Педагогика/
Современные методы преподавания
Шаукентаева С.С.
КММ «Қарағанды облысының
балаларға арналған психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтік мекемесі», Қазақстан
МҮМКІНДІГІ
ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР
ЖАҒДАЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК - ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Патриотизм барлық
уақытта да мемлекеттің қалыптасуының басты
мәселесі ретінде көрініп, ұлттық қатынастар мен
рухани өмірді іске асырудың қазақстандық қоғамды
ерекше орын алады.
Қазақстан
Республикасының барлық тарихы оның барлық дамуы
кезеңінде мемлекеттік-патриоттық идеясы қоғамның
басымдықтарының бірі болғандығы мәлім.
Патриоттық тәрбиенің мақсатты бағыттарында
ең алдымен патриоттық тәрбие негізгі элемент болып табылады.
Патриоттық тәрбиенің
маңызды мәселелері арасында мыналарды атап көрсетуге болады:
- білім беру мекемелеріндегі
тәрбие мен оқыту үдерісіндегі адамгершілік пен
патриотизмнің, әлеуметтік маңызды
құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы;
- қарым-қатынас
жасайтын, сыни түрде ойлай алатын тұлға қалыптастыру;
- адамгершілік
мінез-құлық нормалардың маңыздануы[1].
Патриоттық және адамгершілік тәрбие –
күрделі білім берушілік міндет. Ол өзіне өткен
кезеңнің зерттеуін, оны нақтылауды, соның ішінде
өлшемнің жағымсыз жақтарын да қосады. Бірақ
отансүйгіштік сана өткенді кінәлауды қабылдамайды.
Бұл бағыттағы тәрбиенің негізгі
мәселелеріне қазіргі қоғам мыналарды қосады:
жастардағы құндылық бағыттарының
өзгеруі және жастардың білім деңгейінің
төмендеуі [2].
Жалпы қоғамдық
тәрбие үдерісіне қатысушы субъектілердің бірі –
мүмкіндігі шектелген балалар.
Дамуында ауытқулары бар балалар негізінен мектеп –интернаттарда
немесе әлеуметтік мекемелерде оқытылып-тәрбиеленді. Арнайы
мекемелер мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты дамыта отырып,
түзете-тәрбиелеу арқылы қолдауды қамтамасыз
етеді.
Бұл мекемелердегі
тәрбие жұмысы келесі міндеттерді шешеді:
- тұлғаның жағымды
жақтарын дамыту;
- танымдық белсенділікті дамыту;
- қоғамдық және
еңбекке деген белсенділігін дамыту;
- азаматтық - патриоттық, интернационалстік
сезімдерді тәрбиелеу;
- жағымды моральдық,
адамгершілік, этикалық сапаларын қалыптастыру.
Әлеуметтік мекемелердегі тәрбие
процесіне педагогикалық тұрғыдан жетекшілік етудегі негізгі
мақсат - тәрбие нәтижесіне жетуге тырысу. Тәрбие жұмысының
нәтижелігі тәрбиешінің әрбір оқушының жас
және жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Сыныпта немесе топтық бөлмеде
сыныптан тыс оқу бұрыштар безендіріледі, клубтық,
үйірмелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, кітап
құмарлар клубы, қолөнершілер үйірмесі және
т.б. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру және жетекшілік ету
үшін мұғалімдер мен тәрбиешілерден өзге
жоғары сыныптарды қатыстыруға болады. Клуб немесе
үйірме күндері арнайы кестеге сәйкес тағайындалады.
Мұнда сыныптан тыс сабақтар, тақырыпқа сай ойындар,
кештер т.б. өткізіледі. Бала бойына адамгершілік және
рухани-патриоттық қасиеттер сабақ үстінде
мұғаліммен,тәрбиешімен және ұжымда
құрбы-құрдасымен үнемі
қарым-қатынаста қалыптасады. Оның өмірлік
тәжірибесі молаяды. Кітаптардан оқу, көргені мен білгенін
талдау – баланың адамдарға адамгершілік түсінігінің
қалыптасуына көмектеседі.
Клуб жұмысының жоспарымен
сәйкес түрлі іс-шаралар
өткізіледі. Клубтық немесе үйірмелік жұмыс тек
оқу пәндерін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік
өмір салаларын да қамтиды. Бұл мазмұны мен формасы
жағынан үлкен тәрбиелік мүмкіндіктер береді.
