Магистр Беріков Санат.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

Жастарды ұлттық құндылықтарды арқылы тәрбиелеу

 

       Оқушыларға жан-жақты білім, тәрбие беру-мектеп атаулының басты міндеті. Ал еңсе тіктеп үлгермеген Қазақстандай жас мемлекеттің ұлттық мектептері үшін бұл міндет еселене түспек.  өйткені Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі жан ашыры да, арқа сүйері де осынау мектептердің түлектерінің арасынан шықпақ.  Сондықтан ұлттық мектептер шын мәніндегі білім ордасы, халықтық тәрбие бесігіне айналуы тиіс. 

Өйткенмен қала мектептерінің табалдырығын аттаған балғындардың көбі ана тілінен ақсап, салт-дәстүрден ұлттық болмыстан жұрдай болып келеді.  Осындай балаларға білім нәрін егу үшін істеліп жатқан қазіргі жұмыстардың көпшілігі әлі де талап деңгиінен төмен екендігін мойындаған жөн.  Мұны жақсарту, білім сапасын арттыру ең алдымен мұғалімге байланысты.  өйткені оқыту әдістемесін меңгеру, оны баланың жас ерекшелігіне сай икемдеу үшін ұстаз көп іздену керек.  әйтседе бұл мұғалімге оңайға соқпай отыр.  Қазір бүкіл оқу жүйесінеде айқындық жоқ.  ‘’жаңаша қалай жұмыс істеуге болады/ оқу-тәрбие жұмысының сапасын, тиімділігін арттыруды неден бастаған жөн/” деген сауалдар көптеген ұстаздарды тығырыққа тіреп отыр.  Бұл жөнінде айқында жүйелі әдістемелік кеңес, не нұсқау жоқ.  әркім өз білгенінше әрекеттенуде.  Оқытудың ескі жүйесі жарамауға айналады.  Ал жүйе жоқ жерде білім сапасы күрт төмендейтіні тағы белгілі.

Оқушы бойына  ұлттық құндылықтарды, халықтық тілін, салт-дәстүрін сіңіруде ‘’атамекен” бағдарламасы біршама септігін тигізіп, бағыт сілтегендей. 

Халық мұрасының тәрбиелік мәнін жастар санасына сіңіру мақсатындағы жұмыстарымызөз нәтижесін бере бастады.  Оған “наурыз”мерекесі, ана тілі апталықтары, “Атамекен” бағдарламасы бойынша өткізілген тәрбие сағаттары, кездесулер, имандылық сабақтарындағы балалардың сөйлеп, рухани осуі айғақ.  Дегенмен педагогикалық жұмыс стилін өзгерту керек сияқты.  Бүгінгі таңда балаға тұлға ретінде қарау, білім алып, оның өмір сүруіне, еңбек етуіне қажетті жағдай жасау, сөйтіп әлемдік өркениет деңгейіне сәйкес тәрбиелеп, білім беру мақсаты алдымызда тұрғанын ұмытпау шарт. 

Халқымыздың ұлттық санасының оянған кезінде ұлттық және интернатционалдық мәдениеті мен жоғары кәсіптік шеберлігі үйлескен мұғалім даярлық педагогикалық жоғары оқу орындарының  да алдында тұрған толғақты мәселе болып отыр.  Себебі жас жеткіншектердің дүниетанымының, адамгершілік қасиеттері мен мәдениетінің негізін қалыптастырушылардың бірі мұғалім болса, сол мұғалімдер күні бүгінге дейін өз халқының төл мәдениетінен, тәрбие саласындағы асыл мұрасынан хабарсыз болып келеді.  Бұл 70 жылдан астам уақыт бойы елімізбен жерімізді билеп келген тоталитарлық жүйенің зардабы екені баршамызға мәлім. 

Ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбиеберуді аңсаған едік.  Бүгінгі таңда аңсаған арманымызды жүзеге асыратын кезең туды.  Қазақ елі толық тәуелсіз мемлекет болуға ұмтылды.  Осы қазақ елінің болашағы үшін қазіргі оқушылар, жастар, мұғалім педагогктар, ата-аналар өз үлестерін қосуға тиісті.  Еліміздің ұрпағымызың келешегіне барлығымыз жауапты екенімізді ұмытпайық! Сол үшін оқушыларымызға халқымыздың ғасырлар бойы сан мыңдаған сындарынан өтіп бізге жеткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге міндеттіміз.  Осы мақсатта ұлттық салт дәстүрлерді қолданудағы біздің озат мұғалімдеріміздің де оқушыларды салт\дәстүрлердің үлгілеоін, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің озық үлгілерін пайдаланып жүр. 

Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіеің негізі- халық педагогикасы сол қалықтың тарихымен, экономикасымен, мәдениетімен тікелей байланысты.  Бала танымдағы ұлттық сана-ана тілі мен халықтың озық дәстүрінің негізінде екендігі табиғи көрініс.  Тарихтағы күрделі есепке ала отырып, бұл күндері барлық елдерде тарихтағы адамдық қасиетті қалыптастыратын ана тіліне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, кәде-сиына іздеу салып, ең қажеттілерін сатылап, ғасырлар қойнауынан аршып ала бастады.  Бұл жерде қазақ халқының ойшыл қаламгері Ғабит Мүсіреповтың: “Өткенді аңсай бергеннің бұл күнге жарасымы жоқ, ал өткеннің жақсысын білгеннің келешегі жоқ”, -деген бағдарлы ойы –осы тақырыбымыздың алтын діңгегі, түп қазығы.  Жастардың қалыптасуы- әрбір кезеңнің дәуірдің жемісі.  Олардың іс- әрекетіндегі көріністерөз заманының дәстүрі. 

Қазақтың халық педагогикасында жан-жақты тәрбие үлкендердің, ата-аналардың жеке басының жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге “ұят”, “ар”, “намыс”, “обал”, “сауап” ұғымдарын кең пайдалана отрып сендіру, үйрену, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, жазалау, мақұлдау әдістерімен жүзеге асырылып отрған халық педагогикасында отбасы ішіндегі қатынастардың өзіндік ерекшелігі ретінде, біріншіден , оқушыларға деген мейірімділік, екіншіден, белгілі бір дәрежеде өктемдік орын алады. Ата-аналарды, үлкендерді, туыстық байланыстырады терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүр үлкендердің беделін қамтамасыз етті.  Сондықтан ұлттық тәрбиедегі қатал талап қою тәрбиенің бір арнасы. 

Өткен дәуірдегі ата-бабамыздың тәлім-тәрбиелік негіздерін жинақтап, бүгінгі күн кәдесіне жарату, халқымыздың өткен жолдарының әдемі үлгілерін жас ұрпақтың қанына сіңіру үшін бұл мұраларды жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-тәрбие ісіне еңгізудің маңызы зор.  Бұл міндетті жүзеге асыру үшін халқтың тәлім-тәрбие негіздерін отбасында  халыққа білім беру саласында, қоғамда қайта жаңғыртып, бүгінгі педагогикалық талаптартармен ұштастыра қолдану ләзімі жақсы дәстүрді жалғастыру, оны халық арасында кең насихаттау- мектеп ұжымы, мұғалімдер ұжымының абройлы борышы.  Мұғалім – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші басты тұлға болмақ.  Ұстаздың жылы жүректі болуы, жақсылық атаулыны ішкі жан жүйесімен сезіп қабылдай білуі, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білу үшін өз халқының әдет-ғұрыптарын, игі дәстүрлерін жақсы білус талабы туындап отыр.  Өз халқының салт-санасы, әдет-ғұрыпын бойына сіңірген ұстаз бойындағы қасиетті жас ұрпаққа жеңілде әрлі етіп жеткізіп бере алады.  Мектепте салт-дәстүрді арнайы пән ретінде үйретумен қатар сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыстарды кешенді, жүйелі түрде жүргізу жөн.  өйткені баланы тәрбиелеу мәселесі үнемі жүйелі түрде жүргізілгенде ғана өз нәтижесін береді.  Бүгінгі мектеп оқушылары жоғары мәдениетті, ой-өрісі кең, мамандығын еркін таңдай алатын, білімді болумен қатар, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын, тарихы мен әдебиетін, өнерін, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек. 

Осындай қортындыға келе отрып, мақала  соңында мынандай ұсыныстар айтқым келді. 

1. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында  басты назар оқушыларды халық педагогикасы арқылы ұлттық құндылықтарды сақтай отырып тәрбиелеу. 

2.Озат іс тәжірибе жұмыстарын көпшілікке таратып отру. 

3.Халық педагогикасына байланысты жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына көрнекті құралдар мен методикалық нұсқалар санын көбиту. 

4.Қазақ халық педагогикасына арнап арнаулы оқулықтар жазу.

Жарықбаев Қ. Қалиев С.   Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы: Санат, 1995. 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ғаббасов С      Ізгілік әліппесі, Алматы-2002

2. Ғаббасов С.   Халық педагогикасының негіздері. Алматы: Әл-Фараби, 1995.