Абдимбекова
Зухра Ермекбаевна
Қарағанды
облысы, Бұқар жырау ауданы, «Заречный ЖББОМ» КММ,
Қазақстан
Тарих сабағында
жаңа инновациялық
технологияларды
пайдалану
Тарих сабағында жаңа
технологияны пайдалану арқылы оқушыларға жаңа
бағыт ашу. Қазіргі
заманға сай жаңа технологияны пайдалана білуге меңгерту.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,
интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте
жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді.
Елбасымыздың
«Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты
жолдаудың негізгі тірегі – әлемдік стандарттар деңгейінде
білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы
жастардың білім алуына ерекше
көңіл бөлді.
Ақпараттық
әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді.
Ақпараттық
– коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың
жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты,
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі
кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі
әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.
Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында
« Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап
көрсетті.
ХХІ ғасыр –
бұл ақпараттық қоғам дәуірі,
технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби
мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін
ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,
оқу – тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды
көздейді.
ҚР «Білім туралы»
заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктерінің
негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және
оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған
білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық
мәліметтер ағымы күшейген заманда ақыл-ой
мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын
дамыту мектептің басты міндеті болып табылады. Ол бүгінгі білім
кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару
мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен
шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да
әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуы қажет. Тарих ғылым және пән ретінде
білімнің аса маңызды саласына жатады. Өйткені ол бүкіл
адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған
тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет
әрі пайдалы. Сонда ғана адам өзі өмір сүріп
отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін
дұрыс анықтайды, келешегін де болжай алады. Менің ойымша,
әрбір ұстаз өзіне - өзі сұрақтар
қояды: сабақ кезіндегі тарих сабағының
неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы
белсенділігін арттыруда зор маңыздылығын айта келе, өз
педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру
технологияларына тоқталғым келеді. Білім беру технологиялары
әр түрлі болып келгендіктен, әр сабақта
мүмкіндігі келгенше әр қайсысын қолдану
үстіндеміз. Мысалы: БИС технологиясы, Үш айлық денгейлік
технологиясы т. б. Осы технологилардың қайсысын алсақ та,
өзінің ерекшеліктерімен тиімді және қызықты
қолданылады. Ұстаздар үшін бұл әдіс –
тәсілдер көптеген жаңалықтарға жол ашады. Тіпті
бұрыннан қолданып келе жатқан дәстүрлі
сабақтар қазіргі таңда оқушыларда
қызығушылық танытпайды. Қазіргі таңда заманауи
педагог үшін интерактивті слайд сабақтарын пайдалану, интерактивті
тақтаны пайдалану осы күні жаңалық болып есептеледі.
Интерактивті тақта – заманауи
педагогтың қолындағы жаңа құрал мен
қосымша деректерді техника арқылы қаныққан
сабақ ретінде өткізу. Интерактивті тақта ұстаздар мен
оқушылар үшін шығармашылық мүмкіндіктер береді.
Уақыт үнемдейді. Оқушыларға деректерді жеткізудің
өзі өте тиімді және қызықты. Ең алдымен
айтатын болсам, бұл «сергіту сәті» ғана емес, бұл жерде
оқушыларға қызықты әдіс-тәсілдерді
көрсетіп, жеткізе білу. Оқушыларға жаңа технологиямен
жұмыс істеу өте қызықты. Барлығымызға
интерактивті тақтаны қолдану кезіндегі амалдар мен тәсілдер
белгілі.
Соның
ішіндегі тәсілдеріне тоқталсақ:
Интерактивті тақтаны сабақта қолдану
тәсілі.
Модульді сабақ, презентациялық сабақ, тәжірибе беру
сабағы, сұрақ – жауаптарға жауап беру сабағы
т.с.с.
Интерактивті тақтаның оқыту
тәсілі.
Тап-таза парақ қағазын қолдану, ой шақыру,
миға шабуыл, синквейн тәсілі, тезаурус (лат. тілінен аударғанда
қазына, қор жинау).
Оқытудың
құрал-жабдықтары: электронды деректер, кестелер,
дидактикалық қосымша деректер.
Информатикалық ақпарат
–құралдар: Слайдтар (фото, суреттер, графиктер, схема-сызбалар,
диаграммалар т.б.).
Қорыта келгенде: жаңа технологияны
пайдалану жөнінде оқушыларға жаңа заманғы
технологияны тез меңгерту мұғалімнің жетістігі деп
ойлаймын.
Қазіргі
заманға сай жаңа технологияны оқушыларға толық,
жетік меңгерту парызымыз деп ойлаймыз.
Әдебиттер:
1. У.Кобдикова, Орта мектепте білім алуды технологияландыру: оқу
құралы, Қызылорда, 2002ж.
2. Г.С.Ибрагимова, Жаңашыл әдістер мен жаңа
технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері,
Мектептегі технология №2,2010ж
3. Орлова Б. Евразийская цивилизация. Социально-историческая ретроспектива и
перспектива. Москва: Норма, 1998ж.