АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІ

АУДАРУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР

 

Райкулова Жанерке – «С. Сейфуллин атындағы

Қазақ аротехникалық университеті» АҚ

Экономика факультеті, Менеджмент 103 тобының студенті.

 

Ғылыми жетекші -  ф.ғ.к. А.Е.Жүсіпов

 

Терминдерді аударуда сөздердің түп төркінінен бармай, «орта жолдан қайтып» аудара салатын жәйтердің барына термин аударылуына талдау жасаған кезде көзіміз жетті. Ол қателіктер: сөздің мағынасын жете түсінбеу, көптік мағына беру қосымшаларын орынды-орынсыз қолдану, біріңғай мүшелер заңдылығын бұзу, сөйлем, сөз тіркесіндегі сөздердің орын тәртібін бұзудан туындаған қателіктер. Талдауға түскен терминдер, сөз, тіркестердің аудармасы, дефиницясын беруде кеткен кемшіліктер молынан бар, соның біразына тоқталып өттік.

 

73

выросток

бұзау терісі, торпақ терісі

Жүні алғаш түлеп шыққан, жайылуға жараған бұзау терісі. Жайылу – выпас; жайылу – разложить

81

газация

газдау, газбен өңдеу

Зиянкес жәндік+ті, кеміргіш+ті, ауру қоздырушыны құрту үшін үй, азық-түлік+ті, тұқым+ды, отырғызылатын материалды газбен өңдеу.

114

двойное оплодотворение

қосқабат ұрықтану

Өсімдікте болатын құбылыс. Аналыққа енген екі шәует біреуінің жұмыртқа клеткасымен, екіншісінің ұрық қабы орталық клеткасымен қосылуы.

123

живородящие рыбы

шабақтайтын балықтар

Уылдырық шашпайтын, тірі күйінде шабақтайтын балықтар

139

захват зерна, запал зерна

дәнді ыстық ұру

Топырақтағы ылғалдың жетіспеуі және аңызақ желден ?ненің?семіп қалуы.

148

зимовка пчел

ара қыстамалығы?

Ара өсіретін шаруашылық және қожалықта араны қыста күтіп-бағу

157

икра зрелая

жетілген уылдырық

Әбден пісіп-жетілген балық уылдырығы

 

Жүні алғаш түлеп шыққан, жайылуға жараған бұзау терісі. Жайылу – выпас; жайылу – разложить екі нұсқаның қайсысы дұрыс екендігін анықтау маңызды. Тері болғандықтан жайылу дегенді «кептіру» мағынасына жақын деп есептеп 2 нұсқасы дұрыс па деген ойдамыз. Осындай олқылықтар болдырмау үшін түсінікті, ұғынықты етіп беру маңызды.

Зиянкес жәндік+ті, кеміргіш+ті, ауру қоздырушыны құрту үшін үй, азық-түлік+ті, тұқым+ды, отырғызылатын материалды газбен өңдеу.Балықтың әбден пісіп-жетілген уылдырығы. – Қызыл ғаріппен қателікті бегілеп отырмыз, бұл жерде бірыңай мүшелердің жазылу емлесінің бұзылуы.

Өсімдікте болатын құбылыс. Аналыққа енген екі шәует біреуінің жұмыртқа клеткасымен, екіншісінің ұрық қабы орталық клеткасымен қосылуы. Бұл мысалда клетканың қазақша баламасын ұсынуды жөн деп санаймыз.

Уылдырық шашпайтын, тірі күйінде шабақтайтын балықтар – балық тірі күйінде шабақтайтын, не тірі күйдегі шабақтайтын балықтар деген екіұштылық туындайды. Осында мәселе болмау үшін сөйлем құрылысына мән берілген дұрыс.

Топырақтағы ылғалдың жетіспеуі және аңызақ желден ?ненің?семіп қалуы. Қызыл ғаріппен ненің деген сауалды жазып қойдық, сөйлемді оқыған кезде түсініксіздік туындайды. Сондықтан орнын толықтырып, сөйлемді түсінікті етіп құру қажет.

Зимовка пчел - ара қыстамалығы деп аударылған. Қыстамалық деген «қыс» мезгіліне қатысты сөзді кездестірмеппіз, «қыстамалық» етістігін қандай да бір әрекетке күштеу, зорлау деген мағынада қолданған тіркес пе деген ой қалыптасады. Қыстамалық, қайтесің, өз еркімен шешетін болар... деген секілді мысалдан көріп отырмыз.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Педагогикалық ғылымдар академиясы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 2014 жыл. 17 том. Экология. «Алматы ҚАЗақпарат» баспа корпорациясы. (12 000 термин) – 506 бетті сөздікте «зимовка» – «қыстақ»; сол бетте «зимовье» – «қыстау» деген аудармалары ұсынылған. Осыны негізге алынып «ара қыстағы» деп алған дұрыс деп есептейміз.

Әбден пісіп-жетілген балық уылдырығы – деген сөйлемде екіұштылық бар, себебі бұл жерде балық әбден пісіп-жетілген деген ой қалыптасады, ал негізінде бұл жерде ой уылдырықтың пісіп-жетілгендігі туралы болып отыр. Сондықтан сөйлемнің дұрыс нұсқасы – Балықтың әбден пісіп-жетілген уылдырығы болуы тиіс.

 

ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

1.  Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік  1-30 том. «ҚАЗқпарат» баспа корпорациясы,. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Педагогикалық ғылымдар академиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  - Алматы 2014.

2.  Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. –Алматы: Арыс, 1998. –215 б.

3.  Тарақ Ә. Ғылыми-көпшілік және ғылыми техникалық аударма // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.  

4.  Жұмабекова А., Жабағиева Г. Жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктері//Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.

5.  Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. Учебное пособие. – М.:ЭТС. -2002. – 424с.

6.  Тікенбай Г. Аударма лингвистикалық зерттеу нысаны ретінде және оның лингвомәдени мәселелері//ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2012. №1(135)

7.  Мәкішев Ж. Тұрпайы аудармалар шаршатып жіберді//«Классtime» газеті, №3. -15 ақпан.

8.  Уикипедия ашық энциклопедиясы

9.  Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

10.   Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

11.   Сәмитұлы Ж., Аударма теориясы және практикасы: Оқу құралы. – Алматы:Қазақ университеті, 2005. – 272 бет. ISBN 9965-12-825-1.