П.ғ.к. , доцент
Жамирова Улмекен
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІН
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Елбасымыз
Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз
өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз
онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да
жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері
болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып,
қазіргі заманғы нарықтық экономика
жағдайында жұмыс істеуге даяр.Олар қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам
өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі,
әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деген болатын.
Яғни, бұл ана тілімен қоса басқа тілдерді меңгере
отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады деген сөз.
Осы орайда мемлекеттік тілдің өз қызметін толық
атқаруы үшін, Қазақстанды мекендейтін халықтардың
ол тілді білуі парыз. Еліміз көп ұлтты мемлекет
болғандықтан, басқа ұлттардың қазақ
тілін меңгеруі үшін, қазақ тілінің арнайы
мамандары қазақ тілін шебер оқытуы қажет.
Осы мақсатта
орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту
әдістемесінің мақсаты-оқытушыларды қазақ тілін оқытудың
ғылыми негізімен қаруландыру, қазақ тілін екінші тіл
ретінде оқытудың өзіндік ерекшелігін меңгерту, қазақ тілін
оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерімен, тиімді жолдарымен таныстыру, студенттерді
қазақша сөйлеуге дағдыландыру, қолдана білуге
бейімдеу, үйренуге бағыт-бағдар беру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ
тілін оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдерін,
қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын
қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін баяндайтын
педагогикалық ғылым.
Қазақ
тілінің дыбыстық құрамын, оның ерекшелігін
оқытудың әдістемесін меңгерген болашақ
оқытушы жоғары оқу орнында студенттерге сөздерді
дұрыс айтуға үйрете алады. Ал тілдің
грамматикалық құрылысын, тілдің сөзді қорын
меңгерудің амал-тәсілдерін үйрену арқылы
қазақша сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға
үйретеді. Өйткені студент өз ойын басқаға
сөйлем арқылы жеткізеді. Сөйлем құрау үшін,
сөздерді бір-бірімен байланыстыру қажет, ол үшін
сөздерді байланыстыратын тілдік
тұлғаларды білу керек. Ол үшін тілдің
грамматикалық
құрылысының мәселелері мен олардың
меңгертудің
амал-тәсілдерін үйрету керек. Сол тәсілдер
арқылы ғана тілдің грамматикалық тұлғаларын
дұрыс қолдану дағдысын оқушыда
қалыптастыруға болады.
Студенттің
ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге
баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру,
студенттердің белсенділігін арттыру барысында проблемалық
сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу.
Тиімді оқытудың негізгі бір шарты–білімнің мазмұнын
дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен
мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай
іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға
үйрету.Студенттердің қазақ тілінен тілдік қорын
молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу.
Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және
синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің
мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге
үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң
нәтижелер береді.
Қазақ
тілін белгілі бір деңгейде меңгеру процесін тиімді түрде
жеңілдететін ақпараттың диалог, диалог-талқылау,
диалог-нақтылау, сұрақ-жауап тәрізді әдістемелер пайдаланылуда. Сабақта жаңа
сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне
жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр
сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде
үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік
жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс
грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен
жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде,
сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Орыс
тілінде жүретін топтарда қазақ тілін оқитын студент
өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын,
дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын,
оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін
жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті
дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және
қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде
қарым-қатынас жасай алуы қажет.
Студенттерге қазақ тілін меңгертуде жақсы
нәтижеге жету үшін, оқытушы
сабақтың түріне қарай әртүрлі
әдістерді орынды қолдануы қажет.
Қазақ тілін үйренуші басқа ұлт өкілдері
үшін сол тілдің әріп, алфавит, дыбыс, дыбыстық
ерекшелік, емле, буын, тасымал, үндестік заңы мәселелерін
білу өте маңызды. Ал осы мәселелерді инновациялық
әдістер қолдана отырып түсіндіру бүгінгі
таңның өзекті тақырыбы. Сондықтан сабақта
көптеген инновациялық әдістер қолданылып жүр.
Жаңа оқыту технологиялары педагогика әдіс-тәсілдерін
бүтіндей жоққа шығармайды, қайта олардың
жетістіктерін еске ала отырып, оны әдістермен байытып, білім алуды
оқушылардың өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру
арқылы жүзеге асады.
Қазақ тілін оқитын студент өзіне таныс емес
тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу
нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның
грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге,
басқанын айтқанын түсінуге, жеткілікті дәрежеде
сөзді қорын меңгеруге тиісті және қазақша
сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде
қарым-қатынас жасай алуы қажет. Студенттің мұндай
дәрежеге жеткізу үшін, оқытудың өзіндік
тәсілдері мен амалдары, жолдары бар. Басқа ұлтқа
қазақ тілін оқыту әдістемесі студенттің ана
тілінің тілдік ерекшелігін ескере отырып, оны үйретудің
түрлі тиімді жолдарын көрсетуге тиісті. Бұл ана тілін
оқыту әдістемесінен екінші
тілді оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшеліктері
болатынын дәлелдейді.
Сабақтың
тиімді жағының бірі – ол заман талабына сай сабақты
электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны
пайдалана отырып жүргізу. Тіл үйренушіге мәтінді электронды
оқу құралдарынан компьютер көмегімен тыңдап,
сұрақтарға жауап беріп, мәтін негізінде бірнеше
грамматикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген.
Ең бастысы – тапсырмалар күнделікті өмірде кездесетін
жағдаяттарға негізделіп берілген, яғни бұл тіл үйренушінің
тілді жеңіл түсініп, тез меңгеруіне
көмектеседі.Сабақ жоспары тиімді, кезеңдері байланыстырыла,
түрлі тапсырмалармен толық түрде ұсынылған. Егер
әр сабақты мұғалім аталған сабақтай
жоспарлап, мүмкіншіліктерді, жаңа технологияларды толық
пайдаланып жүргізсе, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар
санының өсері сөзсіз.
Әдебиет:
1. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту
методикасы. Алматы. 1988 ж.
2. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы. Алматы, 1990 ж.
3. Абдульдина Г. Қазақ тілін оқытудың жаңа
тиімді әдістері. // Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы, 2