Қазіргі
кездегі тәрбие жүйесі мынадай пунктттерден тұрады:
1. Білім беру
жүйесінде тәрбие статусын жоғарлату.
2. Тәрбиенің
регионалды, муниципальдық жергілікті тәрбие
жүйесін қалыптастыру.
3. Білім беру
мекемелеріндегі тәрбие қызметін дамыту және бекіту.
4. Тәрбие
субъектісі құрамын кеңейту, білім беру мекемелері мен
жанұяның өзара әрекетін дамыту.
5. Тәрбие
аясындағы қазіргі әдістер мен отандық
дәстүрлерді интеграциялау.
6. Патриоттыққа,
азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің механизмдері
мен мазмұнын дамыту.
7. Балаларға
медициналық, әлеуметтік және техникалық,
педагогикалық көмек көрсетуде реабилитациялық
жүйені құру.
8. Білім беру
жүйесін басқарудың кәсіби деңгейін көтеру,
барлық әлеуметтік институттардың өзара әрекетін
қаматамасыз ету.
Тәрбие адамдардың түрлі
өмірлік әрекеті процесінде, соның ішінде бастысы мектепте
жүзеге асады.
Тәрбие - қажетті
әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эмоционалды
құндылықтарды меңгере отырып, адам
тұлғасының дамуы үшін жағдай туғызуды
ұсынатын мақсатты бағытталған процесс.
Жасөспірімдер мен балаларда рухани
адамгершілік қалыптасуы - қоғамдық дамудың
маңызды бөлігі.
Мүмкіндігі шектеулі жастар мен
балаларға білім берудің мақсаты - тек білімді меңгеру
ғана емес, сонымен қатар адамдық бірлестіктегі
мінез-құлық, қарым-қатынастың
әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, бағдарлау
құндылықтары тұлғалық ерекшеліктердің
базалық қалыптасуы, дамуды түзетуі, диагностикалауды
нақтылау да болып табылады.
Соңғы жылдары білім беру
реформалары мүмкіндігі шектеулі балалардың
тұлғалық санасының қалыптасу процесінде
тәрбиелеудің танымдық потенциалдарын белсенділендіруді
көздейді.
Мүмкіндігі шектеулі
балаларға білім беруге арналған арнайы мекемелерде тәрбиені
дамытудың негізгі бағыттары мен жағдайларын іске
асырудың жолдары төменгідей:
-
МШ оқушылардың нақты мүмкіншіліктерін есепке ала
отырып, олардың ерекшеліктері негізінде тәрбиенің
мазмұнын, формасын, әдісін анықтау;
- балалардың жеке ерекшеліктерін,
қабілеттерін, қызығушылықтарын жан-жақты зерттеу;
- сынып ұжымдары мен топ
ұжымдарын қалыптастыруда ұйымшылдықтың
рөлін жоғарылату;
- балалардың әлеуметтік
және мектептік дезадаптациясының алдын алуды
қамтамасыздандыру;
- оқушылардың қабілеттері
мен шығармашылық қызығушылықтарын дамытатын
мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- тұлғалық даму
және өмір әрекетінің негізгі аспектілерін
қамтитын жалпы адамгершілік құндылықтарға
бейімдеу және бағыттау.
Кез келген тұлғаны патриотизм мен
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екені белгілі. Жалпы
адамгершілік пен отансүйгіштік
мәселесі - терең, ірі әлеуметтік
мәселелердің бірі.
Сондықтан рухани-адамгершілік
тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім
беруді басты назарда ұстаған жөн. Нәтижесінде
міндетін сезіне алатын, мінез-құлқы жетілген,
халқының салтын жақсы білетін, елі үшін еңбек
ететін патриот тәрбиеленіп шығаратыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Насырова М. Зарождение казахстанского патриотизма // Мысль. – 2005. – №5. – С. 59–60.
2.
Б.Е.
Сағындықова. Қазақстандық жастарды қазіргі
заманғы жағдайларда патриоттық тәрбиелеудің
өзекті мәселелері.// Стратегия «Казахстан-2050»: социальное
развитие общества»: материалы V Конгресса социологов Казахстана. – Алматы,
2014. – 492 с.