативтiк
ойындарды қолдануға мәжбүр болады. Әдетте ойындар бұрын өтiлген
материалдарды негiзге ала отырып, соларды пысықтау, толықтыру
қаншалықты меңгергенiн байқау үшiн
қолданылады. Қазiргi әдiстеме коммуникативтiк ойындарға
төмендегi талаптар қойылады:
-
Коммуникативтiк ойындар оқушылардың бiлiк
дағдыларына сай, яғни ойында кездесетiн тiлдiк материалдар
шәкiрттерге таныс болуы қажет;
-
Коммуникативтi ойындар тiлдi үйретудi мақсат
етедi, әйтсе де ойындардың мақсаты мен мiндеттерi тек
қана тiлдiк материалға бағынышты болмайды;
-
Коммуникативтiк ойындарды пайдаланғанда, тiлдiк
және тiлдiк емес iс-әрекеттер нақты мiндеттерге қатысы
болады.
Ойынға
қолданатын материалдар, қажеттi деген үлгiлер, суреттер, тiрек сөздер жинақталып,
сұрыпталады. Егер ойын алғаш рет өтiлетiн болса, материалдар
(суреттер) қатты қағазға желiмделгенi дұрыс.
Тiлдiк материалдар, сөздер, сөз тiркестерi, алдын-ала
қайталанып, жатты,улар жасатылып, толықтырулар еңгiзiледi.
Ойынға қажеттi сөз тiркестерi, таяныш сөздер
тақтаға немесе плакаттарға жазылып, түрлi
нұсқада iлiнiп қойылады.
Материалды
бөлгенде, егер ойын ережесiнде көрсетiлсе, оқушылардың
бiр-бiрiне қолдарындағы материалдарын көрсетпеулерi
көзделедi.
Тақырып пен
жағдайды суреттеу кезiнде
оқушылардың рөлдерi, қолданылатын сөздерi
түсiндiрiледi, ойынның мақсаты мен мiндетi, ережесi айтылады.
Ойынды бастар алдындағы хабарлама, түсiнiктеме
шәкiрттердiң ана тiлiнде жүргiзiлгенi дұрыс. Керек
болған жағдайда олар тақтаға жазылып, оқушылардың
не iстеп, не қоятындығы қысқаша түсiндiрiледi.
Тапсырмалар мен ережелердi өзгертiп, басқаша етiп, түсiндiрiп
беру өз еркiнде.
Ойынның
өтiлу барысында мұғалiм басқарушы емес –
байқаушы, кейде бiр ойнаушы рөлiнде болады. Тiлдiк проблемалар
болып қалған жағдайда мұғалiм көмекке
келедi. Қателер, кейбiр көңiл аударар ерекше жайттарды не
мұғалiм, не ойыды басқарып отырған оқушы жазып
отырады, бiрақ оларды ойын үстiнде түзетуге болмайды.
Ойынның
мақсаты бағдарламада анықталған бiлiм, бiлiк,
дағдылар жайында түсiнiк беру, оларды қалыптастыру және
тиянақтау, пысықтау немесе тексеру сипатында болып келедi.
Ағылшын тiлi
пәнiнде көбiне рөлдiк ойындар, грамматикалық ойындар
және танымдық ойындарды қолданады.
Оқу процессiнде ойын ойнау аса маңызды.
Оқушыларды рөлге бөлiп ойнату – олар үшiн ойнату
пайдалы, себебi өз бiлiмiн күнделiктi өмiрдегi нақты
жағдайда қолдана бiлуге үйретедi. Оқушы еркiн де кез
және ұтымды сөйлеуге үйренедi. Бiрте-бiрте
ағылшын тiлiнде ойлау қабiлетi арта түседi. Ойын кезiнде бұрынғы
өткен сөздер мен сөз тiркестерi және
грамматикалық материалдар қайталанады.
Пайдаланылған
әдебиет
1. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя.–
Алматы: АГУ им Абая, 1996.