Педагогика/ Современные методы преподавания
Досмакова М.А.
Қарағанды облыстық ПДТ балаларға
арналған мектеп – интернат, Қазақстан
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРҒА АЗАМАТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
МАҢЫЗЫ
Патриоттық тәрбие
мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе
жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп
оқушыларының бойындағы Отанға деген
сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда
халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы,
Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан
Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа
үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және
ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
Бауыржан Момышұлы өз
шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты
біршама терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталып
өткім келеді:
«Ұлттық патриотизм»
және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары
арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы
нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Сөйтіп,
«ұлттық патриотизм және «қазақстандық
патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың
мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту,
ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет
рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б.
тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.
Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог,
психолог, философ ғалымдар мен ақын –жазушылардың
ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және
«қазақстандық патриотизм» ұғымдарына
анықтама беруге ұмтылдық. Сондай - ақ бұл
ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды
тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
қажеттігінен туындап отыр [1].
Қазақстандық
патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген
сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы,
т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі
өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін -
«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ
ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию,
рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп,
мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру
қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген
ой келіп туады.
Қазіргі уақытта
қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім
беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын
күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген
оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның
шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды
өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін
салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде
қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп
қабырғасында жүріп – ақ әлемдік
құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми
ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан деген
сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын
игеруі тиіс.
Оқушылардың ынта-
ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр
түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып
сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың
сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр
іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп
ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды
жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді.
Туған халқымыздың
өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет
үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып,
қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі
ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің
арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай,
жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт
азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы
батырлардың ешқайсы бүгінгідей жүйелі патриотизмге
тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін,
Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап
қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі
отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің
қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей
қоюға болмайды [1].
Енді бір сабақтан үзінді
келтірейін. Мысалға «Астана – бас қала» мәтіні арқылы
оқушыларды өз Отанын сүюге, еліміздің
қысқаша тарихымен таныстыру, ұлтжандылыққа,
адамгершілікке, достыққа патриоттыққа тәрбиелеу.
Астанаға саяхат жасау, Астана тек қана әсемдіктің
символы ғана емес. Астанаға деген қызығушылығымыз
артып өз елімізді, жерімізді мақтан тұтамыз. Астана
Қазақстанда тұратын бірнеше ұлттарды біріктіру
өзегі. Астанаға тек қыдырып қана барып қайтады
деп ойлаймыз, алайда олай емес. Астана көріп-түсіне білгенге білім,
рух береді, адамның ой өрісін танымын кеңейтеді. Ұлттық
үлгіде салынып жатқан қала, әр салынып жатқан
сәулет ескеркіштер, ғимараттар, монументтер белгілі бір
Қазақстан тарихы оқиғасын бейнелейді. Балалар осыдан
көріп тағылым алады, халыққа, Астанаға деген
құрмет сезімі қалыптасады. Балалар Астанаға
қызығып кана қоймай, оны өркендетуге дамытуға
үлес қосқысы келеді. Осындай елде тұрғанына
мақтан етеді.
«Әрбір
қазақстандықты өз мемлекеті
қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір
қазақстандық өз мемлекетінің болашақ
тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас
ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.
Оқушыларға өзі туған аймақтың ғана
емес, кең байтақ Отанымыздың барлық қазба
байлықтары, ғылымы мен ғұлама ғалымдары,
өнері мен талантты өнерпаздары, спорты мен спортшылары және
т.б туралы жеткізе білуіміз керек. Әрбір оқушы өз
елінің тарихын танып, тұлғалардың өмірбаяндары
мен өнегелі істерін біліп өсуі тиіс. Олардың санасында
«Менің елімнің тарихы – Менің тарихым» деген түсінік
қалыптасуы керек. Сондықтан біздің мектептегі
мүмкіндігі шектеулі балалардың азаматтық патриоттық
сезімін тәрбиелеуді күнделікті сабақтарда
қарым-қатынас арқылы, сабақ мазмұны арқылы,
әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану
(сұрақ-жауап, талдау) ойын арқылы тәрбиелеймін.
Өз оқушыларымның бойына өз-өзіне деген сенімділік
туғызуға өзіндік Мен қалыптастыруға көп
көңіл бөлемін. Өз-өзіне сенімді оқушыда,
азаматта болашақта өз отанын сүйетін патриот
шығады.
Патриоттық тәрбиенің
күретамыры елі мен жері үшін жан аямай күрескен
Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен
бастау алады. Елін, жерін шетел шапқыншыларынан қорғауда,
ерен ерлігі аңызға айналған, өлең- жыр
толғаулар дастандарға арқау болған Қобыланды, Ер
Тарғын, Абылай, Райымбек, Сырым т.б сияқты батырлардың
тәрбиешісі де – қазақ халқы.
ХХ ғ. кешегі кеңестік замандағы әр
түрлі соғыстардың батырлары: А.Иманов, Т.Тоқтаров,
Ә.Молдағұлова, М.Мәметова және тағы басқалардың
ерен ерлік іс – қимылдары да өлең – жыр, дастанға
айналып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
бірден – бір құралы болады. Осының барлығы
халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұра
болып жалғасып келе жатқан ерлік рухымен байланысты туындаған
тәрбиенің дәстүрлі үлгі – өнегелік жемісі.
Қорытындылай келе, мемлекет
бүгінгі біз тәрбиелеп отырған болашақ
ұрпақтын қолында. Патриот болу тек соғыста, майданда,
жаумен шайқасқанда ғана емес бейбіт өмірде де болады.
Ал қазір патриоттылықты қалай көрсетуге болады?
Жақсы оқу, дұрыс мақсат қою, үлгілі болу,
өз құқығынды білумен қатар басқанын
құқығын сыйлау міндетінді білу осы іс
–әрекеттердің бәрін адам дұрыс орындап жақсы
жетістікке жету. Себебі, яғни әр адамның өмірдегі,
еңбектегі, жеткен жетістігі, табысы ол елімізді дамытуға
қосқан үлес болып табылады. Бейбіт өмірде де білімі
арқылы жақсы жұмыс арқылы әр адамның
өз елінін патриоты болуға мүмкіндігі бар. Тек біз
мұғалімдер оқушылармен дұрыс жұмыс
жүргізіп, бағыт беруіміз керек. Өмірге шектеліп келген
балаларды қоғамда өз орындарын дұрыс табуға
көмектесуіміз керек. Алайда баланың ішкі ынтасын қалай
оятамыз? Балаға құрметпен қарап сыйлау, қоштау,
марапаттау, қолдау, көрсету керек. Мұндай балалар кез келген
ортаға жылдам бейімделеді, кез келген қиындықтан
шығуға дайын болады.
Пайдаланылған әдебиет
1.
Л.Сайдахметова. Оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеу // Ж. Бастауыш мектеп. 1998.-№2. Б.21-23.